Ләззат Оразханқызы Асанова (27.07.70, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы — 25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған , өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Lәzzat Orazhankyzy Asanova 27 07 70 Almaty oblysy Panfilov audany Akzhazyk auyly 25 12 86 Almaty Zheltoksan koterilisinin 1986 kurbany 1985 zhyly Almatyda P Chajkovskij atyndagy muzykalyk uchilishege okuga tүsken Almatyda 1986 zhylgy 17 18 zheltoksanda bolgan kazak zhastarynyn otarshyldyk zhәne әmirshildik zhүjege karsy azattyk koterilisine belsene katyskan Ol Ortalyktyn bilep tosteushiligine narazylyk bildirip kaladagy Zhana Alanga kazirgi Respublika alany algashky ereuilshiler katarynda Қazaktar Kiriptarlyk kuldykta omir sүrgenimiz zhetedi Biz elimizdin tәuelsizdigin zhenip algan kezde gana azat bola alamyz degen uranmen shykty Koterilis katygezdikpen zhanyshtalgannan kejin baska da ustalgan 87 adam katarynda A ga Қazak KSR ҚK nin 65 babymen ajyp tagylyp Koteriliske katysyp ustalgandar zhonindegi Қazak KSR IIM nin kuzhaty 1211 177 23 02 1990 kamauga alyndy 1986 zhylgy 17 18 zheltoksanda Almaty kalasynda bolgan okigalarga tүpkilikti baga beru zhoninde respublika Zhogargy Kenesinin Toralkasy kurgan komissiya mүshesi F Ignatovtyn mәlimetterine karaganda Lәzzattyn mәjiti birneshe kүnnen kejin muzykalyk uchilishe zhatakhanasynan tabylgan da ol turaly zhatakhananyn besinshi kabatynan kulap olgen degen kaueset taratylgan Osygan karamastan mәjitti Almaty oblysy Panfilov audanyndagy Akzhazyk kentine Ishki ister ministrligi men Memlekettik kauipsizdik komitetinin kyzmetkerleri arnajy karauyldap apargan Lәzzatty zherleudin aldynda denesin ak zhuyp arulagan kezde onyn eki bilegine salyngan temir bugaudyn kaldyrgan kokpenbek izderin bas sүjeginin shүjdesi ojylyp ketkeni anyktaldy Osygan karaganda ol zhazalaushylardyn kolynan kaza tapkan Қazakstan tәuelsizdik algannan son gana A zhonindegi shyndyk kalpyna keltirile bastady Lәzzattyn erligine arnalgan әn Қaһarman kyz Lәzzat kyz Muzykasyn zhazgan oleni Abdrahman Asylbektiki ol zhoninde baspasoz betterinde galymdar men memleket kogam kajratkerlerinin pikirleri zharyk kordi Lәzzat Asanovanyn komsomoldyk biletiDerekkozder