Тәңірқазған Шелль-Ашель тұрағы – палеолит тұрағы, Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы, Талас ауданының Қызыләуіт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км, Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде.
Зерттелуі
1957-58 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Тарихи археология және этнография институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеумен шұғылданған Қаратау отряды (жетекшісі Х.А. Алпысбаева) ашып, 1961-1963 жылдары зерттеу жұмыстарын жүргізген. Барлық тас бұйымдары жалпақ төбешіктен жинастырылған.
2000 жылы К.М. Байпақовтың басшылығымен Ә. X. Марғұланның атындағы Археология институтының мамандары тұрақты қайта зерттеді. Қарулардың тұрақта таралуы белгілі шекара шеңберімен шектелген, одан тыс өңделген кремний бұйымдары сирек кездеседі. Тұрақтың ауданы 1 шаршы км-ден артық емес. Сұр балшықтардың жұмсақ жоғарғы қабатында көптеген жәдігерлер табылды.
Ғалымдардың пікірінше бұл төбешік уақытындағы сай келеді. Тас құралдары 1 км² аумақта бірнеше жерде шоғырланған. 1961-1963 жылдары тас қарулары шоғырланған төрт жерге 0,75 м тереңдікке дейін тікқазба (шурф) түсірілген. Заттардың басым бөлігі, негізінен жоғарғы қабаттан алынған.
Алынған бұйымдар
Бұйымдарды жасауға сұр, қоңыр сұр, сұр қара, қара шақпақ тас пайдаланылған. Көпшілігі сары түсті патина қабаттан жабылған. Тәңірқазғаннан алынған бұйымдар мынадай негізгі топтарға бөлінеді: 1) екі шеті өңделген долбар шапқы құралдары (32 дана); 2) дөңгелек тұрпаттар (7 дана); 3) қол шапқы тәрізді құралдар (6 дана); 4) унифастар (3 дана); 5) тас жаңқадан жасалған бұйымдар (11 дана); 6) өзектастар (26 дана); 7) екінші қайта өңделмеген тас жаңқалары (266 дана). Жинаған заттардың типологиялық және техникалық анықтамасы Тәңірқазған Қазақстан жеріндегі ең көне ескерткіштердің бірі екендігін көрсетеді. Алынған бұйымдарды Еуразия мен Африка құрлығындағы археологиялық кешендермен қатар қоюға болады. Тәңірқазған ежелгі аңшылардың осында келіп қоныстану жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей ескерткіш.
Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен табылған шелль-ашель уақытына жататын Тәңірқазған секілді археологиялық нысандар республика жерін алғашқы адамдардың плиоцен-плейстоцен кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды.
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tәnirkazgan Shell Ashel turagy paleolit turagy Zhambyl oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishterinin kataryna zhatatyn arheologiyalyk eskertkish Tәnirkazgan Shell Ashel turagyOrnalaskan zheriZhambyl oblysy Talas audanynyn Қyzylәuit auylynan ontүstik shygyska karaj 10 km Қaratau kalasynan soltүstik shygyska karaj 34 km zherde Zerttelui1957 58 zhyldary Sh Uәlihanov atyndagy Tarihi arheologiya zhәne etnografiya institutynyn tas gasyry eskertkishterin zertteumen shugyldangan Қaratau otryady zhetekshisi H A Alpysbaeva ashyp 1961 1963 zhyldary zertteu zhumystaryn zhүrgizgen Barlyk tas bujymdary zhalpak tobeshikten zhinastyrylgan 2000 zhyly K M Bajpakovtyn basshylygymen Ә X Margulannyn atyndagy Arheologiya institutynyn mamandary turakty kajta zerttedi Қarulardyn turakta taraluy belgili shekara shenberimen shektelgen odan tys ondelgen kremnij bujymdary sirek kezdesedi Turaktyn audany 1 sharshy km den artyk emes Sur balshyktardyn zhumsak zhogargy kabatynda koptegen zhәdigerler tabyldy Ғalymdardyn pikirinshe bul tobeshik uakytyndagy saj keledi Tas kuraldary 1 km aumakta birneshe zherde shogyrlangan 1961 1963 zhyldary tas karulary shogyrlangan tort zherge 0 75 m terendikke dejin tikkazba shurf tүsirilgen Zattardyn basym boligi negizinen zhogargy kabattan alyngan Alyngan bujymdarBujymdardy zhasauga sur konyr sur sur kara kara shakpak tas pajdalanylgan Kopshiligi sary tүsti patina kabattan zhabylgan Tәnirkazgannan alyngan bujymdar mynadaj negizgi toptarga bolinedi 1 eki sheti ondelgen dolbar shapky kuraldary 32 dana 2 dongelek turpattar 7 dana 3 kol shapky tәrizdi kuraldar 6 dana 4 unifastar 3 dana 5 tas zhankadan zhasalgan bujymdar 11 dana 6 ozektastar 26 dana 7 ekinshi kajta ondelmegen tas zhankalary 266 dana Zhinagan zattardyn tipologiyalyk zhәne tehnikalyk anyktamasy Tәnirkazgan Қazakstan zherindegi en kone eskertkishterdin biri ekendigin korsetedi Alyngan bujymdardy Euraziya men Afrika kurlygyndagy arheologiyalyk keshendermen katar koyuga bolady Tәnirkazgan ezhelgi anshylardyn osynda kelip konystanu zholdaryn anyktauga mүmkindik beretin biregej eskertkish Ontүstik Қazakstan onirlerinen tabylgan shell ashel uakytyna zhatatyn Tәnirkazgan sekildi arheologiyalyk nysandar respublika zherin algashky adamdardyn pliocen plejstocen kezenderinde mekendegenin ajgaktajdy DerekkozderҚazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom