Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өткізіледі. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады.Лимфа құрамында нәруыз өте аз және эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады.
Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық, ал қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.
Лимфа тамырлары
Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі көктамыр (вена) қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы көктамыр (вена) қанымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.
Лимфа түйіндері
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді. Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, , мойын, құрсақ қуысы, пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және шүйде, бұғанаүсті және бұғанаасты аймағы. Кейде лимфа түйіндері бактериялардың жиналу әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты көктамырларға келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.
Лимфа жуйесінің қызметі:
- Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.
- Лейкоциттер түзеді.
- Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.
- Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
Лимфаның ағуы
Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:
- Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты.
- Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен.
- Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен баяу қозғалады.
Дереккөздер
- Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Limfa zhүjesi zhүrek kan tamyrlar zhүjesinin bir boligi Limfa zhүjesi arkyly ulpalardan kantamyrlarga su nәruyz maj zat almasu onimderi kajta otkiziledi Bul zhүjemen moldir tүssiz sujyktyk limfa agady Limfa kuramynda nәruyz ote az zhәne eritrocitter bolmajdy Limfa tamyrlarynyn kantamyrlardan ajyrmashylygy limfa tamyrlarymen sujyktyk tek bir bagyt bojynsha zhүrekke karaj agady Limfa zhujesi Limfa zhүjesinde arteriyalarga uksas tamyrlar bolmajdy tek limfa kyltamyrlary bolady Limfa kyltamyrlarynyn ajyrmashylygy limfa kyltamyrlarynyn bir ushy tujyk al kantamyr kyltamyrlarynyn eki ushy da ashyk Olar ulpa zhasushalarynyn arasynan bastalady Қyltamyrlar kantamyrlaryna karaganda limfalyk kyltamyrlardyn zhaktaulary ote zhuka Limfa kyltamyrlary mi zhulyn shemirshek kaganak koz burshagynan baska mүshelerdin bәrin torlap zhatady Limfa tamyrlaryLimfa kyltamyrlary limfa tamyrlaryna birigedi onyn ishki betinde kakpakshalary bar Ol kakpakshalar limfa sujyktygynyn bir bagytka zhүrekke karaj aguyn kamtamasyz etedi Eki iri limfa tamyrlary zhүrektin kasyndagy үlken kanajnalu shenberinin iri koktamyr vena kantamyrlaryna kosylady Limfa sujyktygy koktamyr vena kanymen aralasyp zhүrektin on zhak zhүrekshesine kujylady Limfa tүjinderiLimfa tүjinderi limfa tamyrlarynyn kosylgan zherinde zhasushalardyn zhinaktaluynan tүziledi Olar kantamyrlardyn ajnalasynda ornalasady Limfa tүjinderinin pishini domalak sopaksha үrmeburshak tәrizdi Limfa tүjinderinin bir zhagy ishke karaj kirinki ojystau bolady Ojystau zherinde arteriya kantamyrlary men zhүjkeler ornalaskan Limfa tүjinderinin syrtyn dәneker ulpasynan tүzilgen tygyz kaptama kaptajdy Limfa tүjinderinin ornalaskan zheri koltyk mojyn kursak kuysy pen tizenin bүgilisi astyngy zhaksүjek zhәne shүjde buganaүsti zhәne buganaasty ajmagy Kejde limfa tүjinderi bakteriyalardyn zhinalu әserinen kabynyp isip ketedi Mysaly baspamen auyrganda mojyndagy tүjinder isedi bez shoshidy Limfa tүjinderi kan tүzilu үderisine agzanyn korganysh reakciyasyna katysyp limfa agynyn rettejdi Limfa tүjinderi әr tүrli zhukpaly aurulardy tugyzatyn bakteriyalardy kanga zhibermej zhoyady Olardyn ularyn ziyansyz etedi Limfa tүjinderinde karsydene dep atalatyn erekshe zhasushalar tүziledi Iri limfa tamyrlaryn limfa ozekteri dep atajdy En iri keude limfa ozegi kursak kuysynda ornalaskan Ogan ayaktan zhambas zhәne kursak kuystarynan limfa sujyktygy zhinalady Keude limfa ozegi mojyn tusynda ornalaskan Ol sol zhaktagy koltykasty koktamyrlarga kelip kosylady Sonymen limfa zhүjesine limfa kyltamyrlary limfa tamyrlary limfa tүjinderi zhәne limfa ozekteri zhatady Limfa zhujesinin kyzmeti Ұlpa sujyktygynyn kanajnalym zhүjesine kosyluyna komektesedi Lejkocitter tүzedi Agzaga tүsken bogde deneler men bakteriyalardy ustap biologiyalyk sүzgi kyzmetin atkarady Ash ishek bүrlerindegi majlardy siniruge katysady Limfanyn aguyAdamda limfanyn kozgaluyna 3 zhagdaj әser etedi Limfa tamyrlaryna zhakyn ornalaskan kanka bulshyketterinin zhiyryluyna bajlanysty Keude kuysynyn tynysalu kozgalystarynyn әserinen Ishek bүrlerinin zhiyryluy men bosansuyna sәjkes agady Қanka bulshyketteri zhiyrylyp limfa tamyrlaryn kyskanda limfa bir bagyt bojymen bayau kozgalady DerekkozderZholymbetov Ө Sh Қulnazarov A K Sport terminderinin tүsindirme sozdigi Almaty Қazaksha oryssha ISBN 9965 822 48 4 Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2008 ISVN 9965 34 812 HBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet