Крахмалдау - бұйымдарды сыртқы өңі кетпеу үшін, қыртыстанбау және тез кірленуден сақтау үшін крахмалмен қатыру процессі. Крахмалдауға табиғи крахмалдарды (картоптан, күріштен, жүгеріден жасалған) немесе крахмалдауға арналған арнайы химиялық препараттарды пайдаланады.
Крахмалдаудың әсері
- Крахмалдау бұйымның бір тегіс болуын қамтамасыз етеді және бұдан кейін жууды да жеңілдетеді.
- Препараттар крахмалдап қана қоймай бұйымның бояуының түрін енгізіп, құрамындағы оптикалық ағартқыштар мен парфюмерлік хош иістер беріп өңдендіре түседі.
- Ақ және түсті мақта, кенеп матадан және вискозадан жасалған бұйымдарға арналған препараттар бір мезгілде крахмалдап, түрін ашады, нілдеп, хош иіс беріп және үтіктеуді жеңілдетеді.
Крахмалдаудың түрлері
Жұмсақ крахмалдау
Жұмсақ крахмалдау төсек жаймаларын, сүлгілерді, перделерді, әйелдердің жейделерін крахмалдағанда қолданылады.
Жартылай қатты крахмалдау
Жартылай қатты крахмалдау асхана жабдықтарын (дастарқан), жиһаз жапқыштарын, ерлердің жейделерін крахмалдағанда пайдаланылады.
- Крахмалдау қоспасы:
- 1 ас қасық крахмал;
- 1 л су.
Крахмалдау барысы
Крахмалдаудың бұл түрлері үшін картоптан немесе жүгеріден жасалған крахмалды пайдаланған тиімді.
- Желім жасау үшін крахмалды азғана суға езу керек;
- алынған массаны қайнап жатқан суға бірте-бірте құйып, түйіршектері әбден езілгенше араластырады;
- желім мөлдір әрі жабысқақ болу керек, егер желім мөлдір әрі жабысқақ болмаса, онда оны 3 минут (жүгері крахмалынан жасалынған желімді 5-6 минут) қайнатып алу қажет;
- дайын болған желімді көк иіл қосылған салқын суға құйып, содан соң ерітіндіге кірді салып, крахмал бірдей сіңуі үшін жақсылап араластырады;
- бұдан соң кірді сығып алып, жайып кептіреді.
Тюльден жасалған бұйымдарды арнайы рамаға керіп кептірген жөн. Кепкен бұйымдарға болар-болмас су бүркіп, біршама уақыттан соң сәл қызған үтікпен үтіктейді.
Қатты крахмалдау
Қатты крахмалдау - жаға, манжета, ерлердің сыртқы жейдесінің кеудесі т.б. крахмалдағанда қолданады.
- Крахмалдау барысы
- шикі картоп (крахмал сүті) пайдаланылады. 40-50г картоп (немесе жүгері крахмалы тіпті жақсы) крахмалға аз мөлшерде салқын су қосып, түйіртпектерін езіп 1 л суға салып, крахмал сүтін алғанша араластырады;
- одан кейін 15 г бураны 1 стақан жылы суға ерітіп, ерітіндіні суытады да, бірте-бірте крахмал сүтіне құяды;
- жақсылап араластырған соң 1-2 сағат демалдырып қойып, қайта араластыру керек;
- жағаға крахмал жақсы сіңуі үшін оны қолмен әбден ысқылап, сығып, таза ақ матаға орап, 30-40 минут ұстау қажет;
- содан кейін крахмал сіңген жағаны крахмалдың артығынан тазарту үшін ылғал шүберекпен сүртіп бірден үтіктеген дұрыс;
- ерлердің сыртқы жейделерін әуелі крахмалдап алып, содан соң жағасы мен манжетін және кеудесін тағы крахмалдау қажет.
Пайдалы кеңестер
- Бұйымдарды крахмалдау барысында крахмалдайтын заттарды көрсетілген нұсқауды қатаң қадағалай отырып пайдалану керек. Крахмалдауға пайдаланылатын түрлі препараттардың қолдану тәсілдері этикеткаларда немесе ораманың сыртында көрсетіледі.
- Аэрозольдық құтыдағы препататтарды қолданғанда кірді алдын-ала дымдандырмай, препаратты таза, құрғақ бұйымның үстінен ылғал тартқанша бүрку қажет, содан соң қызуы 150° -тан жоғары емес үтікпен үтіктейді.
- Мақта матадан жасалған қоңырқай өңді бұйымдарды картоп крахмалымен крахмалдауға болмайды, себебі үтіктеген соң оларда жолақтар мен дақтар пайда болады.
- Крахмалданған бұйымдарды қатты аязда кептіруге болмайды, себебі мұндай да бұйымның беріктігі азайып, бетінде жабысқақ заттар пайда болады.
- Крахмалдаған бұйымдарды үтіктей салысымен шкафқа салып тастауға болмайды, өйткені крахмал иісі шығып кетеді.
Дереккөздер
- "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Krahmaldau bujymdardy syrtky oni ketpeu үshin kyrtystanbau zhәne tez kirlenuden saktau үshin krahmalmen katyru processi Krahmaldauga tabigi krahmaldardy kartoptan kүrishten zhүgeriden zhasalgan nemese krahmaldauga arnalgan arnajy himiyalyk preparattardy pajdalanady KrahmaldauKrahmaldaudyn әseriKrahmaldau bujymnyn bir tegis boluyn kamtamasyz etedi zhәne budan kejin zhuudy da zhenildetedi Preparattar krahmaldap kana kojmaj bujymnyn boyauynyn tүrin engizip kuramyndagy optikalyk agartkyshtar men parfyumerlik hosh iister berip ondendire tүsedi Ak zhәne tүsti makta kenep matadan zhәne viskozadan zhasalgan bujymdarga arnalgan preparattar bir mezgilde krahmaldap tүrin ashady nildep hosh iis berip zhәne үtikteudi zhenildetedi Krahmaldaudyn tүrleriZhumsak krahmaldau Zhumsak krahmaldau tosek zhajmalaryn sүlgilerdi perdelerdi әjelderdin zhejdelerin krahmaldaganda koldanylady Krahmaldau kospasy 1 shaj kasyk krahmal 1 l su Zhartylaj katty krahmaldau Zhartylaj katty krahmaldau ashana zhabdyktaryn dastarkan zhiһaz zhapkyshtaryn erlerdin zhejdelerin krahmaldaganda pajdalanylady Krahmaldau kospasy 1 as kasyk krahmal 1 l su Krahmaldau barysy Krahmaldaudyn bul tүrleri үshin kartoptan nemese zhүgeriden zhasalgan krahmaldy pajdalangan tiimdi Zhelim zhasau үshin krahmaldy azgana suga ezu kerek alyngan massany kajnap zhatkan suga birte birte kujyp tүjirshekteri әbden ezilgenshe aralastyrady zhelim moldir әri zhabyskak bolu kerek eger zhelim moldir әri zhabyskak bolmasa onda ony 3 minut zhүgeri krahmalynan zhasalyngan zhelimdi 5 6 minut kajnatyp alu kazhet dajyn bolgan zhelimdi kok iil kosylgan salkyn suga kujyp sodan son eritindige kirdi salyp krahmal birdej sinui үshin zhaksylap aralastyrady budan son kirdi sygyp alyp zhajyp keptiredi Tyulden zhasalgan bujymdardy arnajy ramaga kerip keptirgen zhon Kepken bujymdarga bolar bolmas su bүrkip birshama uakyttan son sәl kyzgan үtikpen үtiktejdi Қatty krahmaldau Қatty krahmaldau zhaga manzheta erlerdin syrtky zhejdesinin keudesi t b krahmaldaganda koldanady Krahmaldau barysy shiki kartop krahmal sүti pajdalanylady 40 50g kartop nemese zhүgeri krahmaly tipti zhaksy krahmalga az molsherde salkyn su kosyp tүjirtpekterin ezip 1 l suga salyp krahmal sүtin algansha aralastyrady odan kejin 15 g burany 1 stakan zhyly suga eritip eritindini suytady da birte birte krahmal sүtine kuyady zhaksylap aralastyrgan son 1 2 sagat demaldyryp kojyp kajta aralastyru kerek zhagaga krahmal zhaksy sinui үshin ony kolmen әbden yskylap sygyp taza ak mataga orap 30 40 minut ustau kazhet sodan kejin krahmal singen zhagany krahmaldyn artygynan tazartu үshin ylgal shүberekpen sүrtip birden үtiktegen durys erlerdin syrtky zhejdelerin әueli krahmaldap alyp sodan son zhagasy men manzhetin zhәne keudesin tagy krahmaldau kazhet Pajdaly kenesterBujymdardy krahmaldau barysynda krahmaldajtyn zattardy korsetilgen nuskaudy katan kadagalaj otyryp pajdalanu kerek Krahmaldauga pajdalanylatyn tүrli preparattardyn koldanu tәsilderi etiketkalarda nemese oramanyn syrtynda korsetiledi Aerozoldyk kutydagy prepatattardy koldanganda kirdi aldyn ala dymdandyrmaj preparatty taza kurgak bujymnyn үstinen ylgal tartkansha bүrku kazhet sodan son kyzuy 150 tan zhogary emes үtikpen үtiktejdi Makta matadan zhasalgan konyrkaj ondi bujymdardy kartop krahmalymen krahmaldauga bolmajdy sebebi үtiktegen son olarda zholaktar men daktar pajda bolady Krahmaldangan bujymdardy katty ayazda keptiruge bolmajdy sebebi mundaj da bujymnyn beriktigi azajyp betinde zhabyskak zattar pajda bolady Krahmaldagan bujymdardy үtiktej salysymen shkafka salyp tastauga bolmajdy ojtkeni krahmal iisi shygyp ketedi Derekkozder Shanyrak үj turmys enciklopediyasy Almaty 1991 ISBN 5 89800 035 6 1 j z d