Смайыл батыр— Смайыл батыр Мұсабекұлы қазіргі Түркістан облысының Сыр бойын мекендеген Қоңырат тайпасының алты ата Көктіңұлы көсемдерінің бірі болған, Жандар руынынан шыққан Мұсабек батыр Қалдарбекұлының сегіз ұлдарының ішіндегі арыстан жүрек, қайтпас-қайсар, бойындағы күш-қайрат, батырлығымен танылған тұлға. Смайыл батырдың дәл қай күні, қай жылы туылып, өмірден өткені белгісіз. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда Смайыл батыр 19-ғасырдың екінші жартысында өмірге келіп, сол ғасырдың соңына қарай өмірден озған деуге болады. Олай дейтін себебіміз Смайыл батыр бір ұрыста алған жарақатының асқынуының салдарынан 45- жасында қайтыс болған екен. Бір деректерде Ордабасы ауданында Бөржар, Бадам өзенінің бойындағы Бірлік ауылындағы Сымтас мазарында жерленген десе, екінші бір деректерде Сырдария бойындағы әулие мазаратында жерленген дейді. Смайыл батыр жайлы деректер өте аз сақталған, жоқтың қасы деуге де болады. Майлықожаның жыр-дастандарында кездессе (Смайыл мен Ағман, Смайылды жоқтау дастаны), қалғандары халық арасында ауыз әдебиет күйінде сақталып қалған. Мұсабек батырдың қартайған шағында, Шымыр Байзақ датқаның ұлы Ақмолда болыстың барымташылары Мұсабек батырдың жылқыларын барымталап кеткен екен, сонда Мұсабек батыр баласы Смайылды шақырып алып „балам саған мал-дүние керек па?“ деп сұраса, сонда бала Смайыл тұрып керек деп жауап беріпті. Мұсабек батыр: - егер мал-дүние керек болса, бар да барымталанып кеткен жылқыларды қайтарып алып кел деп жұмсағанда Смайыл батырдың жасы не бары 14-те болғаны жайлы айтылады. Сондағы Смайылдың батыр, ер-жүректілігі қасына бір жылқышы кісіні ғана ертіп барып Ақмолданының ордасына, жасауылдардың қарсылық көрсеткеніне қарамастан баса-көктеп жалғыз кірген дейді. Бұл жерде Смайыл мен Ақмолданың арасында біраз балағаттау сөздер болған, ол сөздерді жарияламауды жөн көрдім. Ақмолда женіліп, Қоңыраттардан барымталанған дүние-мүліктің біріне тимей қайтарып берген! Мұны естіген Ақмолда болыстың бас батыры Ағман намыстанып, Қоңыраттардың қай басынғаны деп, қол жинап, Қоңыраттарға келеді. Смайыл батыр бастаған Қоңырат-Көктіңұлы жігіттері мен Ағман батыр бастаған Дулат жігіттері Сырдың бойында Тақыр көлде екі жақ кез келеді. Бұл ұрыста адам шығыны болып, Ағман батырдың қолы жеңіліске ұшырайды. Смайыл батыр ішінен жарақат алып, сол жарақаты уақыт келе асқынып 45-жасында дүниеден озған екен. Бұл жайында атақты ақын Майлықожа Смайыл, Ағман дастанында жырлайды.
Қаптаған қара борандай,
Смайылдың сарыны.
Өзі өлгенше ешкімнен
Басылмаған сарыны.
Майлықожа ақын:
Бір топ құлан боз келді,
„Тақыркөлдің“ сыртында,
Смайыл,Ағман кез келді.
Ерегіс майдан құрысты,
Батырлар қылды ұрысты.
Жая жеген батырлар,
Жатып бір қалып тұрысты.
Ағыман қолы жеңілген «Тақыркөлдегі» шайқаста Зияда батырдың аты оққа ұшып,өзі әрең құтылады.
Әдинаш пен Зияда
Қапылыста пияда,
Екеу ара бірлесіп,
Көк дөненге мінгесіп,
Әзер қашып құтылды
Шөгірлідегі қияда.
Майлықожа ақын:
Датқа-еке нелер күндер өтті басымнан,
Көзім бір арылмады қанды жастан
Жарадар жалғыз інім болғаннан соң,
Он бірін қабат шаншыдым дем алмастан.
Шапқанда жан шыдамас сарынымнан,
Басылдым батыр алып арынымнан,
Баласын Көктіңұлын қоримын деп,
Сауыт сынып,оқ өтті қарынымнан.
Майлықожа ақынның Смайыл батырды жоқтауы,
Әуел сөзім биссмилла,
Екінші сөзім Мұхаммед
Жылайды деп сөкпеңдер
Жиылып келген әлеумет.
Сымайыл өліп кеттің қырық бесіңде,
Досың күліп,дұшпаның тіпті есірді.
Смайыл ат жақты едің,кез ерінді.
Жаулассаң алдың жаудан өз кегіңді.
Қара жер тапжылмастай басып жатыр,
Нар кеуде омырауланған бедеріңді.
Смайыл батырдың көзі тірісінде Қоңыраттарға ішкі жаулары, басқа ру -тайпалардан ешкім тиісе алмаған екен.Смайыл батыр бабамыздың жатқан жері жәннәттан болсын,Аумин!
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Smajyl batyr Smajyl batyr Musabekuly kazirgi Tүrkistan oblysynyn Syr bojyn mekendegen Қonyrat tajpasynyn alty ata Koktinuly kosemderinin biri bolgan Zhandar ruynynan shykkan Musabek batyr Қaldarbekulynyn segiz uldarynyn ishindegi arystan zhүrek kajtpas kajsar bojyndagy kүsh kajrat batyrlygymen tanylgan tulga Smajyl batyrdyn dәl kaj kүni kaj zhyly tuylyp omirden otkeni belgisiz Konekoz kariyalardyn ajtularyna karaganda Smajyl batyr 19 gasyrdyn ekinshi zhartysynda omirge kelip sol gasyrdyn sonyna karaj omirden ozgan deuge bolady Olaj dejtin sebebimiz Smajyl batyr bir urysta algan zharakatynyn askynuynyn saldarynan 45 zhasynda kajtys bolgan eken Bir derekterde Ordabasy audanynda Borzhar Badam ozeninin bojyndagy Birlik auylyndagy Symtas mazarynda zherlengen dese ekinshi bir derekterde Syrdariya bojyndagy әulie mazaratynda zherlengen dejdi Smajyl batyr zhajly derekter ote az saktalgan zhoktyn kasy deuge de bolady Majlykozhanyn zhyr dastandarynda kezdesse Smajyl men Agman Smajyldy zhoktau dastany kalgandary halyk arasynda auyz әdebiet kүjinde saktalyp kalgan Musabek batyrdyn kartajgan shagynda Shymyr Bajzak datkanyn uly Akmolda bolystyn barymtashylary Musabek batyrdyn zhylkylaryn barymtalap ketken eken sonda Musabek batyr balasy Smajyldy shakyryp alyp balam sagan mal dүnie kerek pa dep surasa sonda bala Smajyl turyp kerek dep zhauap beripti Musabek batyr eger mal dүnie kerek bolsa bar da barymtalanyp ketken zhylkylardy kajtaryp alyp kel dep zhumsaganda Smajyl batyrdyn zhasy ne bary 14 te bolgany zhajly ajtylady Sondagy Smajyldyn batyr er zhүrektiligi kasyna bir zhylkyshy kisini gana ertip baryp Akmoldanynyn ordasyna zhasauyldardyn karsylyk korsetkenine karamastan basa koktep zhalgyz kirgen dejdi Bul zherde Smajyl men Akmoldanyn arasynda biraz balagattau sozder bolgan ol sozderdi zhariyalamaudy zhon kordim Akmolda zhenilip Қonyrattardan barymtalangan dүnie mүliktin birine timej kajtaryp bergen Muny estigen Akmolda bolystyn bas batyry Agman namystanyp Қonyrattardyn kaj basyngany dep kol zhinap Қonyrattarga keledi Smajyl batyr bastagan Қonyrat Koktinuly zhigitteri men Agman batyr bastagan Dulat zhigitteri Syrdyn bojynda Takyr kolde eki zhak kez keledi Bul urysta adam shygyny bolyp Agman batyrdyn koly zheniliske ushyrajdy Smajyl batyr ishinen zharakat alyp sol zharakaty uakyt kele askynyp 45 zhasynda dүnieden ozgan eken Bul zhajynda atakty akyn Majlykozha Smajyl Agman dastanynda zhyrlajdy Қaptagan kara borandaj Smajyldyn saryny Өzi olgenshe eshkimnen Basylmagan saryny Majlykozha akyn Bir top kulan boz keldi Takyrkoldin syrtynda Smajyl Agman kez keldi Eregis majdan kurysty Batyrlar kyldy urysty Zhaya zhegen batyrlar Zhatyp bir kalyp turysty Agyman koly zhenilgen Takyrkoldegi shajkasta Ziyada batyrdyn aty okka ushyp ozi әren kutylady Әdinash pen Ziyada Қapylysta piyada Ekeu ara birlesip Kok donenge mingesip Әzer kashyp kutyldy Shogirlidegi kiyada Majlykozha akyn Datka eke neler kүnder otti basymnan Kozim bir arylmady kandy zhastan Zharadar zhalgyz inim bolgannan son On birin kabat shanshydym dem almastan Shapkanda zhan shydamas sarynymnan Basyldym batyr alyp arynymnan Balasyn Koktinulyn korimyn dep Sauyt synyp ok otti karynymnan Majlykozha akynnyn Smajyl batyrdy zhoktauy Әuel sozim bissmilla Ekinshi sozim Muhammed Zhylajdy dep sokpender Zhiylyp kelgen әleumet Symajyl olip kettin kyryk besinde Dosyn kүlip dushpanyn tipti esirdi Smajyl at zhakty edin kez erindi Zhaulassan aldyn zhaudan oz kegindi Қara zher tapzhylmastaj basyp zhatyr Nar keude omyraulangan bederindi Smajyl batyrdyn kozi tirisinde Қonyrattarga ishki zhaulary baska ru tajpalardan eshkim tiise almagan eken Smajyl batyr babamyzdyn zhatkan zheri zhәnnәttan bolsyn Aumin