Григорий Самуилович Ландсберг (1890 жыл 10 қаңтар, - 1957 жыл 2 ақпан, Мәскеу) - кеңес физигі, КСРО-ның академигі (1946).
Өмірі
1913 жылы Мәскеу университетін бітіріп, сонда 1913-1915, 1923-1945, 1947-1951 жылдары сабақ берді. 1923 жылдан Мәскеу университетінің профессоры болды. 1951-1957 жылдары Мәскеу физика-техникалық институттың профессоры, 1934 жылдан КСРО-ның Физика институтында жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми еңбектері оптика мен спектроскопияға арналған. 1926 жылы бірінші рет кристалдағы жарықтың молекулалық шашырауын бөліп алып зерттеген. 1928 жылы Л.И.Мандельштаммен біріге отырып, жарықтың комбинациялық шашырауын шешті. Ол органикалық молекулалардың спектроскопиясын, сондай-ақ, газдағы, сұйықтағы, қатты денедегі молекула аралық және молекула ішіндегі өзара әсерлерді зерттеудің негізін қалады. Металдар мен қорытпалардың, күрделі органикалық қоспалардың т.б. спектрлік анализ әдісін жасады. Ол - белгілі оптика курсының авторы және көпшілікке арналған «Физиканың элементар оқулығы» кітаптарының редакторы, спектроскопия жөніндегі комиссияны құрушы және оның төрағасы, атомдық және молекулалық спектрлік анализ мектебінің негізін салушы.
Марапаттары
КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1941). Ол 2 рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Grigorij Samuilovich Landsberg 1890 zhyl 10 kantar 1957 zhyl 2 akpan Mәskeu kenes fizigi KSRO nyn akademigi 1946 Өmiri1913 zhyly Mәskeu universitetin bitirip sonda 1913 1915 1923 1945 1947 1951 zhyldary sabak berdi 1923 zhyldan Mәskeu universitetinin professory boldy 1951 1957 zhyldary Mәskeu fizika tehnikalyk instituttyn professory 1934 zhyldan KSRO nyn Fizika institutynda zhumys istedi Onyn negizgi gylymi enbekteri optika men spektroskopiyaga arnalgan 1926 zhyly birinshi ret kristaldagy zharyktyn molekulalyk shashyrauyn bolip alyp zerttegen 1928 zhyly L I Mandelshtammen birige otyryp zharyktyn kombinaciyalyk shashyrauyn sheshti Ol organikalyk molekulalardyn spektroskopiyasyn sondaj ak gazdagy sujyktagy katty denedegi molekula aralyk zhәne molekula ishindegi ozara әserlerdi zertteudin negizin kalady Metaldar men korytpalardyn kүrdeli organikalyk kospalardyn t b spektrlik analiz әdisin zhasady Ol belgili optika kursynyn avtory zhәne kopshilikke arnalgan Fizikanyn elementar okulygy kitaptarynyn redaktory spektroskopiya zhonindegi komissiyany kurushy zhәne onyn toragasy atomdyk zhәne molekulalyk spektrlik analiz mektebinin negizin salushy MarapattaryKSRO Memleket syjlygynyn laureaty 1941 Ol 2 ret Lenin ordenimen zhәne medaldarmen marapattalgan DerekkozderҚazak Sovet Enciklopediyasy Almaty 1975zh 7 tom