Силикоз (латынша sіlіcіum — кремний) — өкпеде кремний қос тотығының жиналуынан дамитын сырқат. Силикоз — пневмокониоздар (грекше pneumon — өкпе және konіa — шаң), өндірістік шаң-тозаңмен ұзақ уақыт тыныс алу нәтижесінде пайда болатын өкпе ауруларының бір түрі. Бұл ауру тау-кен, керамика өндірісінде, металл құю цехында, көмір өндіру саласында жұмыс істейтіндер арасында жиі кездеседі, яғни Силикоз кәсіби аурулар қатарына жатады. Аурудың дамуы тыныс органдарына түскен шаң-тозаңның түріне байланысты. Кварц тозаңдары өкпенің аралық тінінде жиналып, сол жерде үдемелі түрде склероз тудырады. Өкпеге жиналған кремний қос тотығы еріп, кремний қышқылына айналады да, сол жердегі тіндерге зиянды әсер етеді. Силикозбен ауырғанда алғашқы кезде науқас ентігеді, кеуде тұсы шаншып ауырады. Дерт асқынса адам қозғалмай жатып-ақ ентігеді, жөтелуі күшейіп, қақырық түседі. Клиникалық-рентгенология зерттеулер бойынша Силикоздың: түйінді, аралық (интерстициалды) және ісікті түрлерін ажыратады. Түйінді силикоз өкпеде диам. бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін жететін сұр, қара сұр түсті түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Бұл түйіндерді микроскоппен қарағанда, гиалинденген қатты дәнекер тіннен тұратыны көрінеді. Өкпе тіні бұл кезде тығыз, көп жері ауасыз, серпімді болады. Силикоздың жиі кездесетіні — аралық түрі. Ол дәнекер тіннің бронхтар мен қан тамырлары айналасында, альвеоланың (өкпедегі кеңірдек тарамы) шетінде өсіп, жайылады. Ал ісік тәрізді Силикоз өкпедегі түйіндердің бір-бірімен қосылып кетуі нәтижесінде ірі ошақтардың пайда болуымен сипатталады. Бұл түйіндер ыдырағанда өкпеде ірі қуыстар (каверна) түзіліп, оған стафиллококк, стрептоккок (екіншілік инфекция) түскенде, өкпеде созылмалы қабыну дамиды. Өкпедегі Силикоздық өзгерістерге кейде туберкулез инфекциясы қосылып, силикотуберкулездің өршуі мүмкін. Бұл кезде өкпедегі дәнекер тінінің мөлшері ұлғайып, қанның өкпеге өтуі қиындайды, жүректің оң қарыншасы ұлғайып, созылмалы шалдығады. Ауру асқынғанда өкпе қабынады, созылмалы бронхит, бронхоэктатик. ауру пайда болады. Туберкулез, жүрек, аурулары бар адамдарда Силикоз өте ауыр өтеді. Аурудың алдын алу шараларының ең бастысы — өнеркәсіп орнында шаң-тозаңды белгілі мөлшерден асырмау, еңбек гигиенасын сақтау. Емі: стероидтық гормондар, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер қолдану, калориясы жоғары, құрамы белок пен витаминге бай тамақтар ішу, арнайы санаторийлерде емделу.
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Silikoz latynsha silicium kremnij okpede kremnij kos totygynyn zhinaluynan damityn syrkat Silikoz pnevmokoniozdar grekshe pneumon okpe zhәne konia shan ondiristik shan tozanmen uzak uakyt tynys alu nәtizhesinde pajda bolatyn okpe aurularynyn bir tүri Bul auru tau ken keramika ondirisinde metall kuyu cehynda komir ondiru salasynda zhumys istejtinder arasynda zhii kezdesedi yagni Silikoz kәsibi aurular kataryna zhatady Aurudyn damuy tynys organdaryna tүsken shan tozannyn tүrine bajlanysty Kvarc tozandary okpenin aralyk tininde zhinalyp sol zherde үdemeli tүrde skleroz tudyrady Өkpege zhinalgan kremnij kos totygy erip kremnij kyshkylyna ajnalady da sol zherdegi tinderge ziyandy әser etedi Silikozben auyrganda algashky kezde naukas entigedi keude tusy shanshyp auyrady Dert askynsa adam kozgalmaj zhatyp ak entigedi zhotelui kүshejip kakyryk tүsedi Klinikalyk rentgenologiya zertteuler bojynsha Silikozdyn tүjindi aralyk intersticialdy zhәne isikti tүrlerin azhyratady Tүjindi silikoz okpede diam birneshe mm den birneshe sm ge dejin zhetetin sur kara sur tүsti tүjinderdin pajda boluymen sipattalady Bul tүjinderdi mikroskoppen karaganda gialindengen katty dәneker tinnen turatyny korinedi Өkpe tini bul kezde tygyz kop zheri auasyz serpimdi bolady Silikozdyn zhii kezdesetini aralyk tүri Ol dәneker tinnin bronhtar men kan tamyrlary ajnalasynda alveolanyn okpedegi kenirdek taramy shetinde osip zhajylady Al isik tәrizdi Silikoz okpedegi tүjinderdin bir birimen kosylyp ketui nәtizhesinde iri oshaktardyn pajda boluymen sipattalady Bul tүjinder ydyraganda okpede iri kuystar kaverna tүzilip ogan stafillokokk streptokkok ekinshilik infekciya tүskende okpede sozylmaly kabynu damidy Өkpedegi Silikozdyk ozgeristerge kejde tuberkulez infekciyasy kosylyp silikotuberkulezdin orshui mүmkin Bul kezde okpedegi dәneker tininin molsheri ulgajyp kannyn okpege otui kiyndajdy zhүrektin on karynshasy ulgajyp sozylmaly shaldygady Auru askynganda okpe kabynady sozylmaly bronhit bronhoektatik auru pajda bolady Tuberkulez zhүrek aurulary bar adamdarda Silikoz ote auyr otedi Aurudyn aldyn alu sharalarynyn en bastysy onerkәsip ornynda shan tozandy belgili molsherden asyrmau enbek gigienasyn saktau Emi steroidtyk gormondar tuberkulezge karsy dәri dәrmekter koldanu kaloriyasy zhogary kuramy belok pen vitaminge baj tamaktar ishu arnajy sanatorijlerde emdelu DerekkozderO D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet