Михаил Васильевич Фрунзе — (2.2.1885, Бішкек қаласы, қазіргі Қырғыз Республикасы — 31.10. 1925, Мәскеу қаласы) — революционер, саяси және әскери , соғыс теоретигі.
Ол әскери фельдшер отбасында дүниеге келген. Фрунзе 1904 ж. Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Петербургтің политехникалық институтына оқуға түсті.
Көп кешіікпей қатарына кіріп, астыртын партиялық қызмет атқарды. 1905 жылы Иваново-Вознесенск ереуілін басқарды. 1906 жылы сәуірде РСДЖП 4-ші (Бірігу) съезіне делегат болды, сонда В.И. Ленинмен кездесті. Иваново-Вознесенск, Шуя ауданында ұйымдастыру және насихат жұмысын жүргізді.
Революциялық қызметі үшін М.В. Фрунзе бірнеше рет тұтқынға алынып, екі рет өлім жазасына кесілді, кейіннен ол он жыл каторгамен алмастырылады. Каторгадан 1915 жылы қашып шығады. 1916 жылдан бастап Батыс майданда революциялық жұмыс жүргізді, Минскіде 3-ші және 10-ші армиялардағы астыртын большевиктік ұйымды басқарды.
Ақпан революциясынан кейін Минск халық милициясының бастығы. Батыс майдандағы солдат комитетінің, Минск Советі аткомының мүшесі. 1918 жылы Иваново-Вознесенск губерниялық аткомының және губерниялық партия комитетінің председателі, губерниялық әскери комиссары. Июльде Москвада болған Советтердің Бүкіл россиялық. 5-съезінің жұмысына және оңшыл эсерлердің контрреволюциялық бүліншілігін басуға қатысты.
1918 жылы тамыздан Ярославль соғыс округының әскери комиссары, 1918 жылы 26 желтоқсаннан 4-армияның қолбасшысы болды. М.В. Фрунзе 1919 жылы В.И. Лениннің ұсынысымен Шығыс майданның оңтүстік тобының, ал 13 шілдеде Шығыс майданның қолбасшысы болып тағайындалды. Оның басшылығымен оңтүстік топ әскерлері Колчактың басты күштеріне қирата соққы берді.
М.В. Фрунзе 1919 жылы 15 тамыздан Түркістан майданына қолбасшылық етіп, Оңтүстік Оралды алып, Түркістанға жол ашты. Кешікпей анненковшылар мен дутовшылардың қалдығы Жетісудан түгелдей қуылып, тазартылды.
1920 жылы 21 қыркүйекте ол Оңтүстік майданның қолбасшысы болып тағайындалды. 16 қарашада Врангель толық талқандалды.
1920—1924 жылы М. В. Фрунзе Украина және әскерлердің қолбасшысы, УКСР Халкомсовы председателінің орынбасары, УК(б)П ОК Саяси Бюросының мүшесі.
1924 жылы наурыздан КСРО Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы орынбасары және Соғыс-Теңіз істері халкомының орынбасары, ал апрельден Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының штаб бастығы, кейіннен Әскери Академияның бастығы болды.
1925 жылы 26 қаңтардан КСРО Революциялық-Әскери Кеңесі төрағасы, ал ақпаннан Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің мүшесі.
М.В. Фрунзе барлық сайланған БОАК мүшесі, 1921—1925 жылдары РК(б)П ОК мүшесі, 1924 жылдан ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат болды. 2 рет Кызыл Ту орденімен, Құрметті революциялық қарумен наградталды.
Қызыл алаңда жерленген.
Қырғыз КСР-інің астанасына, Әскери академияға, Совет Армиясының Орталық Үйіне тағы басқаларға Фрунзе есімі берілген.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Mikhail Frunze |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mihail Vasilevich Frunze 2 2 1885 Bishkek kalasy kazirgi Қyrgyz Respublikasy 31 10 1925 Mәskeu kalasy revolyucioner sayasi zhәne әskeri sogys teoretigi Ol әskeri feldsher otbasynda dүniege kelgen Frunze 1904 zh Vernyj kalasyndagy kazirgi Almaty er balalar gimnaziyasyn altyn medalmen bitirip Peterburgtin politehnikalyk institutyna okuga tүsti Kop keshiikpej kataryna kirip astyrtyn partiyalyk kyzmet atkardy 1905 zhyly Ivanovo Voznesensk ereuilin baskardy 1906 zhyly sәuirde RSDZhP 4 shi Birigu sezine delegat boldy sonda V I Leninmen kezdesti Ivanovo Voznesensk Shuya audanynda ujymdastyru zhәne nasihat zhumysyn zhүrgizdi Revolyuciyalyk kyzmeti үshin M V Frunze birneshe ret tutkynga alynyp eki ret olim zhazasyna kesildi kejinnen ol on zhyl katorgamen almastyrylady Katorgadan 1915 zhyly kashyp shygady 1916 zhyldan bastap Batys majdanda revolyuciyalyk zhumys zhүrgizdi Minskide 3 shi zhәne 10 shi armiyalardagy astyrtyn bolsheviktik ujymdy baskardy Akpan revolyuciyasynan kejin Minsk halyk miliciyasynyn bastygy Batys majdandagy soldat komitetinin Minsk Soveti atkomynyn mүshesi 1918 zhyly Ivanovo Voznesensk guberniyalyk atkomynyn zhәne guberniyalyk partiya komitetinin predsedateli guberniyalyk әskeri komissary Iyulde Moskvada bolgan Sovetterdin Bүkil rossiyalyk 5 sezinin zhumysyna zhәne onshyl eserlerdin kontrrevolyuciyalyk bүlinshiligin basuga katysty 1918 zhyly tamyzdan Yaroslavl sogys okrugynyn әskeri komissary 1918 zhyly 26 zheltoksannan 4 armiyanyn kolbasshysy boldy M V Frunze 1919 zhyly V I Leninnin usynysymen Shygys majdannyn ontүstik tobynyn al 13 shildede Shygys majdannyn kolbasshysy bolyp tagajyndaldy Onyn basshylygymen ontүstik top әskerleri Kolchaktyn basty kүshterine kirata sokky berdi M V Frunze 1919 zhyly 15 tamyzdan Tүrkistan majdanyna kolbasshylyk etip Ontүstik Oraldy alyp Tүrkistanga zhol ashty Keshikpej annenkovshylar men dutovshylardyn kaldygy Zhetisudan tүgeldej kuylyp tazartyldy 1920 zhyly 21 kyrkүjekte ol Ontүstik majdannyn kolbasshysy bolyp tagajyndaldy 16 karashada Vrangel tolyk talkandaldy 1920 1924 zhyly M V Frunze Ukraina zhәne әskerlerdin kolbasshysy UKSR Halkomsovy predsedatelinin orynbasary UK b P OK Sayasi Byurosynyn mүshesi 1924 zhyly nauryzdan KSRO Revolyuciyalyk Әskeri Kenesi toragasy orynbasary zhәne Sogys Teniz isteri halkomynyn orynbasary al aprelden Zhumysshy Sharua Қyzyl Armiyasynyn shtab bastygy kejinnen Әskeri Akademiyanyn bastygy boldy 1925 zhyly 26 kantardan KSRO Revolyuciyalyk Әskeri Kenesi toragasy al akpannan Enbek zhәne Қorganys Kenesinin mүshesi M V Frunze barlyk sajlangan BOAK mүshesi 1921 1925 zhyldary RK b P OK mүshesi 1924 zhyldan OK Sayasi Byurosynyn mүsheligine kandidat boldy 2 ret Kyzyl Tu ordenimen Қurmetti revolyuciyalyk karumen nagradtaldy Қyzyl alanda zherlengen Қyrgyz KSR inin astanasyna Әskeri akademiyaga Sovet Armiyasynyn Ortalyk Үjine tagy baskalarga Frunze esimi berilgen Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 9 tom Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Mikhail Frunze