Садриддин Айни, Садриддин Саидмұрад-заде (27.4.1878, Гиждуван қаласы маңындағы Соктара қыстағы — 15.7.1954, Душанбе) — ақыны, ғалым, қоғам қайраткері. Тәжікстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Өзбекстан ғылым академиясының құрметті академигі (1943), Тәжікстан ғылым академиясының алғашқы президенті (1951).
Бұхара медреселерінде білім алған, тәжік, өзбек тілдерінде қатар жазған. Өлеңдері 1894 жылдан жариялана бастады. “Айна”, т.б. мерзімді баспасөз беттерінде ағартушылықты насихаттаған “Жастарға” (1914), “Жерді сатпаңдар” (1916), т.б. өлеңдері, мақалалары жарияланды. Үкімет тарапынан қуғынға ұшыраған Садриддин 1915 — 16 ж. Бұхарадан кетеді. 1917 ж. қамауға алынады. 1919 — 20 ж. алғашқы тәжік журналы “Революция жалынын” шығаруға атсалысты. Садриддиннің журналда жарық көрген мақалалары тәжік публицистикасының қалыптасуына септігін тигізді. “Бұхара жендеттері” (1920) атты алғашқы прозалық шығармасында Бұхараның ескі тәртібін әшкерелесе, “Одина” (1924) повесі арқылы шебер суреткер екенін танытты. “Дохунда” (1927 — 28 ж. жазылып, 1930 ж. жарық көрген) және “Құлдар” (1934, қазақ тілінде 1953) романдарында тәжік халқының бір ғасырға жуық өмірі мен күресі бейнеленген. “Өсімқордың өлімі” (1939 — 53) повесінде байлығынан айырылған сараңның өлімі арқылы қоғамдық құрылымның күйреуін меңзеді. Соғыс жылдарында Садриддин публицистикалық өткір мақалалар мен тарихи көркем очерктер жазды (“Тәжік халқының батыры Темір Мәлік” 1944; “Муканна көтерілісі” 1944, т.б.). 1948 жылдан “Естеліктер” атты автобиографиялық романын жазды (1 — 4-кіт., 1950 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы; қазақ тілінде 1951). Бұл шығармада 19 — 20 ғасырлар аралығындағы Бұхара қауымының тұрмыс-салты, саяси өмірі, тәжік ағартушыларының бейнесі суреттелген. Садриддин — “Маңғыт әулеті әмірлерінің тарихы” (1923), “Тәжік әдебиеті үлгілерінің антологиясы” (1 — 3-бөлімдер, 1926) сияқты тарихи, әдеби еңбектердің, Рудаки, Фирдауси, ибн Сина, Сағди, Науаи, Васифи, Бедил, т.б. жайындағы очерктер мен монографиялардың авторы. 3 рет Ленин орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Sadriddin Ayni |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sadriddin Ajni Sadriddin Saidmurad zade 27 4 1878 Gizhduvan kalasy manyndagy Soktara kystagy 15 7 1954 Dushanbe akyny galym kogam kajratkeri Tәzhikstannyn enbek sinirgen gylym kajratkeri Өzbekstan gylym akademiyasynyn kurmetti akademigi 1943 Tәzhikstan gylym akademiyasynyn algashky prezidenti 1951 Sadriddin Ajni Buhara medreselerinde bilim algan tәzhik ozbek tilderinde katar zhazgan Өlenderi 1894 zhyldan zhariyalana bastady Ajna t b merzimdi baspasoz betterinde agartushylykty nasihattagan Zhastarga 1914 Zherdi satpandar 1916 t b olenderi makalalary zhariyalandy Үkimet tarapynan kugynga ushyragan Sadriddin 1915 16 zh Buharadan ketedi 1917 zh kamauga alynady 1919 20 zh algashky tәzhik zhurnaly Revolyuciya zhalynyn shygaruga atsalysty Sadriddinnin zhurnalda zharyk korgen makalalary tәzhik publicistikasynyn kalyptasuyna septigin tigizdi Buhara zhendetteri 1920 atty algashky prozalyk shygarmasynda Buharanyn eski tәrtibin әshkerelese Odina 1924 povesi arkyly sheber suretker ekenin tanytty Dohunda 1927 28 zh zhazylyp 1930 zh zharyk korgen zhәne Қuldar 1934 kazak tilinde 1953 romandarynda tәzhik halkynyn bir gasyrga zhuyk omiri men kүresi bejnelengen Өsimkordyn olimi 1939 53 povesinde bajlygynan ajyrylgan sarannyn olimi arkyly kogamdyk kurylymnyn kүjreuin menzedi Sogys zhyldarynda Sadriddin publicistikalyk otkir makalalar men tarihi korkem ocherkter zhazdy Tәzhik halkynyn batyry Temir Mәlik 1944 Mukanna koterilisi 1944 t b 1948 zhyldan Estelikter atty avtobiografiyalyk romanyn zhazdy 1 4 kit 1950 zh KSRO Memlekettik syjlygy kazak tilinde 1951 Bul shygarmada 19 20 gasyrlar aralygyndagy Buhara kauymynyn turmys salty sayasi omiri tәzhik agartushylarynyn bejnesi surettelgen Sadriddin Mangyt әuleti әmirlerinin tarihy 1923 Tәzhik әdebieti үlgilerinin antologiyasy 1 3 bolimder 1926 siyakty tarihi әdebi enbekterdin Rudaki Firdausi ibn Sina Sagdi Nauai Vasifi Bedil t b zhajyndagy ocherkter men monografiyalardyn avtory 3 ret Lenin ordenimen 2 mәrte Enbek Қyzyl Tu ordenimen marapattalgan Derekkozder Қazak enciklopediyasy 7 tomOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Sadriddin AyniBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet