Земство– сәйкес құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы. Бастапқы кезде земство еуропалық бөлігіндегі кейбір губернияларға ғана енгізілді. Земство арқылы Ресей патшасының сарайы мемлекеттің құрылымын еуропалақ басқару жүйесіне ұқсатып, икемдеу мақсатын көздеді. Ресей үкіметі земствоға уездегі не губерния шеңберіндегі шаруашылық мәселелерімен айналысуға ғана құқық берді. Оның қаржысы, негізінен, жылжымайтын мүлік салығынан құралды. Земство жиналысында сайланған оның атқарушы органдарын – губерниялық, уездік земство басқармаларын губернатор бекітті. Олар губернатордың әкімшілік бақылауында болды, өз құқықтарын ашық қорғауға тырысқан кейбір земстволарды үкімет органдары таратып жіберіп отырды. Земство мекемелері аурухана, дәріхана ашып, дәрігерлерді жұмысқа шақырды, фельдшерлік және акушерлік курстар ұйымдастырды. Жергілікті бастауыш мектептер, гимназия мен мұғалімдер семинариясын ашты, мұқтаж оқушыларға стипендия тағайындады. Шаруашылықты жүргізудің озық үлгілерін насихаттап, ауыл шаруашылық көрмелерін ұйымдастырды. Ауыл шаруашылық училищелерін, тәжірибе стансаларын ашты.
1-ші Дүниежүзі земство
1-ші Дүниежүзі земство соғыс қарсаңында Ресейдің еуропалық бөлігінің 43 губерниясында ғана земство мекемелері болды. 1914 жылы шілде айында Бүкілресейлік земство одағы құрылды. 1867 – 68 жылдары және 1886 – 91 жылдары қазақ өлкелерін басқару туралы ережелер бойынша қазақтар земство салығын өтегенімен, Түркістан мен Дала өлкесінде земство мекемелері ашылмады. Сондықтан Қазақстанда 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында өрбіген ұлт-азаттық қозғалыс бағдарламаларында өлкеде земство мекемелерін құру басты мәселенің бірі ретінде қойылды. Әйгілі Қарқаралы құзырхатында Ресей үкіметінен қазақ даласына ішкі өлкелерден қоныс аудару саясатын доғару, қазақтарды Орынбор діни басқармасы құрамына алу, т.б. мәселелермен қатар өлкеде земство мекемелерін құру да талап етілген еді. Сондай-ақ, 1905 жылы құрылған Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының бағдарламасында қазақ жеріне земство мекемелерін құру қажеттігі аталып көрсетілді. Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері Қазақстанда земство мекемелерінің құрылуы, біріншіден, қазақтарды Ресей азаматтары ретінде құқықтық жағынан қорғауға мүмкіндік береді, екіншіден, халыққа білім беруде, денсаулығын сақтауда және шаруашылығын жүргізуде тиімді, үшіншіден, қазақтардың қоғамдық өмірін жандандыра түсіп, өзін-өзі басқаруға әзірлейді деп ұқты.
Қазақ жеріндегі земство
Қазақ жерінде земство мекемелері патша өкіметі құлағаннан кейін, Уақытша үкіметтің 1917 жылы 17 маусымдағы “Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай және Орал облыстарында земство мекемелерін ашу туралы” қаулысына сәйкес құрылды. Осыған орай Бірінші жалпықазақ съезі земство мәселесін күн тәртібіне қойып, қазақтардың земство мекемелерін құруға белсенді түрде ат салысуына ерекше мән берді. Қазақ к-ттері земствоның тек қазаққа ғана емес, өлкедегі орыстарға да ортақ екенін ескеріп, әрі олардың қазақтың жайбасарлығын пайдаланып кетпес үшін земство басқармаларына мүшелікке кімді сайлау керектігі жөнінде нұсқау беріп отырды. Қазақ жерінде алғашқы земство мекемесі 1917 жылы 16 қазанда Торғай уезінде ашылды. Оның басқармасының төрағасы болып А.Бірімжанов сайланды. Облыс деңгейдегі земство басқармалары Қазақстанда 1918 жылы қаңтардан бастап құрылды. 1918 жылы 17 қаңтарда ашылған Семей облыстық земство басқармасының төрағасы Р.Мәрсеков болды. Орал облыстық земство басқармасының төрағасы болып Х.Досмұхамедов сайланды. Қазақ жерінде облыстық және уездік деңгейде ашылған земство мекемелері халықтың шаруашылығын реттеуде, оқу ісін жолға қоюда елеулі жұмыстар атқарды. Мұғалімдер даярлайтын курстар, бастауыш мектептер ашты, оқушы жастарға стипендия тағайындады. Семей облыстық земство басқармасы тағайындаған стипендияны сол кезде Семей мұғалімдер семинариясында оқыған пен М.Әуезов те алып тұрған. 1918 жылы Семей облыстық земство басқармасы оқушы қазақ жастарына 110 стипендия тағайындап, оған 25 300 сом қаржы бөлген. Қазақ жерінде енді қанат жайып, күш ала бастаған земство мекемелерінің күш алуына большевиктердің өкімет басына келуі мүмкіндік бермеді. Мысалы, Торғай облысының Шаруа, жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі 1918 жылдың қаңтарында земство басқармалары жойылсын деп жариялады. Бірақ земство мекемелері Азамат соғысы жағдайында саяси күштердің өзгеруіне байланысты бірде жабылып, қайта ашылып жүріп, 1919 жылдың соңына дейін қызметін жалғастырды.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zemstvo sәjkes kurylgan zhergilikti ozin ozi baskaru organy Bastapky kezde zemstvo europalyk boligindegi kejbir guberniyalarga gana engizildi Zemstvo arkyly Resej patshasynyn sarajy memlekettin kurylymyn europalak baskaru zhүjesine uksatyp ikemdeu maksatyn kozdedi Resej үkimeti zemstvoga uezdegi ne guberniya shenberindegi sharuashylyk mәselelerimen ajnalysuga gana kukyk berdi Onyn karzhysy negizinen zhylzhymajtyn mүlik salygynan kuraldy Zemstvo zhinalysynda sajlangan onyn atkarushy organdaryn guberniyalyk uezdik zemstvo baskarmalaryn gubernator bekitti Olar gubernatordyn әkimshilik bakylauynda boldy oz kukyktaryn ashyk korgauga tyryskan kejbir zemstvolardy үkimet organdary taratyp zhiberip otyrdy Zemstvo mekemeleri auruhana dәrihana ashyp dәrigerlerdi zhumyska shakyrdy feldsherlik zhәne akusherlik kurstar ujymdastyrdy Zhergilikti bastauysh mektepter gimnaziya men mugalimder seminariyasyn ashty muktazh okushylarga stipendiya tagajyndady Sharuashylykty zhүrgizudin ozyk үlgilerin nasihattap auyl sharuashylyk kormelerin ujymdastyrdy Auyl sharuashylyk uchilishelerin tәzhiribe stansalaryn ashty 1 shi Dүniezhүzi zemstvo1 shi Dүniezhүzi zemstvo sogys karsanynda Resejdin europalyk boliginin 43 guberniyasynda gana zemstvo mekemeleri boldy 1914 zhyly shilde ajynda Bүkilresejlik zemstvo odagy kuryldy 1867 68 zhyldary zhәne 1886 91 zhyldary kazak olkelerin baskaru turaly erezheler bojynsha kazaktar zemstvo salygyn otegenimen Tүrkistan men Dala olkesinde zemstvo mekemeleri ashylmady Sondyktan Қazakstanda 19 g dyn sony men 20 g dyn basynda orbigen ult azattyk kozgalys bagdarlamalarynda olkede zemstvo mekemelerin kuru basty mәselenin biri retinde kojyldy Әjgili Қarkaraly kuzyrhatynda Resej үkimetinen kazak dalasyna ishki olkelerden konys audaru sayasatyn dogaru kazaktardy Orynbor dini baskarmasy kuramyna alu t b mәselelermen katar olkede zemstvo mekemelerin kuru da talap etilgen edi Sondaj ak 1905 zhyly kurylgan Қazak konstituciyalyk demokratiyalyk partiyasynyn bagdarlamasynda kazak zherine zemstvo mekemelerin kuru kazhettigi atalyp korsetildi Ұlt azattyk kozgalys kajratkerleri Қazakstanda zemstvo mekemelerinin kuryluy birinshiden kazaktardy Resej azamattary retinde kukyktyk zhagynan korgauga mүmkindik beredi ekinshiden halykka bilim berude densaulygyn saktauda zhәne sharuashylygyn zhүrgizude tiimdi үshinshiden kazaktardyn kogamdyk omirin zhandandyra tүsip ozin ozi baskaruga әzirlejdi dep ukty Қazak zherindegi zemstvoҚazak zherinde zemstvo mekemeleri patsha okimeti kulagannan kejin Uakytsha үkimettin 1917 zhyly 17 mausymdagy Akmola Semej Zhetisu Torgaj zhәne Oral oblystarynda zemstvo mekemelerin ashu turaly kaulysyna sәjkes kuryldy Osygan oraj Birinshi zhalpykazak sezi zemstvo mәselesin kүn tәrtibine kojyp kazaktardyn zemstvo mekemelerin kuruga belsendi tүrde at salysuyna erekshe mәn berdi Қazak k tteri zemstvonyn tek kazakka gana emes olkedegi orystarga da ortak ekenin eskerip әri olardyn kazaktyn zhajbasarlygyn pajdalanyp ketpes үshin zemstvo baskarmalaryna mүshelikke kimdi sajlau kerektigi zhoninde nuskau berip otyrdy Қazak zherinde algashky zemstvo mekemesi 1917 zhyly 16 kazanda Torgaj uezinde ashyldy Onyn baskarmasynyn toragasy bolyp A Birimzhanov sajlandy Oblys dengejdegi zemstvo baskarmalary Қazakstanda 1918 zhyly kantardan bastap kuryldy 1918 zhyly 17 kantarda ashylgan Semej oblystyk zemstvo baskarmasynyn toragasy R Mәrsekov boldy Oral oblystyk zemstvo baskarmasynyn toragasy bolyp H Dosmuhamedov sajlandy Қazak zherinde oblystyk zhәne uezdik dengejde ashylgan zemstvo mekemeleri halyktyn sharuashylygyn retteude oku isin zholga koyuda eleuli zhumystar atkardy Mugalimder dayarlajtyn kurstar bastauysh mektepter ashty okushy zhastarga stipendiya tagajyndady Semej oblystyk zemstvo baskarmasy tagajyndagan stipendiyany sol kezde Semej mugalimder seminariyasynda okygan pen M Әuezov te alyp turgan 1918 zhyly Semej oblystyk zemstvo baskarmasy okushy kazak zhastaryna 110 stipendiya tagajyndap ogan 25 300 som karzhy bolgen Қazak zherinde endi kanat zhajyp kүsh ala bastagan zemstvo mekemelerinin kүsh aluyna bolshevikterdin okimet basyna kelui mүmkindik bermedi Mysaly Torgaj oblysynyn Sharua zhumysshy zhәne soldat deputattarynyn kenesi 1918 zhyldyn kantarynda zemstvo baskarmalary zhojylsyn dep zhariyalady Birak zemstvo mekemeleri Azamat sogysy zhagdajynda sayasi kүshterdin ozgeruine bajlanysty birde zhabylyp kajta ashylyp zhүrip 1919 zhyldyn sonyna dejin kyzmetin zhalgastyrdy Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Қazak Enciklopediyasy 4 tom 3 bolimBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet