Талыштар (өз атауы толыш) — Иранның солтүстігі мен Әзірбайжанның оңтүстік-шығысындағы Талыш тауларында және Каспий теңізінің жағалауына жақын тау бөктерінде тұратын халық. Кейбір мәліметтер бойынша, дүние жүзіндегі талыштардың жалпы саны 267 300 - 619 000 жетеді. Басқа мәліметтер бойынша, Әзірбайжанда 600-ден 800 мыңға дейін талыш бар.
Талыштар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
267 300 - 619 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Әзербайжан | 112 000 (2009) |
Иран | 148 000 - 493 700 |
Ресей | 2 529 (2010) |
Украина | 133 (2001) |
Қазақстан | 691 (1999) |
Тілдері | |
талыш тілі | |
Діні | |
ислам (шиит) |
Тілі
Талыш тілі үндіеуропалық тілдер отбасының ирандық тармағының солтүстік-батыс тобына кіреді, аналитикалық құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады, өткен шақта өтпелі етістіктері бар сөйлемнің эргативті құрылысына ие. Талыш тілі – жазуы жоқ тіл. 30-шы жылдары жазуды құруға талпыныс жасалды. Талыш тілінде негізгі төрт сөйленіс бар: ленкоран, астар, лерик, массалин.
Діні
Дінге сенетіндердің көбі шиит түсінігіндегі исламды ұстанады.
Тарихы
XV ғасырдың ортасында талыштар Ширваншахтарға қарсы тұрған қызылбаштармен одақ құрады. Осы уақытқа дейін халықтың өмірі туралы нақты ақпарат жоқ. Қызылбаштармен одақтастық талыштарға өз тайпаларының бір бөлігі болып, ресми түрде құрамына кіруге мүмкіндік берді. Олар ерекше мәртебеге ие болып және Иран тілінің жалғыз таратушысы болғанымен басқа көшпенділер сияқты бірге өмір сүрді. Тарихи деректерге сүйенсек, ол кезде 600-ден астам талыш отбасы болған. Талыш хандығы Иранның Надир шах мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде пайда болды. 18 ғасырда Нәдір шах империясы ыдырағаннан кейін Талыш хандығы астанасы алдымен Астарада, содан кейін Ленкоран қаласында құрылды.
Алайда 1785 жылы Фатали хан Каспий маңындағы жерлерді өзіне бағындыра бастағаннан кейін талыштар оған тәуелді болып, 1795 жылы Талыш хандығының билеушісі Мир Мұстафа хан Ресейден қорғауды сұрайды. Орыс-парсы соғысы кезінде талыштар Ресей жағына өтті. 1809 жылы Ресей Талыш хандығын протекторатқа алады. 1812 жылы парсы әскері Ленкоранды қоршауға алып, Талыш бекінісін басып алады, бірақ бірнеше айдан кейін, 1813 жылы 1 қаңтарда генерал П.С.Котляревский басқарған отряд шабулдап бұл бекіністі Ресейге қайтарады.
Гүлістан бітім шартына сәйкес Талыш хандығының бір бөлігі Парсыға берілді, бірақ парсылар мұнымен қанағаттанбай, басқа аумақтарға айырбастау арқылы Солтүстік Талышты қайтарып алуға барған сайын жаңа әрекеттер жасады. 1828 жылы кезекті орыс-парсы соғысынан кейін Түркманчай бейбіт шарты бойынша Талышқа қосымша Зуванттың бір бөлігі қосылды. 1919 жылы Баку губерниясының Ленкоран уезінде Мұған Кеңестік Республикасы құрылды, бірақ ол екі ай ғана өмір сүрді. Кулактарды жою кезінде көптеген Талыш отбасылары Қазақстанға жер аударылды. Алайда, кеңес өкіметі кезінде талыштар 1938 жылға дейін өздерінің мәдени автономиясына ие болды, бұл оларға тіл мен дәстүрді сақтауға көмектесті.
Кәсібі
Талыштар егіншілікпен, мал шаруашылығымен, тоқымашылықпен айналысады. Негізгі егілетін дақылдар – күріш пен бидай. Олар мал шаруашылығының маманы атанып, мақтадан сапалы өнім шығаруда. Қазіргі таңда бұдан бөлек, шәй, цитрус және көкөніс өсірумен айналысады. Иранда экономиканың негізгі түрі бау-бақша, мал шаруашылығы және егіншілік болып табылады. Дәстүр бойынша талыш ұлтының өкілдері күріш өсірумен және жібек шаруашылығымен, қоржын мен төсеніш тоқумен, жібек және мақта мата өндірумен айналысқан. Талыштар қыш жасау өнерін ежелгі парсылардан алған, сондықтан олар ежелден ою-өрнектермен және жануарлардың бейнелерімен мол безендірілген қыш ыдыстар жасайды. Талыш кілемдері бұрыннан бағаланған, бір кездері талыштар тіпті бұл кілемдерді ақша ретінде пайдаланған: салық төледі, пара берді, туыстарына сыйлық ретінде берді.
Көптеген елді мекендер тау етегіндегі аймақтарда шоғырланған. Талыштардың дәстүрлі тұрғын үйлері (анджинака) ағаштан жасалған, төбесі конус тәрізді, едені топырақ, ішінен саз балшықпен жабылған.
Мәдениеті
Талыш халқы ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан музыкалық-ән мәдениетіне зор мән береді. Әндерді әдетте әйелдер дөңгелене билеп орындаған, ең танымалы "халай" болды, оның ішінде 7 жұп ән бар. Ер адамдар олардың би шеңберінің бір жағын құра отырып қосыла алады. Фольклоры Әзірбайжандарға ұқсас, талыш тілінде үйлену, еңбек әндері сақталған.
Киімдері, ерлер - көйлек, шалбар, қалпақ немесе киізден бас киім киеді. Әйелдер ұзын және кең шалбар, көйлек, юбка киіп, орамал таққан. Сонымен қатар жүннен тоқылған шұлық пен таза былғарыдан жасалған аяқ киіммен ерекшеленеді.
Талыштардың тағамдары жарқын және шынайы, бұл нақты географиялық орналасуы мен ерекше табиғатымен байланысты. Жиі тұтынатын тағамдар - палау, кәуап, балық. Талыштар арасында палаудың алуан түрі таң қалдырады. Мұнда асқабақ, жасымық, балық, бұршақ палауы, мейіз қосылған палау және т.б. бар. Талыш асханасында ұннан жасалған тағамдар – ет, картоп және дәмдеуіштер қосылған құтаба маңызды орынды алады.
Қазақстандағы талыштар
Қазақстанның талыш диаспорасы санының жалпы динамикасы ұлғаю үрдісін көрсете отырып, мынадай түрде болды:
- 137 (1989 ж.),
- 691 (1999 ж.),
- 132 (2009 ж.) адам, негізінен Жамбыл облысында тұрады.
1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан талыштарының қостілділік дәрежесі мынадай түрде анықталды: біртілділер – 130 адам (18,8%), қостілділер – 561 адам (81,2%).
Дереккөздер
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 179-бет.
- ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 161-бет. ISBN 978-601-287-224-8
- Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 392-бет ISBN 978-601-7472-88-7
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Talyshtar oz atauy tolysh Irannyn soltүstigi men Әzirbajzhannyn ontүstik shygysyndagy Talysh taularynda zhәne Kaspij tenizinin zhagalauyna zhakyn tau bokterinde turatyn halyk Kejbir mәlimetter bojynsha dүnie zhүzindegi talyshtardyn zhalpy sany 267 300 619 000 zhetedi Baska mәlimetter bojynsha Әzirbajzhanda 600 den 800 mynga dejin talysh bar TalyshtarBүkil halyktyn sany267 300 619 000En kop taralgan ajmaktar Әzerbajzhan112 000 2009 Iran148 000 493 700 Resej2 529 2010 Ukraina133 2001 Қazakstan691 1999 Tilderitalysh tiliDiniislam shiit TiliTalysh tili үndieuropalyk tilder otbasynyn irandyk tarmagynyn soltүstik batys tobyna kiredi analitikalyk kurylysy bar tilderdin koparylma flektivti tүrine zhatady otken shakta otpeli etistikteri bar sojlemnin ergativti kurylysyna ie Talysh tili zhazuy zhok til 30 shy zhyldary zhazudy kuruga talpynys zhasaldy Talysh tilinde negizgi tort sojlenis bar lenkoran astar lerik massalin DiniDinge senetinderdin kobi shiit tүsinigindegi islamdy ustanady TarihyXV gasyrdyn ortasynda talyshtar Shirvanshahtarga karsy turgan kyzylbashtarmen odak kurady Osy uakytka dejin halyktyn omiri turaly nakty akparat zhok Қyzylbashtarmen odaktastyk talyshtarga oz tajpalarynyn bir boligi bolyp resmi tүrde kuramyna kiruge mүmkindik berdi Olar erekshe mәrtebege ie bolyp zhәne Iran tilinin zhalgyz taratushysy bolganymen baska koshpendiler siyakty birge omir sүrdi Tarihi derekterge sүjensek ol kezde 600 den astam talysh otbasy bolgan Talysh handygy Irannyn Nadir shah memleketinin ydyrauy nәtizhesinde pajda boldy 18 gasyrda Nәdir shah imperiyasy ydyragannan kejin Talysh handygy astanasy aldymen Astarada sodan kejin Lenkoran kalasynda kuryldy Talysh Alajda 1785 zhyly Fatali han Kaspij manyndagy zherlerdi ozine bagyndyra bastagannan kejin talyshtar ogan tәueldi bolyp 1795 zhyly Talysh handygynyn bileushisi Mir Mustafa han Resejden korgaudy surajdy Orys parsy sogysy kezinde talyshtar Resej zhagyna otti 1809 zhyly Resej Talysh handygyn protektoratka alady 1812 zhyly parsy әskeri Lenkorandy korshauga alyp Talysh bekinisin basyp alady birak birneshe ajdan kejin 1813 zhyly 1 kantarda general P S Kotlyarevskij baskargan otryad shabuldap bul bekinisti Resejge kajtarady Gүlistan bitim shartyna sәjkes Talysh handygynyn bir boligi Parsyga berildi birak parsylar munymen kanagattanbaj baska aumaktarga ajyrbastau arkyly Soltүstik Talyshty kajtaryp aluga bargan sajyn zhana әreketter zhasady 1828 zhyly kezekti orys parsy sogysynan kejin Tүrkmanchaj bejbit sharty bojynsha Talyshka kosymsha Zuvanttyn bir boligi kosyldy 1919 zhyly Baku guberniyasynyn Lenkoran uezinde Mugan Kenestik Respublikasy kuryldy birak ol eki aj gana omir sүrdi Kulaktardy zhoyu kezinde koptegen Talysh otbasylary Қazakstanga zher audaryldy Alajda kenes okimeti kezinde talyshtar 1938 zhylga dejin ozderinin mәdeni avtonomiyasyna ie boldy bul olarga til men dәstүrdi saktauga komektesti KәsibiTalyshtar eginshilikpen mal sharuashylygymen tokymashylykpen ajnalysady Negizgi egiletin dakyldar kүrish pen bidaj Olar mal sharuashylygynyn mamany atanyp maktadan sapaly onim shygaruda Қazirgi tanda budan bolek shәj citrus zhәne kokonis osirumen ajnalysady Iranda ekonomikanyn negizgi tүri bau baksha mal sharuashylygy zhәne eginshilik bolyp tabylady Dәstүr bojynsha talysh ultynyn okilderi kүrish osirumen zhәne zhibek sharuashylygymen korzhyn men tosenish tokumen zhibek zhәne makta mata ondirumen ajnalyskan Talyshtar kysh zhasau onerin ezhelgi parsylardan algan sondyktan olar ezhelden oyu ornektermen zhәne zhanuarlardyn bejnelerimen mol bezendirilgen kysh ydystar zhasajdy Talysh kilemderi burynnan bagalangan bir kezderi talyshtar tipti bul kilemderdi aksha retinde pajdalangan salyk toledi para berdi tuystaryna syjlyk retinde berdi Koptegen eldi mekender tau etegindegi ajmaktarda shogyrlangan Talyshtardyn dәstүrli turgyn үjleri andzhinaka agashtan zhasalgan tobesi konus tәrizdi edeni topyrak ishinen saz balshykpen zhabylgan MәdenietiTalysh halky uzak gasyrlar bojy kalyptaskan muzykalyk әn mәdenietine zor mәn beredi Әnderdi әdette әjelder dongelene bilep oryndagan en tanymaly halaj boldy onyn ishinde 7 zhup әn bar Er adamdar olardyn bi shenberinin bir zhagyn kura otyryp kosyla alady Folklory Әzirbajzhandarga uksas talysh tilinde үjlenu enbek әnderi saktalgan Kiimderi erler kojlek shalbar kalpak nemese kiizden bas kiim kiedi Әjelder uzyn zhәne ken shalbar kojlek yubka kiip oramal takkan Sonymen katar zhүnnen tokylgan shulyk pen taza bylgarydan zhasalgan ayak kiimmen erekshelenedi Talyshtardyn tagamdary zharkyn zhәne shynajy bul nakty geografiyalyk ornalasuy men erekshe tabigatymen bajlanysty Zhii tutynatyn tagamdar palau kәuap balyk Talyshtar arasynda palaudyn aluan tүri tan kaldyrady Munda askabak zhasymyk balyk burshak palauy mejiz kosylgan palau zhәne t b bar Talysh ashanasynda unnan zhasalgan tagamdar et kartop zhәne dәmdeuishter kosylgan kutaba manyzdy oryndy alady Қazakstandagy talyshtarҚazakstannyn talysh diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy ulgayu үrdisin korsete otyryp mynadaj tүrde boldy 137 1989 zh 691 1999 zh 132 2009 zh adam negizinen Zhambyl oblysynda turady 1999 zhylgy sanak bojynsha Қazakstan talyshtarynyn kostildilik dәrezhesi mynadaj tүrde anyktaldy birtildiler 130 adam 18 8 kostildiler 561 adam 81 2 DerekkozderE D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Kitap Almaty Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 zh 179 bet ETNOSAYaSI SӨZDIK Қazakstan etnosayasaty men tәzhiribesinin terminderi men ugymdary Nur Sultan 2020 161 bet ISBN 978 601 287 224 8 Қazakstan halky Enciklopediya Bas red Zh N Tojbaeva Қurast Ғ Zhandybaev G Egeubaeva Almaty Қazak enciklopediyasy 2016 392 bet ISBN 978 601 7472 88 7