Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын деген жерде дүниеге келді.
Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады.
Оқушылық жылдары.
Екі жыл бойы ол халықтық мектепте оқыды. Білім жағына байланысты Вундтың жанұясында нақты дәстүрлер бар болатын: оның арғы аталары іс жүзінде өз табыстары арқылы ғылымның барлық жақтарынан атағымен жер жарған. Бірақ ең кішкентай Вундт бұл керемет дәстүрді жалғастырмайтыны үйдегілеріне айдан анық көрінді. Ол бос уақытын кітап оқумен емес армандаумен өткізді, соның нәтижесінде бірінші сыныптың эмтиханынан өте алмады. Екінші сыныптан бастап, Вундтың білімі әкесінің көмекшісі – Фридрих Мюллерге тапсырыллды, оған Вильгельм барлық жанымен бауып басып қалды. Жас (священник) басқа приходқа ауыстырғанда, балаға алдағы айырылысу өте қиынға түсті. Вундт өзінің «Бастан кешкен және танылған» атты өмірбаянында: «Ол маған анам мен әкемнен де жақын болды. Мен оны сағынғаным соншалық ата-анам онымен мен гимназияға түсуге дейін қалған жылдың барысында да тұруға рұқсат етті». Демалыс күндерді санамағанда, Вильгельм барлық уақытын Фридрихтың үйінде өткізді, сөз жоқ оның педагогикалық қабілеті мол еді. Дегенмен кейінірек Вундттің еске алуына қарағанда оның ықпалының негативті жақтары да болды: программа мен тәрбиенің болмауы, ұстамсыз қиялдауы оны гимназиядағы оқу шарттарына әзірлемеді. Бала кезінде ол өзін жалғыз санады, атақты жазушы болуды армандады. 13 жасында Вундт Брухзаледегі католик гимназиясына түсті. Фридрихтың сабақтарынан кейін, Вундт үшін гимназия «қасірет мектебі» болды. Кішкентай Вильгельманның мектеп бағалары онша жақсы болмады. Гимназияда ол өз сыныптастарынан артта қалып отырды, оның үстіне мұғалімдер де оны күлкі қылды. Бір жылдан соң ата-анасы оны Гейдельбергтегі гимназияға ауыстырды. Онда жаңа достары пайда болды, оқумен айналыса бастады, көне тілдерді – латын, грек, ежелгі еврей тілдерін зерттеп, жалпы алғанда қарқынды түрде жаңа жолға түсті. Біртіндеп Вундт өз қиялдауын бақылай білді және тіпті мектепте оның белсенділігін пайдалана алды, бірақ расында ол оны ешқашан ұнаптпаған. Ол бірақ өзінің ақыл-ойы мен қабілеттілігін 19 жасқа қарай дамытты, енді мектепті бітіріп, университетке түсуге дайын болды. Осы мақсатпен ол 1851 жылы анатом ағасы Фридрих Арнольд жұмыс істейтін университетке Тюбинге келеді. Осында Вильгельм тек бір жыл ғана оқып шығады. Тюбингте ол физиолог болам деп шешім қабылдады, себебі практикалық дәрігер мамандығына қарағанда, оған осы білім аясы оның қызығушылықтары мен талабына келеді деп санады (оған дейін Г.Гельцмгольлцта осылай тұжырымдаған). Бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергке көшіп келелді, онда ол үшін жарым жылы университетте білім алады. Алғашқы жылын Вундт анатомия, физиология, физика, химия және практикалық медицинаны зерттеуге арнайды. Бунзен атты химиктің қызықты дәрістері мен тәжірибелік көрсетулерінің ықпалымен Вундт 1853 жылы өзінің алғашқы ғылыми жұмысын орындады. Екінші жылында ол практикалық медицинаға көп көңіл бөле бастайды. Физиологияға ықыласы арта түсті. Тағы бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергтегі емдеу мекемесінің ассистенті болады. Осында ол медицина оның кәсібі емес екендігін нақты сезеді.
Психологияғадағы жолдары.
1856 жылдың күзінде Вундт Берлинге «экспериментальды физиология¬ның атасы» саналатын адамның басшылық етуімен физиологияны зерттеу үшін И.Мюллерге аттанады. Онда ол Берлиндегі неміс ғылымы, оңтүстік Германиядағы университеттен ерекшеленетінін байқайды. Гейдельбергтегі ғылым оның академиялық темпераментіне өте қолайлы болатын. Берлинде ол тек керемет ғылым жүйесін ғана емес, сонымен қатар өте мықты ақыл-ойшылдарды кездестірді. И.Мюллерден басқа оған әсер еткен Э.Дюбус-Реймон экспериментальдық зерттеулерге ықыласы мен қызығушылығын тудырды. 1856 жылдың аяғында Вундт Гейдельбергке қайта оралады. Мұнда ол «жүйкені зерттеудегі оның қабынған және бітетін мүшелеріндегі жүйкелерді зерттеу» тақырыбына диссертация қорғап, докторлық дәрежесін алады, және 1857 жылдан 1864 жылдары дәріс оқиды. Дәл осы жылдары Вундт Бон университетінен Гейделльбергке ауысқан Герман фон Гельмгольцтың лаборанты болып жұмыс істейді. Мінездерінің сәйкессіздігіне байланысты араларында ешқашан достық қарым-қатынас орнықпады. Дегенмен олардың әріптестігі 13 жыл бойы 1871 жылы Гельмельц Берлинге көшкенге дейін жалғасты. 1856-1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. Бұл уақытта әлі де оның қызығушылығы физиология мәселелеріне қатысты еді, дегенмен психологиялық талпыныстары ұлғая бастаған-ды. 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын. Очерктері тарау-тараумен төрт жыл бойы жарияланып жүрді. Ал 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теоириясына қатысты» атты кітабы толығымен жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика. 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануарлардың рухы (жаны) туралы дәрістері» жарық көрді. Оған көптеген экспериментальдық психологияның мәселелеріне кіріспелер енді. Оның талдамасы бірнеше жылдар бойы жүргізілді. Кейіннен Вундті дәрістік жұмыс жалықтырып одан бас тартты. 1864 жылы ол профессор-адъюнкті лауазымына тағайындалып, тағы да 10 жыл Гейдельбергкте қалды. 1867 жылы Вундт «физиологиялық психология» деп аталған ғылым бойынша дәрістік курс оқуды бастады. Оның концепциясының толық мазмұны «Физиологиялық психологияның негіздемелері» атты кітабында баяндалады (2 бөлімнен тұрады 1873-1874 жж.). Вундтың тірі кезінде алты рет қайталанып жарияланып тұрған. Вундт Гейдельбергте 1874 жылға дейін жұмыс істеді. Мұнда оның ғылыми қызығушылықтары нақты орын тапты, және керек бағытты психология болды. Физиологиямен айналысу барысында Вундт психологиямен дербес эксперименталды ғылым ретінде айналысуды ойластырады. 1874 жылы Вундт Цюрихтегі индукциялы философия кафедрасына шақыру алады. Философия табиғи ғылымдарға арқа сүйеу керек деген тұжырыммен Гельмгольц оған кепілдемесін береді. Дегенмен Вундт Цюрихте бар болғаны бір жыл ғана жұмыс істейді.
Лейпциг қаласындағы өмірі.
