Қарағанды еңбекпен түзету лагері — 1930 жылы ұйымдастырылған. 1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК «Қазақ еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы» Қаулысы қабылданды. Құжатта: «саяси-шаруашылық және аграрлық-мәдени, Қазақстандағы ОГПУ-дың ерекше мақсаттағы лагерлері Қарқаралы округіндегі мәжбүр ету арқылы жұмыс істету лагерлері жанындағы үлкен аралас құрылатын кеңшарларды ескере отырып, Халық комиссарлар кеңесі қаулы етеді:
- Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқарамасының Қоянды жәрмеңкесі аумағы мен құрылыстарынан басқа 110.000 гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініші қанағаттандырылсын.
- Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылады.
Еңбекпен түзету лагері
Қаулыға сәйкес 1930 жылғы 13 мамырда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қарқаралы округінің Бесоба мен Қоянды жәрмеңкесі арасындағы 110.000 гектар жерді бүкіл құрылыстарымен ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлерінің қарамағына беру туралы шешім қабылдайды. Алайда, бір жылдан кейін, яғни 1931 жылғы 19 желтоқсанда басқаша шешім қабылданады онда: «Қазақ еңбекпен түзету лагерінің» бірінші бөлімшесі – «Гигант» кеңшары осы күннен бастап қысқартылған түрде «КарлагОГПУ» деп аталатын, ГУЛАГ-қа тікелей бағынатын Қарағандының жеке еңбекпен түзеу лагері болып қайта құрылатыны, лагерь басқарамсы Долинка ауылында орналасатыны» айтылған.
Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзету лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Қарлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Қарлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы , Жезқазған және аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын.
Қарлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысы бойынша Долинка ауылы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.
Қарлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл операциялар үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Немістер мен орыстар, украиндар негізінен Қарағанды облысының Тельман, Осакаров және Нұра аудандарына қоныс аударды. Қазақтардың тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерьлерге берліген жердің солтүстік бөлігіндегі халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Бұның бәрі байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражға салумен тұтас келді. Тәркіленген малдың біразы «Гигант» кеңшарында арнайы ұйымдастырылған «Востокмясо» деген ұйымға берілді. Жергілікті халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерді тұтықындардың сан мыңдаған топтары мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орналастырылды: теміржол салды, өздеріне барактар, мал қоралар, күзеттегі жауынгерлерге казармалар, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Құрылысқа көбінесе ескі үйлердің материалдары пайдаланылды, «бейіттердің саман кірпіштерін пайдалануға тыйым салынды», алайда ол тыйым кейде сақталған жоқ. Бейіттердің бұзылу фактісі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында кездесті. Бұл туралы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж.Сүлейменов Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Галайдинге арнаулы хат жолдады. Хатта былай делінген: «Аудан аумағында Қарлаг бөлімшелерін салу кезінде Ортау, Алабас, Жайдақсу шатқалдарында Қарлаг қызметкерлері қазақтың атақты адамдарының бейітін бұзды. Атақты Жидебай Сыздықтың және басқа да кісілердің бейіттері бұзылды, мал қораға айналдырылды». Қарлаг басқармасы тек қана ОГПУ (НКВД) ГУЛАГ-қа, Москваға бағынды. Республикалық және облыстық партия, кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Бұл өзі тізгіні Москадағылардың қолында болған отарлық үлгідегі құрылым еді. Мәні бойынша ол мемлекеттің ішіндегі мемлекет болды. Оның өзіндік шынайы өкіметі, қару-жарағы, көлік-құралдары, поштасы мен телеграфы болды. Көптеген бөлімшелері – «нүктелері» бірыңғай шаруашылық тетікпен байланыстырылды, олардың өзіндік мемлекеттік жоспары болды.
Қарлагтың құрылымы да мейлінше күрделі еді. Оның көптеген бөлімшелері болды: әкімшілік-шаруашылық (ӘШБ), есепке алу, бөлу бөлімі (ЕББ), бақылау-жоспарлау бөлімі (БЖБ), мәдени-тәрбие бөлімі (МТБ), кадрлар, жабдықтау, сауда, жедел-чекистік, қаржы, көлік және саяси бөлімдер. Осы соңғы бөлім ГУЛАГ басқармасына ай сайын 17 түрлі есеп жіберіп отырды. Жоғары тиімділік (арзан жұмыс күші, оған қоса қорлар құнының, аммортизациялық шығынның төмендігі) өндірісті кеңейтуге жағдай жасады. Қарлаг шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жатты. Егер 1931 жылы Қарлаг аумағы 53 000 гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар болды. Егер 1931 жылы Қарлагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске, ал, 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды. Әрбір бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп, учаске, нүкте, ферма деп аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығы фермасы, 7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі болды. Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь орталығынан қашықтығы 5 шақырымнан 650 шақырымға жететін. Қарлаг аумағы 1950 жылы 2 087 646 гектар, яғни 20 876 шаршы шақырым болды, соның ішінде егістік – 111 886 га, шабындық – 337 670га, жайылым – 1 378 999 га.
Лагерьдегі ауыл шаруашылығының үлес салмағы 58,5 пайызды, өнекәсіптікі -41,5 пайызды көрсетті. Ауыл шаруашылығының екі бейіні болды: өсімдік шруашылығының үлес салмағы -51,8%, мал шаруашылығы -48,2% болды. Қарлаг тұтқындарының жалпы саны кейбір жылдар бойынша келесідей: бір кездері тұтқындар саны 75 мың адамға өсті. Бұл адамдар лагерьдегі барлық қиындықтарға төзіп бақты, моральдық және басқа да ауыртпалықтарды көтеріп, адамгершілік қасиеттерін сақтай білді.
Спасск әскери тұтқындар лагері
ОГПУ-НВД-МТБ ерекше лагерь бөлімшесі Қарағандыдан 45 шақырым жерде орналасқан. Спасск – революцияға дейінгі Қазақстанға қоныстанған шетелдік ірі іскерлер компаниясының орталығы болған жер. 1931 жылға дейін Спасск Қарағанды ауданының орталығы болды. 1931 жылдың наурызынан Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің қарамағына берілді. Кейінірек мұнда Қарлагтан бөлек «Песчанный» деген аса үрейлі, лагерь бөлініп шықты. Бұл жерден ешкім тірі қайтпайтын. Егер Қарабас Қарлагтың қақпасы болса, Спасск оның бауырластар зираты болды. Сырқаттанып қалған тұтқындарды өлу үшін Спасскіге жіберетін. Сондықтан да бүкілодақтық ерекше лагерьлердегі мүгедектер мекені деген атауға ие болды. Шейіт болған тұтқындардың төмпешікке айналған қабірлері әлі күнге дейін сақталып жатыр.
КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары Чернышевтің 1941 жылғы 24 маусымдағы нұқауына сәйкес Спасскідегі соғыс тұтқындарына арналған арнаулы лагер ұйымдастырылды. Лагерь екі бөлімшеге – Орталық және екінші Көкөзек бөлімшесіне бөлінді. Соңғысы негізгі лагерьден бөлініп шығарылған, соғыс тұтқындарынан мүлде ажыратылған адамдардан құралды. Бөлімшелер арасының қашықтығы - 500 метр болды. Екі лагерь бөлімшелерінің қалыпты және барынша сыйымдылығы келесідей болды: а) әскери тұтқындарға арналған орталық бөлімшенің қалыпты сыйымдылығы 5000 адам, барынша сыйымдылығы - 6000 адам; в) «Көкөзек» бөлімшесі қалыпты сыйымдылығы - 650 адам, барынша - 1100 адам. Барлығы 19 әскери бекетте 259 әскери адам қызмет етті. Лагерьдің 100 шақырым айналысындағы елді мекендерде жергілікті іздестіру топтары болды. Жергілікті тұрғындар арасындағы белсенділерден қашқын тұтқындарды ұстауға көмектесетін бригадалар жасақталды. Осындай 46 бригадаға 214 адам топтастырылды.
Лагерьге 22 бөлімше қарады. Олар Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш қалаларында болды. Сондай-ақ Қарағандыдан 360 шақырым жердегі Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі бір бөлімше ұсталынды. Қалғандары Қарағанды қаласының ішіндегі: кірпіш зауытында, Майқұдықта, Пришахтинскіде, Үлкен Михайловка станицясында болды. Соғыс тұтқындарының алғашқы эшелоны Спасскіге 1941 жылдың тамыз айында әкелінді. Бұлар 1436 адам еді. Екі жылдан кейін соғыс тұтқындарының саны екі есе өсті. Лагерь өмір сүрген он жыл ішінде мұнда 26 ұлттың өкілінен құралған 40 мыңға жуық соғыс тұтқындары ұсталынды.
Лагерьлерге әкелінген әскери тұтқындардың саны 1944 жылдың екінші жартысында күрт өсті. Егер 1944 жылдың қаңтар айында лагерьде 2529 әскери тұтқын ұсталса, онда қазан айында олардың саны 11583 адамға жетті. 1945 жылдың қазан-қараша айларында лагерьге жапон армиясының 11608 әскери тұтқыны бес эшелонмен әкелінді. Тұтқындарды жұмыс күші ретінде шахталарда, кірпіш зауыттарында, жөндеу-механика зауыттарында, құрылыс ұйымдарында пайдаланды.
«Қарағанды көмір», «Шахта құрылыс», «Тұрғынүй құрылыс», «Металлург құрылыс», «Теміржол құрылыс» тресттерінде және басқа ұйымдарда 1945 жылы 9537 адам, ал, 1946 жылы -18592 адам, 1949 жылы - 15 мың адам жұмыс істеді. Қарағанды көмір бассейнінде соғыс тұтқындарын шахта жұмысына даярлау жөнінде өте үлкен жұмыс жүргізілді. 1945 жылы 1162 адам курстық тәсілмен оқытылды, олардың ішінде: навалсоққыштар - 225 адам, тіреушілер - 452 адам, темір ұсталары - 159 адам, қазба машинистері - 85 адам, қазушылар - 11 адам және т.б. Бұдан басқа жеке-бригадалық тәсілмен 1753 адам оқытылды, оның ішінде: навалобойщиктер - 800 адам, крепильщиктер - 200 адам, проходчиктер - 250 адам және т.б. күн сайынғы тапсырысты мүлтіксіз, артығымен орындау үшін лагерь басшылары мынандай нұсқау белгіледі: «Егер әскери тұтқындар бригадасы 8 сағат ішінде тапсырманы орындамаған болса, онда олар қосымша үш сағат жұмыс істеуге тиіс». Нысандарға арнаулы күзет тағайындалды. Олар тапсырманың 100 пайыз орындалуын талап етуге құқылы болды. Қарлагтағы сияқты, әскери тұтқындары да өндірістік жоспарларды артығымен орындаған үшін сыйақы алып отырды. 1946 жылдың қыркүйек айында 201 жұмысшы (150 сомнан 1200 сомға дейін), қазан айында - 219 лагерь жұмысшысы сыйақы алды. Соғыс тұтқындары жұмыс істеген шахталарда тәртіп бұзушылықтар болды, еркімен жалданып істейтін жұмысшылар он күндік әскери тұтқындар есебінен жазып жіберу орын алды. 1945 жылдың 14 тамызында «Киров көмір» трестінің №3 шахтасында №2 учаскедегі ауысымдық тапсырма жоспары көмір шығару 88 тоннаны құрады, іс жүзінде 135 тонна немесе 153,4% шығарылды. 5 адам еркімен жалданып істейтін жұмысшы, 17 әскери тұтқын, олардың ішінде 10 навалсоққыштар жұмыс істеді. Бұл күні еркімен жалданып істейтін навалсоққыштар ауысымда болмаған. Десятник рапортты жұмыс істемеген еркімен жалданып жұмыс істегендер есебіне жазған. Осы шахтаның №7 учаскеде десятник 22 әскери тұтқын, 9 еркімен жалданып жұмыс істейтіндер еңбек еткен, көмірді шығару жоспарының орындалуын еркімен жалданып жұмыс істейтіндер есебіне жазған. Әскери тұтқындар арасында өлім жоғары болды. Толық емес деректер бойынша 1942-46 жылдар арасында 7 мыңнан астам адам өлген. Тек 1945 жылы 2430 адам өлген. 1945-49 жылдары жапон тұтқындары арасындағы өлім былайша: 1945 жылы -49, 1946 жылы-228, 1947 жылы – 149, 1948 жылы – 92, 1949 жылы – 38, барлығы 556 адам. Негізгі қойылған диагноздар: туберкулез және аштықтан титықтау. Лагерьде тұтқындарды сауықтыру, өлімнен құтқарып қалу шаралары ұйымдастырылмады. Барактардың санитарлық жағдайы адам төзгісіз болды. Кей жағдайда лагерь бөлімшелерінде тұтқындарының жаппай уланып қалу оқиғалары кездесті. Мұндайда оларға жедел көмек көрсетілмеді. Мысалы, 12 және 15-ші лагерь бөлімшелерінде 96 адам дизентериямен лазаретке түскенде, оларға 3-4 күн бойы ешқандай дәрігерлік көмек көрсетілмеген. Лагерьде 10 дәрігер, 8 медбике, 4 фельдшер және 11 санитарка жұмыс істеді. Олар лагерьдегі бүкіл ауруларға қызмет көрсетіп үлгере алмайтын. Себебі, арнаулы госпитальда бір мыңнан үш мыңға дейін науқас тұтқындар жататын.
Барактарда температура қалыпты болған жоқ, үнемі суық болды, қыста барактардың сыртқы есіктері жабылмайтын еді. 17 лагерь бөлімшелерінде 44 адамның үсіп кеткен оқиғалары орын алған, олардың ішінде І дәрежелі – 14, ІІ дәрежелі – 24, ІІІ дәрежелі – 6 адам. Лазеретке түскен ауру тұтқындардың бағалы заттары (сағат, сақина, ақша жән т.б) сақтауға қабылданбай, тұтқындардың өздерінде болғандықтан ұрлық жасау орын алған. Тіпті лагерь қызметкерлерінің өздері де олардан бағалы заттарды сатып алатын оқиғалар да тікелген. Соғыс тұтқындарының лагерьден қашу оқиғалары да кездесіп тұрды. 1944 жылы 5 адам қашып, 3 адам қашуға әрекет жасаған. Ал 1946 жылы лагерьден 41 адам қашқан. Солардың ішінде немістер – 8, румындар – 14, жапондар -13, венгрлер -4, молдавандар -2. Мереке күндері лагерь күзетін күшейту және қашу жағдайларының алдын алу мақсатында соғыс тұтқындарын зона аймағынан тыс жерлерге жұмысқа алып шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар мереке күндері учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және соғыс тұтқындарының қашып кету әркеттерінің алдын-алу үшін лагерь учаскелеріне қосымша вахтерлік посттар мен бақылаушылар қою арқылы күшейтілген күзеттер қойылған. Мереке алдында сақтауға тыйым салынған заттарды алып қою мақсатында әскери тұтқындардың жеке заттарын және тұратын бөлмелеріне тінту жүргізген. Спасск лагері Қарлаг жүйесіндегі ерекше режимдегі лагерь деп есептегендіктен каторжниктерді, ерекше қауіпті қылмыскерлерді үнемі Қарлагқа аттандырып отырды. Спасск лагері 1956 жылға дейін Қарлагтың құрамында қалды.
Қарлаг-Степлаг
Жезқазған қаласы мен кен металлургия комбинатының құрылысы 1936 жылы басталды. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнына КСРО Ішкі істер министрлігінің аса ірі Жезқазған лагері құрылды. Үлкен Жезқазғанның жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан нысандарының бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, «Жезқазған еңбекпен түзету лагері және НКВД комбинаты» деп, ал Жезқазған қаласының құрылыс алаңы «НКВД-нің Кеңгір құрылыс ауданы» деп аталынды.
Өнеркәсіп пен құрылыс нысандарында 7 мыңнан астам тұтқындар жұмыс істеді. Ең әуелі Кеңгір су қоймасының бөгені мен жылу электр орталығы салынды. Тұтқындардың күшімен ұзындығы 400 шақырымнан астам Жарық станциясынан Кеңгірге дейін теміржол тармағы тартылды. Құрылыс нысандарының ұлғаюына байланысты тұтқындардың саны да өсе түсті. Рудниктерде 3117, Жезқазған марганец кенішіне тартылған теміржол құрылысында 2731, Жезқазған кенішінде 2100, басқа да өнеркәсіп нысандарында 1553, азаматтық құрылыста 1901, Байқоңыр көмірін өндіруде 300, ауыл шаруашылығы жұмыстарында 338 тұтқын жұмыс істеді. 1941 жыл ішінде комбинат пен лагерь 52 млн. сом капитал салымын игерді және құрамында 1500 тонна мысы бар 53 мың тонна мыс кенін қазып шығарды. 1941 жылдың 1 қаңтарында комбинатта барлығы 1784 ерікті жұмысшылар, соның ішінде 780 жұмысшы жұмыс істеді. Бұдан басқа мың адамдай күзет және лагерь әкімшілігінің қызметкерлері болды. Осы жылы тұтқындардың жаңа легі келіп қосылды. Кеніштердегі жұмысшылардың саны едәуір ұлғайды. 1942 жылы 605 мың тонна мыс кені қазып шығарылды (19800 тонна мыс). Шығарылған кендер Балқашқа, Қарсақпай мыс зауытына, Орал зауыттарына жіберілді. Соғыстың алғашқы жылдары алдында істен шыққан төрт шахта іске қосылды. Бес шахта қосалқы болды, ең бірінші ірі № 31 шахта іске қосылды.
1942 жылы Үлкен Жезді далалық өзеннің құмды жағалауында шамамен екі ондық уақытша барактар пайда болды. Бұл жерде тұтқын құрылысшылар мен болашақ Жезқазған марганец кенішінің пайдаланушылары орналастырылды. КСРО ХКК шешімінен және кеніштің құрылысы басталғаннан кейін 38 күн өткен соң 1942 жылдың 12 маусымында марганец кенінің алғашқы тонналары шығарылып, тұтынушы зауыттарға жіберілді.
Соғыс жылдарында Жезқазған кеніші Магнитогорск және Кузнецк металлургия комбинаттарының марганецке деген қажетін елеулі түрде қанағаттандырып отырды. Тұтқынадардың бұндай еңбектегі ерлік нәтижелері лагерьге еңбексүйгіш, жоғары білікті мамандар мен инженер-техник қызметкерлердің әкелінуімен түсіндіріледі. Ұлы Отан соғысы жылдары Жезқазған КСРО-ның қорғаныс өнекәсібіне мыстың жартысынан астамын және марганецтің 70 пайызын берді.
1941-1942 жылдары Жезқазған лагерінде контрреволюциялық қылмысы үшін 1830, қарақшылық пен кісі өлтіргені үшін 548, шекараны жасырын түрде бұзғаны үшін 108, әскерден қашқаны және соғыс қылымыс үшін 477, басқа да қылмыстары үшін 9050 адам отырды. Осы соңғы, «басқа да қылмыстары үшін» отырғандардың арасында ешқандай жазығы жоқ жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер және басқа да мамандық адамдары, НКВД-нің нұсқауы бойынша құлдық жұмысқа жіберілген адамдар көп еді. Олар айыпты болғандықтан емес, құрылыста, шахталар мен кеніштерде қажет болғандықтан лагерьлерде отырды. 1945 жылдың наурыз айында Қарлагтың Кеңгір бөлімшесі негізінде соғыс тұтқындарына арналған №50 лагері құрылды. Жылдың аяғына дейін ол №39 лагерьге айналдырылды. Тұтқынға түскен неміс жауынгерлерінің алғашқы 8 мың адамдық эшелоны Кеңгірге 1945 жылғы 23 сәуірде келіп түсті.
1946 жылға дейін ерекше қауіпті қылмыскерлер, «халық жаулары», «Отанын сатқандар», «контрреволюционерлер» үшін құрылған Жезқазған лагері Қарлагтың қарамағында болды. Егер Қарлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған болса, Степлаг Герман концлагерьлерінің принципі бойынша құрылды. Егер Қарлаг тұтқындары негізінен ауылшарушылығымен айналысса, Степлаг тұтқындары тек қана өнідірістік кәсіпорындарда жұмыс істеді. Лагерьдің бұрынғы тұтқыны Р. Ахметов былай деп еске алады: «Біздер фашистік концлагерьдегідей тұрдық. Мұнда әрбір тұтқынға арнаулы шифр-номер берілетін. Бізді ешқашан аты-жөнімізбен атамайтын, шифр-номерімізбен шақыратын. Әр бригадада 15-20 адамнан болды. Тұтқындар мыс кенін шығаруда жұмыс жасады. Бұрғылау құрғақ күйде жүргізілгендіктен, бос қазбаның шаңы туберкулез және силикоз ауруларына алып келетін. Тұтқындардың жағдайы өте ауыр болды. Барлық жағдайлар тұтқындардың ашу- ызасын тудырды. Тұтқындар дұрыс тамақтанбады, дұрыс ем қабылдаған жоқ, үнемі қорланды. Бұлардың барлығы наразылыққа алып келді. 1954 жылы 16 мамырда Степлагта атақты көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол бүкіл ГУЛАГ жүйесін дүр сілкіндірді. Степлаг тұтқындарының көтерілісі 40 күнге созылды. Олар үкіметке ұйымдасқан түрде қарсылық көрсетті. Көтерілістің басында Кеңес Армиясының неміс тұтқынында болған әскери интеллигенциясының өкілдері тұрды. Бұлар ақылды, сауатты, батыл шешім қабылдайтын адамдар еді.
Жезқазғандағы көтеріліске КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік министрі Серов, ішкі істер министрі Круглов, Бас прокурор Руденко, ГУЛАГ бастығы Долгих және басқалар келді.
Көтеріліс соғыс техникасының және тұрақты армия бөлімінің күшімен асқан қатыгездікпен басылды. Көтеріліс басшылары тұтқындалды. Өлгендер мен жарақаттанғандар көп болған, тірі алған куәгерлердің айтуынша 600 адам өліп, жарақаттанған. Кеңгір өндірістік-жоспарлау бөлімінің материалдары бойынша 700-ден астам өліп, жарақаттанған. Кеңгір бөлімшесіндегі тұтқындардың қарсылығы бұрын өмір сүрген және өмір сүретін лагерьлер тарихында аса маңызды орны бар оқиға. Кеңгір көтерілісінен кейін бүкіл ГУЛАГ жүйесіндегі каторгалық ерекше лагерьлер жойылды.
Қарағанды еңбекпен түзету лагеріндегі балалар
Қарағанды еңбекпен түзету лагерінде «халық жауларының» балалары жаза мерзімін өтеді. Олардың көбісі қатал қамауда ұстау жағдайларынан аман қалған жоқ. Жалаңаш және жалаң аяқ балалар жіңішке қамыстан жасалған төсеніштерде ұйықтаған. Жүкті әйелдер үшін жазаны кейінге қалдыру мүмкіндігі болмаған. 1938 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарлагқа келген 2103 әйелдің арасында 655 жүкті және емізетін аналар болды. 1941 жылы 108 жүкті әйел келді. Нәресте топтарында балаларды қолға алуға тыйым салынды. Дымқыл жөргектерді ғана ауыстыру рұқсат етілген болатын. 1939 жылы лагерде 451 жасөспірім болды, бір жыл ішінде 114 бала қайтыс болды. 1940-1941 жылдары Қарлагта 1048 бала дүниеге келді, ал 1950-1952 жылдары - 1713 бала. 5 нәресте үйінде 576 бала жайғастырылды. Қарлаг аумағында балалар комбинаты, Осакаров балалар үйі, Долинский балалар үйі, Санитарлық және медициналық бөлімнің сәбилер үйі, 18 балабақша болған. Төрт жасқа жеткенде балаларды Осакаров балалар үйіне жіберген. Балалармен айырылысу әйелдерді үмітсіздіктерге мәжбүрлеген, ал кейбірі ақылынан алжасқан болатын. Дәрігерлер жүкті әйелдерді тексеріп, перзентхана бөлімшелеріне жіберетін. Емізу кезеңінде қамауда отырған аналар жақын жерде орналасқан көкөніс бақшаларында, ал қыста олар тұрып жатқан жердегі тігін шеберханада жұмыс істеді. Әйелдер нәрестені емізуге құқықтары болу үшін 10 немесе одан көп сағат жұмыс істеуге мәжбүр болған. Көбінесе қалжыраған және әлсіреген әйелдер емшек сүтін жоғалту салдарынан нәрестелер қайтыс болған. Мұрағаттық деректерге сәйкес, Қарлагтың нәрестелер мен балалар үйлерінде балалар өлімі өте жоғары болған. Мәселен, 1941-1944 жылдары 924 бала қайтыс болды, ал 1950-1952 жылдары - 1130. 1950 жылғы 22 тамызда КСРО Үкіметінің «Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазасын өтеуден босату туралы» қаулысы шығарылды. Бұл қаулыдан кейін 785 жүкті әйел, лагерьден тыс жерде тұратын кішкентай балалары бар 706 әйел босатылды. Барлығы Қарлагтан 2886 әйел босатылды.
Мұражай
Қарлаг (Қарағанды түзеу-еңбек лагері) - жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде ұйымдастырылған ГУЛАГ (Қазақ КСР Халық комиссариатына (НКВД) қарасты лагерьлерінің Бас басқармасы) деп жинақтап алынған атымен жүздеген лагерьлердің бірі болған. Қазір бұрынғы Қарлаг мекемелері облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердің санатына жатқызылды. Кейіннен Қарлагтың әкімдік орталығына айналған Долинка кенті қазіргі Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау» мұражайы бұл жалпы аумағы 3 500 шаршы метр құрайтын екі қабатты ғимарат. Ғимарат кеңестік неоклассицизм сарынында (грек-рим стилінде) оған сұсты ұсқын беріп тұратын бағандармен қоса салынған; жергілікті әскерилердің мәдениетті орталығы болған офицерлер үйі; халық шаруашылығы жетістіктері көрмелері өтетін техника үйі; перзентхана мен намаз үйі, сондай-ақ бір кездегі Ерікті жалдамалы қызметкерлердің, тұтқындардың өздері салған көптеген құрылыстары, олардың басым бөлігі уақыт өте тозып, қирады. Екі қабатты еңселі ғимарат ол заман түгіл, бүгінгі күні де тым ерекше және де едәуір жабыңқы орындардың негізгі тізілімін құрайды. Ал бүгінгі мұражайы 2004 жылы Елбасының Жарлығымен ашылды. Мұнда келушілер көп. Бір жылда 3 мыңдай адам келеді. Әсіресе, шетелдіктер мен дін өкілдерінің қызығушылығы үлкен. Мұражайда Қарлаг тарихына байланысты, қуғын-сүргін көрген адамдардың тағдырына қатысты жәдігерлер мен мұрағат құжаттары жеткілікті.
Дереккөздер
- Бугай Н.Ф. Депортация этнических общностей: проблемы реабилитации в Росии и Казахстане // Россия и Казахстан: проблемы истории (20 – начало 21 века). – М., 2006.
- Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. - А, 1992.
- Спецпереселенцы в Карагандинской области. Сборник документов и материалов. - Караганда 2007.
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Тағы қараңыз
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaragandy enbekpen tүzetu lageri 1930 zhyly ujymdastyrylgan 1930 zhyldyn mamyr ajynda KSRO HKK Қazak enbekpen tүzetu lagerlerin ujymdastyru turaly Қaulysy kabyldandy Қuzhatta sayasi sharuashylyk zhәne agrarlyk mәdeni Қazakstandagy OGPU dyn erekshe maksattagy lagerleri Қarkaraly okrugindegi mәzhbүr etu arkyly zhumys istetu lagerleri zhanyndagy үlken aralas kurylatyn kensharlardy eskere otyryp Halyk komissarlar kenesi kauly etedi Zher Halyk Komissariatynyn korytyndysyna zhәne OGPU din erekshe maksattagy Қazakstandagy lagerler baskaramasynyn Қoyandy zhәrmenkesi aumagy men kurylystarynan baska 110 000 gektar alandy merzimsiz tegin pajdalanuga degen otinishi kanagattandyrylsyn Қazak KSRO Zher Halyk Komissariatyna atalmysh lagerlerge bolinetin zherdi dereu bolip zhumys zhүrgizetin tehnikalyk kyzmetkerlerdi irikteu tapsyrylsyn Bүkil zhumystar Қazakstandagy OGPU erekshe maksattagy lagerler baskarmasy kүshi men karazhaty arkyly zhүzege asyrylsyn dep ajtylady Enbekpen tүzetu lageriҚaulyga sәjkes 1930 zhylgy 13 mamyrda Қazak KSR Halyk Komissarlar Kenesi Қarkaraly okruginin Besoba men Қoyandy zhәrmenkesi arasyndagy 110 000 gektar zherdi bүkil kurylystarymen OGPU erekshe maksattagy lagerlerinin karamagyna beru turaly sheshim kabyldajdy Alajda bir zhyldan kejin yagni 1931 zhylgy 19 zheltoksanda baskasha sheshim kabyldanady onda Қazak enbekpen tүzetu lagerinin birinshi bolimshesi Gigant kenshary osy kүnnen bastap kyskartylgan tүrde KarlagOGPU dep atalatyn GULAG ka tikelej bagynatyn Қaragandynyn zheke enbekpen tүzeu lageri bolyp kajta kurylatyny lager baskaramsy Dolinka auylynda ornalasatyny ajtylgan Sonymen Қaragandy enbekpen tүzetu lageri 1931 zhyly 19 zheltoksanda kuryldy lagerdin ortalygy Қaragandy kalasynan 45 shakyrym zherdegi Dolinka auyly boldy ogan 120 000 gektar egistikke zharamdy zher 41 myn gektar shabyndyk zher bolinip berildi Қarlag aumagy soltүstikten ontүstikke dejingi 300 shakyrym shygystan batyska dejingi 200 shakyrym zherdi alyp zhatty Ogan kosa osy aumaktan syrtkary lagerden 350 shakyrym zherde Akmola zhәne 650 shakyrym zherde Balkash bolimsheleri kuryldy Қarlagty kurudagy basty maksattardyn biri sol kezde karkyndy dami bastagan Ortalyk Қazakstandagy Zhezkazgan zhәne asa iri azyk tүlik bazasyn zhasau boldy Ogan osy onerkәsip salalaryn kuryp damytuga zhumys kүshi de kazhet bolatyn Қarlag dalada Ortalyk Қazakstannyn elsiz mekenderinde kuryldy degen soz durys emes Lagerge bolinip berilgen ulangajyr ajmakta kazaktardyn orystardyn nemister men ukraindardyn elde mekenderi bolatyn Tarihtan belgili kazaktar bul zherdi gasyrlar bojy mekendegen al nemister orystar men ukraindar bul zherge 1906 1910 zhyldary konys audargan Akmola guberniyasynyn 1909 zhylgy 10 zheltoksandagy kaulysy bojynsha Dolinka auyly derbes poselke atagyna ie bolgan 1911 zhyly munda 2630 adam turgan olardyn ishinde nemister orystar zhәne ukraindar bolgan Қarlag aumagynda 80 myn turgyny bar 4 myn kazak kiiz үji 1200 nemis orys ukrain үjleri boldy 1930 1931 zhyldary halykty zorlap koshiru bastaldy Bul operaciyalar үshin NKVD nin әskeri pajdalanyldy Nemister men orystar ukraindar negizinen Қaragandy oblysynyn Telman Osakarov zhәne Nura audandaryna konys audardy Қazaktardyn tagdyry erekshe kajgyly boldy lagerlerge berligen zherdin soltүstik boligindegi halyktyn kopshiligi Қaragandyga ogan tayau zherlerge koshti Bunyn bәri bajlar men kulaktardy tәrkilep olardyn myndagan malyn talan tarazhga salumen tutas keldi Tәrkilengen maldyn birazy Gigant kensharynda arnajy ujymdastyrylgan Vostokmyaso degen ujymga berildi Zhergilikti halyk koshirilgennen kejin bos kalgan zherlerdi tutykyndardyn san myndagan toptary mekendedi Olar lagerdin bүkil aumagyna ornalastyryldy temirzhol saldy ozderine baraktar mal koralar kүzettegi zhauyngerlerge kazarmalar bastyktarga turgyn үjler saldy Қurylyska kobinese eski үjlerdin materialdary pajdalanyldy bejitterdin saman kirpishterin pajdalanuga tyjym salyndy alajda ol tyjym kejde saktalgan zhok Bejitterdin buzylu faktisi Қaragandy oblysynyn Zhanarka audanynda kezdesti Bul turaly audandyk partiya komitetinin birinshi hatshysy Zh Sүlejmenov Қaragandy obkomynyn birinshi hatshysy Galajdinge arnauly hat zholdady Hatta bylaj delingen Audan aumagynda Қarlag bolimshelerin salu kezinde Ortau Alabas Zhajdaksu shatkaldarynda Қarlag kyzmetkerleri kazaktyn atakty adamdarynyn bejitin buzdy Atakty Zhidebaj Syzdyktyn zhәne baska da kisilerdin bejitteri buzyldy mal koraga ajnaldyryldy Қarlag baskarmasy tek kana OGPU NKVD GULAG ka Moskvaga bagyndy Respublikalyk zhәne oblystyk partiya kenes organdary lager kyzmetine eshkandaj ykpal ete almady Bul ozi tizgini Moskadagylardyn kolynda bolgan otarlyk үlgidegi kurylym edi Mәni bojynsha ol memlekettin ishindegi memleket boldy Onyn ozindik shynajy okimeti karu zharagy kolik kuraldary poshtasy men telegrafy boldy Koptegen bolimsheleri nүkteleri biryngaj sharuashylyk tetikpen bajlanystyryldy olardyn ozindik memlekettik zhospary boldy Қarlagtyn kurylymy da mejlinshe kүrdeli edi Onyn koptegen bolimsheleri boldy әkimshilik sharuashylyk ӘShB esepke alu bolu bolimi EBB bakylau zhosparlau bolimi BZhB mәdeni tәrbie bolimi MTB kadrlar zhabdyktau sauda zhedel chekistik karzhy kolik zhәne sayasi bolimder Osy songy bolim GULAG baskarmasyna aj sajyn 17 tүrli esep zhiberip otyrdy Zhogary tiimdilik arzan zhumys kүshi ogan kosa korlar kunynyn ammortizaciyalyk shygynnyn tomendigi ondiristi kenejtuge zhagdaj zhasady Қarlag sharuashylygynyn negizgi boligi Қaragandy men Akmola oblystarynyn aumagynda zhatty Eger 1931 zhyly Қarlag aumagy 53 000 gektar bolsa 1941 zhyly 1 780 650 gektar boldy Eger 1931 zhyly Қarlagta 14 bolimshe 64 uchaske bolsa 1941 zhyly 22 bolimshe 159 uchaske al 1953 zhyly 26 bolimshe 192 lager nүkteleri boldy Әrbir bolimshe oz kezeginde birkatar sharuashylyk bolimshelerine bolinip uchaske nүkte ferma dep atalyndy Lagerde 106 mal sharuashylygy fermasy 7 baksha uchaskesi men 10 egistik uchaskesi boldy Bolimsheler men uchaskelerdin lager ortalygynan kashyktygy 5 shakyrymnan 650 shakyrymga zhetetin Қarlag aumagy 1950 zhyly 2 087 646 gektar yagni 20 876 sharshy shakyrym boldy sonyn ishinde egistik 111 886 ga shabyndyk 337 670ga zhajylym 1 378 999 ga Lagerdegi auyl sharuashylygynyn үles salmagy 58 5 pajyzdy onekәsiptiki 41 5 pajyzdy korsetti Auyl sharuashylygynyn eki bejini boldy osimdik shruashylygynyn үles salmagy 51 8 mal sharuashylygy 48 2 boldy Қarlag tutkyndarynyn zhalpy sany kejbir zhyldar bojynsha kelesidej bir kezderi tutkyndar sany 75 myn adamga osti Bul adamdar lagerdegi barlyk kiyndyktarga tozip bakty moraldyk zhәne baska da auyrtpalyktardy koterip adamgershilik kasietterin saktaj bildi Spassk әskeri tutkyndar lageriOGPU NVD MTB erekshe lager bolimshesi Қaragandydan 45 shakyrym zherde ornalaskan Spassk revolyuciyaga dejingi Қazakstanga konystangan sheteldik iri iskerler kompaniyasynyn ortalygy bolgan zher 1931 zhylga dejin Spassk Қaragandy audanynyn ortalygy boldy 1931 zhyldyn nauryzynan Қaragandy enbekpen tүzetu lagerinin karamagyna berildi Kejinirek munda Қarlagtan bolek Peschannyj degen asa үrejli lager bolinip shykty Bul zherden eshkim tiri kajtpajtyn Eger Қarabas Қarlagtyn kakpasy bolsa Spassk onyn bauyrlastar ziraty boldy Syrkattanyp kalgan tutkyndardy olu үshin Spasskige zhiberetin Sondyktan da bүkilodaktyk erekshe lagerlerdegi mүgedekter mekeni degen atauga ie boldy Shejit bolgan tutkyndardyn tompeshikke ajnalgan kabirleri әli kүnge dejin saktalyp zhatyr KSRO Ishki ister ministrinin orynbasary Chernyshevtin 1941 zhylgy 24 mausymdagy nukauyna sәjkes Spasskidegi sogys tutkyndaryna arnalgan arnauly lager ujymdastyryldy Lager eki bolimshege Ortalyk zhәne ekinshi Kokozek bolimshesine bolindi Songysy negizgi lagerden bolinip shygarylgan sogys tutkyndarynan mүlde azhyratylgan adamdardan kuraldy Bolimsheler arasynyn kashyktygy 500 metr boldy Eki lager bolimshelerinin kalypty zhәne barynsha syjymdylygy kelesidej boldy a әskeri tutkyndarga arnalgan ortalyk bolimshenin kalypty syjymdylygy 5000 adam barynsha syjymdylygy 6000 adam v Kokozek bolimshesi kalypty syjymdylygy 650 adam barynsha 1100 adam Barlygy 19 әskeri bekette 259 әskeri adam kyzmet etti Lagerdin 100 shakyrym ajnalysyndagy eldi mekenderde zhergilikti izdestiru toptary boldy Zhergilikti turgyndar arasyndagy belsendilerden kashkyn tutkyndardy ustauga komektesetin brigadalar zhasaktaldy Osyndaj 46 brigadaga 214 adam toptastyryldy Lagerge 22 bolimshe karady Olar Қaragandy Temirtau Saran Balkash kalalarynda boldy Sondaj ak Қaragandydan 360 shakyrym zherdegi Akmola oblysynyn Zholymbet kentindegi bir bolimshe ustalyndy Қalgandary Қaragandy kalasynyn ishindegi kirpish zauytynda Majkudykta Prishahtinskide Үlken Mihajlovka stanicyasynda boldy Sogys tutkyndarynyn algashky eshelony Spasskige 1941 zhyldyn tamyz ajynda әkelindi Bular 1436 adam edi Eki zhyldan kejin sogys tutkyndarynyn sany eki ese osti Lager omir sүrgen on zhyl ishinde munda 26 ulttyn okilinen kuralgan 40 mynga zhuyk sogys tutkyndary ustalyndy Lagerlerge әkelingen әskeri tutkyndardyn sany 1944 zhyldyn ekinshi zhartysynda kүrt osti Eger 1944 zhyldyn kantar ajynda lagerde 2529 әskeri tutkyn ustalsa onda kazan ajynda olardyn sany 11583 adamga zhetti 1945 zhyldyn kazan karasha ajlarynda lagerge zhapon armiyasynyn 11608 әskeri tutkyny bes eshelonmen әkelindi Tutkyndardy zhumys kүshi retinde shahtalarda kirpish zauyttarynda zhondeu mehanika zauyttarynda kurylys ujymdarynda pajdalandy Қaragandy komir Shahta kurylys Turgynүj kurylys Metallurg kurylys Temirzhol kurylys trestterinde zhәne baska ujymdarda 1945 zhyly 9537 adam al 1946 zhyly 18592 adam 1949 zhyly 15 myn adam zhumys istedi Қaragandy komir bassejninde sogys tutkyndaryn shahta zhumysyna dayarlau zhoninde ote үlken zhumys zhүrgizildi 1945 zhyly 1162 adam kurstyk tәsilmen okytyldy olardyn ishinde navalsokkyshtar 225 adam tireushiler 452 adam temir ustalary 159 adam kazba mashinisteri 85 adam kazushylar 11 adam zhәne t b Budan baska zheke brigadalyk tәsilmen 1753 adam okytyldy onyn ishinde navalobojshikter 800 adam krepilshikter 200 adam prohodchikter 250 adam zhәne t b kүn sajyngy tapsyrysty mүltiksiz artygymen oryndau үshin lager basshylary mynandaj nuskau belgiledi Eger әskeri tutkyndar brigadasy 8 sagat ishinde tapsyrmany oryndamagan bolsa onda olar kosymsha үsh sagat zhumys isteuge tiis Nysandarga arnauly kүzet tagajyndaldy Olar tapsyrmanyn 100 pajyz oryndaluyn talap etuge kukyly boldy Қarlagtagy siyakty әskeri tutkyndary da ondiristik zhosparlardy artygymen oryndagan үshin syjaky alyp otyrdy 1946 zhyldyn kyrkүjek ajynda 201 zhumysshy 150 somnan 1200 somga dejin kazan ajynda 219 lager zhumysshysy syjaky aldy Sogys tutkyndary zhumys istegen shahtalarda tәrtip buzushylyktar boldy erkimen zhaldanyp istejtin zhumysshylar on kүndik әskeri tutkyndar esebinen zhazyp zhiberu oryn aldy 1945 zhyldyn 14 tamyzynda Kirov komir trestinin 3 shahtasynda 2 uchaskedegi auysymdyk tapsyrma zhospary komir shygaru 88 tonnany kurady is zhүzinde 135 tonna nemese 153 4 shygaryldy 5 adam erkimen zhaldanyp istejtin zhumysshy 17 әskeri tutkyn olardyn ishinde 10 navalsokkyshtar zhumys istedi Bul kүni erkimen zhaldanyp istejtin navalsokkyshtar auysymda bolmagan Desyatnik raportty zhumys istemegen erkimen zhaldanyp zhumys istegender esebine zhazgan Osy shahtanyn 7 uchaskede desyatnik 22 әskeri tutkyn 9 erkimen zhaldanyp zhumys istejtinder enbek etken komirdi shygaru zhosparynyn oryndaluyn erkimen zhaldanyp zhumys istejtinder esebine zhazgan Әskeri tutkyndar arasynda olim zhogary boldy Tolyk emes derekter bojynsha 1942 46 zhyldar arasynda 7 mynnan astam adam olgen Tek 1945 zhyly 2430 adam olgen 1945 49 zhyldary zhapon tutkyndary arasyndagy olim bylajsha 1945 zhyly 49 1946 zhyly 228 1947 zhyly 149 1948 zhyly 92 1949 zhyly 38 barlygy 556 adam Negizgi kojylgan diagnozdar tuberkulez zhәne ashtyktan tityktau Lagerde tutkyndardy sauyktyru olimnen kutkaryp kalu sharalary ujymdastyrylmady Baraktardyn sanitarlyk zhagdajy adam tozgisiz boldy Kej zhagdajda lager bolimshelerinde tutkyndarynyn zhappaj ulanyp kalu okigalary kezdesti Mundajda olarga zhedel komek korsetilmedi Mysaly 12 zhәne 15 shi lager bolimshelerinde 96 adam dizenteriyamen lazaretke tүskende olarga 3 4 kүn bojy eshkandaj dәrigerlik komek korsetilmegen Lagerde 10 dәriger 8 medbike 4 feldsher zhәne 11 sanitarka zhumys istedi Olar lagerdegi bүkil aurularga kyzmet korsetip үlgere almajtyn Sebebi arnauly gospitalda bir mynnan үsh mynga dejin naukas tutkyndar zhatatyn Baraktarda temperatura kalypty bolgan zhok үnemi suyk boldy kysta baraktardyn syrtky esikteri zhabylmajtyn edi 17 lager bolimshelerinde 44 adamnyn үsip ketken okigalary oryn algan olardyn ishinde I dәrezheli 14 II dәrezheli 24 III dәrezheli 6 adam Lazeretke tүsken auru tutkyndardyn bagaly zattary sagat sakina aksha zhәn t b saktauga kabyldanbaj tutkyndardyn ozderinde bolgandyktan urlyk zhasau oryn algan Tipti lager kyzmetkerlerinin ozderi de olardan bagaly zattardy satyp alatyn okigalar da tikelgen Sogys tutkyndarynyn lagerden kashu okigalary da kezdesip turdy 1944 zhyly 5 adam kashyp 3 adam kashuga әreket zhasagan Al 1946 zhyly lagerden 41 adam kashkan Solardyn ishinde nemister 8 rumyndar 14 zhapondar 13 vengrler 4 moldavandar 2 Mereke kүnderi lager kүzetin kүshejtu zhәne kashu zhagdajlarynyn aldyn alu maksatynda sogys tutkyndaryn zona ajmagynan tys zherlerge zhumyska alyp shyguga tyjym salyndy Sonymen katar mereke kүnderi uchaskelerdin kauipsizdigin kamtamasyz etu zhәne sogys tutkyndarynyn kashyp ketu әrketterinin aldyn alu үshin lager uchaskelerine kosymsha vahterlik posttar men bakylaushylar koyu arkyly kүshejtilgen kүzetter kojylgan Mereke aldynda saktauga tyjym salyngan zattardy alyp koyu maksatynda әskeri tutkyndardyn zheke zattaryn zhәne turatyn bolmelerine tintu zhүrgizgen Spassk lageri Қarlag zhүjesindegi erekshe rezhimdegi lager dep eseptegendikten katorzhnikterdi erekshe kauipti kylmyskerlerdi үnemi Қarlagka attandyryp otyrdy Spassk lageri 1956 zhylga dejin Қarlagtyn kuramynda kaldy Қarlag SteplagZhezkazgan kalasy men ken metallurgiya kombinatynyn kurylysy 1936 zhyly bastaldy 1940 zhyly Kengir ozeninin zhagasynda buryngy pioner lagerinin ornyna KSRO Ishki ister ministrliginin asa iri Zhezkazgan lageri kuryldy Үlken Zhezkazgannyn zhumys istep turgan zhәne salynyp zhatkan nysandarynyn bәri NKVD nyn karauyna berilip Zhezkazgan enbekpen tүzetu lageri zhәne NKVD kombinaty dep al Zhezkazgan kalasynyn kurylys alany NKVD nin Kengir kurylys audany dep atalyndy Өnerkәsip pen kurylys nysandarynda 7 mynnan astam tutkyndar zhumys istedi En әueli Kengir su kojmasynyn bogeni men zhylu elektr ortalygy salyndy Tutkyndardyn kүshimen uzyndygy 400 shakyrymnan astam Zharyk stanciyasynan Kengirge dejin temirzhol tarmagy tartyldy Қurylys nysandarynyn ulgayuyna bajlanysty tutkyndardyn sany da ose tүsti Rudnikterde 3117 Zhezkazgan marganec kenishine tartylgan temirzhol kurylysynda 2731 Zhezkazgan kenishinde 2100 baska da onerkәsip nysandarynda 1553 azamattyk kurylysta 1901 Bajkonyr komirin ondirude 300 auyl sharuashylygy zhumystarynda 338 tutkyn zhumys istedi 1941 zhyl ishinde kombinat pen lager 52 mln som kapital salymyn igerdi zhәne kuramynda 1500 tonna mysy bar 53 myn tonna mys kenin kazyp shygardy 1941 zhyldyn 1 kantarynda kombinatta barlygy 1784 erikti zhumysshylar sonyn ishinde 780 zhumysshy zhumys istedi Budan baska myn adamdaj kүzet zhәne lager әkimshiliginin kyzmetkerleri boldy Osy zhyly tutkyndardyn zhana legi kelip kosyldy Kenishterdegi zhumysshylardyn sany edәuir ulgajdy 1942 zhyly 605 myn tonna mys keni kazyp shygaryldy 19800 tonna mys Shygarylgan kender Balkashka Қarsakpaj mys zauytyna Oral zauyttaryna zhiberildi Sogystyn algashky zhyldary aldynda isten shykkan tort shahta iske kosyldy Bes shahta kosalky boldy en birinshi iri 31 shahta iske kosyldy 1942 zhyly Үlken Zhezdi dalalyk ozennin kumdy zhagalauynda shamamen eki ondyk uakytsha baraktar pajda boldy Bul zherde tutkyn kurylysshylar men bolashak Zhezkazgan marganec kenishinin pajdalanushylary ornalastyryldy KSRO HKK sheshiminen zhәne kenishtin kurylysy bastalgannan kejin 38 kүn otken son 1942 zhyldyn 12 mausymynda marganec keninin algashky tonnalary shygarylyp tutynushy zauyttarga zhiberildi Sogys zhyldarynda Zhezkazgan kenishi Magnitogorsk zhәne Kuzneck metallurgiya kombinattarynyn marganecke degen kazhetin eleuli tүrde kanagattandyryp otyrdy Tutkynadardyn bundaj enbektegi erlik nәtizheleri lagerge enbeksүjgish zhogary bilikti mamandar men inzhener tehnik kyzmetkerlerdin әkelinuimen tүsindiriledi Ұly Otan sogysy zhyldary Zhezkazgan KSRO nyn korganys onekәsibine mystyn zhartysynan astamyn zhәne marganectin 70 pajyzyn berdi 1941 1942 zhyldary Zhezkazgan lagerinde kontrrevolyuciyalyk kylmysy үshin 1830 karakshylyk pen kisi oltirgeni үshin 548 shekarany zhasyryn tүrde buzgany үshin 108 әskerden kashkany zhәne sogys kylymys үshin 477 baska da kylmystary үshin 9050 adam otyrdy Osy songy baska da kylmystary үshin otyrgandardyn arasynda eshkandaj zhazygy zhok zhumysshylar kolhozshylar inzhenerler zhәne baska da mamandyk adamdary NKVD nin nuskauy bojynsha kuldyk zhumyska zhiberilgen adamdar kop edi Olar ajypty bolgandyktan emes kurylysta shahtalar men kenishterde kazhet bolgandyktan lagerlerde otyrdy 1945 zhyldyn nauryz ajynda Қarlagtyn Kengir bolimshesi negizinde sogys tutkyndaryna arnalgan 50 lageri kuryldy Zhyldyn ayagyna dejin ol 39 lagerge ajnaldyryldy Tutkynga tүsken nemis zhauyngerlerinin algashky 8 myn adamdyk eshelony Kengirge 1945 zhylgy 23 sәuirde kelip tүsti 1946 zhylga dejin erekshe kauipti kylmyskerler halyk zhaulary Otanyn satkandar kontrrevolyucionerler үshin kurylgan Zhezkazgan lageri Қarlagtyn karamagynda boldy Eger Қarlag patshaly Resejdin enbekpen tүzeu koloniyasy principi bojynsha kurylgan bolsa Steplag German konclagerlerinin principi bojynsha kuryldy Eger Қarlag tutkyndary negizinen auylsharushylygymen ajnalyssa Steplag tutkyndary tek kana onidiristik kәsiporyndarda zhumys istedi Lagerdin buryngy tutkyny R Ahmetov bylaj dep eske alady Bizder fashistik konclagerdegidej turdyk Munda әrbir tutkynga arnauly shifr nomer beriletin Bizdi eshkashan aty zhonimizben atamajtyn shifr nomerimizben shakyratyn Әr brigadada 15 20 adamnan boldy Tutkyndar mys kenin shygaruda zhumys zhasady Burgylau kurgak kүjde zhүrgizilgendikten bos kazbanyn shany tuberkulez zhәne silikoz aurularyna alyp keletin Tutkyndardyn zhagdajy ote auyr boldy Barlyk zhagdajlar tutkyndardyn ashu yzasyn tudyrdy Tutkyndar durys tamaktanbady durys em kabyldagan zhok үnemi korlandy Bulardyn barlygy narazylykka alyp keldi 1954 zhyly 16 mamyrda Steplagta atakty koterilis burk ete tүsti Ol bүkil GULAG zhүjesin dүr silkindirdi Steplag tutkyndarynyn koterilisi 40 kүnge sozyldy Olar үkimetke ujymdaskan tүrde karsylyk korsetti Koterilistin basynda Kenes Armiyasynyn nemis tutkynynda bolgan әskeri intelligenciyasynyn okilderi turdy Bular akyldy sauatty batyl sheshim kabyldajtyn adamdar edi Zhezkazgandagy koteriliske KSRO Memlekettik Қauipsizdik ministri Serov ishki ister ministri Kruglov Bas prokuror Rudenko GULAG bastygy Dolgih zhәne baskalar keldi Koterilis sogys tehnikasynyn zhәne turakty armiya boliminin kүshimen askan katygezdikpen basyldy Koterilis basshylary tutkyndaldy Өlgender men zharakattangandar kop bolgan tiri algan kuәgerlerdin ajtuynsha 600 adam olip zharakattangan Kengir ondiristik zhosparlau boliminin materialdary bojynsha 700 den astam olip zharakattangan Kengir bolimshesindegi tutkyndardyn karsylygy buryn omir sүrgen zhәne omir sүretin lagerler tarihynda asa manyzdy orny bar okiga Kengir koterilisinen kejin bүkil GULAG zhүjesindegi katorgalyk erekshe lagerler zhojyldy Қaragandy enbekpen tүzetu lagerindegi balalarҚaragandy enbekpen tүzetu lagerinde halyk zhaularynyn balalary zhaza merzimin otedi Olardyn kobisi katal kamauda ustau zhagdajlarynan aman kalgan zhok Zhalanash zhәne zhalan ayak balalar zhinishke kamystan zhasalgan tosenishterde ujyktagan Zhүkti әjelder үshin zhazany kejinge kaldyru mүmkindigi bolmagan 1938 zhylgy 1 kantardagy zhagdaj bojynsha Қarlagka kelgen 2103 әjeldin arasynda 655 zhүkti zhәne emizetin analar boldy 1941 zhyly 108 zhүkti әjel keldi Nәreste toptarynda balalardy kolga aluga tyjym salyndy Dymkyl zhorgekterdi gana auystyru ruksat etilgen bolatyn 1939 zhyly lagerde 451 zhasospirim boldy bir zhyl ishinde 114 bala kajtys boldy 1940 1941 zhyldary Қarlagta 1048 bala dүniege keldi al 1950 1952 zhyldary 1713 bala 5 nәreste үjinde 576 bala zhajgastyryldy Қarlag aumagynda balalar kombinaty Osakarov balalar үji Dolinskij balalar үji Sanitarlyk zhәne medicinalyk bolimnin sәbiler үji 18 balabaksha bolgan Tort zhaska zhetkende balalardy Osakarov balalar үjine zhibergen Balalarmen ajyrylysu әjelderdi үmitsizdikterge mәzhbүrlegen al kejbiri akylynan alzhaskan bolatyn Dәrigerler zhүkti әjelderdi tekserip perzenthana bolimshelerine zhiberetin Emizu kezeninde kamauda otyrgan analar zhakyn zherde ornalaskan kokonis bakshalarynda al kysta olar turyp zhatkan zherdegi tigin sheberhanada zhumys istedi Әjelder nәresteni emizuge kukyktary bolu үshin 10 nemese odan kop sagat zhumys isteuge mәzhbүr bolgan Kobinese kalzhyragan zhәne әlsiregen әjelder emshek sүtin zhogaltu saldarynan nәresteler kajtys bolgan Muragattyk derekterge sәjkes Қarlagtyn nәresteler men balalar үjlerinde balalar olimi ote zhogary bolgan Mәselen 1941 1944 zhyldary 924 bala kajtys boldy al 1950 1952 zhyldary 1130 1950 zhylgy 22 tamyzda KSRO Үkimetinin Zhүkti әjelderdin zhәne zhas balalary bar әjelderdi zhazasyn oteuden bosatu turaly kaulysy shygaryldy Bul kaulydan kejin 785 zhүkti әjel lagerden tys zherde turatyn kishkentaj balalary bar 706 әjel bosatyldy Barlygy Қarlagtan 2886 әjel bosatyldy MurazhajҚarlag Қaragandy tүzeu enbek lageri zhappaj sayasi kugyn sүrgin kezinde ujymdastyrylgan GULAG Қazak KSR Halyk komissariatyna NKVD karasty lagerlerinin Bas baskarmasy dep zhinaktap alyngan atymen zhүzdegen lagerlerdin biri bolgan Қazir buryngy Қarlag mekemeleri oblystagy tarihi mәdeni eskertkishterdin sanatyna zhatkyzyldy Kejinnen Қarlagtyn әkimdik ortalygyna ajnalgan Dolinka kenti kazirgi Қaragandy kalasynan ontүstik batyska karaj 50 shakyrym zherde ornalaskan Sayasi kugyn sүrgin kurbandaryn este saktau murazhajy bul zhalpy aumagy 3 500 sharshy metr kurajtyn eki kabatty gimarat Ғimarat kenestik neoklassicizm sarynynda grek rim stilinde ogan susty uskyn berip turatyn bagandarmen kosa salyngan zhergilikti әskerilerdin mәdenietti ortalygy bolgan oficerler үji halyk sharuashylygy zhetistikteri kormeleri otetin tehnika үji perzenthana men namaz үji sondaj ak bir kezdegi Erikti zhaldamaly kyzmetkerlerdin tutkyndardyn ozderi salgan koptegen kurylystary olardyn basym boligi uakyt ote tozyp kirady Eki kabatty enseli gimarat ol zaman tүgil bүgingi kүni de tym erekshe zhәne de edәuir zhabynky oryndardyn negizgi tizilimin kurajdy Al bүgingi murazhajy 2004 zhyly Elbasynyn Zharlygymen ashyldy Munda kelushiler kop Bir zhylda 3 myndaj adam keledi Әsirese sheteldikter men din okilderinin kyzygushylygy үlken Murazhajda Қarlag tarihyna bajlanysty kugyn sүrgin korgen adamdardyn tagdyryna katysty zhәdigerler men muragat kuzhattary zhetkilikti DerekkozderBugaj N F Deportaciya etnicheskih obshnostej problemy reabilitacii v Rosii i Kazahstane Rossiya i Kazahstan problemy istorii 20 nachalo 21 veka M 2006 Kozybaev M K Abylhozhin Zh B Aldazhumanov K S Kollektivizaciya v Kazahstane tragediya krestyanstva A 1992 Specpereselency v Karagandinskoj oblasti Sbornik dokumentov i materialov Karaganda 2007 A 31 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HTagy karanyzALZhIR GULAG Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet