Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, - 06.10.1988, Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Жұбан Молдағалиев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, ауылы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Алматы, |
Азаматтығы | |
Мансабы | ақын |
Бағыты | социалистік реализм |
Өмірбаяны
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Кіші жүз Байұлы тайпасы Байбақты руынан шыққан.
Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 хатшысы) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.
Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII—ХӀӀӀ-съездерде) болып сайланды. Ж.Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Мен - қазақпын поэмасы
Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.
"Қазақ болу — зор бақыт" дер күн тіпті... — деген өлең жолдары бүгінгі "егемендікті" жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:
Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.
Жұбан Молдағалиев шығармашылығы
"Жыр туралы" поэмасында (1963) татар акыны Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлилдің ерлігі бейнеленген.
Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды.
"Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді.
1970 жылы Жұбан Молдағалиевтың таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрді.
Жұбан Молдағалиев көркем аударма мен публицистика саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірсыпыра шығармалары: ағылшын, неміс, араб, , , , француз, және басқа шетел тілдерінде басылып шықты.
Ол Абайды Ұлы ұстаз тұтып, өз шығармаларында ақын бейнесін шебер өрнектеген. Солардың арасында шоқтығы биігі - «Абай шыңына» (Шығ. жинағы. 1 т., 1979) өлеңі:
«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,
Шабыттың шырқап биік ыршуындай,
Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман, жакпар-жақпар жыр шыңындай...» - деп,
ол ешбір кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау - Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы, Бөктерде балалаған құз қалады...»- деп, ақын Абай шыңын «шыңдардың ақиығына» балайды. Өлең ұлы ақынның Алматыда орнатылған зәулім ескерткішіне назар аударумен түйінделеді. Кемеңгер ақын бейнесін ол басқа да жырларында сомдай түскен. «Қазақшадан аударылған» (1971) деген өлеңінде ол қазақ жеріндегі шоқ жұлдыздар қатарында Абай есімін алдымен атайды. «Пір» (1972) өлеңінде Александр Сергеевич Пушкин поэзиясымен алғаш Абай аудармасы арқылы танысқанын баяндайды. «Мен - қазақпын» (1963-64) дейтін атақты дастанында ол Абай бейнесіне ойша оралып, ол қазақ халқы тарихының бөлінбейтін бір бөлшегі, асқаралыбелесі екенін ескертеді. Әдебиет жайындағы мақалаларында ол Абай тұлғасына бір соқпай өтпейді. «Қазақ әдебиеті» газетіңде жарияланған мақаласында («Ерлікпен тең еңбек», 1969, 7-желтоқсан) Абайдың орыс тіліне аударылуы туралы сөз қозғайды. Құрманғазы өмірінен жазылған «Кісен ашқан» поэмасы үшін 1970 ж. Молдағалиевқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерімен біршама жыр туындылары орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, венгр, араб, монғол, қырғыз, өзбек, қытай, түрік т.б. тілдерге аударылған.
Пікірлер
Ақын Жұбан Молдағалиев бүгінгі күннің ең актуальды мәселелеріне жедел үн қосып отыратын, соның өзінде де шығармаларынан асығыстық ақауы кездеспейтін алымды талант. Ғабит Мүсірепов |
...Бар қазақ Жұбанға сенбеп пе еді, Ақынын пайғамбардай көрмеп пе еді, |
Жұбан Молдағалиев – қазақтың жыр дүлділінің бірі, қазақ поэзиясында өз дауысы, өз мәнері, өлеңдегі өз бағыты қалған ірі дарын. Мүсілім Базарбаев |
Сілтемелер
- Салауат Кәрім. Жалын, жарқыл шашқан - Жұбан ақын...
- Әділбек Ыбырайымұлы. Жалындап өткен Жұбан аға
- Ақын туралы дерек Sputniknews.kz сайтында
Дереккөздер
- https://www.tarbie.kz/27492
- https://bilim-all.kz/olen/7177-ZHesir-tagdyry
- http://library.wksu.kz/dmdocuments/%D0%98%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%90.%D0%9E.pdf(қолжетпейтін сілтеме)
- https://stud.kz/referat/show/78186
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhuban Moldagaliev 5 09 1920 zhyl Batys Қazakstan oblysy Tajpak audany 06 10 1988 Almaty kazak akyny zhauynger Қazakstan zhazushylar odagynyn toragasy Men Қazakpyn poemasynyn avtory Zhuban MoldagalievTugan kүni5 kyrkүjek 1920 1920 09 05 Tugan zheriBatys Қazakstan oblysy Tajpak audany auylyҚajtys bolgan kүni6 kazan 1988 1988 10 06 68 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty Қazak KSR KSROAzamattygy KSROMansabyakynBagytysocialistik realizmӨmirbayanyOralda auyl sharuashylyk tehnikumyn 1940 bitirip 1940 47 zhyly katarynda boldy Ұly Otan sogysyna katysty Kishi zhүz Bajuly tajpasy Bajbakty ruynan shykkan Odan kejingi zhyldary Leninshil zhas 1948 52 Қazak әdebieti 1955 56 gazetteri men Zhuldyz zhurnaly 1958 63 redakciyalarynda Қazakstan zhazushylar odagynda 1953 54 1963 71 1 hatshysy kyzmet istedi Algashky oleni Lenin tiri Oral Komsomol urpagy gazetinde 1939 basyldy Tungysh zhinagy Zhenis zhyrlary degen atpen 1949 zhyly zharyk kordi Zhuban Moldagalievtin koptegen poemalarynda azamattyk saryn men konil kүji lirikasy basym Zhuban Moldagaliev 7 sajlangan Қazak KSR Zhogargy Kenesinin deputaty Қazak KSR Zhogargy Kenesi Toralakasynyn Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk komitetinin mүshesi XII HӀӀӀ sezderde bolyp sajlandy Zh Moldagaliev eki ret Enbek Қyzyl Tu zhәne 2 dәrezheli Otan sogysy Қurmet Belgisi ordenderimen medaldarmen marapattalgan Kensaj ziratyndagy Zhuban Moldagali kabirinde ornalaskan kulpytasMen kazakpyn poemasyZhuban ozinin atakty Men kazakpyn dep atalatyn poemasymen kazak әdebietinin iri tulgasyna ajnalgan otansүjgishtik zhyrlarymen halyk zhүreginen oryn tepken akyn Ol Ұly Otan sogysy zhyldarynda kelgen urpaktyn iri talantty okilderinin biri Bul zhyldary zhyr әlemine kelgen akyndar shygarmashylygynda Otanga degen erekshe mahabbat halykty erlikke shakyru zheniske degen үlken senim zhatty Sondaj ak azamattyk namys kek elge zherge degen sagynyshka toly boldy Osy erekshelikter Zhuban Moldagalievtin 1949 zhylgy Zhenis zhyrlary kitabynda anyk bajkalady Zh Moldagalievtin akyndyk dankyn koterip onyn esimin әdebiet әlemine engizgen shygarmasy Men kazakpyn poemasy 1964 Bul poemada akyn kazak halkynyn otken omiri men tagdyry zhajly lirikalyk publicistikalyk stilde tolgana zhyrlady Қazak halkynyn ulttyk erekshelikterin ashuda onyn erlik dәstүri tugan zher men el onyn bajlygy adamdary zhajly askaktata korkemdep zhyrlaj bildi Өzinin kazak ekenin agynan zharyla erekshe shabytpen zhyrlauy onyn erliginin bir korinisi desek katelespejmiz Қazak bolu zor bakyt der kүn tipti degen olen zholdary bүgingi egemendikti zhyr etkendej әserge bolejdi Akyn bolashakka senedi Sondyktan da ol akynsha zhelpine konil kүjdin yrkyna berile zhyrlajdy Endi birde akyn Zhuban Moldagaliev omir shyndygynyn әr salasyna teren үnile otyryp zhetpisinshi zhyldary Қyran dala Sel Bajkonyr baspaldaktary atty poemalar zhazdy Munda zhana derekterge sүjengen akyn zaman shyndygyn adamdardyn erlik isterin surettejdi Halyktyn bejbit omirdegi tynys tirshiligin ajkyndap tarihi salystyrular arkyly otken omir zhәne bolashak zhajly tolganystaryn oz ojlaryn tolyk ashyp korsetedi Epikalyk poema үlgisin zhalgastyryp tolyktyra tүsken akynnyn kaj poemasy bolmasyn kyzyk syuzhetti okigaly bolyp keledi Zhuban Moldagaliev shygarmashylygy Zhyr turaly poemasynda 1963 tatar akyny Kenes Odagynyn Batyry Musa Zhәlildin erligi bejnelengen Ol Zhesir tagdyrynda 1965 kazak әjelinin otken zamangy katal tagdyry men onyn zhana omir zholyndagy kүresin korsetti Men kazakpyn poemasynda kazak halkynyn omiri ulttyk ereksheligi realistik turgyda berilgen Ajttym sәlem lirikalyk poemasy 1967 mahabbat pen erlikti zhyrlajdy Kisen ashkan 1969 poemasynda Қurmangazynyn osy attas kүjine kulak kojyp oj zhibere otyryp osken oner orkendegen halyk tagdyry bayandalgan Onyn akyndyk onerin ajkyn tanytkan bul shygarmasyna Қazak KSR inin Memlekettik syjlygy 1970 berildi 1970 zhyly Zhuban Moldagalievtyn tandamaly shygarmalarynyn 2 tomdygy zharyk kordi Zhuban Moldagaliev korkem audarma men publicistika salasynda da zhemisti enbek etip keledi Birsypyra shygarmalary agylshyn nemis arab francuz zhәne baska shetel tilderinde basylyp shykty Ol Abajdy Ұly ustaz tutyp oz shygarmalarynda akyn bejnesin sheber ornektegen Solardyn arasynda shoktygy biigi Abaj shynyna Shyg zhinagy 1 t 1979 oleni Shanshylyp Alataudyn urshygyndaj Shabyttyn shyrkap biik yrshuyndaj Sholyp tur shartarapty Abaj shyny Shytyrman zhakpar zhakpar zhyr shynyndaj dep ol eshbir kirispesiz ak kemenger akyn bejnesin keskindeuge birden bet burady Alatau Abaj tulgalarynyn katar alynuynda teren mәn zhatyr Shyndardyn akiygy muz balagy Bokterde balalagan kuz kalady dep akyn Abaj shynyn shyndardyn akiygyna balajdy Өlen uly akynnyn Almatyda ornatylgan zәulim eskertkishine nazar audarumen tүjindeledi Kemenger akyn bejnesin ol baska da zhyrlarynda somdaj tүsken Қazakshadan audarylgan 1971 degen oleninde ol kazak zherindegi shok zhuldyzdar katarynda Abaj esimin aldymen atajdy Pir 1972 oleninde Aleksandr Sergeevich Pushkin poeziyasymen algash Abaj audarmasy arkyly tanyskanyn bayandajdy Men kazakpyn 1963 64 dejtin atakty dastanynda ol Abaj bejnesine ojsha oralyp ol kazak halky tarihynyn bolinbejtin bir bolshegi askaralybelesi ekenin eskertedi Әdebiet zhajyndagy makalalarynda ol Abaj tulgasyna bir sokpaj otpejdi Қazak әdebieti gazetinde zhariyalangan makalasynda Erlikpen ten enbek 1969 7 zheltoksan Abajdyn orys tiline audaryluy turaly soz kozgajdy Қurmangazy omirinen zhazylgan Kisen ashkan poemasy үshin 1970 zh Moldagalievka Қazak KSR inin Abaj atyndagy Memlekettik syjlygy berildi Tumanbaj Moldagalievtin olenderimen birshama zhyr tuyndylary orys agylshyn nemis francuz ispan polyak vengr arab mongol kyrgyz ozbek kytaj tүrik t b tilderge audarylgan PikirlerAkyn Zhuban Moldagaliev bүgingi kүnnin en aktualdy mәselelerine zhedel үn kosyp otyratyn sonyn ozinde de shygarmalarynan asygystyk akauy kezdespejtin alymdy talant Ғabit Mүsirepov Bar kazak Zhubanga senbep pe edi Akynyn pajgambardaj kormep pe edi Esinen tugan eldin shygar kalaj Zhyrynmen zhas urpagyn terbetkenin Әbdilda TәzhibaevZhuban Moldagaliev kazaktyn zhyr dүldilinin biri kazak poeziyasynda oz dauysy oz mәneri olendegi oz bagyty kalgan iri daryn Mүsilim BazarbaevSiltemelerSalauat Kәrim Zhalyn zharkyl shashkan Zhuban akyn Әdilbek Ybyrajymuly Zhalyndap otken Zhuban aga Akyn turaly derek Sputniknews kz sajtyndaDerekkozderhttps www tarbie kz 27492 https bilim all kz olen 7177 ZHesir tagdyry http library wksu kz dmdocuments D0 98 D1 81 D0 B0 D0 BD D0 BE D0 B2 D0 B0 20 D0 90 D0 9E pdf kolzhetpejtin silteme https stud kz referat show 78186 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9