1974 жылы ГФР-де өткен футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 7 шілдеде Мюнхендегі Олимпиадалық стадионда өтті. Нидерланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірген ГФР құрамасы араға 20 жыл салып, екінші рет әлем чемпионы атанды.
Футболдан әлем чемпионаты 1974 (финал) | |||||||
Турнир | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Дата | 7 шілде 1974 | ||||||
Стадион | |||||||
Көрермендер | 75 200 | ||||||
Матч
Шолу
Матчтың басталуы бірнеше минутқа кідірді. Ойын басталар алдың алаң жиектеріне жалауша қадауды матч қызметкерлері ұмытып кетіпті. Төрт бұрыш пен ортадағы сызықтың екі шетіне жалаушаларды қойып шығамын дегенше бірнеше минут шығын болды. Кейін осы жәйт әлем чемпионаттары тарихындағы классикалық сәттердің қатарына кірді.
Ойынды Нидерланд футболшылары бастады. Олар бір-біріне пас беріп отырып, 14-ші пас 14-ші нөмерлі футболшы Йохан Кройфке келді. Кройф немістердің қорғанысын бұзып-жарып өтіп, айып алаңына кіре бергенде неміс қорғаушысы Ули Хенесс шалып жықты. Төреші пенальти белгіледі. Пенальтиді Йохан Неескенс дәл соқты.
Ойынның 25-минутында қарсы қақпаға пенальти белгіленді. Бұл жолы Пауль Брайтнер есепті теңестірді. 43-минутта оң қанаттан басталған шабуылды Герд Мюллер нәтижелі аяқтады. Бұл - оның әлем чемпионаттарындағы 14-ші голы еді. Бұл рекорд 2006 жылға дейін өзгеріссіз тұрды.
Екінші таймда қауіпті сәттер көбірек болғанымен есеп өзгермеді. Нәтижесінде ГФР құрамасы әлем чемпионы атанды.
“ | Финал (ГФР – Нидерланд – 2:1) осы чемпионаттың ең тартымды, ең драмалы матчы болды. «Нағыз гладиаторлардың айқасы» деп жазды газеттер. Бұл ойынның бейнетаспасын қайталап көріп отырып, қандай тамаша матч болғанына көз жеткізе аласыз. Нидерландықтар бірінші таймда алаң иелерінен біршама басым ойнады. Олар тіпті немістердің аяғы допқа тимей жатып-ақ есеп ашты. Ойынды ортадан бастаған қызғылт-сары жейделі футболшылар бір-біріне 14 дәл пас тастады, сосын 14-нөмірлі ойыншы Йохан Кройф айып алаңына тұра ұмтылды. Оны неміс қорғаушыларының бірі шалып жығуға мәжбүр болды. Пенальтиді мүлтіксіз соғатын Неескенс бұл жолы да мүлт кеткен жоқ. Бұдан кейін де нидерландықтар есепті еселей түсуге бірнеше мүмкіндік алды. Қорғаныстың мақтаулы Беккенбауэр бастаған ортаңғы шебі жасыл алаңда ойнақ салған Кройф пен оның әріптестерін өз қақпасына қарай жиі-жиі өткізіп алумен болды. Бірақ қақпашы Майер бұл кездесуде тамаша ойнады. Оның Оверат және Брайтнер секілді серіктері еңсесі басылып қалған команданың жігерін қайта жануға барын салды. Қолдан сусып кете барған ойын тізгінін қайта ұстауға осы ойыншылар, сондай-ақ Бонхоф көп үлес қосты. Көп ұзамай Ян Йонгблад қақпасының маңында да қауіпті жағдайлар көбейе түсті. Сондай сәттің бірінде айып алаңына батыл ұмтылған Хельценбайнды Янсен шалып құлатты: Брайтнер 11 метрлікті дәл соғып, таразы басын теңестірді. Есеп теңескен соң, ойын да тең дәрежеде өрби бастады. Бірінші таймның бітуіне екі минут қалғанда Герд Мюллер өзінің құрама сапындағы соңғы, 68-голын соқты – 2:1. Кездесудің екінші бөлігі де алма-кезек шабуылдармен өтті. Нидерландықтардан Реп пен Неескенс, немістерден Беккенбауэр мен Грабовски өздерінің гол соғатын мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Г. Мюллердің таза голын төреші «офсайд» деп есептемей қойды, ал соңғы минуттарда голланд қорғаушылары Хельценбайнды өз айып алаңында шалып құлатты, бірақ ағылшын төрешісі Тэйлордың тағы бір пенальти белгілеуге жүрегі дауаламады. Көп ұзамай ол ысқырық шалды да, ойын бітті. Германия құрамасы екінші рет әлем чемпионы атанды. 70-жылдардың басы мен ортасындағы ГФР – футбол тарихындағы ең мықты командалардың бірі. Ол үш турнир қатарынан финалда ойнады: 1972 жылы Еуропа чемпионы атанды, 2 жылдан соң әлем чемпионы болды, ал 1976 жылы финалда пенальтиден ұтылды.
| ” |
Протокол
7 шілде, 1974 |
| Олимпиадаштадион (Мюнхен) Көрермендер саны: 75 200 Төреші: Джэк Тэйлор | ||||||
|
|
|
|
Басқа да деректер
- Осы жеңілістен соң Йохан Кройф "Ешқашан әлем чемпионаттарында ойнамаймын" деп мәлімдеді. Ол шынымен өз сөзінде тұрды. Құраманың 1978 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуына жәрдем беру үшін іріктеуге қатысты да, чемпионатқа тек телекомментатор ретінде ғана барды.
Дереккөздер
- https://www.facebook.com/photo.php?fbid=523215441140369&set=a.296341180494464&type=3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1974 zhyly GFR de otken futboldan әlem chempionatynyn sheshushi matchy 7 shildede Myunhendegi Olimpiadalyk stadionda otti Niderland kuramasyn 2 1 esebimen tize bүktirgen GFR kuramasy araga 20 zhyl salyp ekinshi ret әlem chempiony atandy Futboldan әlem chempionaty 1974 final TurnirFutboldan 1974 zhylgy әlem birinshiligiGFR Niderland2 1Data7 shilde 1974StadionOlimpiadashtadion MyunhenKorermender75 20019701978MatchSholu Matchtyn bastaluy birneshe minutka kidirdi Ojyn bastalar aldyn alan zhiekterine zhalausha kadaudy match kyzmetkerleri umytyp ketipti Tort burysh pen ortadagy syzyktyn eki shetine zhalaushalardy kojyp shygamyn degenshe birneshe minut shygyn boldy Kejin osy zhәjt әlem chempionattary tarihyndagy klassikalyk sәtterdin kataryna kirdi Ojyndy Niderland futbolshylary bastady Olar bir birine pas berip otyryp 14 shi pas 14 shi nomerli futbolshy Johan Krojfke keldi Krojf nemisterdin korganysyn buzyp zharyp otip ajyp alanyna kire bergende nemis korgaushysy Uli Heness shalyp zhykty Toreshi penalti belgiledi Penaltidi Johan Neeskens dәl sokty Ojynnyn 25 minutynda karsy kakpaga penalti belgilendi Bul zholy Paul Brajtner esepti tenestirdi 43 minutta on kanattan bastalgan shabuyldy Gerd Myuller nәtizheli ayaktady Bul onyn әlem chempionattaryndagy 14 shi goly edi Bul rekord 2006 zhylga dejin ozgerissiz turdy Ekinshi tajmda kauipti sәtter kobirek bolganymen esep ozgermedi Nәtizhesinde GFR kuramasy әlem chempiony atandy Final GFR Niderland 2 1 osy chempionattyn en tartymdy en dramaly matchy boldy Nagyz gladiatorlardyn ajkasy dep zhazdy gazetter Bul ojynnyn bejnetaspasyn kajtalap korip otyryp kandaj tamasha match bolganyna koz zhetkize alasyz Niderlandyktar birinshi tajmda alan ielerinen birshama basym ojnady Olar tipti nemisterdin ayagy dopka timej zhatyp ak esep ashty Ojyndy ortadan bastagan kyzgylt sary zhejdeli futbolshylar bir birine 14 dәl pas tastady sosyn 14 nomirli ojynshy Johan Krojf ajyp alanyna tura umtyldy Ony nemis korgaushylarynyn biri shalyp zhyguga mәzhbүr boldy Penaltidi mүltiksiz sogatyn Neeskens bul zholy da mүlt ketken zhok Budan kejin de niderlandyktar esepti eselej tүsuge birneshe mүmkindik aldy Қorganystyn maktauly Bekkenbauer bastagan ortangy shebi zhasyl alanda ojnak salgan Krojf pen onyn әriptesterin oz kakpasyna karaj zhii zhii otkizip alumen boldy Birak kakpashy Majer bul kezdesude tamasha ojnady Onyn Overat zhәne Brajtner sekildi serikteri ensesi basylyp kalgan komandanyn zhigerin kajta zhanuga baryn saldy Қoldan susyp kete bargan ojyn tizginin kajta ustauga osy ojynshylar sondaj ak Bonhof kop үles kosty Kop uzamaj Yan Jongblad kakpasynyn manynda da kauipti zhagdajlar kobeje tүsti Sondaj sәttin birinde ajyp alanyna batyl umtylgan Helcenbajndy Yansen shalyp kulatty Brajtner 11 metrlikti dәl sogyp tarazy basyn tenestirdi Esep tenesken son ojyn da ten dәrezhede orbi bastady Birinshi tajmnyn bituine eki minut kalganda Gerd Myuller ozinin kurama sapyndagy songy 68 golyn sokty 2 1 Kezdesudin ekinshi boligi de alma kezek shabuyldarmen otti Niderlandyktardan Rep pen Neeskens nemisterden Bekkenbauer men Grabovski ozderinin gol sogatyn mүmkindikterin pajdalana almady G Myullerdin taza golyn toreshi ofsajd dep eseptemej kojdy al songy minuttarda golland korgaushylary Helcenbajndy oz ajyp alanynda shalyp kulatty birak agylshyn toreshisi Tejlordyn tagy bir penalti belgileuge zhүregi daualamady Kop uzamaj ol yskyryk shaldy da ojyn bitti Germaniya kuramasy ekinshi ret әlem chempiony atandy 70 zhyldardyn basy men ortasyndagy GFR futbol tarihyndagy en mykty komandalardyn biri Ol үsh turnir katarynan finalda ojnady 1972 zhyly Europa chempiony atandy 2 zhyldan son әlem chempiony boldy al 1976 zhyly finalda penaltiden utyldy Sәken Sybanbaj Protokol 7 shilde 1974 GFR 2 1 NiderlandPaul Brajtner 25 pen Gerd Myuller 43 Goldar Johann Neeskens 2 pen Olimpiadashtadion Myunhen Korermender sany 75 200 Toreshi Dzhek Tejlor Niderland GFRGK 8 Yan JongbludRB 20 Vim SuurbierCB 17 Vim Riisbergen 69 CB 2 Ari HaanLB 12 Rud KrolDM 6 Vim YansenCM 13 Johan Neeskens 40 CM 3 Villem van Hanegem 23 RW 16 Jonni RepLW 15 Rob Rensenbrink 46 CF 14 Johan Krojf k 45 Қosalky kuram MF 7 Teo de Jong 69 MF 10 Rene van de Kerkhof 46 Bas bapker Rinus Mihels GK 1 Zepp MajerRB 2 Berti Fogts 4 CB 5 Franc Bekkenbauer k CB 4 Hans Jorg ShvarcenbekLB 3 Paul BrajtnerCM 16 Rajner BonhofCM 12 Volfgang OveratAM 14 Uli HenessRW 9 Yurgen GrabovskiLW 17 Bernd HolcenbajnCF 13 Gerd MyullerAlanga shykkandar Basbapker Helmut ShonBaska da derekterOsy zhenilisten son Johan Krojf Eshkashan әlem chempionattarynda ojnamajmyn dep mәlimdedi Ol shynymen oz sozinde turdy Қuramanyn 1978 zhylgy әlem chempionatyna zholdama aluyna zhәrdem beru үshin irikteuge katysty da chempionatka tek telekommentator retinde gana bardy Derekkozderhttps www facebook com photo php fbid 523215441140369 amp set a 296341180494464 amp type 3