Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетингінің мәні мен мақсаты
Экономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды оңтайлы ұштастыру‚ яғни Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу, жылжыту туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.
Маркетинг атқарымы
Маркетинг атқарымы - іс-қимылдардың өзара байланысты кешені. Онда кәсіпорын іс-қимыл жасайтын ішкі және сыртқы ортаны, рыноктарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені, тауарларды зерттеу; жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингілік зерттеулер негізінде тауар өндірісін жоспарлау, тауар қозғалысын, өткізім мен сервисті жоспарлау, баға саясатын тұжырымдап, іске асыру, маркетингілік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру, маркетингіні ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингіні басқару (қауіп-қатерді, пайданы, тиімділікті бағалай отырып, маркетинг шараларын жоспарлау, іске асыру және бақылау) қамтылады.
Маркетинг бағдарламасы
Өндіруші кәсіпорынның, және экспортшының межелі уақыт кезеңінде маркетингінің барлық салалары бойынша іс-қимылдарын айқындайтын өзара байланысты шаралар жүйесі.
- Қысқа мерзімді бағдарламаларда кәсіпорынның іс-қимылдары бағдарламасы көбірек тәптіштеліп, нақтыланады.
- Ұзақ мерзімді бағдарламаларда маркетинг стратегиясына сәйкес уақыттың ұзақ кезеңі қамтылады.
Маркетинг делдалдары
Компанияның өз тауарларын тұтынушыларға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасына таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие-қаржы мекемелері жатады.
Маркетинг делдалдары - бұл компанияларға өз тауарларын мақсатты аудиторияға жылжытуға, сатуға және таратуға көмектесетін ұйымдар. Мұндай ұйымдарға сауда делдалдары, тауар қозғалысын ұйымдастыруға мамандандандырылған фирмалар, маркетингтік қызметтер көрсету жөніндегі агенттіктер және кредиттік-қаржы мекемелері жатады .
Маркетиг делдарының түрлері:
Сауда делдалдары – бұл кәсіпорындарға клиенттер іздестіруге және тікелей оларға тауар сатуға көмек беретін іскер фирмалар. Сауда делдалдары сатып алушыларға тауар сатып алу орнын, уақытын және сатып алу процесі туралы қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, бұл кәсіпорын үшін өте қолайлы және аз шығынды қажет етеді.
Дистрибьютор – ірі өнеркәсіптік фирмалардан көтерме түрде сатып алу арқылы өткізумен айналысатын фирма.
Диллер – ірі өнеркәсіптік корпорацияның агенті болып табылатын және корпорациядан көтерме түрде тауарларды сатып алып, бөлшек сауда арқылы сатумен айналысатын кәсіпкер.
Маркетингтік қызмет көрсетуші агенствалар - жүргізуші фирмалар мен кәсіпорындар, жарнама агенттіктері, маркетингтік кеңес беруші фирмалар жатады.
Қаржы – несие мекемелері – кәсіпорынға қаржы келісім шарттарын (мәмілелерін) қаржыландыруға және кәсіпкерлік тәуекелден сақтандыруға көмек беруші банктер, несие және сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары кіреді .
Маркетинг қағидаттары
Сауда-өндірістік қызметті басқару жүйелері ретіндегі маркетингінің негізгі белгілері.
- Маркетингінің негізгі қағидаттары:
- сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;
- сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
- белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және межелеген мерзімде тиімді түрде өткізу;
- кәсіпорынның өндірістік-коммерц. қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін (пайдалылығын) қамтамасыз ету;
- сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына белсенді түрде бейімделу мақсатымен өндірушінің іс-қылығының стратегиясы мен тактикасының бірлігі.
Маркетинг стратегиясы
Кәсіпорынның (фирманың) тауар өндіру-өткізу қызметінің перспективалық мақсатын, бәсеке нысанын, маркетинг тұжырымдамасын таңдау. Бос нарықты, нақты тұтынушыны іздеп табуды, кәсіпорын қызметінің рынокта басталуы мен аяқталуы мерзімін анықтауды, өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) түрлері, оның сұрыпталуы, көлемі, сапасы, өзіндік құны ескерілетін бәсекелесу мен пайдалылық факторларын анықтайды, жарнаманы қамтиды. М. с-ның негізгі бағыттары: рынокты дамыту — сату көлемін ұлғайтуға не өндірістің тиімділігін арттыруға, фирма қызметін жақсартуға бағытталған өткізу жоспарын әзірлеу, жаңа тауар әзірлеу, “ескі рынокта” өткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту, рыноктың бос орындарын толтыру, тауарлар рыногын ұлғайту, рыноктың географиясын кеңейту.
Маркетинг тактикасы
Ағымдағы нарықтық жағдай, тиісті міндеттерді, маркетинг стратегиясында көзделген шараларды жүзеге асыру негізінде қысқа мерзімге арналған маркетинг мақсаттарына жету. М. т. компанияның әрбір рыноктағы және әрбір тауар бойынша мақсаттарын межелі уақытта әзірлеуді, сондай-ақ межелі маркетинг стратегия-сында іске асыруға бағытталған нақты іс-қимылды көздейді. Мұнда маркетингтің аралық мақсаттарын белгілеу, бұл мақсаттарға жету құралдарын таңдау, маркетингтік операциялардың уақыт жөнінен дәйектілігін айқындау, соның ішінде рынокқа кіру мен одан шығу сәтін таңдау, маркетинг үдерісіне түрлі қатысушылар арасында әрбір кезеңдегі міндеттері мен жауапкершілігін бөлісу, маркетинг бойынша түрлі кезеңдердегі шығындарын оңтайландару қамтылады. М. т. тұрақты пайда деңгейіне қол жеткізуге, коммерц. қызметтердің рынокта белсенділік көрсетуіне, жағдайдың өзгеруіне бейімделуге, қызметкерлердің бастамашылығын пайдалануға, бәсекелестердің іс-әрекетіне жауап шаралар қолдануға, тұтынушылар сұранымының өзгеруіне орай іс- қимылдарға түзетулер енгізіп отыруға бағытталады.
Маркетинг тұжырымдамасы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның‚ коммерциялық ұйымның тауар өндіру-өткізу және еңбек қызметін басқару туралы ғылыми негізделген қағидаттар жүйесі. Ғылымның экон. теория‚ менеджмент‚ социология‚ эконометрия‚ психология‚ т.б. салаларындағы толып жатқан іргелі зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Ол нарықтық айырбас заңдылықтарын‚тауар өндірушінің ұдайы өзгеріп отыратын экон. жағдайларға бейімделу қағидаттары мен әдістерін зерделейтін ерекше ғыл. пән ретінде қалыптасқан. Маркетингті басқару түрлі тұжырымдамалар (көзқарастар) тұрғысынан жүзеге асырылады. Мыс.‚ өндірістіжетілдіру тұжырымдамасы бойынша тұтынушылар көпшілік қолданыстағы бағасы арзан тауарларды сатып алғысы келеді‚ демек‚ басшылардың міндеті — өздерінің күш-жігерін өндірісті жетілдіруге‚ оның тиімділігін арттыруға жұмылдыруы керек деген пайымдау басшылыққа алынады; тауарды жетілдіру тұжырымдамасы — тұтынушы сапалы тауарға жоғары баға береді‚ демек‚ кәсіпорын тауарды ұдайы жетілдіруге баса назар аударуға тиіс деген пайымдауға негізделеді; коммерциялық күш-жігерді қарқындатутұжырымдамасы — кәсіпорын тауарды өткізу мен ынталандыру саласында айтарлықтай күш-жігер жұмсамаса‚ оның тауарлары жеткілікті көлемде сатып алынбайды деген пайымдауға негізделеді; әлеум.-этикалық маркетинг тұжырымдамасы бойынша фирманың тұтынушыларды бәсекелестерден гөрі неғұрлым тиімді де өнімді тәсілдер арқылы қанағаттандыру қабілеті оның мақсатқа қол жеткізуінің кепілі болады.
Маркетингілік ақпарат жүйесі
Жоспарлауды жетілдіру, маркетингілік шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау мақсатымен адамдардың өзара байланысының және маркетинг саласындағы өкімгерлер дер кезінде пайдаланатын көкейтесті, дәл ақпаратты жинауға, сыныптауға, талдауға, бағалауға және таратуға арналған жабдық пен әдістемелік тәсілдердің тұрақты қолданыстағы жүйесі. Маркетингіні басқару жөніндегі міндеттерін орындау барысында басшылар ұлан-ғайыр ақпаратқа ділгер болады.
Жақсы жоспарланған Маркетингілік ақпарат жүйесінің құрамы, әдетте, оның төрт құрамдас жүйесінен (бөлігінен) тұрады.
- Біріншісі — ішкі есеп-қисап жүйесі, ол ағымдағы өткізудің, шығын сомасының, материалдық босалқы қорлар көлемінің көрсеткіштерін, қолма-қол ақша қозғалысын, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы деректерді көрсетеді.
- Екіншісі — сыртқы ақпаратты жинау жүйесі, мұнда көздер мен әдістемелік тәсілдер жиналады, олардың көмегімен басшылар коммерц. ортада болып жатқан оқиғалар туралы күнделікті ақпарат алып отырады.
- Үшіншісі — маркетингілік зерттеулер жүйесі, мұнда кәсіпорынның (фирманың, компанияның) алдында тұрған маркетингілік жағдаймен байланысты қажетті деректер шеңберін жүйелі түрде анықтау, өткізімді талдау, бәсекелестердің тауарларын зерттеу, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау, жаңа тауарға сатып алушылардың қалай қарайтынын, баға саясатын, т.б. зерделеу қамтылады.
- Төртіншісі — маркетингілік ақпаратқа талдау жасау жүйесі, мұнда деректерді өңдеудің осы заманғы әдістемелері, рынокқа қатысушылардың маркетингілік шешімдер қабылдауын жеңілдететін үлгілер пайдаланылады.
Маркетингілік бақылау
Маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау‚ есептеу‚ талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау‚ пайдалылықты бақылау — тиімділікті талдау‚ стратег. бақылау — маркетингіні тексеру.
Маркетингілік зерттеу
Қайсыбір жергілікті тауар рыногінің жай-күйін, даму беталысын, әдетте, өнімді тұтынушылардың кездейсоқ таңдалған тобының пікірлерін қорытындылау негізінде зерделеу; маркетингтің аса маңызды атқарымы. Маркетингілік зерттеу рынокты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеяларын іздестіруден бастап оны түпкілікті тұтынушының пайдалануына дейінгі бүкіл маркетинг үдерісін қамтиды. Маркетинг қызметінің барлық түрлері мен салалары, тауар, рынок, өнімнің түр-түрі, өткізу мен бөлу арналары, іске асыру әдістері, жарнама, өткізуді ынталандыру, т.б. тиісінше зерттеледі. Осыған орай кез келген Маркетингілік зерттеу бес кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде мәселе дәл айқындалып, зерттеу мақсаты алға қойылады. Екінші кезеңде ақпарат жинау жоспары әзірленеді. Үшінші кезеңде ақпарат жиналады. Зерттеу пікірлерді анықтау нысанында не топтық талқылау нысанында жүргізілуі мүмкін. Төртінші кезеңде жалпылама көрсеткіштерді құрастыру, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін жиналған ақпаратқа талдау жасалады. Бесінші кезеңде зерттеулер мен ұсыныстардың негізгі нәтижелері сарабдал шешім қабылдау және кәсіпорындардың тауар рыноктарындағы іс-әрекетінің стратегиясын айқындау үшін кәсіпорындардың басқарушыларына беріледі.
Маркетингілік қызмет
Кәсіпорынның (фирманың‚ кәсіпкердің‚ т.б.) ‚ бағаны‚ жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлері мен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің (тауардың, бұйымның) нақты түріне және оны тұтынушыларға орай М. қ-тің белгілі бір элементтеріне баса назар аударады. Мысалы, тұтыну тауарлары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жарнаманың маңызы зор‚ ал өндірістік мақсаттағы өнім үшін жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, қосалқы бөлшектермен жабдықтауға баса мән беріледі.
Маркетингіні басқару
Межеленген мақсатқа қол жеткізу үшін (пайда алу, өткізу көлемін ұлғайту, рыноктың үлесін молайту, т.б.) тиімді сұранымды белгілеу мен қолдауды көздейтін шараларды талдау, жоспарлау, жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылау арқылы нысаналы түрде ықпал жасау. Оған кәсіпорын ортасын, нарықты, тұтынушыларды, тауарлар мен қызметтердің түр-түрі мен сапасын, тауарлардың өткізілуі мен қозғалысын, бағаны, жарнаманы, маркетингілік зерттеулерді (рынок, сұраным мен бәсеке, өткізім мен бөлу, жарнама, фирманың тактикасы мен стратегиясы саласындағы) басқару жатады. Басқаша айтқанда, Маркетингіні басқару — сұранымды басқару. Маркетингімен шұғылданушы сұранымның деңгейіне, уақыты мен сипатына әсер ете білуі тиіс, өйткені орын алып отырған сұраным қалаған сұраныммен үйлеспеуі мүмкін. Маркетингіні басқарушылар — фирманың маркетингілік жағдайына талдау жасаумен, межеленген жоспарларды іске асырумен шұғылданушы және бақылау міндетін орындаушы лауазымды адамдар. Оларға өткізу қызметінің басқарушылары мен қызметкерлері, өткізімді ынталандыру жөніндегі мамандар, тауарлар жөніндегі басқарушылар, баға белгілеу мамандары жатады.
Маркетингіні жоспарлау
Кәсіпорынның маркетингілік қызметінің барлық бағыттары бойынша тәптіштелген жоспарлар әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында негізгі көрсеткіштердің тізбесі, рыноктардың, олардың негізгі бөліктерінің, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы, бәсекенің салдарынан болатын ықтимал қиындықтарды талдау, бәсекелестік артықшылықтар, жоспарлы кезеңде фирма қол жеткізуге тиіс тұжырымдалған мақсаттар, маркетинг стратегиясын — оның барлық кешені, мақсатты рыноктар, шығындардың деңгейі бойынша қызметінің бағдарламалары, оның барлық ұстанымдары бойынша нақты іс-қимылдары, болжалды пайданың есебі, жоспардың орындалуы барысына бақылау жасау қамтылады. Фирма өнімнің (тауарлардың) бірнеше түрлерін, алуан түрлі сұрыпталымдық топтарды өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір жайғасым бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады.
Дереккөздер
- 1.Маркетинг негіздері: оқулық. / Ф. Котлер, Г. Армстронг; 17-бас. - Алматы. 2019.
- https://openu.kz/kz/book/marketing-negizderi
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Сыртқы сілтемелер
- Malimetter.kz Маркетинг реферат (қазақша)
- Malimetter.kz Банктік маркетинг мәні мен ерекшелігі реферат (қазақша)
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Marketing agylsh marketing rynok bazar otkizu sauda kәsiporynnyn firmanyn birlestiktin t b tauar ondiru otkizu zhәne sauda zhasau kyzmetin ujymdastyru men baskaru zhүjesi Marketing naryk damuynyn zhaj kүji men keleshegin zerdeleuge negizdeledi tutynu men ondiris onimine tauarga korsetiletin kyzmetke suranymdy kalyptastyrady tabys alu maksatymen rynokta tauarlardyn otkiziluin tezdetuge bagyttalady Marketing suranymdy zhan zhakty zerdelep bolzhau zharnamany pajdalanu ondiristi yntalandyru saktau men tasymaldaudyn osy zamangy tәsilderin tauarlardyn tutynushyga zhetuine zhәrdemdesetin teh zhәne baska tүrlerin koldanu negizinde kәsiporynnyn zhana onimdi әzirleu ondiru men otkizu zhonindegi ujymdyk tehnikalyk karzhy kommerciyalyk zhәne baska kyzmet tүrleri zhatady Marketinginin mәni men maksatyEkonomikany zharnamany inzhenerlik isti psihologiyany zhosparlaudy bolzhaudy ontajly ushtastyru yagni Marketing tauarlardy ondiru men otkizu zhylzhytu turaly gylym Onyn negizgi maksaty barynsha kop pajda alumen birge ajyrbas tauarlardyn tutynushyga zhetkiziluin tezdetu zhәne ondiristik kommerciyalyk kyzmettin tiimdiligin arttyru arkyly naryktyn adamdardyn firmalardyn kәsiporyndardyn tauarlarga zhumystarga kyzmetterge suranymyn kanagattandyru Marketing atkarymyMarketing atkarymy is kimyldardyn ozara bajlanysty kesheni Onda kәsiporyn is kimyl zhasajtyn ishki zhәne syrtky ortany rynoktardy tutynushylardy taldau bәsekelester men bәsekeni tauarlardy zertteu zhana tauar tuzhyrymdamasyn kalyptastyru marketingilik zertteuler negizinde tauar ondirisin zhosparlau tauar kozgalysyn otkizim men servisti zhosparlau baga sayasatyn tuzhyrymdap iske asyru marketingilik bagdarlamalardy әzirlep iske asyru marketingini akparatpen kamtamasyz etu marketingini baskaru kauip katerdi pajdany tiimdilikti bagalaj otyryp marketing sharalaryn zhosparlau iske asyru zhәne bakylau kamtylady Marketing bagdarlamasyӨndirushi kәsiporynnyn zhәne eksportshynyn mezheli uakyt kezeninde marketinginin barlyk salalary bojynsha is kimyldaryn ajkyndajtyn ozara bajlanysty sharalar zhүjesi Қyska merzimdi bagdarlamalarda kәsiporynnyn is kimyldary bagdarlamasy kobirek tәptishtelip naktylanady Ұzak merzimdi bagdarlamalarda marketing strategiyasyna sәjkes uakyttyn uzak kezeni kamtylady Marketing deldaldaryKompaniyanyn oz tauarlaryn tutynushylarga zhetkizuine otkizuine zhәne olardyn arasyna taratuyna komektesetin firmalar Olarga sauda deldaldary marketingilik kyzmetter korsetetin agenttikter men nesie karzhy mekemeleri zhatady Marketing deldaldary bul kompaniyalarga oz tauarlaryn maksatty auditoriyaga zhylzhytuga satuga zhәne taratuga komektesetin ujymdar Mundaj ujymdarga sauda deldaldary tauar kozgalysyn ujymdastyruga mamandandandyrylgan firmalar marketingtik kyzmetter korsetu zhonindegi agenttikter zhәne kredittik karzhy mekemeleri zhatady Marketig deldarynyn tүrleri Sauda deldaldary bul kәsiporyndarga klientter izdestiruge zhәne tikelej olarga tauar satuga komek beretin isker firmalar Sauda deldaldary satyp alushylarga tauar satyp alu ornyn uakytyn zhәne satyp alu procesi turaly kolajly zhagdajlardy kamtamasyz etedi bul kәsiporyn үshin ote kolajly zhәne az shygyndy kazhet etedi Distribyutor iri onerkәsiptik firmalardan koterme tүrde satyp alu arkyly otkizumen ajnalysatyn firma Diller iri onerkәsiptik korporaciyanyn agenti bolyp tabylatyn zhәne korporaciyadan koterme tүrde tauarlardy satyp alyp bolshek sauda arkyly satumen ajnalysatyn kәsipker Marketingtik kyzmet korsetushi agenstvalar zhүrgizushi firmalar men kәsiporyndar zharnama agenttikteri marketingtik kenes berushi firmalar zhatady Қarzhy nesie mekemeleri kәsiporynga karzhy kelisim sharttaryn mәmilelerin karzhylandyruga zhәne kәsipkerlik tәuekelden saktandyruga komek berushi bankter nesie zhәne saktandyru kompaniyalary zhәne baska da karzhy ujymdary kiredi Marketing kagidattarySauda ondiristik kyzmetti baskaru zhүjeleri retindegi marketinginin negizgi belgileri Marketinginin negizgi kagidattary satyp alushylardyn kazhetterin naryktyk zhagdajdy kәsiporynnyn nakty mүmkindikterin dәl bilu negizinde onim ondiru satyp alushynyn kazhetterin negurlym tolyk kanagattandyru belgili bir rynoktarda onimder men kyzmetterdi zhosparlagan kolemde zhәne mezhelegen merzimde tiimdi tүrde otkizu kәsiporynnyn ondiristik kommerc kyzmetinin uzak merzimdi nәtizheliligin pajdalylygyn kamtamasyz etu satyp alushylardyn ozgerip otyratyn talaptaryna belsendi tүrde bejimdelu maksatymen ondirushinin is kylygynyn strategiyasy men taktikasynyn birligi Marketing strategiyasyKәsiporynnyn firmanyn tauar ondiru otkizu kyzmetinin perspektivalyk maksatyn bәseke nysanyn marketing tuzhyrymdamasyn tandau Bos narykty nakty tutynushyny izdep tabudy kәsiporyn kyzmetinin rynokta bastaluy men ayaktaluy merzimin anyktaudy onimnin tauardyn korsetiletin kyzmettin tүrleri onyn suryptaluy kolemi sapasy ozindik kuny eskeriletin bәsekelesu men pajdalylyk faktorlaryn anyktajdy zharnamany kamtidy M s nyn negizgi bagyttary rynokty damytu satu kolemin ulgajtuga ne ondiristin tiimdiligin arttyruga firma kyzmetin zhaksartuga bagyttalgan otkizu zhosparyn әzirleu zhana tauar әzirleu eski rynokta otkiziletin tauarlar nomenklaturasyn kenejtu rynoktyn bos oryndaryn toltyru tauarlar rynogyn ulgajtu rynoktyn geografiyasyn kenejtu Marketing taktikasyAgymdagy naryktyk zhagdaj tiisti mindetterdi marketing strategiyasynda kozdelgen sharalardy zhүzege asyru negizinde kyska merzimge arnalgan marketing maksattaryna zhetu M t kompaniyanyn әrbir rynoktagy zhәne әrbir tauar bojynsha maksattaryn mezheli uakytta әzirleudi sondaj ak mezheli marketing strategiya synda iske asyruga bagyttalgan nakty is kimyldy kozdejdi Munda marketingtin aralyk maksattaryn belgileu bul maksattarga zhetu kuraldaryn tandau marketingtik operaciyalardyn uakyt zhoninen dәjektiligin ajkyndau sonyn ishinde rynokka kiru men odan shygu sәtin tandau marketing үderisine tүrli katysushylar arasynda әrbir kezendegi mindetteri men zhauapkershiligin bolisu marketing bojynsha tүrli kezenderdegi shygyndaryn ontajlandaru kamtylady M t turakty pajda dengejine kol zhetkizuge kommerc kyzmetterdin rynokta belsendilik korsetuine zhagdajdyn ozgeruine bejimdeluge kyzmetkerlerdin bastamashylygyn pajdalanuga bәsekelesterdin is әreketine zhauap sharalar koldanuga tutynushylar suranymynyn ozgeruine oraj is kimyldarga tүzetuler engizip otyruga bagyttalady Marketing tuzhyrymdamasyNaryktyk ekonomika zhagdajynda kәsiporynnyn kommerciyalyk ujymnyn tauar ondiru otkizu zhәne enbek kyzmetin baskaru turaly gylymi negizdelgen kagidattar zhүjesi Ғylymnyn ekon teoriya menedzhment sociologiya ekonometriya psihologiya t b salalaryndagy tolyp zhatkan irgeli zertteulerdin nәtizhelerine negizdeledi Ol naryktyk ajyrbas zandylyktaryn tauar ondirushinin udajy ozgerip otyratyn ekon zhagdajlarga bejimdelu kagidattary men әdisterin zerdelejtin erekshe gyl pәn retinde kalyptaskan Marketingti baskaru tүrli tuzhyrymdamalar kozkarastar turgysynan zhүzege asyrylady Mys ondiristizhetildiru tuzhyrymdamasy bojynsha tutynushylar kopshilik koldanystagy bagasy arzan tauarlardy satyp algysy keledi demek basshylardyn mindeti ozderinin kүsh zhigerin ondiristi zhetildiruge onyn tiimdiligin arttyruga zhumyldyruy kerek degen pajymdau basshylykka alynady tauardy zhetildiru tuzhyrymdamasy tutynushy sapaly tauarga zhogary baga beredi demek kәsiporyn tauardy udajy zhetildiruge basa nazar audaruga tiis degen pajymdauga negizdeledi kommerciyalyk kүsh zhigerdi karkyndatutuzhyrymdamasy kәsiporyn tauardy otkizu men yntalandyru salasynda ajtarlyktaj kүsh zhiger zhumsamasa onyn tauarlary zhetkilikti kolemde satyp alynbajdy degen pajymdauga negizdeledi әleum etikalyk marketing tuzhyrymdamasy bojynsha firmanyn tutynushylardy bәsekelesterden gori negurlym tiimdi de onimdi tәsilder arkyly kanagattandyru kabileti onyn maksatka kol zhetkizuinin kepili bolady Marketingilik akparat zhүjesiZhosparlaudy zhetildiru marketingilik sharalardy zhүzege asyru zhәne olardyn oryndaluyn bakylau maksatymen adamdardyn ozara bajlanysynyn zhәne marketing salasyndagy okimgerler der kezinde pajdalanatyn kokejtesti dәl akparatty zhinauga synyptauga taldauga bagalauga zhәne taratuga arnalgan zhabdyk pen әdistemelik tәsilderdin turakty koldanystagy zhүjesi Marketingini baskaru zhonindegi mindetterin oryndau barysynda basshylar ulan gajyr akparatka dilger bolady Zhaksy zhosparlangan Marketingilik akparat zhүjesinin kuramy әdette onyn tort kuramdas zhүjesinen boliginen turady Birinshisi ishki esep kisap zhүjesi ol agymdagy otkizudin shygyn somasynyn materialdyk bosalky korlar koleminin korsetkishterin kolma kol aksha kozgalysyn debitorlyk zhәne kreditorlyk bereshek turaly derekterdi korsetedi Ekinshisi syrtky akparatty zhinau zhүjesi munda kozder men әdistemelik tәsilder zhinalady olardyn komegimen basshylar kommerc ortada bolyp zhatkan okigalar turaly kүndelikti akparat alyp otyrady Үshinshisi marketingilik zertteuler zhүjesi munda kәsiporynnyn firmanyn kompaniyanyn aldynda turgan marketingilik zhagdajmen bajlanysty kazhetti derekter shenberin zhүjeli tүrde anyktau otkizimdi taldau bәsekelesterdin tauarlaryn zertteu kyska merzimdi zhәne uzak merzimdi bolzhau zhana tauarga satyp alushylardyn kalaj karajtynyn baga sayasatyn t b zerdeleu kamtylady Tortinshisi marketingilik akparatka taldau zhasau zhүjesi munda derekterdi ondeudin osy zamangy әdistemeleri rynokka katysushylardyn marketingilik sheshimder kabyldauyn zhenildetetin үlgiler pajdalanylady Marketingilik bakylauMarketing zhosparlarynyn iske asyryluyn tekseru maksatymen nәtizhelerdi bakylau esepteu taldau Үsh turpatka bolinedi kәsiporyn zhosparlarynyn oryndaluyn bakylau pajdalylykty bakylau tiimdilikti taldau strateg bakylau marketingini tekseru Marketingilik zertteuҚajsybir zhergilikti tauar rynoginin zhaj kүjin damu betalysyn әdette onimdi tutynushylardyn kezdejsok tandalgan tobynyn pikirlerin korytyndylau negizinde zerdeleu marketingtin asa manyzdy atkarymy Marketingilik zertteu rynokty zertteumen gana shektelmejdi zhana tauar ideyalaryn izdestiruden bastap ony tүpkilikti tutynushynyn pajdalanuyna dejingi bүkil marketing үderisin kamtidy Marketing kyzmetinin barlyk tүrleri men salalary tauar rynok onimnin tүr tүri otkizu men bolu arnalary iske asyru әdisteri zharnama otkizudi yntalandyru t b tiisinshe zertteledi Osygan oraj kez kelgen Marketingilik zertteu bes kezendi kamtidy Birinshi kezende mәsele dәl ajkyndalyp zertteu maksaty alga kojylady Ekinshi kezende akparat zhinau zhospary әzirlenedi Үshinshi kezende akparat zhinalady Zertteu pikirlerdi anyktau nysanynda ne toptyk talkylau nysanynda zhүrgizilui mүmkin Tortinshi kezende zhalpylama korsetkishterdi kurastyru olardyn arasyndagy ozara bajlanystardy anyktau үshin zhinalgan akparatka taldau zhasalady Besinshi kezende zertteuler men usynystardyn negizgi nәtizheleri sarabdal sheshim kabyldau zhәne kәsiporyndardyn tauar rynoktaryndagy is әreketinin strategiyasyn ajkyndau үshin kәsiporyndardyn baskarushylaryna beriledi Marketingilik kyzmetKәsiporynnyn firmanyn kәsipkerdin t b bagany zharnamany pajdalanuga ondiristi yntalandyruga saktau men tasymaldaudyn osy zamangy tәsilderin tauarlardyn tutynushyga zhetuine belsendi ykpal zhasajtyn kyzmet korsetudin tehnikalyk tүrleri men baska da tүrlerin koldanudy zhan zhakty zerdeleu men bolzhauga bajlanysty kyzmeti Kәsiporyn onimnin tauardyn bujymnyn nakty tүrine zhәne ony tutynushylarga oraj M k tin belgili bir elementterine basa nazar audarady Mysaly tutynu tauarlary үshin bukaralyk akparat kuraldary arkyly beriletin zharnamanyn manyzy zor al ondiristik maksattagy onim үshin zhondeu kyzmetin korsetudi ujymdastyruga kosalky bolshektermen zhabdyktauga basa mәn beriledi Marketingini baskaruMezhelengen maksatka kol zhetkizu үshin pajda alu otkizu kolemin ulgajtu rynoktyn үlesin molajtu t b tiimdi suranymdy belgileu men koldaudy kozdejtin sharalardy taldau zhosparlau zhүzege asyru olardyn oryndaluyn bakylau arkyly nysanaly tүrde ykpal zhasau Ogan kәsiporyn ortasyn narykty tutynushylardy tauarlar men kyzmetterdin tүr tүri men sapasyn tauarlardyn otkizilui men kozgalysyn bagany zharnamany marketingilik zertteulerdi rynok suranym men bәseke otkizim men bolu zharnama firmanyn taktikasy men strategiyasy salasyndagy baskaru zhatady Baskasha ajtkanda Marketingini baskaru suranymdy baskaru Marketingimen shugyldanushy suranymnyn dengejine uakyty men sipatyna әser ete bilui tiis ojtkeni oryn alyp otyrgan suranym kalagan suranymmen үjlespeui mүmkin Marketingini baskarushylar firmanyn marketingilik zhagdajyna taldau zhasaumen mezhelengen zhosparlardy iske asyrumen shugyldanushy zhәne bakylau mindetin oryndaushy lauazymdy adamdar Olarga otkizu kyzmetinin baskarushylary men kyzmetkerleri otkizimdi yntalandyru zhonindegi mamandar tauarlar zhonindegi baskarushylar baga belgileu mamandary zhatady Marketingini zhosparlauKәsiporynnyn marketingilik kyzmetinin barlyk bagyttary bojynsha tәptishtelgen zhosparlar әzirleu Mundaj marketing zhosparlardyn kurylymynda negizgi korsetkishterdin tizbesi rynoktardyn olardyn negizgi bolikterinin tutynushylardyn satyp alushylardyn bәsekelesterdin sipattamasy bәsekenin saldarynan bolatyn yktimal kiyndyktardy taldau bәsekelestik artykshylyktar zhosparly kezende firma kol zhetkizuge tiis tuzhyrymdalgan maksattar marketing strategiyasyn onyn barlyk kesheni maksatty rynoktar shygyndardyn dengeji bojynsha kyzmetinin bagdarlamalary onyn barlyk ustanymdary bojynsha nakty is kimyldary bolzhaldy pajdanyn esebi zhospardyn oryndaluy barysyna bakylau zhasau kamtylady Firma onimnin tauarlardyn birneshe tүrlerin aluan tүrli suryptalymdyk toptardy ondiretin tүrli rynoktarda zhumys istejtin zhagdajda әrbir zhajgasym bojynsha zheke marketing zhospar zhasalady Derekkozder1 Marketing negizderi okulyk F Kotler G Armstrong 17 bas Almaty 2019 https openu kz kz book marketing negizderi Қarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 Bank terminderi men ugymdarynyn kazaksha oryssha sozdigi Ғ Sejitkasymov B Bejsengaliev Zh Bekbolatuly Almaty Ekonomika 2006 ISBN 9965 783 20 9 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Poligrafiya olsheu tehnikasy agash ondeu zhabdyktary zhәne metall ondeu tehnikasy men tehnologiyasy Қazaksha oryssha terminderdin tүsindirme sozdigi Syrtky siltemelerMalimetter kz Marketing referat kazaksha Malimetter kz Banktik marketing mәni men ereksheligi referat kazaksha Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz