Лингвомәдениеттану (лит. lingua – тіл, араб.: مَدَنِيَّة, мәдәнийә – мәдениет) — тілтану және мәдениеттану ғылымдарының тоғысуы нәтижесінде туындаған ғылым саласы. Лингвомәдениеттану халық мәдениетінің тілге әсер етуін, олардың диалектикалық байланысын, дамуын, өзгеруін жүйелі түрде зерттейді.
Лингвомәдениеттану қоғамдық пәндермен және лингвистикалық пәндермен де тығыз байланысты ғылым саласы. Лингвомәдениеттану мәдениетке қатысты сөздерді салаға жіктеп, жүйелеп, таным тұрғысынан түсіндіреді.
Зерттелуі
В.В. Воробьев «лингвистикалық мәдениеттану — тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мен өзара әсерін қазіргі заманғы қоғамда қалыптасқан норма мен жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйене отырып, олардың қолданысы арқылы, жүйелі әдістер арқылы тілдік және мәдени мазмұндағы бүтін бір құрылымдық бірлік ретінде көрсететін синтез түріндегі кешенді пән».
Лингвомәдениеттанудың өркениеті, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыдан сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы жайт тұрғысында, сондай-ақ, көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының қызметін арттыруда халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін тілші Анар Салқынбайдың мына пікірі толықтырады: «Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами гуманитарлық, мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады».
А. Сейсенова этикет формаларына линговмәдениеттану аспектісінде салыстырмалы талдау жасап, халық мәдениеті мен ұлттық мәдениеттің бірлік қызметіне ерекше тоқтайды: «Лингвомәдениеттану – мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады» деп түйіндейді.
Дереккөздер
- Воробьев, В.В. Лингвомәдениеттану (анықтамасы және тәсілдері) = Лингвокультурология (теория и методы) — Мәскеу: Издательство Российского университета дружбы народов, 1997. — 332 б.
- Салқынбай, А. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект) — Алматы: Қазақ университеті, 1999. — 310 б.
- Сейсенова, А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формулаларына салыстырмалы талдау — Алматы, 1998. — 183 б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Lingvomәdeniettanu lit lingua til arab م د ن ي ة mәdәnijә mәdeniet tiltanu zhәne mәdeniettanu gylymdarynyn togysuy nәtizhesinde tuyndagan gylym salasy Lingvomәdeniettanu halyk mәdenietinin tilge әser etuin olardyn dialektikalyk bajlanysyn damuyn ozgeruin zhүjeli tүrde zerttejdi Lingvomәdeniettanu kogamdyk pәndermen zhәne lingvistikalyk pәndermen de tygyz bajlanysty gylym salasy Lingvomәdeniettanu mәdenietke katysty sozderdi salaga zhiktep zhүjelep tanym turgysynan tүsindiredi ZertteluiV V Vorobev lingvistikalyk mәdeniettanu til men mәdeniettin ozara bajlanysy men ozara әserin kazirgi zamangy kogamda kalyptaskan norma men zhalpyadamzattyk kundylyktarga sүjene otyryp olardyn koldanysy arkyly zhүjeli әdister arkyly tildik zhәne mәdeni mazmundagy bүtin bir kurylymdyk birlik retinde korsetetin sintez tүrindegi keshendi pәn Lingvomәdeniettanudyn orkenieti kogamdyk gylymdarmen katar damuyn tildik turgydan soz etu pәnnin zertteu obektisin naktylaj tүsedi Osy zhajt turgysynda sondaj ak kone til derekteri leksikamyzda sozzhasam salasynyn kyzmetin arttyruda halkymyzdyn mәdeni omirimen bajlanysty ekenin tilshi Anar Salkynbajdyn myna pikiri tolyktyrady Tildik derekterdi lingvomәdeni aspektide zertteu en әueli tilder arasyndagy zhalpyadami gumanitarlyk mәdeni orkeniettik kyrlardy ajkyndau bolyp tabylady Tabigattagy әlemdegi kubylystar kogamdagy sana men salt bәri de tilde oz korinisin tabatyndyktan atau men onyn zhasalu sipaty lingvomәdeni aspektide karastyrylady A Sejsenova etiket formalaryna lingovmәdeniettanu aspektisinde salystyrmaly taldau zhasap halyk mәdenieti men ulttyk mәdeniettin birlik kyzmetine erekshe toktajdy Lingvomәdeniettanu mәdeniettin tildik zhүjege kalaj әser etetin yagni faktor men adam bojyndagy tildik faktorlardyn bajlanysyn karastyrady dep tүjindejdi DerekkozderVorobev V V Lingvomәdeniettanu anyktamasy zhәne tәsilderi Lingvokulturologiya teoriya i metody Mәskeu Izdatelstvo Rossijskogo universiteta druzhby narodov 1997 332 b Salkynbaj A Tarihi sozzhasam Semantikalyk aspekt Almaty Қazak universiteti 1999 310 b Sejsenova A D Lingvistikalyk mәdeniettanu etiket formulalaryna salystyrmaly taldau Almaty 1998 183 b