Етеккір циклі — әйел жыныс ағзасындағы мүшелер мен жүйелерде циклдік заңдылықпен өтетін күрделі биологиялық үрдіс. Ол эндометрий қабатының функционалды қабығының сыдырылуымен жүреді.
Ол жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакстық кезеңге дейін созылатын, шамамен, ай сайын қайталанып отыратын етеккір циклінің бірінші бөлігі. Етеккір циклі деп менструацияның бірінші күні мен келесі етеккірдің алдындағы соңғы күннің аралығын атайды. Етеккір цикл мерзімінің ұзақтылығы 21 күннен 35 күн аралығы, орташа 28 күнді құрайды.
Алғашқы етеккір көбіне 13—15 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін балаларға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—5 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккірдің келу уақытының ауытқушылығы ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына байланысты. 15—16 жасар бойжеткеннің етеккірі келмесе, жыныс мүшелерінің кешеуілдеп даму себептерін анықтап, тиісті ем тағайындау үшін бойжеткен міндетті түрде әйелдер консультациясындағы дәрігерге көрсетілгені жөн. Етеккірдің келуі көпшілік әйелдердің жалпы жағдайының өзгеруіне әсер етпейді. Әйел етеккірі келген кезде сезімтал болуы мүмкін, іші бұзылып, жүрегі айниды, белі ауырады, алайда әйел адамдардың тек 5-8 % ғана көңіл-күй және денсаулық өзгерісіне (PMS) шалдығады . Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы ағзадағы кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілеп отырғаны жөн. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Әйелдерге мұндай күнтізбе қай кезде жүкті бола алатынын және келесі етеккірдің келу мерзімін неғұрлым дәл есептеуге көмектеседі. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандықтан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Етеккір келген кезде әйел қатты ауырсынып, қан көп кеткен болса, дәрігерге қаралғаны дұрыс. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болып, тырнақ қысқа етіп алынғаны жөн. Жыныс органдары сыртының таза болмауы қабыну процесін туғызып, оның қынапқа және ішкі жыныс органдарына таралып кетуі мүмкін.
Қазіргі кезде етеккірге арналған негізгі бірнеше гигиена құралдары бар: дәкеден жасалған гигиеналық төсемдер, тампондар, арнайы шолақ дамбалдар және "айлық кеселер". Төсемдер мен арнайы шолақ дамбалдарды - сыртқы, ал тампон мен "кеселерді" ішкі/қынаптық деп екіге бөлуге болады. Төсемше мен тампон жалғыз реттен қолданылатын өнім болса, денеге жағымды материалдан жасалған, арнайы шолақ дамбалдарды суық сумен жуып, ал "айлық кесені" жуып-қайнатып, ай сайын қолдануға болады.
Етеккір кезінде ванна қабылдауға, теңізде, өзенде шомылуға болмайды, себебі етеккір кезінде жатыр мойны өзегі сәл ашылады, іштегі сыдырылған функционалды қабық бөлінісі шығады, инфекцияның жатыр қуысына ену қаупі өте жоғары. Сондай-ақ қан тамырларын кеңейтетін тағамдарды қолдануды шектеу керек, бұл қанды бөліністің көп мөлшерде бөлінуіне әкеп соғады. Сонымен қатар, әйел ағзасының түрлі ауруларға қарсыласу қасиеті әлсірейтіндіктен ішек қызметін қадағалап, салқын тигізуден, қатты шаршаудан, жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен араласудан сақтанған жөн.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық бездерде фолликулалар дамиды, оның ішінде біреуі аналық жасушасы (ооцит)пісіп жетіледі. Овуляция деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей (+-2күн) уақыт қалғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен “кездеспесе”, ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі (функционалді) қабаты қалыңдап, жұмсарады. Денеңіз ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналық жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Гормондық өзгерістер көңіл күйіне өз әсерін тигізеді. Аналық циклінің бірінші фазасында фолликулостимулдеуші гормон бөлінгендіктен адам жігерлене түседі, ал аналық циклінің екінші фазасында прогесторон бөлінгендіктен адам жыламсырап, ашуланып көңіл үйі өзгеруі, ісіңкіреп, бетіңізге безеулер шығуымен өзгерістер туу мүкін. Етеккірі келетін әр әйел теориялық тұрғыдан бала көтере алады. Ал әйел елу жасқа жақындағанда, етеккірі тоқтап, менопауза деген мерзім басталады. Осы уақыттан бастап, әйел екіқабат бола алмайды. Етеккірге жанға бататын сырқат қабаттасса немесе сол адамды басқа да мәселелер алаңдатса, дәрігермен, әлде Жанұяны Жоспарлау Қауымдастығы өкілімен ақылдасқан абзал.
Хайыз, Етеккір - әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан. Хайыз Имам Ағзам мазһабы бойынша, шамамен 9 жастан 55 жасқа дейін жалғасады. Хайыз болған әйел намазы мен оразасын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын «жеңілдік қағидасына» байланысты өтеуінің қажеті жоқ. Хайыздың ең аз мерзімі - үш күн. Ең көбі - он күн. Бұдан төмен, жоғары болса үзір қайы деп саналады. Хайыз қайы - Аллаһтың әйелдерге жазғаны. Хазіреті Хауа анамыздан бастап әрбір әйел хайыз жағдайында болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл хайыз Аллаһ Тағаланың Адам қыздарына жазған нәрсесі», - дейді (Бухари, Хайыз/1,7).
Дереккөздер
- Yonkers K. A., O'Brien P. M. S., Eriksson E. Premenstrual syndrome //The Lancet. – 2008. – Т. 371. – №. 9619. – С. 1200-1210.
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Menstruation |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Etekkir cikli әjel zhynys agzasyndagy mүsheler men zhүjelerde cikldik zandylykpen otetin kүrdeli biologiyalyk үrdis Ol endometrij kabatynyn funkcionaldy kabygynyn sydyryluymen zhүredi Etekkir cikli Ol zhynys mүsheleri zhetilgen kezde bastalyp klimakstyk kezenge dejin sozylatyn shamamen aj sajyn kajtalanyp otyratyn etekkir ciklinin birinshi boligi Etekkir cikli dep menstruaciyanyn birinshi kүni men kelesi etekkirdin aldyndagy songy kүnnin aralygyn atajdy Etekkir cikl merziminin uzaktylygy 21 kүnnen 35 kүn aralygy ortasha 28 kүndi kurajdy Algashky etekkir kobine 13 15 zhas aralygynda keledi Onyn keluine dejin balalarga zhan zhakty tүsinik berip aldyn ala dajyndau kerek Әdette etekkir belgili bir uakyt otken son 3 5 apta kajtalanyp әrkimnin organizm ereksheligine karaj 3 kүnnen 7 kүnge dejin sozylady Kejbir kyz balalardyn etekkiri әsirese ol tym erte kelse arada 1 2 zhyl uakyt otken son baryp bir zhүjege tүsedi Etekkirdin kelu uakytynyn auytkushylygy ishki sekreciya bezderi kyzmetinin buzyluyna bajlanysty 15 16 zhasar bojzhetkennin etekkiri kelmese zhynys mүshelerinin kesheuildep damu sebepterin anyktap tiisti em tagajyndau үshin bojzhetken mindetti tүrde әjelder konsultaciyasyndagy dәrigerge korsetilgeni zhon Etekkirdin kelui kopshilik әjelderdin zhalpy zhagdajynyn ozgeruine әser etpejdi Әjel etekkiri kelgen kezde sezimtal boluy mүmkin ishi buzylyp zhүregi ajnidy beli auyrady alajda әjel adamdardyn tek 5 8 gana konil kүj zhәne densaulyk ozgerisine PMS shaldygady Etekkir cikly men zhүjeliliginin buzyluy agzadagy kejbir ozgeriske bajlanysty bolady Bul ozgeristin sebebin anyktau үshin әr әjeldin etekkiri keletin merzim men onyn sozylu uzaktygyn belgilep otyrgany zhon Etekkir kүnderin arnajy kүndelikte belgilep tursa ol bastalatyn uakytty aldyn ala bilip turuga bolady Әjelderge mundaj kүntizbe kaj kezde zhүkti bola alatynyn zhәne kelesi etekkirdin kelu merzimin negurlym dәl esepteuge komektesedi Degenmen әr әjeldin etekkir merzimi ozgeshe bolgandyktan onyn turakty bolmauy da mүmkin Etekkir kelgen kezde әjel katty auyrsynyp kan kop ketken bolsa dәrigerge karalgany durys Ginekologiyalyk aurulardy boldyrmau үshin etekkiri kelgen kezde kejbir arnajy gigienalyk erezhelerdi saktau shart kүnine keminde eki ret zhynys organdarynyn syrtyn kajnagan zhyly sumen zhuu kerek Bul үshin kol taza bolyp tyrnak kyska etip alyngany zhon Zhynys organdary syrtynyn taza bolmauy kabynu procesin tugyzyp onyn kynapka zhәne ishki zhynys organdaryna taralyp ketui mүmkin Қazirgi kezde etekkirge arnalgan negizgi birneshe gigiena kuraldary bar dәkeden zhasalgan gigienalyk tosemder tampondar arnajy sholak dambaldar zhәne ajlyk keseler Tosemder men arnajy sholak dambaldardy syrtky al tampon men keselerdi ishki kynaptyk dep ekige boluge bolady Tosemshe men tampon zhalgyz retten koldanylatyn onim bolsa denege zhagymdy materialdan zhasalgan arnajy sholak dambaldardy suyk sumen zhuyp al ajlyk keseni zhuyp kajnatyp aj sajyn koldanuga bolady Etekkir kezinde vanna kabyldauga tenizde ozende shomyluga bolmajdy sebebi etekkir kezinde zhatyr mojny ozegi sәl ashylady ishtegi sydyrylgan funkcionaldy kabyk bolinisi shygady infekciyanyn zhatyr kuysyna enu kaupi ote zhogary Sondaj ak kan tamyrlaryn kenejtetin tagamdardy koldanudy shekteu kerek bul kandy bolinistin kop molsherde bolinuine әkep sogady Sonymen katar әjel agzasynyn tүrli aurularga karsylasu kasieti әlsirejtindikten ishek kyzmetin kadagalap salkyn tigizuden katty sharshaudan zhukpaly aurumen auyratyn naukastarmen aralasudan saktangan zhon Қyzdardyn eki analyk bezinin әrbirinde myndagan analyk zhasusha bar Zhynystyk zhetilu kezeni ayaktalgan son aj sajyn analyk bezderde follikulalar damidy onyn ishinde bireui analyk zhasushasy oocit pisip zhetiledi Ovulyaciya dep atalatyn osy process etekkirge 14 kүndej 2kүn uakyt kalganda bolady Eger atalgan analyk zhasusha spermatozoidpen kezdespese ol kuryp zhojylady Aj sajyn zhүktilikke dajyndalgan zhatyrdyn ishki funkcionaldi kabaty kalyndap zhumsarady Deneniz uryktanudyn bolmaganyn sezingende analyk zhasusha men zhatyrdyn ishki kabaty etekkir menstruaciya atty kandy sujyktyk tүrinde kynap arkyly deneden shygarylady Әrine analyk zhasushany ol ote usak bolgandyktan aspapsyz kozben koruge bolmajdy Gormondyk ozgerister konil kүjine oz әserin tigizedi Analyk ciklinin birinshi fazasynda follikulostimuldeushi gormon bolingendikten adam zhigerlene tүsedi al analyk ciklinin ekinshi fazasynda progestoron bolingendikten adam zhylamsyrap ashulanyp konil үji ozgerui isinkirep betinizge bezeuler shyguymen ozgerister tuu mүkin Etekkiri keletin әr әjel teoriyalyk turgydan bala kotere alady Al әjel elu zhaska zhakyndaganda etekkiri toktap menopauza degen merzim bastalady Osy uakyttan bastap әjel ekikabat bola almajdy Etekkirge zhanga batatyn syrkat kabattassa nemese sol adamdy baska da mәseleler alandatsa dәrigermen әlde Zhanuyany Zhosparlau Қauymdastygy okilimen akyldaskan abzal Hajyz Etekkir әr ajdyn belgili kүnderinde әjel adamdarda pajda bolyp kejbir gibadattarga kedergi zhasajtyn kan Hajyz Imam Agzam mazһaby bojynsha shamamen 9 zhastan 55 zhaska dejin zhalgasady Hajyz bolgan әjel namazy men orazasyn dereu dogarady Birak orazasynyn kejin kazasyn ustajdy Hajyz kүnderindegi namazdarynyn kazalaryn zhenildik kagidasyna bajlanysty oteuinin kazheti zhok Hajyzdyn en az merzimi үsh kүn En kobi on kүn Budan tomen zhogary bolsa үzir kajy dep sanalady Hajyz kajy Allaһtyn әjelderge zhazgany Hazireti Haua anamyzdan bastap әrbir әjel hajyz zhagdajynda bolady Pajgambarymyz s a u Bul hajyz Allaһ Tagalanyn Adam kyzdaryna zhazgan nәrsesi dejdi Buhari Hajyz 1 7 DerekkozderYonkers K A O Brien P M S Eriksson E Premenstrual syndrome The Lancet 2008 T 371 9619 S 1200 1210 Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Menstruation