Ходжаев Убайдулла (1878, Ташкент — 1937, сонда) — өзбек халқының көрнекті қоғам қайраткері, Түркістандағы жәдидтік қозғалыс жетекшілерінің бірі, публицист. Ташкент қаласындағы орыс-түзем мектебінде бастауыш білім алып, 1897 — 1907 жылы Ташкент қаласы басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1908 — 12 жылы Саратов қаласындағы Заң институтында оқыды. Студент кезінде-ақ түркі-мұсылман халықтарының арасында мәдени-ағартушылық бағыттағы іс шараларды жүзеге асыруды жақтап, қоғамдық өмірге белсене араласты. Осы мәселе бойынша орыс жазушысы пікір алысып, хат жазысып тұрды. 1913 жылы Ташкент округтік сотына адвокат болып қызметке орналасты. Адвокат ретінде жергілікті өзбек, қазақ халықтарының мүддесін қорғап, отарлық билік орындарын жайлаған парақорлықты сынға алды. Мұсылмандық оқу орындарына қолдау көрсету мақсатында “Үміт” және “Тұран” деп аталатын ұйымдардың ашылуына жетекшілік етті. 1914 жылы “”газетінің редакторы болды. Патша өкіметінің он алтыншы жылғы көтеріліске қатысушыларды жазалауына ашық қарсылық танытты. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Мұстафа Шоқаймен бірге Түркістан өлкесі мұсылмандарының бірінші съезіне қатысты, Уақытша үкіметті қолдады. Бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүше болып сайланды. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесін құруға ат салысып, Мұстафа Шоқай, М. Тынышбаев, т.б. қайраткерлермен бірге Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезін өткізуді ұйымдастырды. Түркістан автономиясының жариялануын қолдап, оның Ұлттық мәжілісінің құрамына сайланды және жаңадан құрылған автономияның әскери министрі қызметін атқарды. Түркістан автономиясының тапсырмасы бойынша Кавказға барып, ол жерде жарияланған Әзірбайжан Демократиялық Республикасымен байланыс орнату жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес өкіметі Түркістан автономиясын әскер күшімен құлатқаннан кейін тұтқынға алынды. Көп ұзамай босатылып, адвокаттық жұмыс атқаруға кірісті. 1930 жылы “ұлтшыл” ретінде айыпталып, қайтадан сотталып, түрмеде қайтыс болды.
Сілтемелер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hodzhaev Ubajdulla 1878 Tashkent 1937 sonda ozbek halkynyn kornekti kogam kajratkeri Tүrkistandagy zhәdidtik kozgalys zhetekshilerinin biri publicist Tashkent kalasyndagy orys tүzem mektebinde bastauysh bilim alyp 1897 1907 zhyly Tashkent kalasy baskarmasynda tilmash bolyp kyzmet etti 1908 12 zhyly Saratov kalasyndagy Zan institutynda okydy Student kezinde ak tүrki musylman halyktarynyn arasynda mәdeni agartushylyk bagyttagy is sharalardy zhүzege asyrudy zhaktap kogamdyk omirge belsene aralasty Osy mәsele bojynsha orys zhazushysy pikir alysyp hat zhazysyp turdy 1913 zhyly Tashkent okrugtik sotyna advokat bolyp kyzmetke ornalasty Advokat retinde zhergilikti ozbek kazak halyktarynyn mүddesin korgap otarlyk bilik oryndaryn zhajlagan parakorlykty synga aldy Musylmandyk oku oryndaryna koldau korsetu maksatynda Үmit zhәne Turan dep atalatyn ujymdardyn ashyluyna zhetekshilik etti 1914 zhyly gazetinin redaktory boldy Patsha okimetinin on altynshy zhylgy koteriliske katysushylardy zhazalauyna ashyk karsylyk tanytty 1917 zhyly Akpan revolyuciyasynan kejin Mustafa Shokajmen birge Tүrkistan olkesi musylmandarynyn birinshi sezine katysty Uakytsha үkimetti koldady Bүkilresejlik musylmandardyn birinshi sezine katysyp onda Bүkilresejlik musylmandar kenesine mүshe bolyp sajlandy Tүrkistan olkesi musylmandarynyn ortalyk kenesin kuruga at salysyp Mustafa Shokaj M Tynyshbaev t b kajratkerlermen birge Tүrkistan olkesi musylmandarynyn tortinshi sezin otkizudi ujymdastyrdy Tүrkistan avtonomiyasynyn zhariyalanuyn koldap onyn Ұlttyk mәzhilisinin kuramyna sajlandy zhәne zhanadan kurylgan avtonomiyanyn әskeri ministri kyzmetin atkardy Tүrkistan avtonomiyasynyn tapsyrmasy bojynsha Kavkazga baryp ol zherde zhariyalangan Әzirbajzhan Demokratiyalyk Respublikasymen bajlanys ornatu zhoninde kelissoz zhүrgizdi Kenes okimeti Tүrkistan avtonomiyasyn әsker kүshimen kulatkannan kejin tutkynga alyndy Kop uzamaj bosatylyp advokattyk zhumys atkaruga kiristi 1930 zhyly ultshyl retinde ajyptalyp kajtadan sottalyp tүrmede kajtys boldy Siltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet