Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ораз (1975 жылы туған) — исламтанушы, діни қайраткер. 2017-2020 жж. аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас (мүфти) болған. Бұл лауазымға ол 2017 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында сайланған болатын. Бас мүфтилік қызметтен ол 2020 жылы 7 ақпанда Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс IX құрылтайында өз еркімен кетті.
Білімі
- 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.
- 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.
- 1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.
- 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
- 2014-2016 жылдары "Нұр Мүбəрак" университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистрі академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолы
Діни саладағы жұмысы Алматы Орталық мешітінің наиб имамы қызметінен басталған. Ислам институтының ұстазы, ректоры, ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы, Алматы қаласы әкімшілігінің діни істер бөлімінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасында дирекция директоры қызметін атқарды.
- 2000-2001 жылдары ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти;
- 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Бас имамы;
- 2011-2013 жылдары ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы;
- 2013 жылы ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.
- 2017 жылы Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды.
- 2020 жылы 7 ақпанда ол Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс IX құрылтайында өз еркімен Бас мүфтилік қызметтен кетті.
Бастамалары мен жобалары
- «Дін мен дәстүр сабақтастығы»;
- «ҚМДБ-ның жалпы жұмысындағы негізгі төрт бағыт (көркем уағыз, оқу-ағарту, жат ағыммен жұмыс, қайырымдылық)»;
- «Дәстүрлі Ислам жауһарлары»;
- «Құран Кәрім. Қазақша сөзбе-сөз аудармасы»;
- «Қазақстандағы бірыңғай діни рәсімдер жүйесі»;
- «Жаназа және жерлеу рәсімдері»;
- «Жұма уағызы», «Дін – насихат»;
- ҚМДБ пәтуаларының ортақ базасы – www.fatua.kz Мұрағатталған 5 ақпанның 2018 жылы. сайты
- «Ислам және рухани жаңғыру»;
- «Ислам және ұлы дала өркениеті»;
- «І Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы».
Авторлық еңбектері:
- «Ораза – кешірім айы»;
- «Тәпсір тұнығы» (30-пара);
- «Тәпсір тұнығы» (29-пара);
- «Тәпсір тұнығы» (28-пара);
- «Әзірет Сұлтан» – Ұлы дала темірқазығы».
Марапаттары:
- Қапқаз және Орта Азия елдері арасында өткен Кувейт мемлекетінің басшысы Сабах әль-Ахмед әль-Жабер әс-Сабах атындағы Құран жарысының бас жүлдегері;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалдарының иегері;
- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы;
Өмірдегі ұстанымы:
«Өзгеруді өзіңнен баста».
Қызметтегі ұстанымы:
«Жауапкершілік пен тиянақтылық – сапалы қызмет кепілі».
Жеке өмірі:
Отбасылы. 7 баланың әкесі.
Қоғамдық пікірлері:
Дәстүрлі Ислам туралы
Ислам мекен мен уақытқа тәуелді емес. Дейтұрғанмен, әр халықтың ұзын-сонар тарихы, өзіне тән ұлттық құндылықтары болады. Бұл – Алланың хикметі. Біз не үшін дәстүрлі Ислам деген терминді қолдануға мәжбүр болдық? Исламды дәстүрлі, дәстүрлі емес деп бөлу қандай қажеттіліктен туды? Дінді ұстанудың жолы осы екен деп, қалай еліктесек те, бәрібір араб бола алмаймыз. Түбіміз түрік дегенмен, салтымыз бен санамыз басқа. Пәкістанның, ауғанның киімін кисек те, пуштун болу қолымыздан келмейді. Өйткені, біздің сан ғасырлық сара жолымыз бар. Біз дала заңына бағынған халықпыз. Менталитетімізге мейлінше жақын дәстүрлі дініміз Исламнан қуат алған ұлтпыз. Көпшілік қауым қош көрген ұғымдар мен әдеттердің жиынтығын дәстүр дейміз. «Дәстүрлі Ислам» деп мұсылман үмбетінің басым көпшілігі, соның ішінде әйгілі ғалымдардың ұстанып келген, сонау ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінен бүгінгі күнге дейін үзілмей жалғасып жатқан діни жолды айтамыз. Намазды айтпағанда, жайнамаз, тәспінің өзін қастерлеген кешегі батагөй ақсақалдарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың жолы. Қажылыққа барған кісі қасиетті Меккеден «тәбәрік» әкелсе, балаша қуанатын, қонағын құрметтеп, ұрпақ үшін ұдайы дұға қылатын ата-бабалардан қалған сара жол – дәстүрлі Ислам неге бүгін кәдемізге «жарамай» қалуы тиіс?! «Таза Исламды» ұранға айналдыру кім үшін керек?! Мың жылдан астам тарихы бар, дала заңы демократиясының негізі саналған дініміздің құқықтық мектебі – Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы жұртымыздың жүрер жолы болған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы дәстүрлі Исламды насихаттайды және бірлігімізді нығайта түсу үшін мұсылман жамағатын Әбу Ханифа мәзһабын ұстануға шақырады. Төл мәзһабымызға Діни сенім бостандығы туралы заңымызда да айрықша мәртебе берілген. Кейде кейбір ел ағаларының аузынан: «Халықты бір мәзһабты ұстануға үндеу – қалған мәзһабтың құқығын шектеу емес пе?» – деген уәжді естіп қаламыз. Әбу Ханифа мәзһабы – Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен мұсылмандардың ұстанған жолы. Әбу Ханифа мәзһабы дала халқының болмысына, табиғатына жақын болды. Имам Ағзам – мәзһаб негізін қалаған ғұламалардың ұстазы болған. Либералды жолды таңдауымыздың тағы бір сыры – мәзһабымыздың жергілікті салт-дәстүрімізге құрметпен қарауында. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінде: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет...» деп бұйырған. Шариғатқа қайшы келмеген ғұрып әрқашан, әр дәуірде құпталып отырған. Біздің бабаларымыз Ислам дінін осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын жүрек қалауымен қабылдады. Содан бері исламдық дәстүрлі діни мектеп, орта жол қалыптасты. Қазақ топырағында бұрын-соңды діни алауыздық, келіспеушілік, түсінбеушілік болған емес. Ал қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында пайда болған түрлі діни көзқарастар о бастағы бағытынан, тамырынан, алтын қазығынан алшақтай бастағанының айғағы деп айтар едік.
Дін мен дәстүр туралы
Дін мен дәстүр – қос қанатымыз. Бұл екеуі бірінсіз бірі жүре алмайтын өте жақын ұғымдар. Алла өз пенделерін ұлттарға, ұлыстарға бөліп жаратқан. Қаласа, бүкіл адамдарды бір ғана ұлт етіп жаратар еді. Ұлтты өзгелерден ерекшелеп тұратын басты құндылығы, ол – дәстүрі. Өзіндік дәстүрі, мәдениеті жоқ ұлт болмайды. Араб, парсы, түрік, ағылшын болсын, өзбек, қырғыз, қазақ болсын, бәрінде де бірінен бірін ерекшелендіріп тұратын дәстүрлері болады. Ол әр ұлттың ішер асынан, киген киімінен, қонақ күтуінен, мереке тойлауынан, бала тәрбиесінен, үйленіп, шаңырақ көтеруінен көрінеді. Ал біздің діни құндылықтарымыз дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен. Тіпті, мұсылмандық мінездер дәстүріміз арқылы бойымызға дарып, қанымызға сіңіп кеткен десек те артық болмас еді. Мысалы, қазақта үлкен тұрғанда кіші сөйлемейді. Отбасында ең қадірлі адамдар – ата-ана. Өзі жемеген тәттіні қазақ қонағына сақтап отырады. Осы секілді дәстүрлеріміз өте көп. Дәстүр – қуатты күш, кез келген ағымға төтеп беретін құндылық. Салтын сақтай білген қоғамға ешкім іріткі сала алмайды. Бұл тәжірибеде дәлелденген нәрсе. Мәселен, үлкеннің сөзін тыңдау, ата-ананың айтқанын екі етпеу, молдаға құрмет көрсетіп, оның уағызына амал ету – біздің дәстүрімізде бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Ол ешкімге жаңалық емес. Сондықтан біз әдет-ғұрпымыздың осындай игілігін көбірек пайдалануымыз керек. Біздің талдауымыз бойынша, расымен де, жат ағымда жүргендердің басым бөлігі өз дәстүрін қадірлемейді. Олар қазақы таным-түсініктен алшақтай бастағандар. Олар үшін Отанның, жердің, тілдің, дәстүрдің, т.б. қадірі жоқ. Ал дін мен дәстүр жобасы теріс діни көзқарасты түзетуге ықпал етеді. «Мен – қазақпын, Қазақстан мемлекетін құраушы негізгі ұлт – қазақ» деп түсінген адамның патриоттық әрі жауапкершілік сезімі оянады. Дін мен дәстүр – жікке бөлінген жамағатты ортақ мүддеге жұмылдыратын жол. Біз оны діни тәжірибедегі жұмысымыздан айқын аңғардық. Осы бағытта мемлекеттік деңгейде кешенді бағдарлама қабылданып, дін мен дәстүрді насихаттайтын біртұтас идеологиялық жұмыстар жүргізілуі тиіс деп санаймыз. Халқымыздың түсінігінде «ұят болады» деген үлкен ұғым бар. Ата-әжелеріміз, ата-анамыз кішкентайымыздан бастап санамызға «ұят болады» деген ұғымды сіңіріп өсірді. Міне, дәстүр дегеніміз осы. Сол «ұят боладының» арқасында қаншама арсыз әдеттен сақтандық. Өзінен, адамдардан, Алладан ұялатын кісі жамандыққа әсте жол бермейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014-2015 жылдарды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Жыл басында «Дін мен дәстүр» кітабын шығардық. 2017 жылы екінші нұсқасы оқырмандарымыздың қолына тиді. ҚМДБ-ның «Хикмет» телерадиостудиясы «Дін мен дәстүрдің» аудио нұсқасын әзірлеп шығарды. Осының бәрі халық өзінің діні мен дәстүрінен ажырап қалмаса екен деген игі тілектен туып жатқан дүниелер.
Қазақ мұсылмандығы жайлы
Біз кеше ғана мұсылман болған ел емеспіз. Ұлтпен қатар өмір сүріп келе жатқан дініміз, өміршең діліміз, тамыры терең тарихымыз бар. 2016 жылы біз Орталық Азия ғұламаларының форумын өткіздік. Бұл – Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған тұңғыш тарихи шара десек, артық айтқанымыз емес. Тәжікстанның, Қырғызстанның Бас мүфтилері, ғұлама-ғалымдары қатысқан халықаралық форумда Қарар қабылдап, Үндеу жарияладық. Өйткені, біздің тағдырымыз, тамырымыз, тарихымыз бір. Ғалымдар Орталық Азияның қалыптасқан исламдық дәстүрлі ағарту мектебінің рөлін, ықпалын арттыру туралы бастаманы бірауыздан қолдады. Біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру, сан ғасырлық тарихы бар діни ұстанымды қайта жаңғырту туралы идея көпшілік қолдауға ие болды. Иә, діни мектеп – кешенді жүйе. Біздің мақсатымыз – бүгінгі мұсылман жамағатын ортағасырлық дәуірдің діни, рухани мұрасымен терең таныстырып, сабақ алып, бүгінгі жағдайымызбен сабақтастырып, Ислам өркениетінің қайта өрлеуіне қызмет ету. Игі идеяның дамуына үлес қосатын қабілетті, байсалды, заманның өзі талап етіп отырған бәсекеге төтеп беретін, жылт еткен ағымға алданып, соңынан ере бермейтін зиялы ортаны қалыптастыруды, жастарды осыған тәрбиелеуді көздейміз. Астанада өткен тұңғыш имамдар форумында қабылдаған «Бүгінгі мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты тарихи құжатымыз да осынау мақсатты бағдар еткен. Жуырда Елордада басқосқан ҚМДБ-ның жұмысын жетілдіру бойынша Сарапшылар Кеңесінің мүшелері де Орталық Азия исламдық дәстүрлі мектебін қайта қалыптастыру қажеттігін талқылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исламның Орталық Азия мектебінің ұстанымдарын қайта жаңғыртуда көшбасшы бола алатыны айтылды. Шариғат негізі (фиқһ), Ислам этикасы (ахлақ), негізгі діни ұстанымдар, Ислам негіздері туралы мол мұра қалдырған ханафи мектебінің белді өкілдерінің тізбегі мен олардың еңбектерін қайта зерттеу жұмысын бастап кеттік. Қазақ мұсылмандығы туралы сөз еткенде, Түркістан, Сайрам, Самарқан, Бұқара, сонымен қатар алғашқы қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ сынды ортағасырлық қалаларды, рухани, діни ордаларды мақтанышпен мысал етеміз. Исламның тамыры жайылған Мәуренаһрда жергілікті дін ғұламалары діни шешімдер мен қаулылар шығарып отырды. Аталған ортағасырлық ғалымдардың шежірелік тізбегі мен олардың еңбектерін қазақ даласынан шыққан ағартушы-ғалымдарымыз, ойшылдарымыз – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсариннің рухани мұраларымен ұштастырып, сабақтастырып, халқымызға жеткізуде ғалымдарымыз, дін қызметкерлері белсенділік танытып келеді. Қазақ мұсылмандығының қалыптасқан рөлін арттыру мәселесі басты назарымызда. Бұл идеяны жүзеге асыруға біздің қабілетіміз де қауқарымыз да жетеді. Орталық Азия дәстүрлі мектебі – сыртқы діни ықпалға төтеп беретін тегеурінді күш, қазақ мұсылмандығының ұстыны, халықты бірлікке бастайтын берік жол, рухани тірек. Күн санап көрініс тапқан діни ағымдар осы рухани тірегімізге тіреліп, кері құлап, әлсіреп қала бермек. Бұл – діни дүрдараздыққа ырық бермейтін бабалар жолы.
Бірлік туралы
Біз «әһлі сүнна уал жамағат», яғни пайғамбарымыздың және сахабалардың (көпшіліктің) жолын ұстанушы үмбетпіз. Қажылық, құрбандық, жамағатпен оқылатын намаздар, т.б. игі амалдар мұсылмандарды бірлікке тәрбиелейді. Әбу Зарр (р.а.) риуаят еткен өсиетті сөзінде пайғамбарымыз: «Кімде-кім көпшіліктен бір сүйемдей болса да ажыраса, мойнындағы Ислам жібін шешіп тастағаны», – деп, көпшілікпен болудың маңыздылығын айтқан. Асыл діннен қуат алған халқымыз: «Көппен көрген ұлы той», – деп, ұрпақты ұйымшылдыққа тәрбиелеген. Мұсылманшылық – адам қаласа істейтін, нәпсіге ауыр келсе, тастай салатын саудагердің заты емес. Мұсылман деген атына жараса дін әмірін толығымен мойындап, шамасы келгенше орындауы шарт. Хазіреті Омар (р.а.) хұтпа оқып тұрып, сөзінің арасында Алла елшісінің ﷺ: «...Жамағатпен болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар! Әлбетте шайтан жалғыз жүргенмен бірге, шайтан екеуден алшақтау жүреді. Кімде-кім жәннаттың төрін қаласа, жамағаттан ажырамасын...», – деген сөзін мінберде тұрып қадап айтқан.
Жастар туралы
Жастарымыз көпшіл, мемлекетшіл, ұйымшыл, қоғамшыл болса, жақсы отбасы құрса дейміз. Олар әсіре діншіл болмаса екен. Біз жастардың қоғамнан бөлініп қалмауын барынша қадағалауымыз қажет. Уағыздарымызда осы қоғамда өмір сүргеннен кейін халықтың бүгінгі жағдайымен, салт-дәстүрімен санасу қажеттігін айтамыз. Иә, дінге білімсіз келген жастарға көркем насихат керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жат ағымның жетегіне кеткен жастарға қатысты ұстанымы осындай. Кінә тағып, қоғамнан бөліп тастаған оңай шаруа, әрине. Ол біздің баламыз, бірімізге іні, бірімізге бауыр емес пе? Қамқорлық қажет-ақ. Қоғамнан жылу сезінген бала бүгін адасса, ертең қайта айналып, қазығын табады. Дәстүрлі емес Ислам дегеннен шығады, Қостанайда өкіл имам қызметін атқарып жүргенімде, имамға бағына бермейтін бір азамат болды. Енді не істеу керек? Ұрысу, күшпен бағындыру, талап ету – біздің ұстанатын жол емес. Дін – нәзік дүние. Адам дінге жүрек қалауымен келеді. Сонымен, имамдар әлгі жігітті дәстүрлі дінге қанағаттандыру жолдарын қарастырды. Тек сөзбен емес, амалмен. Қайғысы мен қуанышына ортақтасты, қолдан келгенше отбасына көмектесті. Күндердің күнінде бала-шағасы имамдарды жақсы көре бастады. Діни сенімде көзқарасы қатайып кеткен жігіттің үйіне барған сайын азық-түлік, балаларына киім-кешек үлестірді. Кәмпит беріп, көңілдерін аулады. Балалары имамды көрсе: «О-о-о, дядя имам келе жатыр», – деп қуанатын болды. Бәріміз ет пен сүйектен жаралған пендеміз ғой. Адам әсерленбей тұрмайды. Сонымен шынайы ниет пен жүйелі амалдың арқасында қатайған жүрек жібіді. Жігіт қатарымызға қосылып, қазір көзқарасы дұрыс, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Ислам – кешірім діні. Даналық, кешірім жолын ұстансақ, ағым деген ағып өте шығатын дүние. Олардың жүрегіне жол таба білсек, түбі ортамызға оралатынына сенемін.
Қажылық туралы
Қажылық – мұсылмандардың қаржымен, дене қуатымен жасалатын ерекше бір құлшылық түрі. Жағдайы жеткен мұсылман өмірінде бір рет қажылық жасаса, парызын орындаған болады. Бір емес, бірнеше рет бару – әр адамның өз еркі. Қасиетті Қағба, Мекке мен Мәдина қалалары мұсылманды өзіне әрдайым құштар етіп тұрады. Қажылық – туристік немесе атақ-абыройға кенелу сапары емес. Қажылыққа сән үшін, «қажеке» деген атақ үшін бару дұрыс емес. Ол Алла мен пенде арасында болатын айрықша бір құлшылық. Қажылыққа қатысты тағы бір мәселе: қасиетті жерге барып келген кейбір бауырларымыз білместікпен баяғы әдетіне салып, Аллаға ұнамсыз әрекеттерге бой алдырып жатады. Халық арасында олардың шариғатқа қайшы амалдары туралы әңгімелер айтылып қалуда. Бұл нені көрсетеді? Қажы болып келу Алла алдында ғана емес, халық алдында да жауапкершілігі жоғары құлшылық. Мұсылмандар қажы атағына лайық өмір сүрмесе, қажылық деген ұлық құлшылықтың қадірі мен қасиеті қаша бастайды.
Дереккөздер
- ҚМДБ: СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ Мұрағатталған 23 қаңтардың 2018 жылы.
- НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ (ФОТО)
- Рахаев Нұрғали Баймаханұлы, Қамбарова Зухра Медеуқызы Сіргелі Батыр-Жайдақ шежіресі / Редактор: Раушан Өскенқызы — Алматы: Нұрлы Әлем, 2022. — 888 б. — 5000 таралым. — ISBN 978-601-205-708-9.
- «ОЙ ДА КӨП, УАЙЫМ ДА КӨП – ОЙЛАЙ БЕРСЕҢ...» Мұрағатталған 5 ақпанның 2018 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Serikbaj kazhy Satybaldyuly Oraz 1975 zhyly tugan islamtanushy dini kajratker 2017 2020 zhzh aralygynda Қazakstan musylmandary dini baskarmasynyn toragasy Bas mүfti bolgan Bul lauazymga ol 2017 zhyly 8 zheltoksanda Қazakstan musylmandarynyn kezekti VIII kuryltajynda sajlangan bolatyn Bas mүftilik kyzmetten ol 2020 zhyly 7 akpanda Қazakstan musylmandarynyn kezekten tys IX kuryltajynda oz erkimen ketti Қazakstan musylmandary dini baskarmasynyn 2017 2020 zhzh toragasy Bas mүfti Sirgeli tajpasynyn Batyr ruynan shykkan Bilimi1990 1992 zhyldary Tashkent kalasynda karilar dajyndajtyn medreseni tamamdagan 1992 1994 zhyldary Mysyrdagy Al Azһar universitetinde okygan 1995 1996 zhyldary Islamabadtagy Әlemdik universitetinde bilim kotergen Almaty memlekettik Abaj atyndagy universitetinde zan fakultetin syrttaj bitirgen 2012 2014 zhyldary M Dulatov atyndagy Қostanaj inzhenerlik ekonomikalyk universitetinin Menedzhment mamandygy bojynsha magistraturasyn bitirip ekonomika gylymdarynyn magistri akademiyalyk dәrezhesin algan 2014 2016 zhyldary Nur Mүberak universitetinin Islamtanu mamandygy bojynsha magistri akademiyalyk dәrezhesin algan Enbek zholyDini saladagy zhumysy Almaty Ortalyk meshitinin naib imamy kyzmetinen bastalgan Islam institutynyn ustazy rektory ҚMDB nyn Akmola oblysy bojynsha okil imamy Almaty kalasy әkimshiliginin dini ister boliminin sektor mengerushisi ҚR Prezidenti Is baskarmasynda direkciya direktory kyzmetin atkardy 2000 2001 zhyldary ҚMDB toraga orynbasary naib mүfti 2003 2005 zhyldary Ontүstik Қazakstan oblysy Saryagash audanynyn Bas imamy 2011 2013 zhyldary ҚMDB nyn Қostanaj oblysy bojynsha okil imamy 2013 zhyly ҚMDB toraga orynbasary naib mүfti Әziret Sultan meshitinin Bas imamy kyzmetin atkardy 2017 zhyly Қazakstan musylmandarynyn kezekti VIII kuryltajynda Қazakstan musylmandary dini baskarmasynyn toragasy Bas mүfti lauazymyna sajlandy 2020 zhyly 7 akpanda ol Қazakstan musylmandarynyn kezekten tys IX kuryltajynda oz erkimen Bas mүftilik kyzmetten ketti Bastamalary men zhobalary Din men dәstүr sabaktastygy ҚMDB nyn zhalpy zhumysyndagy negizgi tort bagyt korkem uagyz oku agartu zhat agymmen zhumys kajyrymdylyk Dәstүrli Islam zhauһarlary Қuran Kәrim Қazaksha sozbe soz audarmasy Қazakstandagy biryngaj dini rәsimder zhүjesi Zhanaza zhәne zherleu rәsimderi Zhuma uagyzy Din nasihat ҚMDB pәtualarynyn ortak bazasy www fatua kz Muragattalgan 5 akpannyn 2018 zhyly sajty Islam zhәne ruhani zhangyru Islam zhәne uly dala orkenieti I Euraziya musylman gulamalarynyn forumy Avtorlyk enbekteri Oraza keshirim ajy Tәpsir tunygy 30 para Tәpsir tunygy 29 para Tәpsir tunygy 28 para Әziret Sultan Ұly dala temirkazygy Marapattary Қapkaz zhәne Orta Aziya elderi arasynda otken Kuvejt memleketinin basshysy Sabah әl Ahmed әl Zhaber әs Sabah atyndagy Қuran zharysynyn bas zhүldegeri Қazakstan Respublikasynyn Tәuelsizdigine 20 zhyl Қazakstan Respublikasynyn Tәuelsizdigine 25 zhyl medaldarynyn iegeri Ontүstik Қazakstan oblysy Saryagash audanynyn kurmetti azamaty Өmirdegi ustanymy Өzgerudi ozinnen basta Қyzmettegi ustanymy Zhauapkershilik pen tiyanaktylyk sapaly kyzmet kepili Zheke omiri Otbasyly 7 balanyn әkesi Қogamdyk pikirleri Dәstүrli Islam turaly Islam meken men uakytka tәueldi emes Dejturganmen әr halyktyn uzyn sonar tarihy ozine tәn ulttyk kundylyktary bolady Bul Allanyn hikmeti Biz ne үshin dәstүrli Islam degen termindi koldanuga mәzhbүr boldyk Islamdy dәstүrli dәstүrli emes dep bolu kandaj kazhettilikten tudy Dindi ustanudyn zholy osy eken dep kalaj eliktesek te bәribir arab bola almajmyz Tүbimiz tүrik degenmen saltymyz ben sanamyz baska Pәkistannyn augannyn kiimin kisek te pushtun bolu kolymyzdan kelmejdi Өjtkeni bizdin san gasyrlyk sara zholymyz bar Biz dala zanyna bagyngan halykpyz Mentalitetimizge mejlinshe zhakyn dәstүrli dinimiz Islamnan kuat algan ultpyz Kopshilik kauym kosh korgen ugymdar men әdetterdin zhiyntygyn dәstүr dejmiz Dәstүrli Islam dep musylman үmbetinin basym kopshiligi sonyn ishinde әjgili galymdardyn ustanyp kelgen sonau ardakty Muhammed pajgambarymyzdyn ﷺ dәuirinen bүgingi kүnge dejin үzilmej zhalgasyp zhatkan dini zholdy ajtamyz Namazdy ajtpaganda zhajnamaz tәspinin ozin kasterlegen keshegi batagoj aksakaldarymyzdyn ak zhaulykty analarymyzdyn zholy Қazhylykka bargan kisi kasietti Mekkeden tәbәrik әkelse balasha kuanatyn konagyn kurmettep urpak үshin udajy duga kylatyn ata babalardan kalgan sara zhol dәstүrli Islam nege bүgin kәdemizge zharamaj kaluy tiis Taza Islamdy uranga ajnaldyru kim үshin kerek Myn zhyldan astam tarihy bar dala zany demokratiyasynyn negizi sanalgan dinimizdin kukyktyk mektebi Imam Agzam Әbu Hanifa mәzһaby zhurtymyzdyn zhүrer zholy bolgan Қazakstan musylmandary dini baskarmasy osy dәstүrli Islamdy nasihattajdy zhәne birligimizdi nygajta tүsu үshin musylman zhamagatyn Әbu Hanifa mәzһabyn ustanuga shakyrady Tol mәzһabymyzga Dini senim bostandygy turaly zanymyzda da ajryksha mәrtebe berilgen Kejde kejbir el agalarynyn auzynan Halykty bir mәzһabty ustanuga үndeu kalgan mәzһabtyn kukygyn shekteu emes pe degen uәzhdi estip kalamyz Әbu Hanifa mәzһaby Orta Aziya men Қazakstandy meken etken musylmandardyn ustangan zholy Әbu Hanifa mәzһaby dala halkynyn bolmysyna tabigatyna zhakyn boldy Imam Agzam mәzһab negizin kalagan gulamalardyn ustazy bolgan Liberaldy zholdy tandauymyzdyn tagy bir syry mәzһabymyzdyn zhergilikti salt dәstүrimizge kurmetpen karauynda Alla Tagala kasietti Қurannyn Agraf sүresinde Ғafu zholyn usta guryppen әmir et dep bujyrgan Sharigatka kajshy kelmegen guryp әrkashan әr dәuirde kuptalyp otyrgan Bizdin babalarymyz Islam dinin osydan myn zhyldan astam uakyt buryn zhүrek kalauymen kabyldady Sodan beri islamdyk dәstүrli dini mektep orta zhol kalyptasty Қazak topyragynda buryn sondy dini alauyzdyk kelispeushilik tүsinbeushilik bolgan emes Al kazirgi kogamda әsirese zhastar arasynda pajda bolgan tүrli dini kozkarastar o bastagy bagytynan tamyrynan altyn kazygynan alshaktaj bastaganynyn ajgagy dep ajtar edik Din men dәstүr turaly Din men dәstүr kos kanatymyz Bul ekeui birinsiz biri zhүre almajtyn ote zhakyn ugymdar Alla oz pendelerin ulttarga ulystarga bolip zharatkan Қalasa bүkil adamdardy bir gana ult etip zharatar edi Ұltty ozgelerden erekshelep turatyn basty kundylygy ol dәstүri Өzindik dәstүri mәdenieti zhok ult bolmajdy Arab parsy tүrik agylshyn bolsyn ozbek kyrgyz kazak bolsyn bәrinde de birinen birin erekshelendirip turatyn dәstүrleri bolady Ol әr ulttyn isher asynan kigen kiiminen konak kүtuinen mereke tojlauynan bala tәrbiesinen үjlenip shanyrak koteruinen korinedi Al bizdin dini kundylyktarymyz dәstүrimizben bite kajnasyp ketken Tipti musylmandyk minezder dәstүrimiz arkyly bojymyzga daryp kanymyzga sinip ketken desek te artyk bolmas edi Mysaly kazakta үlken turganda kishi sojlemejdi Otbasynda en kadirli adamdar ata ana Өzi zhemegen tәttini kazak konagyna saktap otyrady Osy sekildi dәstүrlerimiz ote kop Dәstүr kuatty kүsh kez kelgen agymga totep beretin kundylyk Saltyn saktaj bilgen kogamga eshkim iritki sala almajdy Bul tәzhiribede dәleldengen nәrse Mәselen үlkennin sozin tyndau ata ananyn ajtkanyn eki etpeu moldaga kurmet korsetip onyn uagyzyna amal etu bizdin dәstүrimizde burynnan kalyptaskan үrdis Ol eshkimge zhanalyk emes Sondyktan biz әdet gurpymyzdyn osyndaj igiligin kobirek pajdalanuymyz kerek Bizdin taldauymyz bojynsha rasymen de zhat agymda zhүrgenderdin basym boligi oz dәstүrin kadirlemejdi Olar kazaky tanym tүsinikten alshaktaj bastagandar Olar үshin Otannyn zherdin tildin dәstүrdin t b kadiri zhok Al din men dәstүr zhobasy teris dini kozkarasty tүzetuge ykpal etedi Men kazakpyn Қazakstan memleketin kuraushy negizgi ult kazak dep tүsingen adamnyn patriottyk әri zhauapkershilik sezimi oyanady Din men dәstүr zhikke bolingen zhamagatty ortak mүddege zhumyldyratyn zhol Biz ony dini tәzhiribedegi zhumysymyzdan ajkyn angardyk Osy bagytta memlekettik dengejde keshendi bagdarlama kabyldanyp din men dәstүrdi nasihattajtyn birtutas ideologiyalyk zhumystar zhүrgizilui tiis dep sanajmyz Halkymyzdyn tүsiniginde uyat bolady degen үlken ugym bar Ata әzhelerimiz ata anamyz kishkentajymyzdan bastap sanamyzga uyat bolady degen ugymdy sinirip osirdi Mine dәstүr degenimiz osy Sol uyat boladynyn arkasynda kanshama arsyz әdetten saktandyk Өzinen adamdardan Alladan uyalatyn kisi zhamandykka әste zhol bermejdi Қazakstan musylmandary dini baskarmasy oz kyzmeti ayasynda Bas mүfti Erzhan kazhy Malgazhyulynyn bastamasymen 2014 2015 zhyldardy Din men dәstүr zhyly dep zhariyalady Zhyl basynda Din men dәstүr kitabyn shygardyk 2017 zhyly ekinshi nuskasy okyrmandarymyzdyn kolyna tidi ҚMDB nyn Hikmet teleradiostudiyasy Din men dәstүrdin audio nuskasyn әzirlep shygardy Osynyn bәri halyk ozinin dini men dәstүrinen azhyrap kalmasa eken degen igi tilekten tuyp zhatkan dүnieler Қazak musylmandygy zhajly Biz keshe gana musylman bolgan el emespiz Ұltpen katar omir sүrip kele zhatkan dinimiz omirshen dilimiz tamyry teren tarihymyz bar 2016 zhyly biz Ortalyk Aziya gulamalarynyn forumyn otkizdik Bul Қazakstannyn bastamasymen ujymdastyrylgan tungysh tarihi shara desek artyk ajtkanymyz emes Tәzhikstannyn Қyrgyzstannyn Bas mүftileri gulama galymdary katyskan halykaralyk forumda Қarar kabyldap Үndeu zhariyaladyk Өjtkeni bizdin tagdyrymyz tamyrymyz tarihymyz bir Ғalymdar Ortalyk Aziyanyn kalyptaskan islamdyk dәstүrli agartu mektebinin rolin ykpalyn arttyru turaly bastamany birauyzdan koldady Birtutas musylman үmmetin kalyptastyru san gasyrlyk tarihy bar dini ustanymdy kajta zhangyrtu turaly ideya kopshilik koldauga ie boldy Iә dini mektep keshendi zhүje Bizdin maksatymyz bүgingi musylman zhamagatyn ortagasyrlyk dәuirdin dini ruhani murasymen teren tanystyryp sabak alyp bүgingi zhagdajymyzben sabaktastyryp Islam orkenietinin kajta orleuine kyzmet etu Igi ideyanyn damuyna үles kosatyn kabiletti bajsaldy zamannyn ozi talap etip otyrgan bәsekege totep beretin zhylt etken agymga aldanyp sonynan ere bermejtin ziyaly ortany kalyptastyrudy zhastardy osygan tәrbieleudi kozdejmiz Astanada otken tungysh imamdar forumynda kabyldagan Bүgingi musylmannyn tulgalyk bejnesi atty tarihi kuzhatymyz da osynau maksatty bagdar etken Zhuyrda Elordada baskoskan ҚMDB nyn zhumysyn zhetildiru bojynsha Sarapshylar Kenesinin mүsheleri de Ortalyk Aziya islamdyk dәstүrli mektebin kajta kalyptastyru kazhettigin talkylady Қazakstan musylmandary dini baskarmasy Islamnyn Ortalyk Aziya mektebinin ustanymdaryn kajta zhangyrtuda koshbasshy bola alatyny ajtyldy Sharigat negizi fikһ Islam etikasy ahlak negizgi dini ustanymdar Islam negizderi turaly mol mura kaldyrgan hanafi mektebinin beldi okilderinin tizbegi men olardyn enbekterin kajta zertteu zhumysyn bastap kettik Қazak musylmandygy turaly soz etkende Tүrkistan Sajram Samarkan Bukara sonymen katar algashky kazak handygynyn astanasy bolgan Syganak syndy ortagasyrlyk kalalardy ruhani dini ordalardy maktanyshpen mysal etemiz Islamnyn tamyry zhajylgan Mәurenaһrda zhergilikti din gulamalary dini sheshimder men kaulylar shygaryp otyrdy Atalgan ortagasyrlyk galymdardyn shezhirelik tizbegi men olardyn enbekterin kazak dalasynan shykkan agartushy galymdarymyz ojshyldarymyz Mәshһүr Zhүsip Kopejulynyn Shәkәrim Қudajberdiulynyn Abaj Қunanbajulynyn Ybyraj Altynsarinnin ruhani muralarymen ushtastyryp sabaktastyryp halkymyzga zhetkizude galymdarymyz din kyzmetkerleri belsendilik tanytyp keledi Қazak musylmandygynyn kalyptaskan rolin arttyru mәselesi basty nazarymyzda Bul ideyany zhүzege asyruga bizdin kabiletimiz de kaukarymyz da zhetedi Ortalyk Aziya dәstүrli mektebi syrtky dini ykpalga totep beretin tegeurindi kүsh kazak musylmandygynyn ustyny halykty birlikke bastajtyn berik zhol ruhani tirek Kүn sanap korinis tapkan dini agymdar osy ruhani tiregimizge tirelip keri kulap әlsirep kala bermek Bul dini dүrdarazdykka yryk bermejtin babalar zholy Birlik turaly Biz әһli sүnna ual zhamagat yagni pajgambarymyzdyn zhәne sahabalardyn kopshiliktin zholyn ustanushy үmbetpiz Қazhylyk kurbandyk zhamagatpen okylatyn namazdar t b igi amaldar musylmandardy birlikke tәrbielejdi Әbu Zarr r a riuayat etken osietti sozinde pajgambarymyz Kimde kim kopshilikten bir sүjemdej bolsa da azhyrasa mojnyndagy Islam zhibin sheship tastagany dep kopshilikpen boludyn manyzdylygyn ajtkan Asyl dinnen kuat algan halkymyz Koppen korgen uly toj dep urpakty ujymshyldykka tәrbielegen Musylmanshylyk adam kalasa istejtin nәpsige auyr kelse tastaj salatyn saudagerdin zaty emes Musylman degen atyna zharasa din әmirin tolygymen mojyndap shamasy kelgenshe oryndauy shart Hazireti Omar r a hutpa okyp turyp sozinin arasynda Alla elshisinin ﷺ Zhamagatpen bolyndar Bolinuden saktanyndar Әlbette shajtan zhalgyz zhүrgenmen birge shajtan ekeuden alshaktau zhүredi Kimde kim zhәnnattyn torin kalasa zhamagattan azhyramasyn degen sozin minberde turyp kadap ajtkan Zhastar turaly Zhastarymyz kopshil memleketshil ujymshyl kogamshyl bolsa zhaksy otbasy kursa dejmiz Olar әsire dinshil bolmasa eken Biz zhastardyn kogamnan bolinip kalmauyn barynsha kadagalauymyz kazhet Uagyzdarymyzda osy kogamda omir sүrgennen kejin halyktyn bүgingi zhagdajymen salt dәstүrimen sanasu kazhettigin ajtamyz Iә dinge bilimsiz kelgen zhastarga korkem nasihat kerek Қazakstan musylmandary dini baskarmasynyn zhat agymnyn zhetegine ketken zhastarga katysty ustanymy osyndaj Kinә tagyp kogamnan bolip tastagan onaj sharua әrine Ol bizdin balamyz birimizge ini birimizge bauyr emes pe Қamkorlyk kazhet ak Қogamnan zhylu sezingen bala bүgin adassa erten kajta ajnalyp kazygyn tabady Dәstүrli emes Islam degennen shygady Қostanajda okil imam kyzmetin atkaryp zhүrgenimde imamga bagyna bermejtin bir azamat boldy Endi ne isteu kerek Ұrysu kүshpen bagyndyru talap etu bizdin ustanatyn zhol emes Din nәzik dүnie Adam dinge zhүrek kalauymen keledi Sonymen imamdar әlgi zhigitti dәstүrli dinge kanagattandyru zholdaryn karastyrdy Tek sozben emes amalmen Қajgysy men kuanyshyna ortaktasty koldan kelgenshe otbasyna komektesti Kүnderdin kүninde bala shagasy imamdardy zhaksy kore bastady Dini senimde kozkarasy katajyp ketken zhigittin үjine bargan sajyn azyk tүlik balalaryna kiim keshek үlestirdi Kәmpit berip konilderin aulady Balalary imamdy korse O o o dyadya imam kele zhatyr dep kuanatyn boldy Bәrimiz et pen sүjekten zharalgan pendemiz goj Adam әserlenbej turmajdy Sonymen shynajy niet pen zhүjeli amaldyn arkasynda katajgan zhүrek zhibidi Zhigit katarymyzga kosylyp kazir kozkarasy durys Әbu Hanifa mәzһabyn ustanady Islam keshirim dini Danalyk keshirim zholyn ustansak agym degen agyp ote shygatyn dүnie Olardyn zhүregine zhol taba bilsek tүbi ortamyzga oralatynyna senemin Қazhylyk turaly Қazhylyk musylmandardyn karzhymen dene kuatymen zhasalatyn erekshe bir kulshylyk tүri Zhagdajy zhetken musylman omirinde bir ret kazhylyk zhasasa paryzyn oryndagan bolady Bir emes birneshe ret baru әr adamnyn oz erki Қasietti Қagba Mekke men Mәdina kalalary musylmandy ozine әrdajym kushtar etip turady Қazhylyk turistik nemese atak abyrojga kenelu sapary emes Қazhylykka sәn үshin kazheke degen atak үshin baru durys emes Ol Alla men pende arasynda bolatyn ajryksha bir kulshylyk Қazhylykka katysty tagy bir mәsele kasietti zherge baryp kelgen kejbir bauyrlarymyz bilmestikpen bayagy әdetine salyp Allaga unamsyz әreketterge boj aldyryp zhatady Halyk arasynda olardyn sharigatka kajshy amaldary turaly әngimeler ajtylyp kaluda Bul neni korsetedi Қazhy bolyp kelu Alla aldynda gana emes halyk aldynda da zhauapkershiligi zhogary kulshylyk Musylmandar kazhy atagyna lajyk omir sүrmese kazhylyk degen ulyk kulshylyktyn kadiri men kasieti kasha bastajdy DerekkozderҚMDB SERIKBAJ ҚAZhY ORAZ BAS MҮFTI BOLYP SAJLANDY Muragattalgan 23 kantardyn 2018 zhyly NAURYZBAJ ҚAZhY TAҒANҰLY BAS MҮFTI BOLYP SAJLANDY FOTO Rahaev Nurgali Bajmahanuly Қambarova Zuhra Medeukyzy Sirgeli Batyr Zhajdak shezhiresi Redaktor Raushan Өskenkyzy Almaty Nurly Әlem 2022 888 b 5000 taralym ISBN 978 601 205 708 9 OJ DA KӨP UAJYM DA KӨP OJLAJ BERSEҢ Muragattalgan 5 akpannyn 2018 zhyly