Лингвостилистика, лингвистикалық стилистика — сөздің қолданылу заңдылықтары мен тілдің стильдік тармақтарын тіл білімінде зерттейтін саласы. Екінші жағынан, лингвостилистика — көп салалы, көп мағыналы стилистиканың бір саласы. Лингвостилистиканың өз ішіндегі бөліктері хақында әлемдік тіл білімінде әр түрлі қөзқарастар баршылық. Әсіресе, көркем әдебиет тілін бөлек қарастырып, оны лингвостилистика мен әдебиеттану стилистикасының арасындағы сала деушілер де болды (В. В. Виноградов). Сонымен, бүгінгі таңдағы лингвостилистиканың көпшілік табан тіреген теориялық пікірлеріне сүйенсек, оның басты екі бағытын немесе екі түрін атауға болады. Олар: 1) тіл ресурстарының стилистикасы немесе тіл стилистикасы. Ол өз ішінде тілдің деңгейлеріне байланысты: а) лексикалық стилистика, фразеология стилистика (немесе екеуін қосып лексика-фразеологиялық стилистика деп атаушылық та бар). Лингвостилистиканың бұл түрі лексикикалық бірліктер мен тұрақты тіркестердің стилистикалық қызметін зерттейді; ә) фонетикалық стилистика. Ол тілдегі дыбыстар жүйесінің қолданылу заңдылықтарын қарастырады; б) морфология стилистикада қосымшалардың ойды дәл және мақсатқа сай беру қатынасына көңіл бөлінеді; в) синтаксистік стилистикада сөз тіркестері мен сөйлемдердің түрлерінің, олардан да көлемді конструкциялардың (күрделі синтаксистік тұтастық, т. б.) стилистикалық мақсатта жұмсалуындағы дұрыс немесе бұрыс құрастырылғаны негізгі нысанаға алынады. 2) Функциональдық стилистика немесе қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи). Бұл да өз ішінде бірнеше топқа жіктеледі. Бұл жіктелу функциональдық стильдер жүйесі бойынша жүзеге асады, демек, әдеби тілдегі бес функционапдық стильге бөлінеді: а) ауызекі сөйлеу стилі; ә) ресми стиль; б) ғылыми стиль; в) публицистикалық стиль және г) көркем әдебиет стилі (немесе тілі). Бұл стильдердің барлығы да өздеріне тән тілдік-коммуникативтік жанрларда қызмет етеді. Бір функциональдық стильдің тілдік элементтері екіншісінде немесе бірнешеуінде бола беруі мүмкін, бірақ әр стильдің өздерін даралайтын лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер бар. Лингвостилистиканың арқауына енетін стильдердің тағы бір түрі — эмоциялық-экспрессивтік стильдер. Көп ретте стильдің бұл түрлері функциональдық стильдердің құрамында қарала береді.
Дереккөздер
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Lingvostilistika lingvistikalyk stilistika sozdin koldanylu zandylyktary men tildin stildik tarmaktaryn til biliminde zerttejtin salasy Ekinshi zhagynan lingvostilistika kop salaly kop magynaly stilistikanyn bir salasy Lingvostilistikanyn oz ishindegi bolikteri hakynda әlemdik til biliminde әr tүrli kozkarastar barshylyk Әsirese korkem әdebiet tilin bolek karastyryp ony lingvostilistika men әdebiettanu stilistikasynyn arasyndagy sala deushiler de boldy V V Vinogradov Sonymen bүgingi tandagy lingvostilistikanyn kopshilik taban tiregen teoriyalyk pikirlerine sүjensek onyn basty eki bagytyn nemese eki tүrin atauga bolady Olar 1 til resurstarynyn stilistikasy nemese til stilistikasy Ol oz ishinde tildin dengejlerine bajlanysty a leksikalyk stilistika frazeologiya stilistika nemese ekeuin kosyp leksika frazeologiyalyk stilistika dep ataushylyk ta bar Lingvostilistikanyn bul tүri leksikikalyk birlikter men turakty tirkesterdin stilistikalyk kyzmetin zerttejdi ә fonetikalyk stilistika Ol tildegi dybystar zhүjesinin koldanylu zandylyktaryn karastyrady b morfologiya stilistikada kosymshalardyn ojdy dәl zhәne maksatka saj beru katynasyna konil bolinedi v sintaksistik stilistikada soz tirkesteri men sojlemderdin tүrlerinin olardan da kolemdi konstrukciyalardyn kүrdeli sintaksistik tutastyk t b stilistikalyk maksatta zhumsaluyndagy durys nemese burys kurastyrylgany negizgi nysanaga alynady 2 Funkcionaldyk stilistika nemese koldanys tili stilistikasy stilistika rechi Bul da oz ishinde birneshe topka zhikteledi Bul zhiktelu funkcionaldyk stilder zhүjesi bojynsha zhүzege asady demek әdebi tildegi bes funkcionapdyk stilge bolinedi a auyzeki sojleu stili ә resmi stil b gylymi stil v publicistikalyk stil zhәne g korkem әdebiet stili nemese tili Bul stilderdin barlygy da ozderine tәn tildik kommunikativtik zhanrlarda kyzmet etedi Bir funkcionaldyk stildin tildik elementteri ekinshisinde nemese birnesheuinde bola berui mүmkin birak әr stildin ozderin daralajtyn lingvistikalyk zhәne ekstralingvistikalyk belgiler bar Lingvostilistikanyn arkauyna enetin stilderdin tagy bir tүri emociyalyk ekspressivtik stilder Kop rette stildin bul tүrleri funkcionaldyk stilderdin kuramynda karala beredi DerekkozderҚazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne densaulyk saktau ministrligi Қazakstan damu instituty 1998 zhyl 509 bet ISBN 5 7667 2616 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz