Монша – адам жуынуы үшін арнайы жабдықталған орын. Монша ғимараттары ежелгі Грекияда, Римде, Мысырда, Үндістанда салынған. Мұндай моншалар жуынып, денені тазарту орны ғана емес, сонымен қатар демалу, кездесу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын орын болған. Осы әдет орта ғасырларда түркі елдерінде де орын алған. Әсіресе белгілі температурамен жылытылған мәрмәр тасына жатып қыздырыну – шығыс елдерінде ежелден жиі қолданылады. Қазақ жерінде монша XI ғасырдан белгілі. Моншаның адамға ең негізгі әсер ететін факторы – ыстық бу. Жоғары температура әсерінен адамның қан тамырлары кеңейеді, ішкі органдар, тері, бұлшық ет, буындар қанмен қамтамасыз етіледі, жүректің жиырылу саны жиілейді, зат алмасу процесінің қарқындылығы, организмнің оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаруы артады. Өте көп мөлшерде тер бөлінеді. Тер шығаратын және май бездерінің жұмысының жақсаруы теріні тазартып қана қоймай, зат алмасу процесі өнімдерінің организмнен тез шығарылуына мүмкіндік жасайды. Монша процедуралары әсерінен жүрек және өкпе қызметінің жақсаруы жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелеріне жаттықтыр-ғыш әсер береді. Бу моншасы (орыс моншасы), финдік құрғақ ыстық ауа (сауна) моншасы және шығыс моншасы деген түрлері кеңірек тараған. Бұлар бір-бірінен бу бөлмесінің темп-расымен және ылғалдылығымен ажыратылады. Орыс моншасын 55–60 ӘС-қа кейде 70 ӘС-қа дейін ысытса (ылғалдылығы 80–90%), ал саунада температура 70–90 ӘС (ылғалдылығы 5 – 15%) болады. Көптеген емдік әсері болғанымен монша барлық адамға бірдей пайдалы емес. Жүрек ауруы, гипертония, атеросклероз, аневризма, көз бен құлақтың жедел аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге, жас балаларға ыстық моншада қатты қыздырынуға болмайды.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Monsha adam zhuynuy үshin arnajy zhabdyktalgan oryn Monsha gimarattary ezhelgi Grekiyada Rimde Mysyrda Үndistanda salyngan Mundaj monshalar zhuynyp deneni tazartu orny gana emes sonymen katar demalu kezdesu dene shynyktyru zhattygularymen shugyldanatyn oryn bolgan Osy әdet orta gasyrlarda tүrki elderinde de oryn algan Әsirese belgili temperaturamen zhylytylgan mәrmәr tasyna zhatyp kyzdyrynu shygys elderinde ezhelden zhii koldanylady Қazak zherinde monsha XI gasyrdan belgili Monshanyn adamga en negizgi әser etetin faktory ystyk bu Zhogary temperatura әserinen adamnyn kan tamyrlary kenejedi ishki organdar teri bulshyk et buyndar kanmen kamtamasyz etiledi zhүrektin zhiyrylu sany zhiilejdi zat almasu procesinin karkyndylygy organizmnin ottekti sinirip komirkyshkyl gazyn shygaruy artady Өte kop molsherde ter bolinedi Ter shygaratyn zhәne maj bezderinin zhumysynyn zhaksaruy terini tazartyp kana kojmaj zat almasu procesi onimderinin organizmnen tez shygaryluyna mүmkindik zhasajdy Monsha proceduralary әserinen zhүrek zhәne okpe kyzmetinin zhaksaruy zhүrek kan tamyr zhәne tynys alu zhүjelerine zhattyktyr gysh әser beredi Bu monshasy orys monshasy findik kurgak ystyk aua sauna monshasy zhәne shygys monshasy degen tүrleri kenirek taragan Bular bir birinen bu bolmesinin temp rasymen zhәne ylgaldylygymen azhyratylady Orys monshasyn 55 60 ӘS ka kejde 70 ӘS ka dejin ysytsa ylgaldylygy 80 90 al saunada temperatura 70 90 ӘS ylgaldylygy 5 15 bolady Koptegen emdik әseri bolganymen monsha barlyk adamga birdej pajdaly emes Zhүrek auruy gipertoniya ateroskleroz anevrizma koz ben kulaktyn zhedel aurulary bar adamdarga sondaj ak zhүkti әjelderge zhas balalarga ystyk monshada katty kyzdyrynuga bolmajdy Orys monshasyDerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet