Орбиталық станция – Жер, Ай немесе басқа аспан денелері айналасындағы орбитада ұзақ уақыт жұмыс істейтін арнайы экипажбен немесе өздігінен басқарылатын ғарыш аппараты.
Оларды жер (планета) бетін және оның айналасындағы ғарыш кеңістігін зерттеуге, метеорологиялық, астрономиялық, т.б. бақылаулар жүргізуге, медицина-биологиялық тәжірибелер өткізуге, навигацияға, салмақсыздық жағдайындағы материалдардың қасиеттеріндегі және құрылғылардың жұмысындағы өзгерістерге, т.б. мәселелерге байланысты ғылыми және қолданбалы жұмыстар жүргізу үшін пайдаланады. Сонымен қатар орбиталық стансаны Күн жүйесінің басқа планеталарына ұшуға арналған ауыр ғарыш кемелерін құрастыру үшін де қолданады. Орбиталық стансаларды жасаудың мүмкіндігі және тиімділігі 20 ғасырдың басында К.Э. Циолковский, Ю.В. Кондратюк, Г.Оберт, Г.Пирке, Г.Нордунг, т.б. ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген. Орбиталық стансаны жасау және оның ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз ету бірқатар ғылыми-техникалық, медицина-биологиялық мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі маңыздылардың бірі – орбиталық станса мен ғарыш кемесінің орбитадағы түйісуін қамтамасыз ету. Орбиталық стансаның жұмыс істеу уақыты, экипаж саны, өлшемдері мен массасы, орбитасының параметрлері оның қандай мақсатта қолданылатынына байланысты.
Орбиталық стансаны құрастырудың екі әдісі бар. Біріншіден, орбиталық станса толығымен жерде жасалып, дайын күйінде орбитаға шығарылады. Ондай орбиталық стансаның массасы мен өлшемдері ракеталық қозғалтқыштың энергиялық мүмкіндіктерімен шектеледі. Екінші әдіс бойынша орбиталық стансаның дербес бөліктері орбитаға біртіндеп шығарылып құрастырылады. Орбиталық станса толық жиналғаннан соң ол іске қосылады. Екінші әдіс бойынша орбиталық стансаның көлемі, массасы шектелмейді. Сондықтан Айға, Күн жүйесінің басқа планеталарына ұшу үшін қолдануға жарайтын үлкен орбиталық стансалар осы әдіспен құрастырылады. Орбиталық стансаларда жұмыс істейтін ғарышкерлерді ғарыш кемелері жеткізеді. Олардың жұмыс істеу мерзімі адам организмінің салмақсыздықтың ұзақ уақыт әсер етуіне шыдамдылығына, қауіпсіздікке, борт аппараттарының сенімді жұмыс істеуіне, т.б. байланысты. Орбиталық стансада адамның қалыпты өмір сүруіне, жұмыс істеуіне, ғыл. тәжірибелер жүргізуіне жағдай туғызу үшін түрлі шаралар қарастырылған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Orbitalyk stanciya Zher Aj nemese baska aspan deneleri ajnalasyndagy orbitada uzak uakyt zhumys istejtin arnajy ekipazhben nemese ozdiginen baskarylatyn garysh apparaty Halykaralyk garysh stanciyasyMir orbitalyk stanciya Olardy zher planeta betin zhәne onyn ajnalasyndagy garysh kenistigin zertteuge meteorologiyalyk astronomiyalyk t b bakylaular zhүrgizuge medicina biologiyalyk tәzhiribeler otkizuge navigaciyaga salmaksyzdyk zhagdajyndagy materialdardyn kasietterindegi zhәne kurylgylardyn zhumysyndagy ozgeristerge t b mәselelerge bajlanysty gylymi zhәne koldanbaly zhumystar zhүrgizu үshin pajdalanady Sonymen katar orbitalyk stansany Kүn zhүjesinin baska planetalaryna ushuga arnalgan auyr garysh kemelerin kurastyru үshin de koldanady Orbitalyk stansalardy zhasaudyn mүmkindigi zhәne tiimdiligi 20 gasyrdyn basynda K E Ciolkovskij Yu V Kondratyuk G Obert G Pirke G Nordung t b galymdardyn enbekterinde dәleldengen Orbitalyk stansany zhasau zhәne onyn uzak zhumys isteuin kamtamasyz etu birkatar gylymi tehnikalyk medicina biologiyalyk mәselelerdi sheshudi talap etedi Olardyn ishindegi manyzdylardyn biri orbitalyk stansa men garysh kemesinin orbitadagy tүjisuin kamtamasyz etu Orbitalyk stansanyn zhumys isteu uakyty ekipazh sany olshemderi men massasy orbitasynyn parametrleri onyn kandaj maksatta koldanylatynyna bajlanysty Orbitalyk stansany kurastyrudyn eki әdisi bar Birinshiden orbitalyk stansa tolygymen zherde zhasalyp dajyn kүjinde orbitaga shygarylady Ondaj orbitalyk stansanyn massasy men olshemderi raketalyk kozgaltkyshtyn energiyalyk mүmkindikterimen shekteledi Ekinshi әdis bojynsha orbitalyk stansanyn derbes bolikteri orbitaga birtindep shygarylyp kurastyrylady Orbitalyk stansa tolyk zhinalgannan son ol iske kosylady Ekinshi әdis bojynsha orbitalyk stansanyn kolemi massasy shektelmejdi Sondyktan Ajga Kүn zhүjesinin baska planetalaryna ushu үshin koldanuga zharajtyn үlken orbitalyk stansalar osy әdispen kurastyrylady Orbitalyk stansalarda zhumys istejtin garyshkerlerdi garysh kemeleri zhetkizedi Olardyn zhumys isteu merzimi adam organizminin salmaksyzdyktyn uzak uakyt әser etuine shydamdylygyna kauipsizdikke bort apparattarynyn senimdi zhumys isteuine t b bajlanysty Orbitalyk stansada adamnyn kalypty omir sүruine zhumys isteuine gyl tәzhiribeler zhүrgizuine zhagdaj tugyzu үshin tүrli sharalar karastyrylgan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet