Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Даниэль Дефо (ағылш. Daniel Defoe; 1660, Лондон—1731, Лондон) — ағылшын жазушысы, публицист. Атақты «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғалары» романының авторы. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды.
Өзінің алғашқы шығармаларынан бастап, Дефо буржуазиялық өкіметке қарсы болды. Ол герцог Монмауттың Яков ІІ ге қарсы көтерілісіне қатысты.1688-1689 ж.ж. мемлекеттік төңкерісті жақтады. Өзінің саяси көзқарасы үшін Дефо абақтыда да отырды. 1731 ж. 26 сәуірде кредиторлардан қашып жүрген кезде семьясынан алыс жерде қайтыс болды.
Дефо өз заманының саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.). Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.
Толығырақ
Даниэль Дефо 1661 жылы ет саудагері Джемс Фоның отбасында дүниеге келді. Кейін жазушы фамилиясын Дефо деп өзгертті. Дефоның отбасын тек сауда мен дін ғана қызықтырды. Оның әкесі діни көзқарасы бойынша пуритан әрі диссидент болды. Әкесі кішкентай Даниэльдің ерекше қабілетін байқап, пуритандық шіркеудің священниктерін даярлайтын, «академия» деген атақ алған диссиденттік мектепке оқуға береді. Ал Дефо болса өз кезегінде діни қызметкер болудан бас тартып, саудамен айналысады. Ол өмірінің соңына дейін коммерсант болып қала берді. Әуелі фабрикант, одан соң Англиядан мата шығару әрі сырттан вино кіргізу ісі бойынша делдал қызметін атқарды. Нәтижесінде черепица зауытының қожайыны болды. Сауда-саттық делдалы болып жүргенде Даниэль Еуропаға, әсіресе, Испания мен Португалияға көп саяхат жасайды. Сауданы дамыту үшін Дефо әртүрлі коммерциялық жоспарлар жасап, жаңа кәсіпкерліктер ашып, бірде байып, бірде кедейленіп қалып отырды. Сонымен бірге, ол өз заманындағы саяси оқиғаларға белсене араласып отырды. 1688 жылы болған «даңқты төңкеріске» атсалысып, Вильгельм ағылшын жағалауына келгенде Дефо оның армиясының құрамына кіріп, бай көпестер ұйымдастырған корольдің салтанатты шеруіне қатысады. Ал 1702 жылғы Вильгельм ІІІ-нің өлімі жазушының корольге артқан үмітін үзеді. Ол «Жалған жоқтаушылар» атты памфлетінде корольдің өліміне қуанған ақсүйектерге ашу-ызасын білдіреді. Дефо 1702 жылы анонимді түрде «Диссиденттерді жазалаудың ең қысқа тәсілі» деген брошюро шығарды. Брошюро диссиденттерді қырып-жоюға шақырған ағылшын шіркеуі өкілінің атынан жазылған. Үкімет пен шіркеу кітапшаның мағынасын толық ұғып, бой бермейтін памфлетисттің қаншалықты қауіпті екендігін түсінді. 1703 жылдың қаңтарында Дефоны тұтқындау туралы жарлық шықты. Дефо полициядан қашып, жасырынды. «Лондондық газетте» оны тапқан адамға үкіметтің 50 фунт стерлинг беретіндігі жайлы хабарландыру шықты. Онда Дефо «арықша келген, орта бойлы, жасы шамамен қырық жаар, қара торы, қою қоңыр шашты, сұр көзді, ілмек мұрынды және аузының маңында үлкен қалы бар» деп суреттелді. Нәтижесінде жазушы ұсталып, Ньюгет түрмесіне қамалды. Ал памфлетті орталық алаңда жұрттың көзінше өртейді. Дефоға шығарылған үкім өте қатал болды. Ол үлкен айып төлеп, масқара бағанасында үш есе артық тұрып, түрмеде королеваның бұйрығы шыққанға дейін белгісіз уақыт қамалуға мәжбүр болды. Дефо шығармашылығы әрқилылығымен ерекшеленеді. Оның түрлі жанрда жазылған 250 еңбегі бар. Олардың ішінде өлеңмен жазылған және прозаикалық памфлеттер мен көлемді романдар да кездеседі. Жоғарыда айтылған саяси памфлеттер мен «Жоба жайлы тәжірибесінен» бөлек ол 1703 жылдан кейін әртүрлі мазмұндағы көптеген очерктері мен мақалаларын жарыққа шығарды. Онда саудаға ерекше мән беретін этнографиялық және тарихи еңбектер де бар: «Сауданың, әсіресе британдық коммерцияның жалпы тарихы» (1713); «Жаңалықтар мен кемелдендірудің, әсіресе, әлемнің барлық бөліктеріндегі сауда-саттық, навигация және егін шаруашылығының ұлы салаларының жалпы тарихы» (1725); «Ұлыбританияның барлық аралдарына саяхат» (1727); «Московияның қазіргі патшасы, Петр Алексеевичтің өмір тарихы» (1723). Автордың «Үлгілі ағылшын негоцианты» (1727) атты трактаты бар. Дефо ағылшын журналистикасының негізін салушы болып саналады. 1705 жыл мен 1713 жылдар аралығында ол «Француз істеріне қысқаша шолу» атты газетін шығарады. Публицистикалық және тарихи жұмыстар жазып көп тәжірибе жинақтаған Дефо қартайған шағында көркем шығармалар жазуға кіріседі. Ол өзінің атақты романы – «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғаларын» (1719) 58 жасында жазды. Көп ұзамай романның екінші, үшінші бөлімдері жарыққа шығып, онан соң қаламгердің «Әйгілі капитан Сингльтонның өмірі мен қызықты оқиғалары» (1720), «Кавалердің мемуарлары» (1720), «Оба жылының жазбалары» (1721), «Атақты Молль Флендерстің қуанышы мен қайғысы» (1721), «Аса құрметті полковник Жактың тарихы мен тамаша өмірі» (1722), «Леди Роксананың өмірі мен тарихы» (1724), «Джордж Карльтонның жазбалары» (1724) атты бірқатар романдары жарияланды.
Дереккөздер
- История зарубежной литературы ХУІІ-ХУІІІ в.в. С.Д.Артамонов, З.Т.Гражданская, Р.М.Самарин. Москва, Просвещение, 1973
- А.А.Тахо- Зарубежная литература. С.В.Тураев, И.Б.Дюшен, Г.А.Могилевская, Годи. Москва, Просвещение, 1975
- История зарубежной литературы ХУІІІ века. Под ред. В.П.Неустроева, Р.М.Самарина. Издательство Московского университета, 1974
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna sәjkes bolu үshin zhetildiru kazhet Osy makalany әri karaj damytuga komektesiniz Daniel Defo agylsh Daniel Defoe 1660 London 1731 London agylshyn zhazushysy publicist Atakty Robinzon Kruzonyn omiri men tangazhajyp kyzykty okigalary romanynyn avtory Onyn ata babalarynyn familiyasy Fo bolgan zhazushy ogan De әripterin koskan Defonyn әkesi kolonershi bolyp sheberhana ustagan Ol ulyn ruhani akademiyaga bergen Bolashak zhazushy onda francuz italyan ispan zhәne latyn kone grek tilderin үjrendi Defo Dissenter kolledzhin bitirdi Ol kәsipker sharap satushy bolyp Franciya Italiya Ispaniya zhәne Portugaliya elderinde boldy Өzinin algashky shygarmalarynan bastap Defo burzhuaziyalyk okimetke karsy boldy Ol gercog Monmauttyn Yakov II ge karsy koterilisine katysty 1688 1689 zh zh memlekettik tonkeristi zhaktady Өzinin sayasi kozkarasy үshin Defo abaktyda da otyrdy 1731 zh 26 sәuirde kreditorlardan kashyp zhүrgen kezde semyasynan alys zherde kajtys boldy Defo oz zamanynyn sayasi omiri ekonomikasy morali dini tarihy zhajly koptegen publicistikalyk shygarma zhazdy Taza kandy agylshyn 1701 atty olenmen zhazylgan pamfletinde dandajsygan aksүjekterdi dini fanatizmdi әshkereledi Degenmen Defo koptegen shygarmalarynda burzhuaziyalyk kurylystyn nygayuyn sauda sattyktyn damuyn kuattady Zhobalardyn tәzhiribesi 1697 zh Defonyn tungysh romany Robinzon Kruzo ony dүnie zhүzilik dankka boledi Robinzon Kruzodan 1719 kejin Defo Kapitan Singlton 1720 Moll Flenders 1722 Polkovnik Zhaktyn tarihy 1722 Roksana 1724 Kapitan Karltonnyn memuary 1728 romandaryn zhazdy TolygyrakDaniel Defo 1661 zhyly et saudageri Dzhems Fonyn otbasynda dүniege keldi Kejin zhazushy familiyasyn Defo dep ozgertti Defonyn otbasyn tek sauda men din gana kyzyktyrdy Onyn әkesi dini kozkarasy bojynsha puritan әri dissident boldy Әkesi kishkentaj Danieldin erekshe kabiletin bajkap puritandyk shirkeudin svyashennikterin dayarlajtyn akademiya degen atak algan dissidenttik mektepke okuga beredi Al Defo bolsa oz kezeginde dini kyzmetker boludan bas tartyp saudamen ajnalysady Ol omirinin sonyna dejin kommersant bolyp kala berdi Әueli fabrikant odan son Angliyadan mata shygaru әri syrttan vino kirgizu isi bojynsha deldal kyzmetin atkardy Nәtizhesinde cherepica zauytynyn kozhajyny boldy Sauda sattyk deldaly bolyp zhүrgende Daniel Europaga әsirese Ispaniya men Portugaliyaga kop sayahat zhasajdy Saudany damytu үshin Defo әrtүrli kommerciyalyk zhosparlar zhasap zhana kәsipkerlikter ashyp birde bajyp birde kedejlenip kalyp otyrdy Sonymen birge ol oz zamanyndagy sayasi okigalarga belsene aralasyp otyrdy 1688 zhyly bolgan dankty tonkeriske atsalysyp Vilgelm agylshyn zhagalauyna kelgende Defo onyn armiyasynyn kuramyna kirip baj kopester ujymdastyrgan koroldin saltanatty sheruine katysady Al 1702 zhylgy Vilgelm III nin olimi zhazushynyn korolge artkan үmitin үzedi Ol Zhalgan zhoktaushylar atty pamfletinde koroldin olimine kuangan aksүjekterge ashu yzasyn bildiredi Defo 1702 zhyly anonimdi tүrde Dissidentterdi zhazalaudyn en kyska tәsili degen broshyuro shygardy Broshyuro dissidentterdi kyryp zhoyuga shakyrgan agylshyn shirkeui okilinin atynan zhazylgan Үkimet pen shirkeu kitapshanyn magynasyn tolyk ugyp boj bermejtin pamfletisttin kanshalykty kauipti ekendigin tүsindi 1703 zhyldyn kantarynda Defony tutkyndau turaly zharlyk shykty Defo policiyadan kashyp zhasyryndy Londondyk gazette ony tapkan adamga үkimettin 50 funt sterling beretindigi zhajly habarlandyru shykty Onda Defo aryksha kelgen orta bojly zhasy shamamen kyryk zhaar kara tory koyu konyr shashty sur kozdi ilmek muryndy zhәne auzynyn manynda үlken kaly bar dep suretteldi Nәtizhesinde zhazushy ustalyp Nyuget tүrmesine kamaldy Al pamfletti ortalyk alanda zhurttyn kozinshe ortejdi Defoga shygarylgan үkim ote katal boldy Ol үlken ajyp tolep maskara baganasynda үsh ese artyk turyp tүrmede korolevanyn bujrygy shykkanga dejin belgisiz uakyt kamaluga mәzhbүr boldy Defo shygarmashylygy әrkilylygymen erekshelenedi Onyn tүrli zhanrda zhazylgan 250 enbegi bar Olardyn ishinde olenmen zhazylgan zhәne prozaikalyk pamfletter men kolemdi romandar da kezdesedi Zhogaryda ajtylgan sayasi pamfletter men Zhoba zhajly tәzhiribesinen bolek ol 1703 zhyldan kejin әrtүrli mazmundagy koptegen ocherkteri men makalalaryn zharykka shygardy Onda saudaga erekshe mәn beretin etnografiyalyk zhәne tarihi enbekter de bar Saudanyn әsirese britandyk kommerciyanyn zhalpy tarihy 1713 Zhanalyktar men kemeldendirudin әsirese әlemnin barlyk bolikterindegi sauda sattyk navigaciya zhәne egin sharuashylygynyn uly salalarynyn zhalpy tarihy 1725 Ұlybritaniyanyn barlyk araldaryna sayahat 1727 Moskoviyanyn kazirgi patshasy Petr Alekseevichtin omir tarihy 1723 Avtordyn Үlgili agylshyn negocianty 1727 atty traktaty bar Defo agylshyn zhurnalistikasynyn negizin salushy bolyp sanalady 1705 zhyl men 1713 zhyldar aralygynda ol Francuz isterine kyskasha sholu atty gazetin shygarady Publicistikalyk zhәne tarihi zhumystar zhazyp kop tәzhiribe zhinaktagan Defo kartajgan shagynda korkem shygarmalar zhazuga kirisedi Ol ozinin atakty romany Robinzon Kruzonyn omiri men tangazhajyp kyzykty okigalaryn 1719 58 zhasynda zhazdy Kop uzamaj romannyn ekinshi үshinshi bolimderi zharykka shygyp onan son kalamgerdin Әjgili kapitan Singltonnyn omiri men kyzykty okigalary 1720 Kavalerdin memuarlary 1720 Oba zhylynyn zhazbalary 1721 Atakty Moll Flenderstin kuanyshy men kajgysy 1721 Asa kurmetti polkovnik Zhaktyn tarihy men tamasha omiri 1722 Ledi Roksananyn omiri men tarihy 1724 Dzhordzh Karltonnyn zhazbalary 1724 atty birkatar romandary zhariyalandy DerekkozderIstoriya zarubezhnoj literatury HUII HUIII v v S D Artamonov Z T Grazhdanskaya R M Samarin Moskva Prosveshenie 1973 A A Taho Zarubezhnaya literatura S V Turaev I B Dyushen G A Mogilevskaya Godi Moskva Prosveshenie 1975 Istoriya zarubezhnoj literatury HUIII veka Pod red V P Neustroeva R M Samarina Izdatelstvo Moskovskogo universiteta 1974