Скафандр (фр. scaphandre гр. skaphe — қайық және aner, andros — адам) — адамның қалыпты өмір сүруінен өзгеше жағдайдағы тіршілігі мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін бір кісілік герметикалық жабдық. Ол сыртқы қаптан, шлемнен және қолғап пен бәтеңкеден құралады. Дем алатын ауа қоспасын дайындау тәсіліне қарай скафандр желдеткішті (мұнда қоспа баллоннан шланг арқылы келіп отырады) және регенерациялы (мұнда арнаулы патронда көмірқышқыл газы мен ылғалдан тазартылған ауа оттекпен байытылып С-ға қайта пайдаланылады) түрлерге ажыратылады. 1) Ғарыштық скафандр авариялық-құтқару скафандры, ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр және аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандр болып бөлінеді. Авариялық-құтқару скафандрын ғарыш кемесі кабинасындағы атмосфера параметрлерінің есептелген мәннен ауытқуы кезінде пайдаланады. Ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр ғарышкерлерді метеориттерден, аса қызып кетуден не суынудан қорғайды. Аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандрдың көмегімен ғарышкер аспан денесінің бетінде өз бетінше қозғала алады. Оның сыртқы қабы жұмсақ және қатты болатын түрлері бар. Скафандр дың адамның буынына сәйкес келетін жерлерін топсалы етіп жасайды. Суыту жүйесі сумен суытылатын киімнен және суыту агрегаттарынан құралады. Скафандр дың шлемі жарық сүзгісімен жабдықталады. 2) Су асты скафандры — сүңгуірді сыртқы ортадан оқшаулайтын әрі су өтпейтін қабат түзетін сүңгу жабдықтарының бірі.
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Skafandr fr scaphandre gr skaphe kajyk zhәne aner andros adam adamnyn kalypty omir sүruinen ozgeshe zhagdajdagy tirshiligi men zhumys isteu kabiletin kamtamasyz etetin bir kisilik germetikalyk zhabdyk Ol syrtky kaptan shlemnen zhәne kolgap pen bәtenkeden kuralady Dem alatyn aua kospasyn dajyndau tәsiline karaj skafandr zheldetkishti munda kospa ballonnan shlang arkyly kelip otyrady zhәne regeneraciyaly munda arnauly patronda komirkyshkyl gazy men ylgaldan tazartylgan aua ottekpen bajytylyp S ga kajta pajdalanylady tүrlerge azhyratylady 1 Ғaryshtyk skafandr avariyalyk kutkaru skafandry ashyk garysh kenistiginde pajdalanylatyn skafandr zhәne aspan denesinin betine shyguga arnalgan skafandr bolyp bolinedi Avariyalyk kutkaru skafandryn garysh kemesi kabinasyndagy atmosfera parametrlerinin eseptelgen mәnnen auytkuy kezinde pajdalanady Ashyk garysh kenistiginde pajdalanylatyn skafandr garyshkerlerdi meteoritterden asa kyzyp ketuden ne suynudan korgajdy Aspan denesinin betine shyguga arnalgan skafandrdyn komegimen garyshker aspan denesinin betinde oz betinshe kozgala alady Onyn syrtky kaby zhumsak zhәne katty bolatyn tүrleri bar Skafandr dyn adamnyn buynyna sәjkes keletin zherlerin topsaly etip zhasajdy Suytu zhүjesi sumen suytylatyn kiimnen zhәne suytu agregattarynan kuralady Skafandr dyn shlemi zharyk sүzgisimen zhabdyktalady 2 Su asty skafandry sүnguirdi syrtky ortadan okshaulajtyn әri su otpejtin kabat tүzetin sүngu zhabdyktarynyn biri Pajdalanylgan ciltemelerҚazak Enciklopediyasy 7 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet