Бойжеткен - кәмелетке толған әйел жынысты адам.
Қазіргі кезде ер-азаматтармен бірдей құқылы. Есі мен денесі өзіне ғана тиісті болғандықтан, заң мен қоғам алдында ер-азаматтармен бірдей жауапты. Оған "болашақ ана", "келешек келін" деген заттаңба қою, тарихи қалыптасқан дәстүрмен айыпталғанымен, заманауи түсініктерге қарсы іс болып табылады. Себебі бала таба алмайтын, тұрмыс құрғысы келмейтін, не оны бас приоритет санамайтын адамдарға қоғамдық қысым көрсететін құлық, адам құқығына қарсы іс.
Сексиситті және патриархтық мәдениет қалыптастырған халық түсінігінде бойжеткен бейнесі жастық пен әдеміліктің, сұлулық пен әдептіліктің символы болып қалыптасқан. Көне, дәстүрлі ортада он үш жасқа толған қыз бойжеткен саналған. Көне қазақ ұғымында бойжеткен уыздай тәтті еркелігімен, назды қылығымен ерекшеленіп, өз абыройын, намысын берік қорғайтын, инабатты, биязы ару болу керек деп саналған. Қыз баланың бойжетуін үлкен бақыт санап, оның ерікті болуын қалаған. Елі, рулы қауымы жат жұрттық саналатын қызды оң жаққа төрге отырғызып еркелеткен, «Қызға қырық үйден тыю» жасап, намысын қорғап, арының аяқасты болмауын қадағалаған. Жеңгелері бойжеткенге «еркежан», «сырғалым», «күлімкөзім», «ақмаңдайлым» деп ат қойып, қашан «жат жұрттық» болғанша аялап өсіруді міндетіне алған. Бойжеткенге қойылатын қатаң талап ізетті болу, әсем киінумен ғана шектелмей, адам болмысын айқындайтын әкені күту, шешені сыйлау, ұлттық салт-дәстүрлерді түгел меңгеріп, өнерпаз әрі іскер болу т.б. талаптары жүктелген. Оған салт жырларын үйретіп, халықтық тәлімдік ұғымдардан мол түсінік алуын қамтамасыз еткен. Бойжеткен - отбасының ұйытқысы болатын болашақ асыл жар, ұрпақ тәрбиелейтін ертеңгі ана деп қарастырылған. Сондықтан бойжеткен тәрбиесіне қатты көңіл бөліп, оның бойына өнегелі қасиеттерді дарытуды ұлттық парыз деп санаған. Бойжеткенді жұрты түгел мәпелеп өсіріп, жақсы тәрбиеге баулыған.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bojzhetken kәmeletke tolgan әjel zhynysty adam Қazirgi kezde er azamattarmen birdej kukyly Esi men denesi ozine gana tiisti bolgandyktan zan men kogam aldynda er azamattarmen birdej zhauapty Ogan bolashak ana keleshek kelin degen zattanba koyu tarihi kalyptaskan dәstүrmen ajyptalganymen zamanaui tүsinikterge karsy is bolyp tabylady Sebebi bala taba almajtyn turmys kurgysy kelmejtin ne ony bas prioritet sanamajtyn adamdarga kogamdyk kysym korsetetin kulyk adam kukygyna karsy is Seksisitti zhәne patriarhtyk mәdeniet kalyptastyrgan halyk tүsiniginde bojzhetken bejnesi zhastyk pen әdemiliktin sululyk pen әdeptiliktin simvoly bolyp kalyptaskan Kone dәstүrli ortada on үsh zhaska tolgan kyz bojzhetken sanalgan Kone kazak ugymynda bojzhetken uyzdaj tәtti erkeligimen nazdy kylygymen erekshelenip oz abyrojyn namysyn berik korgajtyn inabatty biyazy aru bolu kerek dep sanalgan Қyz balanyn bojzhetuin үlken bakyt sanap onyn erikti boluyn kalagan Eli ruly kauymy zhat zhurttyk sanalatyn kyzdy on zhakka torge otyrgyzyp erkeletken Қyzga kyryk үjden tyyu zhasap namysyn korgap arynyn ayakasty bolmauyn kadagalagan Zhengeleri bojzhetkenge erkezhan syrgalym kүlimkozim akmandajlym dep at kojyp kashan zhat zhurttyk bolgansha ayalap osirudi mindetine algan Bojzhetkenge kojylatyn katan talap izetti bolu әsem kiinumen gana shektelmej adam bolmysyn ajkyndajtyn әkeni kүtu shesheni syjlau ulttyk salt dәstүrlerdi tүgel mengerip onerpaz әri isker bolu t b talaptary zhүktelgen Ogan salt zhyrlaryn үjretip halyktyk tәlimdik ugymdardan mol tүsinik aluyn kamtamasyz etken Bojzhetken otbasynyn ujytkysy bolatyn bolashak asyl zhar urpak tәrbielejtin ertengi ana dep karastyrylgan Sondyktan bojzhetken tәrbiesine katty konil bolip onyn bojyna onegeli kasietterdi darytudy ulttyk paryz dep sanagan Bojzhetkendi zhurty tүgel mәpelep osirip zhaksy tәrbiege baulygan DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2