Метасоматоз (грек. meta – кейін, somatos – дене) – термалдық ерітінділер әсерінен тау жыныстарының химиялық, минералдық құрамының өзгеру процесі.
Метасоматозда тау жыныстарының көлемі елеулі өзгермейді және олар қатты күйінде қалады, себебі бір минерал екінші минералдың алмастыруы қатар жүреді. Метасоматоз процесі химиялық құраушылардың таралу ерекшелігіне қарай –
- инфильтрация, диффузия;
- ерітіндінің химиялық құрамына қарай – калийлі, натрийлі, темірлі, фторлы, т.б.;
- қалыптасу уақыты бойынша – магмалық кезеңдік, постмагмалық кезеңдік;
- орны бойынша – автометасоматоздық,
- жапсарлық даму аумағы бойынша – аймақтық, шенеулік болып ажыратылады.
Метасоматоз процесінде қалыптасқан тау жыныстары метасоматиттер деп аталады. Олардың құрамында басқа тау жыныстарына тән емес андрадит-гроссулярлы гранаттар, геденбергит-диопсидті пироксендер, топаз, турмалин, корунд, диаспор, алунит, пирофиллит, брейнерит, анкеритээ, т.б. минералдар кездеседі. Метасоматиттердің бітімі, көбінесе теңбіл, жолақты, ал құрылымы әркелкі түйірлі болып келеді. Метасоматозда химиялық құраушылардың көпшілігі жылжымалы болғандықтан , көбінесе, бір немесе аз минералды болады. Метасоматозда қалыптасқан тау жыныстарға тән зат – ол белдемді құрылысты болуы. Мұндай ерекшелік термалдық ерітінділердің қоршаған тау жыныстарға енгенде олардың біртіндеп температурасының төмендеуі мен сілтілі-қышқылдығының өзгеруіне байланысты болып келеді. Осыған орай метасоматоз мынандай сатыларға бөлінеді: алғашқы сілтілі, қышқылды және кейінгі сілтілі. Метасоматиттердегі белдемдік сонымен қатар химиялық құраушылардың жылжымалық-салғырттық қасиеттеріне де байланысты болады. Химиялық элементтердің мұндай қасиеттерін олардың иондық радиусы, электр заряды, анықтайды. Соған қарай химиялық элементтердің жылжымалылығы жоғары (K, Na), орташа (Ca, Mg, Fe) және төмен немесе салғырт (Al, Sі) болады. Метасоматоздың осындай ерекшеліктеріне және қоршаған тау жыныстарының құрамына байланысты метасоматиттердің минералдық құрамы бойынша көптеген түрлері бар. Олардың ішінде кен орындарының тығыз байланысына қарай кейбіреулері ғана өзінше атау алған. Оларға скарн, альбит, грейзен, кварцит, березит, лиственит, т.б. жатады. Қазақстанда темірдің, алтынның, полиметалдың, вольфрамның, қалайының, басқа да сирек металдардың көптеген ірі метасоматоз кендері белгілі.
Дереккөздер
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Metasomatoz grek meta kejin somatos dene termaldyk eritindiler әserinen tau zhynystarynyn himiyalyk mineraldyk kuramynyn ozgeru procesi Metasomatozda tau zhynystarynyn kolemi eleuli ozgermejdi zhәne olar katty kүjinde kalady sebebi bir mineral ekinshi mineraldyn almastyruy katar zhүredi Metasomatoz procesi himiyalyk kuraushylardyn taralu ereksheligine karaj infiltraciya diffuziya eritindinin himiyalyk kuramyna karaj kalijli natrijli temirli ftorly t b kalyptasu uakyty bojynsha magmalyk kezendik postmagmalyk kezendik orny bojynsha avtometasomatozdyk zhapsarlyk damu aumagy bojynsha ajmaktyk sheneulik bolyp azhyratylady Metasomatoz procesinde kalyptaskan tau zhynystary metasomatitter dep atalady Olardyn kuramynda baska tau zhynystaryna tәn emes andradit grossulyarly granattar gedenbergit diopsidti piroksender topaz turmalin korund diaspor alunit pirofillit brejnerit ankeritee t b mineraldar kezdesedi Metasomatitterdin bitimi kobinese tenbil zholakty al kurylymy әrkelki tүjirli bolyp keledi Metasomatozda himiyalyk kuraushylardyn kopshiligi zhylzhymaly bolgandyktan kobinese bir nemese az mineraldy bolady Metasomatozda kalyptaskan tau zhynystarga tәn zat ol beldemdi kurylysty boluy Mundaj erekshelik termaldyk eritindilerdin korshagan tau zhynystarga engende olardyn birtindep temperaturasynyn tomendeui men siltili kyshkyldygynyn ozgeruine bajlanysty bolyp keledi Osygan oraj metasomatoz mynandaj satylarga bolinedi algashky siltili kyshkyldy zhәne kejingi siltili Metasomatitterdegi beldemdik sonymen katar himiyalyk kuraushylardyn zhylzhymalyk salgyrttyk kasietterine de bajlanysty bolady Himiyalyk elementterdin mundaj kasietterin olardyn iondyk radiusy elektr zaryady anyktajdy Sogan karaj himiyalyk elementterdin zhylzhymalylygy zhogary K Na ortasha Ca Mg Fe zhәne tomen nemese salgyrt Al Si bolady Metasomatozdyn osyndaj erekshelikterine zhәne korshagan tau zhynystarynyn kuramyna bajlanysty metasomatitterdin mineraldyk kuramy bojynsha koptegen tүrleri bar Olardyn ishinde ken oryndarynyn tygyz bajlanysyna karaj kejbireuleri gana ozinshe atau algan Olarga skarn albit grejzen kvarcit berezit listvenit t b zhatady Қazakstanda temirdin altynnyn polimetaldyn volframnyn kalajynyn baska da sirek metaldardyn koptegen iri metasomatoz kenderi belgili DerekkozderKristallografiya mineralogiya petrografiya Bul kitap Abaj atyndagy Қazaktyn memlekettik pedagogty institutynyn geografiya fakultetinde okylgan lekciyalardyn negizinde zhazyldy 1990 ISBN 2 9 3 254 69 Қazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz