Қарастырылып отырған кластың кенорындары өзгергенге дейін практикалық мәнге ие болмаған таужыныстар метаморфизмі нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда пайдалы қазбалардың заты компоненттердің жинақтала кристалдануы мен топтануы салдарынан пайда болады. Бұл ұдеріс ұшпа қосылыстардың қатысуымен, бірақ кен сыйыстырушы қатқабаттардан заттың әкелуінсіз жүреді. Метаморфтыққа негізінен аймақтық метаморфизм жағдайларында жаралған бейметалл пайдалы қазба кенорындары жатады. Метаморфтық кенорындардың басты типтеріне дистен-силлиманит, графит, мәрмәр, кварцит пен жабындық тақтатас кенорындары жатады. Жоғары шикізат немесе кенорындары сазды тақтатастардың аймақтық метаморфизмі кезінде пайда болады. Олар көбінесе кристалды тақтатастардан, гнейс пен амфиболиттерден түратын докембрий таужыныстары қатқабаттарында орналасқан. Кен денелері дистен мен силлиманиттерге байыған тақтатастар мен гнейстің жекелеген горизонттары болып табылады. Жатындар біршама қашықтықтарға дейін (бірнеше км) созылады. Кен негізінен секпілді, кейде түтас. бұл типті кенорындар Қола түбегінде (Кейв), Саха Республикасында (), (, Қытай), Үндістан мен АҚШ-та (Калифорния, Вирджиния) дамыған. Графит кенорындары құрамында шашыранды күйде көмірлі зат пен битум бар таужыныстардың терең метаморфизмі кезінде жаралады. Олар, сондай-ақ құрамында қабыршақты графит секпілдері бар кристалды тақтатастың, гнейстің, мәрмәрленген әктас пен доломиттің көне метаморфтық қатқабаттарында орналасады. Жатындар бұрыс қабат пішінді болады. Олар құрамында графит мөлшерінің артуы байқалатын бөлікшелер ретінде жатады. бұл типті кенорындар таралған жерлер: Украина (, ), Орал, Кіші Хинган, олар АҚШ пен Мадагаскарда кездеседі. Метаморфтық жаралымдардың негізгі типтеріне мынадай кенорындар жатады: әктастың метаморфизмінде пайда болған мәрмәр; құмтас өзгеруінен қалыптасқан кварцит; сазды тақтатас метаморфизмінің өнімдері болып табылатын жабындық тақтатас. Айта кететіні: көптеген жағдайларда бұл кенорындардың пайда болуы аймақтық метаморфизммен байланысты болады. Бірақ кейбір жағдайларда мәрмәр мен кварцит кенорындары терможапсарлық метаморфизм жағдайларында дамуы мүмкін .
Мәрмәр кенорындары Оралда (, , Баландинское), Қазақстанда (Саяң, Жәйрем және т.б.), Алтайда (Ороктойское), Салайыр бүйратында (Пуштулимское), Саянда(Кибик-Кородонское), ОртаАзияда(Газган), Кавказдабар. Кварцит кенорындары сирек кездеседі. Олардың ішінде ең белгілілері - Карелиядағы Шокшинское; жекелеген кенорындар Донбаста, Кузбаста ЖӘНӨ Оралда кездеседі. Жабындық тақтатас кенорындары Карелияда, Украинада, Оралда (Атлянское), Батые пен Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Забайкалье мен Кавказда (, Красная Поляна) белгілі. Альпілік желілер де метаморфтық жарылымдар типіне жатады. Олар жарықшаңтарды метаморфизм кезінде пайда болған минералдық заттың толтыруынан қалыптасады. бұл желілердегі жаралымдар мен сыйыстырушы таужыныстардың заттық құрамы үқсас болып келеді. Мәселен, сазды-доломитті таужыныстарда амфибол-асбест желішіктері байқалады, ал кварцит қатнабаттарында - тау хрусталі жаралады. Аталған ассоциациялар кейде өнеркәсіптік кенорындар жасайды.
Дереккөздер
- Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarastyrylyp otyrgan klastyn kenoryndary ozgergenge dejin praktikalyk mәnge ie bolmagan tauzhynystar metamorfizmi nәtizhesinde kalyptasady Mundaj zhagdajda pajdaly kazbalardyn zaty komponentterdin zhinaktala kristaldanuy men toptanuy saldarynan pajda bolady Bul uderis ushpa kosylystardyn katysuymen birak ken syjystyrushy katkabattardan zattyn әkeluinsiz zhүredi Metamorftykka negizinen ajmaktyk metamorfizm zhagdajlarynda zharalgan bejmetall pajdaly kazba kenoryndary zhatady Metamorftyk kenoryndardyn basty tipterine disten sillimanit grafit mәrmәr kvarcit pen zhabyndyk taktatas kenoryndary zhatady Zhogary shikizat nemese kenoryndary sazdy taktatastardyn ajmaktyk metamorfizmi kezinde pajda bolady Olar kobinese kristaldy taktatastardan gnejs pen amfibolitterden tүratyn dokembrij tauzhynystary katkabattarynda ornalaskan Ken deneleri disten men sillimanitterge bajygan taktatastar men gnejstin zhekelegen gorizonttary bolyp tabylady Zhatyndar birshama kashyktyktarga dejin birneshe km sozylady Ken negizinen sekpildi kejde tүtas bul tipti kenoryndar Қola tүbeginde Kejv Saha Respublikasynda Қytaj Үndistan men AҚSh ta Kaliforniya Virdzhiniya damygan Grafit kenoryndary kuramynda shashyrandy kүjde komirli zat pen bitum bar tauzhynystardyn teren metamorfizmi kezinde zharalady Olar sondaj ak kuramynda kabyrshakty grafit sekpilderi bar kristaldy taktatastyn gnejstin mәrmәrlengen әktas pen dolomittin kone metamorftyk katkabattarynda ornalasady Zhatyndar burys kabat pishindi bolady Olar kuramynda grafit molsherinin artuy bajkalatyn boliksheler retinde zhatady bul tipti kenoryndar taralgan zherler Ukraina Oral Kishi Hingan olar AҚSh pen Madagaskarda kezdesedi Metamorftyk zharalymdardyn negizgi tipterine mynadaj kenoryndar zhatady әktastyn metamorfizminde pajda bolgan mәrmәr kumtas ozgeruinen kalyptaskan kvarcit sazdy taktatas metamorfizminin onimderi bolyp tabylatyn zhabyndyk taktatas Ajta ketetini koptegen zhagdajlarda bul kenoryndardyn pajda boluy ajmaktyk metamorfizmmen bajlanysty bolady Birak kejbir zhagdajlarda mәrmәr men kvarcit kenoryndary termozhapsarlyk metamorfizm zhagdajlarynda damuy mүmkin Mәrmәr kenoryndary Oralda Balandinskoe Қazakstanda Sayan Zhәjrem zhәne t b Altajda Oroktojskoe Salajyr bүjratynda Pushtulimskoe Sayanda Kibik Korodonskoe OrtaAziyada Gazgan Kavkazdabar Kvarcit kenoryndary sirek kezdesedi Olardyn ishinde en belgilileri Kareliyadagy Shokshinskoe zhekelegen kenoryndar Donbasta Kuzbasta ZhӘNӨ Oralda kezdesedi Zhabyndyk taktatas kenoryndary Kareliyada Ukrainada Oralda Atlyanskoe Batye pen Shygys Sibirde Orta Aziyada Zabajkale men Kavkazda Krasnaya Polyana belgili Alpilik zheliler de metamorftyk zharylymdar tipine zhatady Olar zharykshantardy metamorfizm kezinde pajda bolgan mineraldyk zattyn toltyruynan kalyptasady bul zhelilerdegi zharalymdar men syjystyrushy tauzhynystardyn zattyk kuramy үksas bolyp keledi Mәselen sazdy dolomitti tauzhynystarda amfibol asbest zhelishikteri bajkalady al kvarcit katnabattarynda tau hrustali zharalady Atalgan associaciyalar kejde onerkәsiptik kenoryndar zhasajdy DerekkozderPajdaly kazbalar Okulyk Astana Foliant 2008 440 b ISBN 9965 35 411 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz