Жидебай батыр мазары Қарағанды облысының Шет ауданында, Талды өзені жағасында бой көтерген.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTlsTDJVMEx5VkVNQ1U1TmlWRU1DVkNPQ1ZFTUNWQ05DVkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNNU1ZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDT1Y4bFJETWxPVGtsUkRFbE9ETWxSREFsUWtJbFJEQWxRamdsUkRBbFFqVmZKVVF3SlVKQkpVUXlKVUZHSlVRd0pVSkRKVVF3SlVJeEpVUXdKVUkxSlVRd0pVSTNKVVF4SlRrMkxtcHdaeTh6TURCd2VDMGxSREFsT1RZbFJEQWxRamdsUkRBbFFqUWxSREFsUWpVbFJEQWxRakVsUkRBbFFqQWxSREFsUWpsZkpVUXpKVGs1SlVReEpUZ3pKVVF3SlVKQ0pVUXdKVUk0SlVRd0pVSTFYeVZFTUNWQ1FTVkVNaVZCUmlWRU1DVkNReVZFTUNWQ01TVkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNOeVZFTVNVNU5pNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Даңқты батыр Жидебай Қожаназарұлы — туған жерін Жоңғар шапқыншылығынан қорғауда есімі алтын әріппен жазылған бабаларымыздың бірі.
Әуелде көне мазардың басына қойылған көктаста өмір сүрген кезеңі XVIІ ғасыр деп көрсетілен еді.
Бірақ шежірешілердің айтуынша, ол Аңырақай шайқасына 1730 жылы қатысқан, сол кезде жасы он жетіде еді. Сонда Жидебай батыр 1712-1713 жылдары туған болып шығады. Ол туралы ел аузында «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда» деген нақыл сөз қалған.
Бұл халық сөзі батырдың қабіртасына қашалып жазылған.
Сондай-ақ қабіртаста Қаз дауысты Қазыбек бидің келесі сөзі де келтірілген:
Замана өтпес болсашы-ай,
Жидекем өлмес болсашы-ай
Осы деректер және туған-қайтыс болған жылдары мейлінше дұрыс көрсетілген жаңа қабіртас жаңарту жұмыстары жүргізілгенде, яғни 1993 жылы қойылады.
Әлихан Жәңгірұлы жазуынша, сол жылы Ақтоғай ауданында Жидебай батырға үлкен ас берілді. Батыр бабаның басына жаңа кесене салынды. Осы жұмыстарды өткізуде Сейдіғали Сейілханұлы, Төлеуқадыр Тоқтамысұлы, Хайролла Нұрбекұлы мақтана айтарлықтай еңбек етті.
Бұл жаңа кесененің қабырғасы ақ кірпіштен дөңгелене қаланып күмбезге жалғасады. Күмбездің басына темірден жарты ай белгісі орнатылған. Кесененің кіре берісінде екі шағын мұнара және қара тастан жасалған екі тақтатас бар.
Тақтатастың біреуінде: «Жидебай Қожаназарұлы Әлтеке немересі, әруақты батыр, әрі би, әрі шешен, айсыз қараңғы түнде де барар жерін дәл табатын жершілдік қасиеті болған»;
екіншісінде: «Жидебай батыр Елінің тұтастығын ойлаған кемеңгер тарихи тұлға. Қазақтың асқақ тұлғалы ханы Абылай ханның сенімді серігі, пікірлес досы. Беделді де белді батыры болып, арнайы жасағын басқарған» деп жазылған.
Дереккөздер
- Жидебай батыр — «Егемен Қазақстан», 27.04.2013.
- Ғұзыхан Ақпанбек. Жидебай батыр — «Мысты өңір», 24.03.2006
- Әлихан Жәңгірұлы, Балқаш, 2001
- Кесене туралы(қолжетпейтін сілтеме)
Сілтемелер
- Қазақстанның киелі жерлері, Жидебай батыр мазары YouTube сайтында
- Жидебай батыр: жалған мен шындық Тарихи порталда
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhidebaj batyr mazary Қaragandy oblysynyn Shet audanynda Taldy ozeni zhagasynda boj kotergen Dankty batyr Zhidebaj Қozhanazaruly tugan zherin Zhongar shapkynshylygynan korgauda esimi altyn әrippen zhazylgan babalarymyzdyn biri Әuelde kone mazardyn basyna kojylgan koktasta omir sүrgen kezeni XVII gasyr dep korsetilen edi Birak shezhireshilerdin ajtuynsha ol Anyrakaj shajkasyna 1730 zhyly katyskan sol kezde zhasy on zhetide edi Sonda Zhidebaj batyr 1712 1713 zhyldary tugan bolyp shygady Ol turaly el auzynda Saryarkadaj zher kajda Zhidebajdaj er kajda degen nakyl soz kalgan Bul halyk sozi batyrdyn kabirtasyna kashalyp zhazylgan Sondaj ak kabirtasta Қaz dauysty Қazybek bidin kelesi sozi de keltirilgen Zamana otpes bolsashy aj Zhidekem olmes bolsashy aj Osy derekter zhәne tugan kajtys bolgan zhyldary mejlinshe durys korsetilgen zhana kabirtas zhanartu zhumystary zhүrgizilgende yagni 1993 zhyly kojylady Әlihan Zhәngiruly zhazuynsha sol zhyly Aktogaj audanynda Zhidebaj batyrga үlken as berildi Batyr babanyn basyna zhana kesene salyndy Osy zhumystardy otkizude Sejdigali Sejilhanuly Toleukadyr Toktamysuly Hajrolla Nurbekuly maktana ajtarlyktaj enbek etti Bul zhana kesenenin kabyrgasy ak kirpishten dongelene kalanyp kүmbezge zhalgasady Kүmbezdin basyna temirden zharty aj belgisi ornatylgan Kesenenin kire berisinde eki shagyn munara zhәne kara tastan zhasalgan eki taktatas bar Taktatastyn bireuinde Zhidebaj Қozhanazaruly Әlteke nemeresi әruakty batyr әri bi әri sheshen ajsyz karangy tүnde de barar zherin dәl tabatyn zhershildik kasieti bolgan ekinshisinde Zhidebaj batyr Elinin tutastygyn ojlagan kemenger tarihi tulga Қazaktyn askak tulgaly hany Abylaj hannyn senimdi serigi pikirles dosy Bedeldi de beldi batyry bolyp arnajy zhasagyn baskargan dep zhazylgan DerekkozderZhidebaj batyr Egemen Қazakstan 27 04 2013 Ғuzyhan Akpanbek Zhidebaj batyr Mysty onir 24 03 2006 Әlihan Zhәngiruly Balkash 2001 Kesene turaly kolzhetpejtin silteme SiltemelerҚazakstannyn kieli zherleri Zhidebaj batyr mazary YouTube sajtynda Zhidebaj batyr zhalgan men shyndyk Tarihi portalda