Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Психоанализдің басты ережелері
- Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
- АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
- Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
- Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
- Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
- Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.
Меннің үш құрамы
Фрейд адам психикасын Өз (It), (Ego), (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған (жыныстық қуат) импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар көзі мен құпиясы есептеледі. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.
Психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Дереккөздер
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Psihoanaliz Avstriya galymy Zigmund Frejd kalyptastyrgan XX gasyr mәdenietinin barlyk salasyna zor ykpal etken psihologiyalyk ilim zhәne psihiatriyany emdeu әdisnamasy Z Frejd oz zertteuin bastagan kezde psihiatriya gylymy biologiyanyn ykpalyna ajyryksha ushyragany sonshylyk psihologiyalyk kuybylystardyn kalyptasuy men damuyn tүsindiru zhәne ruhani aurulardy emdeu tүgeldej onerkәsip dәuirine tәn mehanikalyk әdistermen oryndalatyn Frejd 1885 zhyly Parizhde әjgili psihiatr kosymsha mitanushy Charcot tan tәlim alyp Charcot tyn koyanshyk isteriya auyruyn zertteuinin ykpalyna ushyrady Sojtip ol bala kezdegi ruhani zharakat pen zhajsyz keshirmenin kejingi omirdegi konil kүjge әserin zerttej bastady Algashky emi Anna O dep atalgan Josef Breuer degen kyzdyn psihologiyalyk auruyna psihoanaliz zhasaudan Ol kezde frejd gipnoz zhәne sojletip emdeu talking cure tәsilderin koldanyp emdelushinin konilin mazalagan alandatkan astyrtyn isti ashuga tyrysty Kejin frejd gipnoz amaly arkyly auyrudyn kezinde konilinde zharakat kaltyrgan okigany tauyp shyguga tyrysty Birak bul aurudy zhaksartpagan son frejd baska amaldardy karastyrdy Psihoanalizdin bejresmi tanbasyPsihoanalizdin basty erezheleriAdamnyn ata tegine tartkan minezine dejingi barlyk psihologiyalyk kasietterin bala kezindegi keshirmesi belgilejdi ADamzattyn isin keshirmesin zhәne tanymyn negizinen adamnyn irracionaldy zhabajy akylsyz nәpsilik ansary kalyptastyrady Bul ansarlar nezinen sanasyz kүjde bolady Osynau sanasyz ansarlardy sanaly kabatka әkelu psihologiyalyk oz ozin korgau mehanizminin karsylygyn tugyzady Sana men astynsana shektelgen zhasyryngan sana zhәne nakty shyndyk arasyndagy kajshylyktan ruhani sokky pajda bolady auytkular tuady psihologiyalyk aurular kelip shygady Osynau tosylgan tujyktalgan astynsanalyk okigany әldekashan umytylgan erekshe uyatty okiganyn zhasyryn ykpaly belgili kәsiptik amaldar arkyly ruhani auruga bildiruge bolady Қazaktyn kojlektin kiri zhusa ketedi konildin kiri ajtsa ketedi degen makalynda ajtylgandaj ozi umytyp kalgan oz syryn bilgen son adam psihikalyk auytkudan ajyga bastajdy eken Psihoanalizdik emdeu amaly talasty takyryp bolsa da kejbireuler zhagynan sokyr senim dep bagalansa da birak onyn ruhani aurulardy emdeudi kozdejtin psihiatriya gylymyna ote mote ykpaly zor boldy Sondaj ak Frejdtin bul zhasampaz ideyalary zan salasynda әdebiette filosofiyada psihologiya gylymynda ken kolemde әser pajda kylyp europa zhәne AҚSh elderinde psihologiyalyk izdenistin zhana dүmpuin tugyzdy Mennin үsh kuramyFrejd adam psihikasyn Өz It Ego Superego syndy үsh boliktin ozara bajlanysy arkyly tүsindiredi Astynsana otkennen muralangan psihikanyn teren kabaty retinde korinis tabady Onyn kojnauynda adamnyn zhasyryn zhan sezimderi kumarlygy men ynta kalauy uyalagan Bul kurylym lәzzattanu erezhesin basshylykka alady Frejd ony It ozi nәrsege karatylatyn ol magynasynda Өz degen soz zhakyn keledi dep atap kajnagan kumarlyktardyn kazany dep bagalajdy Adamnyn sanaly Meni Өz ben Astynsana korshagan dүnie arasyndagy deldal rolin ojnajdy Bul kurylym shynajylyk erezhesin basshylykka alady onyn maksaty adamnyn astynsanasyna kyzmet korsetu Adam Meni Өzdi ozine bagyndyruga tyrysady alajda kejde Өzdin ykpalynda bolady Zhogargy Men oryndaludy mәdeni tiym salulardy bejnelejtin tәrbielik etikalyk adamgershiliktik dini ruhani sanany korsetedi Zhogargy Men uyat retinde nemese astyrtyn kүnә sezimi retinde adam Menine үstemdik etui mүmkin Psihoanalizshilerdin halykaralyk kuryltajy ortada Zigmund Frejd zhәne Karl Gustav Yungi 1911zh Astynsanada belgili bir zhagdajda sana ajmagynan auytkyp ketetin әlementter bolady Men kabyldau men kozgalys organdarynyn zhүjesin bakylajdy Zhogargy Men arulanu sublimaciya arkyly sheshkennen kejin pajda bolatyn en zhas kurylym Tiym salyngan zhynystyk kuat impulstary mәdeni shygarmashylyktyn kajnar kozi men kupiyasy esepteledi Mәdeniet adamdy zhүjke naukasy nevrozga ushyratatyn tiym salular zhүjesi retinde korinis tabady al ekinshi zhagynan shygarmashylyk fantaziya zhәne onyn rәmizdik bejnelenui arkyly libido energiyasynyn kuatyn bosatuga syrtka shygaruga mүmkindik beredi Frejd adamnyn psihologiyalyk omiri tugan son bastalady dep sanajdy al zhana tugan sәbidi ol tabula rasa taza takta dep atajdy Kejde ol organizmnin anyktalmagan bejimdiligi turaly tipti adamnyn tүs korui men kiyalynda oryn alatyn filogenezdik sipattagy ozine tәn arhaikalyk eske tүsiruler turaly ajtady Frejd psihikalyk processter dinamikasynda instinkti kumarlyktar sheshushi rol atkarady dep sanajdy Olardy Frejd psihikalyk zhәne tәndik ajmaktardy bajlanystyratyn kүshter retinde karastyrady Ol zhynystyk kushtarlyktar men egonyn zhynystyk emes ozin ozi korgau instinktileri kiretin bastapky dualizm turaly ideyany alga tartty Ol zhynystyk instinkt libidoga kop konil boledi Ol zhynystyk kumarlyktyn bastauy balalyk shakta zhatkandygyn bajkady Fantaziya adam bojyndagy agressivtilikti zheke instinkt dep karastyrady Onyn bastauy sүjek etterinde zhatyr al onyn maksaty talkandau Kejingi enbekterinde Frejd eki turli instinkter bar degen bolzhamdy alga tartty olardyn biri tirshilikti saktauga bagyttalsa endi biri tirshilikke karsy әreket etedi ony neoorganikalyk kүjge kajtaruga talaptanady Onyn tүpkilikti korytyndylary Psihoanaliz ocherkteri enbegindegi bayandalgan olim instinktinin roline katysty Mundagy mahabbat instinkti eros men olim instinktinin tanatos dihotomiyasy psihoanaliz teoriyasynyn basty takyrybyna ajnaldy Psihoanalitikalyk teoriyasyn onyn shәkirtteri men izbasarlary A Adler V Raih O Ralk K G Yung Sh Frenchi t b kabyldap kejinnen ogan tүzetuler engizdi Psihoanalitikalyk teoriyany XX g gylymi mifologiyasy dep atajdy Өjtkeni onyn okilderi mifologiyalyk materialdarmen zhumys istedi Psihoanalitikalyk teoriya mif ritual din t b mәdeniet aspektilerin mәdeniettanulyk zertteudin kuramdas boligine ajnaldy Koptegen korkem shygarmashylyk tuzhyrymdary astynsananyn psihoanalitikalyk teoriyasyna negizdeldi Olar adam әreketinin osy salasyndagy tүs korudin fantaziyanyn intuiciya men erkin associaciyalardyn ajyryksha rolin negizdeuge talpynady DerekkozderMәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnlgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8