1875 жылы Вундт Лейпциг университетінде философия профессоры болады; осы сәттен бастап оның тамаша ғылыми қызметінің ең ұзақ және маңызды кезеңі басталады. Сол кезден бастап Лейпциг әлемдік психологияның астанасы саналды, ал университетте Вундт 45 жыл жұмыс істеді. 1879 жылы сараптама жұмыстарына арналған қарапайым құралдармен жабдықталған шағын зертхана ашылды. Сондай-ақ 1879 жыл ғылыми психологияның символды түрде туған күні саналады, өйткені дәл сол кезде Лейпцигте профессор Вильгельм Вундт эксперименталды психологияның әлемдегі тұңғыш зертханасын ашты. Вундт саналы танылатын ішкі тәжірибені талдауға нағыз ғылыми әдісті қолдануға тырысты, оның қарапайым құрылымдарын анықтауға және сипаттауға тырысты. Осылайша, материяның (заттың) атомдарға бөлінетіні сияқты, сана психикалық элементтерге жіктелді. Вундт үшін мұндай элементтер ретінде сезімдер, бейнелер және күйлер танылды. Вундтта күтпеген жағдай болды: зертханаға үлкен қызығушылық танытушылар пайда болды. Вундттың есімі мен оның зертханасының танымал болғаны сонша, Лейпцигке Вундтпен жұмыс істеуге құмартқан студенттер жан-жақтан ағылды. Олардың ішінде кейінірек психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше жас жеткіншектер болды, Құрама Штаттарға оралған соң өз зертханаларын ашқан америкалықтар болды. Вундт зертханасында кейін эксперименталды психологияның дамуында маңызды рөл атқарған қызметкерлер жиналды. Бұлар Германиядан ғана емес (Э.Крепелин, О.Кюльпе, Э.Мейман), сондай-ақ Америкадан (Г.С.Холл, Дж.М.Кэттел) және өзге де елдерден, соның ішінде Ресейден барған ғалымдар болатын. Екі жылдан кейін зертхана Психология институтына айналды. Осылайша, Лейпциг зертханасы қазіргі психологияның дамуына үлкен ықпал етті – ол жаңа эксперименталды орталықтардың құрылуына үлгі болды. Вундттың бұрынғы шәкірттері сондай-ақ Италияда, Ресейде және Жапонияда зертханалар ұйымдастырды. Вундттың шығармаларының көбі орыс тіліне аударылған. Вундттың еңбектеріне тамсанған ресейлік психологтар 1912 жылы Мәскеуде Вундт зертханасының дәл көшірмесі іспеттес зертхана жабдықтады. Тағы бір дәл сондай зертхананы жапон ғалымдары 1920 жылы, Вундт өмірден өткен жылы Токио университеті негізінде құрды, бірақ 60-жылдары бұл зертхана студенттер толқуы кезінде өртеніп кетті. Лейпцигке келген студенттерді ортақ көзқарастар мен мақсаттар біріктірді. XX ғасырдың көптеген психологтарынан айырмашылығы, Вундт олардай жарқын, қызықты оқиғаларға толы өмір сүйрмеген, қарапайым, мәнерлі, жеткілікті деңгейде өмір сүрген. Барынша танымал дәріскер (дәрістерін ол конспектісіз оқыған) болған. Вундттың Лейпцигтегі дәрістері кең танымалдыққа ие болды. Әр дәрісіне дәрісханада 600-ден астам студент жиналған. Алайда соған қоса ол көпшілік алдында сөз сөйлеуді ұнатпаған, ал қандай да бір конгрестерге тіпті қатыспауға тырысқан. Жеке өмірінде Вундт салмақты, өздігінен күн кешетін, сабырлы адам болған, оның әр күні қатаң бекітілген тәртіппен өтіп жатқан (1970 жылы табылған Вундттың әйелі Софидің күнделіктерінде Вундттың жеке өмірі жайлы көптеген жаңа мәліметтер баяндалған). Таңертеңнен Вундт белгілі бірі кітап немесе мақаламен жұмыс істеген, студенттердің жұмыстарын оқып, өз журналын редакциялаған. Түс кезінде ол университетте емтихандарға қатысқан немесе зертханаға барып отырған. Вундттың студенттерінің бірі оның келіп-кетуі 5-10 минуттан аспайтын деп еске алады. Шындығында, өзінің эксперименталды зерттеулеріне қалтықсыз сеніміне қарамастан, «ол өзі зертханада жұмыс істеуге лайық емес еді».
Күнінің екінші жартысында Вундт сейіл құрып, алдағы оқитын дәрісіне (әдетте ол дәрісі күндізгі 4-те басталған) ойша дайындалған. Әр кеш сайын оның отбасында ән айтылып, саясат жөнінде талқыланатын. Отбасының қаржылық жағдайы үйде үй қызметкерлерін ұстауға және жиі қонақтар қабылдауға мүмкіндік берді. Зертхана мен журнал негізін салып, көптеген зерттеушілік жобаларға жетекшілік ете отырып, Вундт философияға да көңіл бөлген. 1880 жылдан бастап 1891 жылға дейінгі аралықта ол этика, логика, философия салалары бойынша еңбектер жазған. 1880-1887 жж. Вундт «Физиологиялық психология негіздерінің» екінші және үшінші басылымдарын дайындады, өз журналына мақалалар жазды. 10 жыл ішінде ол мәдени-тарихи және әлеуметтік психология идеяларын дамытты. Нәтижесінде ол «Халықтар психологиясы» деген атпен 10 томдық еңбегін жазып, бұл еңбегі 1900-1920 жж. жарияланды.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Vilgelm Vundt 1832 zhyly 16 tamyzda Nekkarauga zhakyn degen zherde dүniege keldi Otbasynda tort bala boldy olardyn ekeui erte zhasynda kajtys bolgan Vilgelm men onyn үlken agasy Lyudvig kana kalady Lyudvig Gejdelbergte turdy onyn tәrbiesimen anasynyn әpkesi ajnalysty Sojtip kelgende Vilgelm zhanuyasynda zhalgyz balanyn rolinde kaldy Vundtyn әkesi pastor bolgan olardyn otbasy tatu bolyp sanalganmen әkesi turaly balalyk estelikteri onsha zhaksy bolmady Okushylyk zhyldary Eki zhyl bojy ol halyktyk mektepte okydy Bilim zhagyna bajlanysty Vundtyn zhanuyasynda nakty dәstүrler bar bolatyn onyn argy atalary is zhүzinde oz tabystary arkyly gylymnyn barlyk zhaktarynan atagymen zher zhargan Birak en kishkentaj Vundt bul keremet dәstүrdi zhalgastyrmajtyny үjdegilerine ajdan anyk korindi Ol bos uakytyn kitap okumen emes armandaumen otkizdi sonyn nәtizhesinde birinshi synyptyn emtihanynan ote almady Ekinshi synyptan bastap Vundtyn bilimi әkesinin komekshisi Fridrih Myullerge tapsyrylldy ogan Vilgelm barlyk zhanymen bauyp basyp kaldy Zhas svyashennik baska prihodka auystyrganda balaga aldagy ajyrylysu ote kiynga tүsti Vundt ozinin Bastan keshken zhәne tanylgan atty omirbayanynda Ol magan anam men әkemnen de zhakyn boldy Men ony sagynganym sonshalyk ata anam onymen men gimnaziyaga tүsuge dejin kalgan zhyldyn barysynda da turuga ruksat etti Demalys kүnderdi sanamaganda Vilgelm barlyk uakytyn Fridrihtyn үjinde otkizdi soz zhok onyn pedagogikalyk kabileti mol edi Degenmen kejinirek Vundttin eske aluyna karaganda onyn ykpalynyn negativti zhaktary da boldy programma men tәrbienin bolmauy ustamsyz kiyaldauy ony gimnaziyadagy oku sharttaryna әzirlemedi Bala kezinde ol ozin zhalgyz sanady atakty zhazushy boludy armandady 13 zhasynda Vundt Bruhzaledegi katolik gimnaziyasyna tүsti Fridrihtyn sabaktarynan kejin Vundt үshin gimnaziya kasiret mektebi boldy Kishkentaj Vilgelmannyn mektep bagalary onsha zhaksy bolmady Gimnaziyada ol oz synyptastarynan artta kalyp otyrdy onyn үstine mugalimder de ony kүlki kyldy Bir zhyldan son ata anasy ony Gejdelbergtegi gimnaziyaga auystyrdy Onda zhana dostary pajda boldy okumen ajnalysa bastady kone tilderdi latyn grek ezhelgi evrej tilderin zerttep zhalpy alganda karkyndy tүrde zhana zholga tүsti Birtindep Vundt oz kiyaldauyn bakylaj bildi zhәne tipti mektepte onyn belsendiligin pajdalana aldy birak rasynda ol ony eshkashan unaptpagan Ol birak ozinin akyl ojy men kabilettiligin 19 zhaska karaj damytty endi mektepti bitirip universitetke tүsuge dajyn boldy Osy maksatpen ol 1851 zhyly anatom agasy Fridrih Arnold zhumys istejtin universitetke Tyubinge keledi Osynda Vilgelm tek bir zhyl gana okyp shygady Tyubingte ol fiziolog bolam dep sheshim kabyldady sebebi praktikalyk dәriger mamandygyna karaganda ogan osy bilim ayasy onyn kyzygushylyktary men talabyna keledi dep sanady ogan dejin G Gelcmgollcta osylaj tuzhyrymdagan Bir zhyldan kejin Vundt Gejdelbergke koship keleldi onda ol үshin zharym zhyly universitette bilim alady Algashky zhylyn Vundt anatomiya fiziologiya fizika himiya zhәne praktikalyk medicinany zertteuge arnajdy Bunzen atty himiktin kyzykty dәristeri men tәzhiribelik korsetulerinin ykpalymen Vundt 1853 zhyly ozinin algashky gylymi zhumysyn oryndady Ekinshi zhylynda ol praktikalyk medicinaga kop konil bole bastajdy Fiziologiyaga ykylasy arta tүsti Tagy bir zhyldan kejin Vundt Gejdelbergtegi emdeu mekemesinin assistenti bolady Osynda ol medicina onyn kәsibi emes ekendigin nakty sezedi Psihologiyagadagy zholdary 1856 zhyldyn kүzinde Vundt Berlinge eksperimentaldy fiziologiya nyn atasy sanalatyn adamnyn basshylyk etuimen fiziologiyany zertteu үshin I Myullerge attanady Onda ol Berlindegi nemis gylymy ontүstik Germaniyadagy universitetten erekshelenetinin bajkajdy Gejdelbergtegi gylym onyn akademiyalyk temperamentine ote kolajly bolatyn Berlinde ol tek keremet gylym zhүjesin gana emes sonymen katar ote mykty akyl ojshyldardy kezdestirdi I Myullerden baska ogan әser etken E Dyubus Rejmon eksperimentaldyk zertteulerge ykylasy men kyzygushylygyn tudyrdy 1856 zhyldyn ayagynda Vundt Gejdelbergke kajta oralady Munda ol zhүjkeni zertteudegi onyn kabyngan zhәne bitetin mүshelerindegi zhүjkelerdi zertteu takyrybyna dissertaciya korgap doktorlyk dәrezhesin alady zhәne 1857 zhyldan 1864 zhyldary dәris okidy Dәl osy zhyldary Vundt Bon universitetinen Gejdellbergke auyskan German fon Gelmgolctyn laboranty bolyp zhumys istejdi Minezderinin sәjkessizdigine bajlanysty aralarynda eshkashan dostyk karym katynas ornykpady Degenmen olardyn әriptestigi 13 zhyl bojy 1871 zhyly Gelmelc Berlinge koshkenge dejin zhalgasty 1856 1857 zhyldary үsh makala zhariyalandy taza fiziologiyalyk mazmunda al 1858 zhyly ozinin Bulshyket kozgalysyn zertteu ocherkteri atty algashky kitabyn shygardy Bul uakytta әli de onyn kyzygushylygy fiziologiya mәselelerine katysty edi degenmen psihologiyalyk talpynystary ulgaya bastagan dy 1858 zhyly Vundt Sezimmen kabyldau teoriyasy bojynsha ocherkterinin birinshi bolimin zhariyalagan bolatyn Ocherkteri tarau taraumen tort zhyl bojy zhariyalanyp zhүrdi Al 1862 zhyly Sezimmen kabyldau teoiriyasyna katysty atty kitaby tolygymen zhariyalandy Munda Vundt psihologiyany үsh negizgi bagytka bolgen eksperimenttik etnikalyk zhәne gylymi metafizika 1863 zhyly ote manyzdy enbegi Adam men zhanuarlardyn ruhy zhany turaly dәristeri zharyk kordi Ogan koptegen eksperimentaldyk psihologiyanyn mәselelerine kirispeler endi Onyn taldamasy birneshe zhyldar bojy zhүrgizildi Kejinnen Vundti dәristik zhumys zhalyktyryp odan bas tartty 1864 zhyly ol professor adyunkti lauazymyna tagajyndalyp tagy da 10 zhyl Gejdelbergkte kaldy 1867 zhyly Vundt fiziologiyalyk psihologiya dep atalgan gylym bojynsha dәristik kurs okudy bastady Onyn koncepciyasynyn tolyk mazmuny Fiziologiyalyk psihologiyanyn negizdemeleri atty kitabynda bayandalady 2 bolimnen turady 1873 1874 zhzh Vundtyn tiri kezinde alty ret kajtalanyp zhariyalanyp turgan Vundt Gejdelbergte 1874 zhylga dejin zhumys istedi Munda onyn gylymi kyzygushylyktary nakty oryn tapty zhәne kerek bagytty psihologiya boldy Fiziologiyamen ajnalysu barysynda Vundt psihologiyamen derbes eksperimentaldy gylym retinde ajnalysudy ojlastyrady 1874 zhyly Vundt Cyurihtegi indukciyaly filosofiya kafedrasyna shakyru alady Filosofiya tabigi gylymdarga arka sүjeu kerek degen tuzhyrymmen Gelmgolc ogan kepildemesin beredi Degenmen Vundt Cyurihte bar bolgany bir zhyl gana zhumys istejdi Lejpcig kalasyndagy omiri 1875 zhyly Vundt Lejpcig universitetinde filosofiya professory bolady osy sәtten bastap onyn tamasha gylymi kyzmetinin en uzak zhәne manyzdy kezeni bastalady Sol kezden bastap Lejpcig әlemdik psihologiyanyn astanasy sanaldy al universitette Vundt 45 zhyl zhumys istedi 1879 zhyly saraptama zhumystaryna arnalgan karapajym kuraldarmen zhabdyktalgan shagyn zerthana ashyldy Sondaj ak 1879 zhyl gylymi psihologiyanyn simvoldy tүrde tugan kүni sanalady ojtkeni dәl sol kezde Lejpcigte professor Vilgelm Vundt eksperimentaldy psihologiyanyn әlemdegi tungysh zerthanasyn ashty Vundt sanaly tanylatyn ishki tәzhiribeni taldauga nagyz gylymi әdisti koldanuga tyrysty onyn karapajym kurylymdaryn anyktauga zhәne sipattauga tyrysty Osylajsha materiyanyn zattyn atomdarga bolinetini siyakty sana psihikalyk elementterge zhikteldi Vundt үshin mundaj elementter retinde sezimder bejneler zhәne kүjler tanyldy Vundtta kүtpegen zhagdaj boldy zerthanaga үlken kyzygushylyk tanytushylar pajda boldy Vundttyn esimi men onyn zerthanasynyn tanymal bolgany sonsha Lejpcigke Vundtpen zhumys isteuge kumartkan studentter zhan zhaktan agyldy Olardyn ishinde kejinirek psihologiya gylymynyn damuyna eleuli үles koskan birneshe zhas zhetkinshekter boldy Қurama Shtattarga oralgan son oz zerthanalaryn ashkan amerikalyktar boldy Vundt zerthanasynda kejin eksperimentaldy psihologiyanyn damuynda manyzdy rol atkargan kyzmetkerler zhinaldy Bular Germaniyadan gana emes E Krepelin O Kyulpe E Mejman sondaj ak Amerikadan G S Holl Dzh M Kettel zhәne ozge de elderden sonyn ishinde Resejden bargan galymdar bolatyn Eki zhyldan kejin zerthana Psihologiya institutyna ajnaldy Osylajsha Lejpcig zerthanasy kazirgi psihologiyanyn damuyna үlken ykpal etti ol zhana eksperimentaldy ortalyktardyn kuryluyna үlgi boldy Vundttyn buryngy shәkirtteri sondaj ak Italiyada Resejde zhәne Zhaponiyada zerthanalar ujymdastyrdy Vundttyn shygarmalarynyn kobi orys tiline audarylgan Vundttyn enbekterine tamsangan resejlik psihologtar 1912 zhyly Mәskeude Vundt zerthanasynyn dәl koshirmesi ispettes zerthana zhabdyktady Tagy bir dәl sondaj zerthanany zhapon galymdary 1920 zhyly Vundt omirden otken zhyly Tokio universiteti negizinde kurdy birak 60 zhyldary bul zerthana studentter tolkuy kezinde ortenip ketti Lejpcigke kelgen studentterdi ortak kozkarastar men maksattar biriktirdi XX gasyrdyn koptegen psihologtarynan ajyrmashylygy Vundt olardaj zharkyn kyzykty okigalarga toly omir sүjrmegen karapajym mәnerli zhetkilikti dengejde omir sүrgen Barynsha tanymal dәrisker dәristerin ol konspektisiz okygan bolgan Vundttyn Lejpcigtegi dәristeri ken tanymaldykka ie boldy Әr dәrisine dәrishanada 600 den astam student zhinalgan Alajda sogan kosa ol kopshilik aldynda soz sojleudi unatpagan al kandaj da bir kongresterge tipti katyspauga tyryskan Zheke omirinde Vundt salmakty ozdiginen kүn keshetin sabyrly adam bolgan onyn әr kүni katan bekitilgen tәrtippen otip zhatkan 1970 zhyly tabylgan Vundttyn әjeli Sofidin kүndelikterinde Vundttyn zheke omiri zhajly koptegen zhana mәlimetter bayandalgan Tanertennen Vundt belgili biri kitap nemese makalamen zhumys istegen studentterdin zhumystaryn okyp oz zhurnalyn redakciyalagan Tүs kezinde ol universitette emtihandarga katyskan nemese zerthanaga baryp otyrgan Vundttyn studentterinin biri onyn kelip ketui 5 10 minuttan aspajtyn dep eske alady Shyndygynda ozinin eksperimentaldy zertteulerine kaltyksyz senimine karamastan ol ozi zerthanada zhumys isteuge lajyk emes edi Kүninin ekinshi zhartysynda Vundt sejil kuryp aldagy okityn dәrisine әdette ol dәrisi kүndizgi 4 te bastalgan ojsha dajyndalgan Әr kesh sajyn onyn otbasynda әn ajtylyp sayasat zhoninde talkylanatyn Otbasynyn karzhylyk zhagdajy үjde үj kyzmetkerlerin ustauga zhәne zhii konaktar kabyldauga mүmkindik berdi Zerthana men zhurnal negizin salyp koptegen zertteushilik zhobalarga zhetekshilik ete otyryp Vundt filosofiyaga da konil bolgen 1880 zhyldan bastap 1891 zhylga dejingi aralykta ol etika logika filosofiya salalary bojynsha enbekter zhazgan 1880 1887 zhzh Vundt Fiziologiyalyk psihologiya negizderinin ekinshi zhәne үshinshi basylymdaryn dajyndady oz zhurnalyna makalalar zhazdy 10 zhyl ishinde ol mәdeni tarihi zhәne әleumettik psihologiya ideyalaryn damytty Nәtizhesinde ol Halyktar psihologiyasy degen atpen 10 tomdyk enbegin zhazyp bul enbegi 1900 1920 zhzh zhariyalandy Derekkozder