Имантай Сәтбайұлы (1845, бұрынғы Ақкелін болысы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы - 1928, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылдық округі) - Қаныш Сәтбаевтың әкесі. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Ауыл молдасынан арабша сауатын ашқан соң 17 жасында Омбы қаласындағы Әбдірахим медресесінде үш жыл оқып, араб, парсы, шағатай тілдерінде кітап оқитындай деңгейде білім алған. Имантай бұдан кейін ұстаз алдында отырып, жүйелі түрде оқымаған. Алайда, онымен әңгімелескен адамдардың ауызекі айтқан, кейбірінің жазып қалдырған естеліктерінде Имекеңнің тілі орамды, ақыл-ойы терең, туған жұртының ескі тарихын, өлең-жырларын жақсы білумен бірге, заман аужайын жете танып, бағыт-бағдарын пайымдай алатын әрі байсалды мінезге ие, мейірімді, парасатты жан болғандығы айтылады. Имекеңнің 83 жас жасаған ғұмырында қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін көп жинап, сол іспен арнайы шұғылданған орыс зерттеушілеріне де қолғабыс еткені туралы кейбір деректер мұрағаттарда сақталған.
Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен мұрасының кейбір деректерін хатқа түсірген. Бұл деректерді Санкт-Петербург қаласындағы И.Н.Березин мұрағатынан академик Ә.Х.Маргұлан тауып, Ш.Ш.Уәлихановтың орыс тілінде 5 томдық шығарма жинағының 1-томында (Алматы, 1961) жариялады. Земство статисі, тарихшы, профессор Ф.А.Щербинаның экспедициясына Олжабай би Толыбай ұлы (1709-1783) туралы мәліметтер жинауға көмектескен. Марғұлан Қаныш Сәтбаев туралы жазған «Зор ғалым, сүйікті азамат» атты мақаласында «Имантай Омбыда оқыған кезде Шоқан Уәлихановпен танысып, жақын араласып, онымен бір пәтерде біраз уақыт бірге де тұрған деген мәлімет келтіреді» («Қазақстан мектебі», 1969, №4). Имантай кезінде Уәлихановтың досы Г.Н.Потанинмен де (Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина, 1972, 23-бет) сыйлас болған. Оның ауылында ағайынды өлкетанушы В.Н. және А.Н. Белослюдовтар жиі болып, емделіп, демалыстарын өткізген. Имантай бәйбішесі Нұрым Тасболатқызынан Күнше есімді бала көрген, бірақ ол жас кезінде қайтыс болады.
Бірнеше жыл өткесін екінші рет өзінен едәуір кіші Әлимәға үйленген; одан Ғазиза, Ғазиз (Бөкеш), Қаныш атты балалары болған. 19 ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың бас кезінде Имантай Ақкелін болысының Халық соты болып (яки бұрынғы би міндетін атқарушы) еңбек еткен. Алайда, Имекеңнің қазылық қызметі жайында деректер аз. Ауыл ақсақалдарының ауызекі әңгімелерінде бұл қызметті жасы алпысқа іліккенше атқарғандығы айтылады. Мейлінше әділ болып, төрелік айтушыға ұсынылатын сыбаға, бәсірелерге қызықпаған, нашарларға қиянат жасаушыларға қатал болып, керісінше, қорғансыз мүсәпірлерге ара тұрған. Би ауылы Сібір қиырындағы айдаудан қашқан мұсылман кавказдықтарға қамқорлық жасап, кейбіріне ат мінгізіп, киіндіріп, азық беріп аттандырған. Солай етуді адамшылық парызы санаған.
Имантай затында сауыққұмар кісі болған, домбырада шебер ойнап, ойын-тойларда тыңдаушы қауым қолқаласа, ән де салған. Көне заман қисса-дастандарын жақсы білген, кейбірін жатқа айтқан. «Зарқұм», «Қызыл табан Хасен», «Шәкірат» сияқты қиссаларды мәнерлеп айтатын жыршыларды ауылына шақырып, сый-сияпат жасап, күллі ауыл-аймағымен тыңдауды машық ермекке айналдырған. Жасырақ кезінде ол аңшылық, аушылық (құсбегілік) кәсіпке жақын болса да ән-жырды, сөз өнерін қастерлегендей ұзақ ынтықпаған. Аңшылықтың барлық түрінен мергендікті артық санаған. «Қыран құс пен құмай тазылар бабы келсе қашқан аңды күші асып, әлімжеттікпен алады. Ал, түзу мылтық иесі қиядағы аңды мергендікпен атады...» - деген нақыл сөз сол кісіден тараған-мыс. Өз ауылының шаруа қамына да бертінде араласпай, үлкені Ғазиздің мойнына артқан. Уәлиханов 1865 жылы Жетісуда дүние салғанда, әкесі Шыңғыс сұлтан Арқадағы Көкшетаудан қияндағы Тезек төренің ауылына, сүйікті ұлы жерленген Алтынемелге ретті кісілер аттандырғанда, сол топтың ішінде марқұмның нағашы жұртынан 20 жасар Имантай да болған. Бұл жайт та Имантайдың жас жігіт күнінен ақыл-парасатымен өз қатарының алдыңғы легінде жүргенін аңғартады. Демек, Сегіз Сері Баһрамұлының кішкентай бөбекке ат қоярда бағыштап айтқан игі тілектерінің дені артығымен дарыған.
Анығында Имантай білек мықтылығынан білім біліктілітін, бір жұттан қалмайтын мол дәулеттен ар тазалығын артық көріп, имандылық пен адамгершілік жолды өзіне мұрат еткен. Соңынан ерген інілері мен өз ұрпағын тек қана ізгілік жолға бастаушы болған. Сондықтан да оның билігі үстем болған екі ауылдан білімді азаматтар көптеп шыққан... Имантайдың қартайған кездегі арманы мұсылманшылық парызын өтеп, Меккеге бару болыпты. Атеистік насихат саясатқа айналып, дінсіздер қауымы бел алып тұрғанда балалары дінқуар әкесінің тілегін орындай алмаған. Имантайды көрген, бірнеше мәрте мәжілістес болған Марғұлан «...Қаныштың өз әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын. Көп жасаған өмірін ол кісі ескі заманның әділетсіз зұлымдық істеріне қарсы қойып, жәбірленген, жапа шеккен адамдарға көмек көрсетуді зор мақсат еткен. Имекеңнің бұл жақсы қасиеттерін ол кісімен істес кедейлер - Қозыбағар мен Қасен жақсы білетін. Олардың бүгінгі ұрпақтары совхоз жұмысшылары Заир мен Нұрлан да ол қасиетті әлі күнге ұмытпаған» - деп жазса, академик А. Қайыпов «... Имекең ұзын бойлы, ат жақты, қыр мұрын, селдір шоқша сақалы бар, өткір қой көзді, қараторы, келбетті кісі..» - деп («Қаныш аға», Алматы, 1989; 303-бет) сипаттаған. Имантайдың зираты Шадыра мекенінде (Теңдік, қазіргі ); 1904 жылы дүниеден өткен Әлимә да сонда жерленген. Қаныш Имантайұлы кейін олардың басына мәрмәрден белгі қойғызып, айналасын қоршатып, ас бергізген.
Дереккөздер
- Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-08-265-0.
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Imantaj Sәtbajuly 1845 buryngy Akkelin bolysy kazirgi Pavlodar oblysy Bayanauyl audany 1928 kazirgi Pavlodar oblysy Bayanauyl audany Sәtbaev auyldyk okrugi Қanysh Sәtbaevtyn әkesi Argyn tajpasynyn Sүjindik ruynyn Қarzhas boliminen shykkan Auyl moldasynan arabsha sauatyn ashkan son 17 zhasynda Omby kalasyndagy Әbdirahim medresesinde үsh zhyl okyp arab parsy shagataj tilderinde kitap okityndaj dengejde bilim algan Imantaj budan kejin ustaz aldynda otyryp zhүjeli tүrde okymagan Alajda onymen әngimelesken adamdardyn auyzeki ajtkan kejbirinin zhazyp kaldyrgan estelikterinde Imekennin tili oramdy akyl ojy teren tugan zhurtynyn eski tarihyn olen zhyrlaryn zhaksy bilumen birge zaman auzhajyn zhete tanyp bagyt bagdaryn pajymdaj alatyn әri bajsaldy minezge ie mejirimdi parasatty zhan bolgandygy ajtylady Imekennin 83 zhas zhasagan gumyrynda kazaktyn auyz әdebietinin үlgilerin kop zhinap sol ispen arnajy shugyldangan orys zertteushilerine de kolgabys etkeni turaly kejbir derekter muragattarda saktalgan Bukar zhyrau Қalkamanulynyn omiri men murasynyn kejbir derekterin hatka tүsirgen Bul derekterdi Sankt Peterburg kalasyndagy I N Berezin muragatynan akademik Ә H Margulan tauyp Sh Sh Uәlihanovtyn orys tilinde 5 tomdyk shygarma zhinagynyn 1 tomynda Almaty 1961 zhariyalady Zemstvo statisi tarihshy professor F A Sherbinanyn ekspediciyasyna Olzhabaj bi Tolybaj uly 1709 1783 turaly mәlimetter zhinauga komektesken Margulan Қanysh Sәtbaev turaly zhazgan Zor galym sүjikti azamat atty makalasynda Imantaj Ombyda okygan kezde Shokan Uәlihanovpen tanysyp zhakyn aralasyp onymen bir pәterde biraz uakyt birge de turgan degen mәlimet keltiredi Қazakstan mektebi 1969 4 Imantaj kezinde Uәlihanovtyn dosy G N Potaninmen de Kazahskij folklor v sobranii G N Potanina 1972 23 bet syjlas bolgan Onyn auylynda agajyndy olketanushy V N zhәne A N Beloslyudovtar zhii bolyp emdelip demalystaryn otkizgen Imantaj bәjbishesi Nurym Tasbolatkyzynan Kүnshe esimdi bala korgen birak ol zhas kezinde kajtys bolady Birneshe zhyl otkesin ekinshi ret ozinen edәuir kishi Әlimәga үjlengen odan Ғaziza Ғaziz Bokesh Қanysh atty balalary bolgan 19 gasyrdyn ayagy men zhana gasyrdyn bas kezinde Imantaj Akkelin bolysynyn Halyk soty bolyp yaki buryngy bi mindetin atkarushy enbek etken Alajda Imekennin kazylyk kyzmeti zhajynda derekter az Auyl aksakaldarynyn auyzeki әngimelerinde bul kyzmetti zhasy alpyska ilikkenshe atkargandygy ajtylady Mejlinshe әdil bolyp torelik ajtushyga usynylatyn sybaga bәsirelerge kyzykpagan nasharlarga kiyanat zhasaushylarga katal bolyp kerisinshe korgansyz mүsәpirlerge ara turgan Bi auyly Sibir kiyryndagy ajdaudan kashkan musylman kavkazdyktarga kamkorlyk zhasap kejbirine at mingizip kiindirip azyk berip attandyrgan Solaj etudi adamshylyk paryzy sanagan Imantaj zatynda sauykkumar kisi bolgan dombyrada sheber ojnap ojyn tojlarda tyndaushy kauym kolkalasa әn de salgan Kone zaman kissa dastandaryn zhaksy bilgen kejbirin zhatka ajtkan Zarkum Қyzyl taban Hasen Shәkirat siyakty kissalardy mәnerlep ajtatyn zhyrshylardy auylyna shakyryp syj siyapat zhasap kүlli auyl ajmagymen tyndaudy mashyk ermekke ajnaldyrgan Zhasyrak kezinde ol anshylyk aushylyk kusbegilik kәsipke zhakyn bolsa da әn zhyrdy soz onerin kasterlegendej uzak yntykpagan Anshylyktyn barlyk tүrinen mergendikti artyk sanagan Қyran kus pen kumaj tazylar baby kelse kashkan andy kүshi asyp әlimzhettikpen alady Al tүzu myltyk iesi kiyadagy andy mergendikpen atady degen nakyl soz sol kisiden taragan mys Өz auylynyn sharua kamyna da bertinde aralaspaj үlkeni Ғazizdin mojnyna artkan Uәlihanov 1865 zhyly Zhetisuda dүnie salganda әkesi Shyngys sultan Arkadagy Kokshetaudan kiyandagy Tezek torenin auylyna sүjikti uly zherlengen Altynemelge retti kisiler attandyrganda sol toptyn ishinde markumnyn nagashy zhurtynan 20 zhasar Imantaj da bolgan Bul zhajt ta Imantajdyn zhas zhigit kүninen akyl parasatymen oz katarynyn aldyngy leginde zhүrgenin angartady Demek Segiz Seri Baһramulynyn kishkentaj bobekke at koyarda bagyshtap ajtkan igi tilekterinin deni artygymen darygan Anygynda Imantaj bilek myktylygynan bilim biliktilitin bir zhuttan kalmajtyn mol dәuletten ar tazalygyn artyk korip imandylyk pen adamgershilik zholdy ozine murat etken Sonynan ergen inileri men oz urpagyn tek kana izgilik zholga bastaushy bolgan Sondyktan da onyn biligi үstem bolgan eki auyldan bilimdi azamattar koptep shykkan Imantajdyn kartajgan kezdegi armany musylmanshylyk paryzyn otep Mekkege baru bolypty Ateistik nasihat sayasatka ajnalyp dinsizder kauymy bel alyp turganda balalary dinkuar әkesinin tilegin oryndaj almagan Imantajdy korgen birneshe mәrte mәzhilistes bolgan Margulan Қanyshtyn oz әkesi Imantaj akyldy momyn teren ojlajtyn әr nәrseni akylmen sabyrmen sheshetin kisi bolatyn Kop zhasagan omirin ol kisi eski zamannyn әdiletsiz zulymdyk isterine karsy kojyp zhәbirlengen zhapa shekken adamdarga komek korsetudi zor maksat etken Imekennin bul zhaksy kasietterin ol kisimen istes kedejler Қozybagar men Қasen zhaksy biletin Olardyn bүgingi urpaktary sovhoz zhumysshylary Zair men Nurlan da ol kasietti әli kүnge umytpagan dep zhazsa akademik A Қajypov Imeken uzyn bojly at zhakty kyr muryn seldir shoksha sakaly bar otkir koj kozdi karatory kelbetti kisi dep Қanysh aga Almaty 1989 303 bet sipattagan Imantajdyn ziraty Shadyra mekeninde Tendik kazirgi 1904 zhyly dүnieden otken Әlimә da sonda zherlengen Қanysh Imantajuly kejin olardyn basyna mәrmәrden belgi kojgyzyp ajnalasyn korshatyp as bergizgen DerekkozderSerik Imantajuly Zhaksybaev Қarzhas urpaktary Pavlodar EKO 2008 400 b 1000 taralym ISBN 9965 08 265 0 Қanysh Satpaev Enciklopediya Bas redaktor B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 zhyl ISBN 9965 893 74 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet