Сызба геометрия – геометрияның кеңістіктегі фигураларды жазықтық бетінде кескіндерін салу арқылы зерттейтін саласы.
Проекциялау
Кескінді салу фигураны проекциялау жазықтығына параллель және центрлік проекциялау көмегімен жүзеге асады. Ол үшін түзулер байламы пайдаланылады. Түзулер байламының көмегімен фигураның нүктесіне сәйкес оның проекциясы деп аталатын кескіннің нүктесі анықталады (қараңыз ). Түзудің кескінін алу үшін оның екі нүктесінің проекциясын тауып, оларды түзу сызықпен қосады. Сондай-ақ жазықтық үшін жалпы жағдайда орналасқан үш, ал сфера үшін төрт нүктенің проекциясын салу жеткілікті. Бірақ бір проекциядан тұратын кескін фигураны толықтай анықтай алмайды, яғни кескін қайтымсыз болады. Нүктенің тік бұрышты проекциясынан тұратын кескіні қайтымды болуы үшін оның проекциялау жазықтығынан ара қашықтығы көрсетіледі. Сонда география мен геологияда кең тараған сандық белгілері бар проекциялар шығады.
Түрлері
Сызба геометрияның бұдан басқа перспектива, аксонометрия және кешенді сызба деп аталатын бөлімдері бар.
- Перспективада центрлік проекциялау әдісі арқылы ұзындығы бойынша созылған нысандардың кескіні алынады. Егер проекция жазықтыққа салынса – сызықтық, цилиндрлік бетке салынса – панорамалық, ал сфераға салынса – күмбездік перспектива шығады. Перспективадағы кескінді көрініс (картина) деп атайды. Көріністе көкжиек сызығы, бас нүкте және қашықтық нүктесі көрсетіледі.
- Фигураны тікбұрышты декарттық координаттар жүйесімен байланыстырып, жазықтыққа проекциялағанда пайда болған тік бұрышты координаттар жүйесінің проекциясын аксонометриялық координаттар жүйесі, ал фигураның проекциясын аксонометрия деп атайды. Нүктенің декарттық координаттар жүйесіндегі орнын анықтау үшін аксонометриялық масштабтар таңдалады. Аксонометриялық масштабтың натурал масштабқа қатынасы бұрмалану көрсеткішін анықтайды. Декарттық координаттары мен бұрмалану көрсеткіштері белгілі болса, аксонометрияны салу оңай. Аксонометрия нәрсенің координаттарын пайдаланып, неғұрлым көрнекі кескін алу үшін қолданылады.
- Фигураның сызбасы оны өзара перпендикуляр орналасқан (П1 және П2) проекциялар жазықтықтарына тік бұрыштап проекциялау арқылы алынады. Проекциялар жазықтықтарын қиылысу сызықтарынан айналдырып сызба жазықтығымен беттестіреді. Сонда фигураның проекциялық байланыста орналасқан екі немесе үш проекциясынан тұратын кескіні – кешенді сызбасы алынады. Көп жағдайда алдыңғы жазықтықтарға перпендикуляр профильді (П3) жазықтық қосу қолайлы нәтиже береді. Кешенді сызба горизонталь (А1) және фронтальды (А2) және профиль (А3) проекциялардан тұрады және фигуралардың конструкторлық құжатын жасауда қолданылады.
Қолданылуы
Сызба геометрия машинaларды, құрылыстарды, технологиялық және экономикалық үрдістерді қағаз бетінде кескіндеуге, осындай кескіндерді түсінуде (оқуға) және кескіндерді пайдаланып ғылыми немесе кәсіби маңызды мәселелерді шешуде қолданылады. Сызба геометрия қисықтар мен беттерді зерттейді және оларды құрастырып жасау алгоритмдерін тұжырымдайды.
Оқулықтар
Сызба геометрияның алғашқы оқулығын француз ғалымы Г.Монж (1746 – 1818) жазды. Қазақстанда Сызба геометрияның дамуына Н.Ф. Четверухиннің (1891 – 1973) “Кескіндердің позициялық толықтығы және метрикалық анықтылығы” (1942) атты еңбегі өз үлесін қосты. XX ғасырдың аяғында Сызба геометриядан “Есептеуіш геометрия” мен “Компьютерлік графика” деп аталып кеткен геометрияның жаңа салалары бөлініп шықты.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Syzba geometriya geometriyanyn kenistiktegi figuralardy zhazyktyk betinde keskinderin salu arkyly zerttejtin salasy Syzba geometriyaProekciyalauKeskindi salu figurany proekciyalau zhazyktygyna parallel zhәne centrlik proekciyalau komegimen zhүzege asady Ol үshin tүzuler bajlamy pajdalanylady Tүzuler bajlamynyn komegimen figuranyn nүktesine sәjkes onyn proekciyasy dep atalatyn keskinnin nүktesi anyktalady karanyz Tүzudin keskinin alu үshin onyn eki nүktesinin proekciyasyn tauyp olardy tүzu syzykpen kosady Sondaj ak zhazyktyk үshin zhalpy zhagdajda ornalaskan үsh al sfera үshin tort nүktenin proekciyasyn salu zhetkilikti Birak bir proekciyadan turatyn keskin figurany tolyktaj anyktaj almajdy yagni keskin kajtymsyz bolady Nүktenin tik buryshty proekciyasynan turatyn keskini kajtymdy boluy үshin onyn proekciyalau zhazyktygynan ara kashyktygy korsetiledi Sonda geografiya men geologiyada ken taragan sandyk belgileri bar proekciyalar shygady TүrleriAksonometriyalyk proekciya Syzba geometriyanyn budan baska perspektiva aksonometriya zhәne keshendi syzba dep atalatyn bolimderi bar Perspektivada centrlik proekciyalau әdisi arkyly uzyndygy bojynsha sozylgan nysandardyn keskini alynady Eger proekciya zhazyktykka salynsa syzyktyk cilindrlik betke salynsa panoramalyk al sferaga salynsa kүmbezdik perspektiva shygady Perspektivadagy keskindi korinis kartina dep atajdy Koriniste kokzhiek syzygy bas nүkte zhәne kashyktyk nүktesi korsetiledi Figurany tikburyshty dekarttyk koordinattar zhүjesimen bajlanystyryp zhazyktykka proekciyalaganda pajda bolgan tik buryshty koordinattar zhүjesinin proekciyasyn aksonometriyalyk koordinattar zhүjesi al figuranyn proekciyasyn aksonometriya dep atajdy Nүktenin dekarttyk koordinattar zhүjesindegi ornyn anyktau үshin aksonometriyalyk masshtabtar tandalady Aksonometriyalyk masshtabtyn natural masshtabka katynasy burmalanu korsetkishin anyktajdy Dekarttyk koordinattary men burmalanu korsetkishteri belgili bolsa aksonometriyany salu onaj Aksonometriya nәrsenin koordinattaryn pajdalanyp negurlym korneki keskin alu үshin koldanylady Figuranyn syzbasy ony ozara perpendikulyar ornalaskan P1 zhәne P2 proekciyalar zhazyktyktaryna tik buryshtap proekciyalau arkyly alynady Proekciyalar zhazyktyktaryn kiylysu syzyktarynan ajnaldyryp syzba zhazyktygymen bettestiredi Sonda figuranyn proekciyalyk bajlanysta ornalaskan eki nemese үsh proekciyasynan turatyn keskini keshendi syzbasy alynady Kop zhagdajda aldyngy zhazyktyktarga perpendikulyar profildi P3 zhazyktyk kosu kolajly nәtizhe beredi Keshendi syzba gorizontal A1 zhәne frontaldy A2 zhәne profil A3 proekciyalardan turady zhәne figuralardyn konstruktorlyk kuzhatyn zhasauda koldanylady ҚoldanyluySyzba geometriya mashinalardy kurylystardy tehnologiyalyk zhәne ekonomikalyk үrdisterdi kagaz betinde keskindeuge osyndaj keskinderdi tүsinude okuga zhәne keskinderdi pajdalanyp gylymi nemese kәsibi manyzdy mәselelerdi sheshude koldanylady Syzba geometriya kisyktar men betterdi zerttejdi zhәne olardy kurastyryp zhasau algoritmderin tuzhyrymdajdy OkulyktarSyzba geometriyanyn algashky okulygyn francuz galymy G Monzh 1746 1818 zhazdy Қazakstanda Syzba geometriyanyn damuyna N F Chetveruhinnin 1891 1973 Keskinderdin poziciyalyk tolyktygy zhәne metrikalyk anyktylygy 1942 atty enbegi oz үlesin kosty XX gasyrdyn ayagynda Syzba geometriyadan Esepteuish geometriya men Kompyuterlik grafika dep atalyp ketken geometriyanyn zhana salalary bolinip shykty Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet