Жанқожа батыр — 19 ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр.
Айтушысы — Мысабай жырау, ол Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған.
Жинаушысы – И. В. Аничков. Ол Санкт-Петербург универсbтеті шығыстану факультетінің түлегі, Сырдария губерниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған, Орынбор, Түркістан ғылымb қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен «Қазан университетінің археология, тарих, этнография қоғамының хабаршысында» жарияланған. Шығармада Сырдың төменгі ағысындағы қазақтардың Хиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқа қарсы күресі жырланады. Жанрлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр.
Онда Кенесары, Төлек, Арынғазы, Есет, Бекет, , т.б. тарихи тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер-су атаулары көптеп кездеседі. Жекелеген ру аттары да көрініс тапқан. «Жанқожа батыр» жырының көлемі шағын, 161 жол. Тілі көркем:
Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,
Көркемдік Жәкең барда еш кемдікті,
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті
- деген жолдар он бір буынды өлшемге құрылған.
Мысабай жыраудан жазылған осы жыр үлгісін Сәкен Сейфуллин «Жаңа әдебиет» журналының 1926 жылғы 5-санында араб әрпімен жарияланған. «Жанқожа жайлы өлең» деп аталған жырдың осы үлгісі «Ертедегі ескерткіштер» (1996) атты зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның орта ғылыми кітапханасында «Жанқожа батыр» жырының бірнеше үлгісі сақталған. Олар «Жанқожа батыр», «Жанқожаның тарихы», «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт».
Айтушылары – Мысабай, О. Сұлтанов, Л. Шаңғытбаев. Бұл нұсқаулардың біреуі қара сөзбен, өзгелері өлеңмен жазылған. Жинаушылары – М. Ахметов, Баймұхамбетов, С. Бөлекпаев, К. Көрегенов, Қалижанов, Қ. Сұлтанов, Н. Қарабатыров.т.б.
Тағы қараңыз
- Жаңқожа батыр
- Жанқожа батыр ауылы
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhankozha batyr 19 gasyrdyn orta shenindegi Syr bojy kazaktarynyn Hiua Қokan otarshyldygyna karsy kүresin surettejtin zhyr Ajtushysy Mysabaj zhyrau ol Қazaly manyndagy Қarakol eldi mekeninde turgan Zhinaushysy I V Anichkov Ol Sankt Peterburg universbteti shygystanu fakultetinin tүlegi Syrdariya guberniyasynyn әr tүrli ajmaktarynda sot kyzmetin atkargan Orynbor Tүrkistan gylymb kogamdarynyn beldi mүshesi bolgan Anichkov zhyrdy 1893 zhyly kagazga tүsirip kejinnen Қazan universitetinin arheologiya tarih etnografiya kogamynyn habarshysynda zhariyalangan Shygarmada Syrdyn tomengi agysyndagy kazaktardyn Hiua handygyna әsirese Babazhan sartka karsy kүresi zhyrlanady Zhanrlyk turgydan kelgende bul tarihi zhyr Onda Kenesary Tolek Aryngazy Eset Beket t b tarihi tulgalar men Үrgenish Buhara Rajym sekildi zher su ataulary koptep kezdesedi Zhekelegen ru attary da korinis tapkan Zhankozha batyr zhyrynyn kolemi shagyn 161 zhol Tili korkem Қazakka sart ta kyldy үlkendikti Korkemdik Zhәken barda esh kemdikti Қalasyn Babazhannyn buzyp alyp Қazakka alyp berdi bir tendikti degen zholdar on bir buyndy olshemge kurylgan Mysabaj zhyraudan zhazylgan osy zhyr үlgisin Sәken Sejfullin Zhana әdebiet zhurnalynyn 1926 zhylgy 5 sanynda arab әrpimen zhariyalangan Zhankozha zhajly olen dep atalgan zhyrdyn osy үlgisi Ertedegi eskertkishter 1996 atty zertteuinde kajta basylgan Қazakstannyn orta gylymi kitaphanasynda Zhankozha batyr zhyrynyn birneshe үlgisi saktalgan Olar Zhankozha batyr Zhankozhanyn tarihy Zhankozha batyr men Babazhan sart Ajtushylary Mysabaj O Sultanov L Shangytbaev Bul nuskaulardyn bireui kara sozben ozgeleri olenmen zhazylgan Zhinaushylary M Ahmetov Bajmuhambetov S Bolekpaev K Koregenov Қalizhanov Қ Sultanov N Қarabatyrov t b Tagy karanyzZhankozha batyr Zhankozha batyr auylyDerekkozderҚazak enciklopediyasy