Метро немесе метрополитен (фр. metropolіtaіn – астаналық, гр. metropolіs – бас қала, астана) — қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі.
Метро жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде (қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады. Жерден көтеріңкі орналастырылатын Метро өзен, темір жол, автожол, т.б. бөгеттердің үстінен өтеді. Метроның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Оның көлікке, жаяуларға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архитектуралық көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді.
Метро негізінен үлкен қалаларда (миллионнан астам халқы бар) салынады. Ең алғашқы Метро (ұзындығы 3,6 км) 1863 ж. Лондонда (Англияда) салынды. 1890 жылдан бастап Метро терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды. 1868 ж. Нью-Йоркте (АҚШ-та) жерден көтеріңкі салынған алғашқы Метро іске қосылды. Еуропадағы алғашқы Метролар Будапешт (1896), Вена (1898) және Парижде (1900) салынды.
1-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мадрид пен Барселонада (Испания), Афинада (Грекия), Токио (Жапония), Осло (Норвегия), Стокгольм (Швеция), т.б. қалаларда Метролар жұмыс істей бастады. Жер асты Метро жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған Метро жолдары станциялар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. Метро жолын салу геодезді-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен Метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары құрастырмалы темірбетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты Метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.
Тағы қараңыз
Пайдаланылған cілтемелер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Metro nemese metropoliten fr metropolitain astanalyk gr metropolis bas kala astana kaladagy zholaushylardy tasymaldajtyn koliktin tүri Metro Metro zholy zher astynda tunnelderde zher betinde kala koshelerinen okshaulangan ne zherden koterinki estakada үstinde salynady Zherden koterinki ornalastyrylatyn Metro ozen temir zhol avtozhol t b bogetterdin үstinen otedi Metronyn zher asty zholymen zhүretin tүri kop taragan Onyn kolikke zhayaularga kedergisi zhok әri kalanyn kalyptaskan arhitekturalyk korinisine zhәne zher asty kommunikaciyalaryna nuksan keltirmejdi Metro negizinen үlken kalalarda millionnan astam halky bar salynady En algashky Metro uzyndygy 3 6 km 1863 zh Londonda Angliyada salyndy 1890 zhyldan bastap Metro teren tunnelderge salynyp onda elektrlik kolik retinde pajdalanylatyn boldy 1868 zh Nyu Jorkte AҚSh ta zherden koterinki salyngan algashky Metro iske kosyldy Europadagy algashky Metrolar Budapesht 1896 Vena 1898 zhәne Parizhde 1900 salyndy 1 dүniezhүzilik sogystan kejingi zhyldary Madrid pen Barselonada Ispaniya Afinada Grekiya Tokio Zhaponiya Oslo Norvegiya Stokgolm Shveciya t b kalalarda Metrolar zhumys istej bastady Zher asty Metro zholdaryn saludyn en tiimdisi koshe astyna 10 15 m terendikte salu Terenge 30 50 m ge dejin salyngan Metro zholdary stanciyalar arasyn tura әri kyska zholmen bajlanystyruga mүmkindik beredi Metro zholynyn zhobasy zhasalarda kalanyn ornalasu kurylysy men zherdin geologiyalyk erekshelikteri zertteledi Tunneldin kurylysy men ony salu tәsilderi zhәne terendigi belgilenedi Metro zholyn salu geodezdi markshejdrlik tәsilder bojynsha zhol zhobasyn naktyly zhagdajlarga sәjkestendiruden bastalady Metro saluda eki tүrli әdis zhabyk zhәne ashyk tүrde koldanylady Ashyk әdispen Metro salganda zher kyrtysynyn bet kabaty arshylyp tunneldik kuralymdar kazanshunkyrdan bastalyp salynady Tunnelderdi zhabyk әdis bojynsha kazu tau ken isinde pajdalanylatyn әdister negizinde zhүrgiziledi Metro kuralymdary kurastyrmaly temirbetonnan metall elementterden sondaj ak tutas beton men temir betonnan zhasalady Metro stanciyanyn kuramyna vestibyul zhүrginshiler bir bagyttan ekinshi bagytka auysyp minetin punkt t b kurylystar kiredi zhүrginshilerdi zher astyna tүsiretin zhәne zhogary shygaratyn eskalatorlarmen zhabdyktalady Metro stanciyalarynyn ortasha ara kashyktygy 400 m den 2115 m aralygynda Respublikada zher asty Metro salu zhumysy halkynyn sany millionnan asatyn Almaty kalasynda gana kolga alynyp zher asty zhumystary zhүrgizilude Tagy karanyzAlmaty metrosyPajdalanylgan ciltemelerҚazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet