Синология (латынша sіna —қытай және logos — сөз, ілім) — Қытай тарихын, экономикасын, саясатын, философиясын, тілін, әдебиеті мен мәдениетін зерттейтін ғылымдар кешені.
Негізін 17 — 18 ғасырларда француз миссионерлері (Ж.Премар, Ж.Жербильон, М.Мая, т.б.) қалаған. Кейіннен синологияны 6 томдық қытай тілінің сөздігін құрастырған ағылшын Г.Моррисон, ежелгі қытай деректерін аударған неміс ғалымы Ю.Клапрот пен француз Э.К. Био әрі қарай дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қытай жөнінде жазған еңбектер шығарылып (Н.Я. Бичурин, т.б.), жоғары оқу орындарында қытай және маньчжур тілдерінің кафедралары ашылды. Ресей ғалымдары Г.Н. Потанин, Н.М. Пржевальский, Г.Е. Грум-Гржимайло, сондай-ақ Ш.Уәлиханов, т.б. Синологияны география, этнография жаңа мәліметтермен толықтырды. 19 ғасырдың 2-жартысында Синология кешенді ғылым саласы ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде батыс еуропа ғалымдар (С.Куврëр, А.Кордье, Э.Шаванн, т.б.) аса құнды әрі көлемді еңбектер жазды. Жапонияда синология (“Сингаку”) жеке ғылым ретінде қалыптасып, оқу орындары мен ғыл. мекемелерде Қытай мәдениетін, тарихын оқып үйрену қолға алынды. 20 ғасырдың 20 — 30-жылдары АҚШ,Англия, Жапония, Швеция, Италия, Голландия, т.б. елдер Қытайды барынша кеңінен зерттеу ісін қолға алды. Синология мектептері ашылып, синолог ғалымдардың еңбектері жарық көрді. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап Синология (тарих, экономика, әдебиет, т.б. салаларға) бөлінді. Қытайтанушы мамандар дайындауда АҚШ пен Жапония алдыңғы орынға шықты. Ғылыми айналымға жаңа деректер мен материалдар енгізіліп, Қытайдың тарихнамасына деген қызығушылық артты. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық тарихы бойынша зерттеулер (Н.Сванн, Г.Франке, Э.Балаш, А.Фейерверкер, Мурамацу Юдзи) жарық көрді. Қытайдың орта ғасырлар мен жаңа заман тарихы бойынша көлемді еңбектер жазылды (В.Франке, М.Райт, В.Парселл, т.б.). Әдебиет саласында Қытайдың прозасы мен драмасына көбірек назар аударылды (В.Эберхард, Р.Бертуччали, Кадзи Ватару, т.б.). 20 ғасырдың 20 — 30-жылдары кеңестік ғалымдар В.М. Алексеев, А.В. Бакунин, П.Е. Скачков, Ю.В. Бунаков, Г.С. Кара-Мурза, т.б. қытай тарихын зерттеуде көп еңбек сіңірді. Қытай тілі мен әдебиеті де назардан тыс қалмай, үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді (А.И. Иванов, Е.Д. Поливанов). Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Кеңес Одағында қытайтанушылар дайындау ісі жедел дамып, қытайтану орталықтары мен академикалық институттар ашылды. Қытайдың классикалық шығармалары аударылды. Философия, мәдениет, өнер, театр, музыка, әдебиет, ғылым, экономика, т.б. салалар бойынша бірқатар еңбектер жарық көрді. Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіздік алған республикаларда бұл ғылым саласы дамудың жаңа кезеңін бастады. Ресейде бұрынғы идеологиядан арылған, жаңа көзқараспен жазылған еңбектер жарық көруде. Қазақстан синологиясы өз бастауын Уәлихановтың еңбектерінен алады. Ол Қытайдың батыс аймағы — Шыңжаң өлкесіне екі рет саяхат жасап, шығыстану ғылымында теңдесі жоқ із қалдырды. Кеңес заманында қазақстандық ғалымдар А.Қадырбаев, К.Ш. Хафизова, Ю.А. Зуев, Н.М. Мингулов, А.Құрманбаев, Ж.Накупов, Н.Алдабек, т.б. қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасуына, қазақ хандарының Қытаймен байланыстарына, Шыңжаңның тарихына қатысты еңбектер жазды. Қытайтанушылардың жаңа бір легі тарихи отанына келген оралмандар есебінен толықты. Тарихшы-ғалым, т.ғ.д., профессор Н.Мұқаметханұлы, қытайтанушы-ғалым, аудармашы, ф.ғ.д., профессор Д.Мәсімханұлы, жазушы, доцент Ж.Самитұлы, тарихшы, жазушы Т.Зәкенұлы, Г.Ахметбекқызы, т.б. зерттеушілер Қытай тарихы, әдебиеті, диаспора мәселелері бойынша еңбектерін жариялауда. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1989 жылы қытай тілін оқытатын қытайтану бөлімі ашылған. Қазір осындай бөлімдер бірқатар жоғары оқу орындарында бар.
Дереккөздер
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sinologiya latynsha sina kytaj zhәne logos soz ilim Қytaj tarihyn ekonomikasyn sayasatyn filosofiyasyn tilin әdebieti men mәdenietin zerttejtin gylymdar kesheni Negizin 17 18 gasyrlarda francuz missionerleri Zh Premar Zh Zherbilon M Maya t b kalagan Kejinnen sinologiyany 6 tomdyk kytaj tilinin sozdigin kurastyrgan agylshyn G Morrison ezhelgi kytaj derekterin audargan nemis galymy Yu Klaprot pen francuz E K Bio әri karaj damytty 19 gasyrdyn 1 zhartysynda Resejde Қytaj zhoninde zhazgan enbekter shygarylyp N Ya Bichurin t b zhogary oku oryndarynda kytaj zhәne manchzhur tilderinin kafedralary ashyldy Resej galymdary G N Potanin N M Przhevalskij G E Grum Grzhimajlo sondaj ak Sh Uәlihanov t b Sinologiyany geografiya etnografiya zhana mәlimettermen tolyktyrdy 19 gasyrdyn 2 zhartysynda Sinologiya keshendi gylym salasy retinde kalyptasty Bul kezende batys europa galymdar S Kuvrer A Korde E Shavann t b asa kundy әri kolemdi enbekter zhazdy Zhaponiyada sinologiya Singaku zheke gylym retinde kalyptasyp oku oryndary men gyl mekemelerde Қytaj mәdenietin tarihyn okyp үjrenu kolga alyndy 20 gasyrdyn 20 30 zhyldary AҚSh Angliya Zhaponiya Shveciya Italiya Gollandiya t b elder Қytajdy barynsha keninen zertteu isin kolga aldy Sinologiya mektepteri ashylyp sinolog galymdardyn enbekteri zharyk kordi 20 gasyrdyn 2 zhartysynan bastap Sinologiya tarih ekonomika әdebiet t b salalarga bolindi Қytajtanushy mamandar dajyndauda AҚSh pen Zhaponiya aldyngy orynga shykty Ғylymi ajnalymga zhana derekter men materialdar engizilip Қytajdyn tarihnamasyna degen kyzygushylyk artty Қytajdyn әleumettik ekonomikalyk tarihy bojynsha zertteuler N Svann G Franke E Balash A Fejerverker Muramacu Yudzi zharyk kordi Қytajdyn orta gasyrlar men zhana zaman tarihy bojynsha kolemdi enbekter zhazyldy V Franke M Rajt V Parsell t b Әdebiet salasynda Қytajdyn prozasy men dramasyna kobirek nazar audaryldy V Eberhard R Bertuchchali Kadzi Vataru t b 20 gasyrdyn 20 30 zhyldary kenestik galymdar V M Alekseev A V Bakunin P E Skachkov Yu V Bunakov G S Kara Murza t b kytaj tarihyn zertteude kop enbek sinirdi Қytaj tili men әdebieti de nazardan tys kalmaj үlken zertteu zhumystary zhүrgizildi A I Ivanov E D Polivanov Қytaj Halyk Respublikasy kurylgannan kejin Kenes Odagynda kytajtanushylar dajyndau isi zhedel damyp kytajtanu ortalyktary men akademikalyk instituttar ashyldy Қytajdyn klassikalyk shygarmalary audaryldy Filosofiya mәdeniet oner teatr muzyka әdebiet gylym ekonomika t b salalar bojynsha birkatar enbekter zharyk kordi Kenes Odagy ydyrap tәuelsizdik algan respublikalarda bul gylym salasy damudyn zhana kezenin bastady Resejde buryngy ideologiyadan arylgan zhana kozkaraspen zhazylgan enbekter zharyk korude Қazakstan sinologiyasy oz bastauyn Uәlihanovtyn enbekterinen alady Ol Қytajdyn batys ajmagy Shynzhan olkesine eki ret sayahat zhasap shygystanu gylymynda tendesi zhok iz kaldyrdy Kenes zamanynda kazakstandyk galymdar A Қadyrbaev K Sh Hafizova Yu A Zuev N M Mingulov A Қurmanbaev Zh Nakupov N Aldabek t b kazak halkynyn shygu tegi men kalyptasuyna kazak handarynyn Қytajmen bajlanystaryna Shynzhannyn tarihyna katysty enbekter zhazdy Қytajtanushylardyn zhana bir legi tarihi otanyna kelgen oralmandar esebinen tolykty Tarihshy galym t g d professor N Mukamethanuly kytajtanushy galym audarmashy f g d professor D Mәsimhanuly zhazushy docent Zh Samituly tarihshy zhazushy T Zәkenuly G Ahmetbekkyzy t b zertteushiler Қytaj tarihy әdebieti diaspora mәseleleri bojynsha enbekterin zhariyalauda Әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universitetinde 1989 zhyly kytaj tilin okytatyn kytajtanu bolimi ashylgan Қazir osyndaj bolimder birkatar zhogary oku oryndarynda bar DerekkozderBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz