Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954, ауылы, Кайсери қаласы, Түркия, – 15.3.1995, Алматы) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.
Мұстафа Өзтүрiк | |
Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Толық есімі | Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман |
Азаматтығы | |
Мамандандыру | Таэквандошы |
Туған күні | |
Туған жері | Мұсаходжалы ауылы, Қайсері қаласы, Түркия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мұстафа Өзтүрiк Ортаққорда | |
Өмірбаяны
Найман тайпасының Байжігіт руынан. Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.
- 1975—1980 жж. Тайбей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық-журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайваньда алды.
- 1980—1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін АФР мен Түркияда қалады.
- 1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы.
- Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген.
- 1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Стамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген.
- Мұстафа Өзтүрікке арнап Бесағаш ауылында ескерткіш бой көтерді. Оны жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков 2004 жылы өз қаражатына жасатқан.
Балалық шағы
Мұстафаның әкесі Қабен (Қабыл) Төлеубайұлы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, жауырыны жер иіскемеген атақты палуан болған. Сол кездері ел ішінде кәмпеске басталып кетеді де, бір әулет бір түннің ішінде тұтасымен таудан асып, Ұласты өзенін жағалай жүріп, Шың еліне өтіп кетеді. Алайда араға жиырма жыл салып, Қытай елінде де қызылдар қырғын салған сүрең басталып, 50- жылдары Түркияға барып тұрақтауды ойлайды. Анадолы еліне жетуде оңайға соқпайды. Адамзат аяғы тимеген атақты Такмала шөлін басып өтіп, Үндістан шекарасына да жетеді. Жол-жөнекей қырғын соғыстан көз ашпай Пәкістан арқылы әйтеуір Түркияға табан тірейді. Қалың топтан қалған жұрнақ міне, осылай Кайсери қаласынан пана табады. Жергілікті түріктер бірден жақсы қабылдайды. Қандастар деп құрметтейді. Соның арқасында бұл әулеттің жағдайлары да жақсара бастайды. Қабен аға осы жерде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер иіскемейтін шебер екеніне көз жеткізеді. Түрік бауырлардың Қабен ағаға деген сыйластықтары артып, Өзтүрік атап кеткен. Міне, осылай отбасы мүшелері осы атауды өздеріне тек етіп алады.
Арада біраз уақыт өткенде, яғни 1954 жылы Қабен ақсақалдын үйінде қуанышты уақиға болады. Өмірге ұл келді. Есімін Мұстафа қояды, тегін Өзтүрік етіп жаздырады. Бала Мұстафа өте зерек, алғыр болып өседі. Бар болғаны 16 жасында Ыстанбұл қаласындағы мектепті аяқтап, арнайы жолдамамен Тайваньға оқуға аттанады. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен талантты балаларды жинап, оқытқалы жатқан эксперименталды оқу орны еді. Ешбір ақысыз, емтихансыз оқуға түскен Мұстафа бес жыл өткен соң журналистика факультетін бітіреді. Бұл оқу орнында оқып жүріп Мұстафа корей халқының жекпе-жек өнері − таэквандомен айналысады.
Қазақстанға оралуы
Қайтыс болуы
Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксингтен жарысты тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін Мұстафа өзін жайсыз сезінеді де, дәрігер шақырады. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызады. Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында қайтыс болады. Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстанбұлдағы қазақтар көптеп тұратын Гүнешлі ауданындағы зиратқа өзінің әкесінің жанына жерленеді. Анасы Рәзия БАҚ-қа берген сұқбатында: "Жұрттың біразы «Мұстафаның сүйегін Түркияда жерлеуге Халифа Алтай себепкер болды» деп жүрген көрінеді. Шындығында, олай емес. Керісінше, «осында қалдырайық» деп ақыл қосқан алғашқы адам еді. Бірақ, Мұстафаның қарындасы, менің қызым Ферухан қарсы болды. «Ағам әкемнің қасында жатсын. Жұма сайын барып, Құран оқып тұрамыз» деді ол. Ол кезде менің бәлен деп айтуға шамам жоқ еді" деген.
Мұстафа Өзтүріктің досы Мамет Дамир: «15 наурызда оның жағдайы қиындай берді. Кешкі бес жарымда ол көз жұмды. Оның жанында болған достары: «Оны біреулер улаған» деді». 1995 жылдары елде рэкетирлік уақыт еді. Біреулерге Мұстафаның елге келіп, көтеріле бастағаны ұнамаса керек. Біздің болжамымызша, оның тамағына у қосқан сияқты» дейді.
Алайда аурухананың берген ресми мәліметі Өзтүріктің қастандықпен өлтірілгенін растамайды.
Шәкірттері
Мұстафа Өзтүріктің шәкірттері:
1992 жылы Мұстафаның шәкірттері алғаш рет көк туымызды Түркияда өткен халықаралық турнирде желбіретті, олар жарыс чемпиондары Сұлтанмахмұт Шоқпытов және Қайрат Қырғызбаевтар.
1993 жылы қазақ елінің федерациясы Халықаралық таэквондо федерациясының мүшелігіне қабылданды.
1995 жылы әскерилер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатынасқан ұлттық құрама әлемдік деңгейде екінші орыннан көрінді.
Естеліктер
Досы — Несіп Жүнісбаев:
Мұстафа Өзтүрік! Бұл кісінің тағдыры өте қиын болған. 50-жылдар басында аталары, тағдырдың тәлкегіне шыдамай, бақыт іздеп Қытай, Пәкістан, Үндістан арқылы Түркияға келеді. Жолда ашаршылықты да, суықты да, кедейшілікті де көреді. Бәрі бірдей Түркияға жете алмады… Сол елде 1954 жылы Мұстафа дүниеге келеді. Әке-шешесі баланы мектептен кейін Тайвань Университетіне жібереді. Университет дипломымен бірге Мұстафа Өзтүрiк таэквондодан 6-шы Дан сертификатын алады. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы әрі соңғы жоғары дәреже еді. Осылайша ол аңызға айланады. Жұмыс істеуге ол Германияға көшіп барып Мюнхен қаласында таэквондодан өз мектебі — Мұстафа мектебін ашады. Осындай мектеп Ыстанбұлда да әлі істеп тұр. Егемендік алған елімізге ұландарымыздың көпшілігі орала бастайды. 1991 жылы Мұстафа үшін де солай болады.
Ол осы спорт түрінен Республикалық федерация құрып соның президенті болады. Сосын ел тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып сол жақтардан ірі жеңіспен оралады.
«Мен әлемді көрдім, — дейді Мұстафа, — енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға шештім».
Мұстафа Өзтүрiктің құрметіне
1991 жылы Қалила Омаров «Барып қайт, балам ауылға» фильм түсірді.
Дереккөздер
- https://www.youtube.com/watch?v=PgIHGc9MisU
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ЖҮРЕГІМДЕ ҚАРА ТАС, ҚАШАН ЕРІРІН БІЛМЕЙМІН. Мұрағатталған 4 шілденің 2015 жылы.
- Мұстафа Өзтүрік алпысқа толар еді
Сілтемелер
- СПОРТ-ШЕЖІРЕ. Жүрегі қазақ деп соққан… Мұрағатталған 3 маусымның 2012 жылы.
- Мұстафа Өзтүрiк салған жолды абыроймен жалғастырамыз Мұрағатталған 10 қарашаның 2011 жылы.
- ТАЭКВОНДО ТАРЛАНЫ – МҰСТАФА(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mustafa Kәbenuly Әbdirahman 23 11 1954 auyly Kajseri kalasy Tүrkiya 15 3 1995 Almaty belgili sportshy taekvondodan kara belbeu 6 dan iegeri ҚR taekvondo WTF federaciyasynyn negizin kalaushy halykaralyk dәrezhedegi zhattyktyrushy Mustafa ӨztүrikMustafa Kәbenuly ӘbdirahmanZheke maglumattarTolyk esimiMustafa Kәbenuly ӘbdirahmanAzamattygy ҚazakstanMamandandyruTaekvandoshyTugan kүni23 karasha 1954 1954 11 23 Tugan zheriMusahodzhaly auyly Қajseri kalasy TүrkiyaҚajtys bolgan kүni15 nauryz 1995 1995 03 15 40 zhas Қajtys bolgan zheriAlmatyMustafa Өztүrik OrtakkordaBul үlgini koru talkylau ondeuӨmirbayanyNajman tajpasynyn Bajzhigit ruynan Stambuldagy orta mektepti bitirip Tajvandagy eksperimentaldy universitetti zhәne sol eldegi Halykaralyk katynastar universitetinin zhurnalistika fakultetin kosa bitirgen Osy elde zhүrip korejdin kone sport oneri taekvondony үjrendi Kejin Germaniyanyn Keln Myunhen zhәne Tүrkiyanyn Stambul kalalarynda ozinin taekvondo mektebin ashkan Қazakstan tәuelsizdik algannan kejin Almatyga kelip taekvondo mektebin ashty Belgisiz zhagdajda kazaga ushyrap denesi Stambul kalasynda zherlendi 2000 zhyly Almaty kalasynda Өztүrik Mustafa atyna koshe berilip eskertkish belgi kojyldy 2004 zhyly Өztүrik Mustafanyn 50 zhaska tolgan merejtojy karsanynda Almaty oblysy Talgar audany Besagash auylynda eskertkishi ashyldy 1975 1980 zhzh Tajbej kalasyndagy Halykaralyk Sayasat Universitetinde okydy halykaralyk zhurnalist mamandygy bojynsha zhogary bilimin Tajvanda aldy 1980 1990 zhzh Taekvon Do zhogary mektepterinin negizin AFR men Tүrkiyada kalady 1990 1995 zhzh tarihi eli Қazakstanga oralyp enbek etti Taekvon Do zhogary mektebinin negizin kalaushy Taekvon Do sportynan alty dүrkin әlem chempiony 6 shy Dan dәrezhesi bar halykaralyk zhattyktyrushy Alty tilde sojlegen 1995 zhyly Almaty kalasynda kajtys bolyp Stambulda Tүrkiya әkesi zhatkan bejitke zherlengen Mustafa Өztүrikke arnap Bes agash auylynda eskertkish boj koterdi Ony zheke kәsipker Қajyr Mejirbekov 2004 zhyly oz karazhatyna zhasatkan Balalyk shagyMustafanyn әkesi Қaben Қabyl Toleubajuly el bastagan kosem soz bastagan sheshen zhauyryny zher iiskemegen atakty paluan bolgan Sol kezderi el ishinde kәmpeske bastalyp ketedi de bir әulet bir tүnnin ishinde tutasymen taudan asyp Ұlasty ozenin zhagalaj zhүrip Shyn eline otip ketedi Alajda araga zhiyrma zhyl salyp Қytaj elinde de kyzyldar kyrgyn salgan sүren bastalyp 50 zhyldary Tүrkiyaga baryp turaktaudy ojlajdy Anadoly eline zhetude onajga sokpajdy Adamzat ayagy timegen atakty Takmala sholin basyp otip Үndistan shekarasyna da zhetedi Zhol zhonekej kyrgyn sogystan koz ashpaj Pәkistan arkyly әjteuir Tүrkiyaga taban tirejdi Қalyn toptan kalgan zhurnak mine osylaj Kajseri kalasynan pana tabady Zhergilikti tүrikter birden zhaksy kabyldajdy Қandastar dep kurmettejdi Sonyn arkasynda bul әulettin zhagdajlary da zhaksara bastajdy Қaben aga osy zherde paluandarmen beldesip ozinin zhauyryny zher iiskemejtin sheber ekenine koz zhetkizedi Tүrik bauyrlardyn Қaben agaga degen syjlastyktary artyp Өztүrik atap ketken Mine osylaj otbasy mүsheleri osy ataudy ozderine tek etip alady Arada biraz uakyt otkende yagni 1954 zhyly Қaben aksakaldyn үjinde kuanyshty uakiga bolady Өmirge ul keldi Esimin Mustafa koyady tegin Өztүrik etip zhazdyrady Bala Mustafa ote zerek algyr bolyp osedi Bar bolgany 16 zhasynda Ystanbul kalasyndagy mektepti ayaktap arnajy zholdamamen Tajvanga okuga attanady Bul әlem nin tүkpir tүkpirinen talantty balalardy zhinap okytkaly zhatkan eksperimentaldy oku orny edi Eshbir akysyz emtihansyz okuga tүsken Mustafa bes zhyl otken son zhurnalistika fakultetin bitiredi Bul oku ornynda okyp zhүrip Mustafa korej halkynyn zhekpe zhek oneri taekvandomen ajnalysady Қazakstanga oraluyҚajtys boluyMustafa 1995 zhyldyn 11 nauryz kүni Almatydagy Baluan Sholak atyndagy sport sarajynda otip zhatkan kikboksingten zharysty tamashalauga barady Zharys ayaktalgannan kejin Mustafa ozin zhajsyz sezinedi de dәriger shakyrady Dәrigerler Mustafany Almaty kalasyndagy ҚR Prezidenti Is baskarmasy Medicinalyk ortalygynyn Ortalyk klinikalyk auruhanasyna zhatkyzady Mustafa Өztүrik 1995 zhyldyn 15 nauryz kүni Almaty kalasyndagy ҚR Prezidenti Is baskarmasy Medicinalyk ortalygynyn Ortalyk klinikalyk auruhanasynda kajtys bolady Қaryndasy Feruhannyn zhәne tuystarynyn sheshimimen Mustafa Өztүrik Ystanbuldagy kazaktar koptep turatyn Gүneshli audanyndagy ziratka ozinin әkesinin zhanyna zherlenedi Anasy Rәziya BAҚ ka bergen sukbatynda Zhurttyn birazy Mustafanyn sүjegin Tүrkiyada zherleuge Halifa Altaj sebepker boldy dep zhүrgen korinedi Shyndygynda olaj emes Kerisinshe osynda kaldyrajyk dep akyl koskan algashky adam edi Birak Mustafanyn karyndasy menin kyzym Feruhan karsy boldy Agam әkemnin kasynda zhatsyn Zhuma sajyn baryp Қuran okyp turamyz dedi ol Ol kezde menin bәlen dep ajtuga shamam zhok edi degen Mustafa Өztүriktin dosy Mamet Damir 15 nauryzda onyn zhagdajy kiyndaj berdi Keshki bes zharymda ol koz zhumdy Onyn zhanynda bolgan dostary Ony bireuler ulagan dedi 1995 zhyldary elde reketirlik uakyt edi Bireulerge Mustafanyn elge kelip koterile bastagany unamasa kerek Bizdin bolzhamymyzsha onyn tamagyna u koskan siyakty dejdi Alajda auruhananyn bergen resmi mәlimeti Өztүriktin kastandykpen oltirilgenin rastamajdy ShәkirtteriMustafa Өztүriktin shәkirtteri Beksejit Әbdezuly Tүlkiev 1992 zhyly Mustafanyn shәkirtteri algash ret kok tuymyzdy Tүrkiyada otken halykaralyk turnirde zhelbiretti olar zharys chempiondary Sultanmahmut Shokpytov zhәne Қajrat Қyrgyzbaevtar 1993 zhyly kazak elinin federaciyasy Halykaralyk taekvondo federaciyasynyn mүsheligine kabyldandy 1995 zhyly әskeriler arasyndagy әlem birinshiligine algash ret katynaskan ulttyk kurama әlemdik dengejde ekinshi orynnan korindi EstelikterDosy Nesip Zhүnisbaev Mustafa Өztүrik Bul kisinin tagdyry ote kiyn bolgan 50 zhyldar basynda atalary tagdyrdyn tәlkegine shydamaj bakyt izdep Қytaj Pәkistan Үndistan arkyly Tүrkiyaga keledi Zholda asharshylykty da suykty da kedejshilikti de koredi Bәri birdej Tүrkiyaga zhete almady Sol elde 1954 zhyly Mustafa dүniege keledi Әke sheshesi balany mektepten kejin Tajvan Universitetine zhiberedi Universitet diplomymen birge Mustafa Өztүrik taekvondodan 6 shy Dan sertifikatyn alady Bul taekvondodan barsha musylman әlemindegi algashky әri songy zhogary dәrezhe edi Osylajsha ol anyzga ajlanady Zhumys isteuge ol Germaniyaga koship baryp Myunhen kalasynda taekvondodan oz mektebi Mustafa mektebin ashady Osyndaj mektep Ystanbulda da әli istep tur Egemendik algan elimizge ulandarymyzdyn kopshiligi orala bastajdy 1991 zhyly Mustafa үshin de solaj bolady Ol osy sport tүrinen Respublikalyk federaciya kuryp sonyn prezidenti bolady Sosyn el tarihynda algash ret taekvondisterdi halykaralyk zharystarga Tүrkiyaga zhәne Amerikaga aparyp sol zhaktardan iri zhenispen oralady Men әlemdi kordim dejdi Mustafa endi oz elimdi kordim Nesin ajtasyz үlken ajyrmashylyk Sondyktan elime oz bilimimmen kүshimmen komektesu үshin elde kaluga sheshtim Mustafa Өztүriktin kurmetine1991 zhyly Қalila Omarov Baryp kajt balam auylga film tүsirdi Derekkozderhttps www youtube com watch v PgIHGc9MisU Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 ZhҮREGIMDE ҚARA TAS ҚAShAN ERIRIN BILMEJMIN Muragattalgan 4 shildenin 2015 zhyly Mustafa Өztүrik alpyska tolar ediSiltemelerSPORT ShEZhIRE Zhүregi kazak dep sokkan Muragattalgan 3 mausymnyn 2012 zhyly Mustafa Өztүrik salgan zholdy abyrojmen zhalgastyramyz Muragattalgan 10 karashanyn 2011 zhyly TAEKVONDO TARLANY MҰSTAFA kolzhetpejtin silteme Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet