Кинотеатр — көпшілікке кинофильмдер көрсетуге арналған ғимарат не ғимараттың бір бөлігі. Ол экран тұрпаты бойынша кең пішімді, кең экранды, әдеттегі, стереоскопиялы дөңгелек панорамалы (циркорама) Кинотеатр, залдарының құрамына қарай бір, екі, кейде үш залдық Кинотеатр, арналуы мен қызметіне қарай балалар, ересектер Кинотеатры, деректі фильмдік, қайта көрсетілімдік Кинотеатр болып бөлінеді. Кинотеатр ғимараты көрермендер залы, аппараттық, әкімшілік бөлімдерден тұрады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда небәрі 13 жеке меншік кинозал (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола, Қостанай және Ақтөбеде) болды. Верныйда тұңғыш кино 1910 ж. Кинотеатрында көрсетілді. Кинотехниканың өте төмен дәрежеде болуы, өлкенің экономикалық жағынан артта қалуы әрі халықтың сирек орналасуы себепті фильмдер аракідік көрсетілді. Кино өндірісі болмаса да оның белсенді насихатшылары болды. Солардың бірі – Ә.Жангелдин. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, сол сапарынан Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиалық, тұрмыстық мәні бар 40 шақты таспа мен жылжымалы кинопроектор алып келіп, халыққа көрсетті. Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы Кинотеатрлары 20 ғ-дың 30-жылдары салына бастады. Бұл кезеңде Алматыда “Алматы” (қазіргі 28-гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта), Қарағандыда “Қазақстан” (қазіргі Қазақ драма театрының ғимараты), “Шахтер”, Қызылордада “Амангелді” секілді Кинотеатр ғимараттары бой көтерді. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Кинотеатрлар, негізінен, бір тұрпатты жобамен салынды. Алматыдағы “Алатау” (1960), “Арман” (1968), Кино үйі (1971), “Байқоңыр” (1980), т.б. Кинотеатрлар, Астанада 1990 ж. аяғы мен 2000 ж. басында бой көтерген жаңа Кинотеатрлар осы заманғы ең озық кинотехникамен жабдықталған әсем ғимараттар қатарына жатады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kinoteatr kopshilikke kinofilmder korsetuge arnalgan gimarat ne gimarattyn bir boligi Ol ekran turpaty bojynsha ken pishimdi ken ekrandy әdettegi stereoskopiyaly dongelek panoramaly cirkorama Kinoteatr zaldarynyn kuramyna karaj bir eki kejde үsh zaldyk Kinoteatr arnaluy men kyzmetine karaj balalar eresekter Kinoteatry derekti filmdik kajta korsetilimdik Kinoteatr bolyp bolinedi Kinoteatr gimaraty korermender zaly apparattyk әkimshilik bolimderden turady Қazan tonkerisine dejin Қazakstanda nebәri 13 zheke menshik kinozal Semej Pavlodar Өskemen Akmola Қostanaj zhәne Aktobede boldy Vernyjda tungysh kino 1910 zh Kinoteatrynda korsetildi Kinotehnikanyn ote tomen dәrezhede boluy olkenin ekonomikalyk zhagynan artta kaluy әri halyktyn sirek ornalasuy sebepti filmder arakidik korsetildi Kino ondirisi bolmasa da onyn belsendi nasihatshylary boldy Solardyn biri Ә Zhangeldin Ol 1913 zh Europa men Aziya elderinde sayahatta bolyp sol saparynan Ispaniya Үndistan Қytaj t b elderdin omirinen tүsirilgen etnografialyk turmystyk mәni bar 40 shakty taspa men zhylzhymaly kinoproektor alyp kelip halykka korsetti Қazakstanda kenestik dәuirdin algashky Kinoteatrlary 20 g dyn 30 zhyldary salyna bastady Bul kezende Almatyda Almaty kazirgi 28 gvardiyashyl panfilovshylar atyndagy sayabakta Қaragandyda Қazakstan kazirgi Қazak drama teatrynyn gimaraty Shahter Қyzylordada Amangeldi sekildi Kinoteatr gimarattary boj koterdi 20 gasyrdyn 60 zhyldarynan bastap Kinoteatrlar negizinen bir turpatty zhobamen salyndy Almatydagy Alatau 1960 Arman 1968 Kino үji 1971 Bajkonyr 1980 t b Kinoteatrlar Astanada 1990 zh ayagy men 2000 zh basynda boj kotergen zhana Kinoteatrlar osy zamangy en ozyk kinotehnikamen zhabdyktalgan әsem gimarattar kataryna zhatady DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet