Бүкілресейлік мұсылмандар съезі - 1917 жылы 1 — 11 мамыр аралығында Мәскеуде ұйымдастыруымен өткізілді.
Съезге қазақ облыстарынан, Түркістан өлкесінен, , Қырымнан, Сібірден, Хиуа мен Бұқара хандықтарынан 830 делегат қатысты, олардың 200-ге жуығы дін иелері болды. Бүкілресейлік Мұсылмандар Съезіне қазақ өкілдерін жіберу Орал, Торғай, Ақмола облысы қазақ съездерінде қаралып, өлкедегі қоғамдық-саяси ұйымдар тарапынан да делегаттар сайланды. Олардың ішінде Ж. Досмұхамедов, К. Тоғысов, А. Теміров, М.Жұмабаев, У. Танашев, С. Жантөрин т.б. қайраткерлер болды. Съездің күн тәртібіне: Ресейдің мемлекеттік құрылысы, жер, дін, әйел, жұмысшы және әскер мәселелері, оқу-ағарту ісі, соғысқа көзқарас, Құрылтай сайлауы кезіндегі мұсылмандар тактикасы, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесін құру мәселелері енгізілді. Делегаттар мемлекеттік құрылыс мәселесін жан-жақты талқылап, Ресей мұсылмандарының федеративтік негіздегі демократиялық республиканы жақтайтындықтарын білдірді. Съезд белгілі территориясы жоқ халықтарға ұлттық-мәдени автономия берілсін, ал барлық мұсылман халқы ұлттық-терр. автономияны иемденсін деген шешім қабылдады. Құрылтай жиналысында жер мәселесі өз шешімін тапқанға дейін шет аймақтарға қоныс аудару уақытша тоқтатылды. Съезде дүниежүзілік соғыс әділетсіз деп бағаланып, бұл соғыста мұсылмандар империализмнің құрбаны болып отырғаны айтылды. Діни істер мәселесін қараған секцияның шешімімен Торғай, Орал, Ақмола және Семей облысы қазақтарының діни істері Орынбор мүфтилігіне қарайтын болды. Съезде құрамы сайланды, оған Ғ.Қарашев та енді. Оқу-ағарту ісі бойынша 23 тармақтан тұратын қарар қабылданды. Онда жалпыға бірдей міндетті және тегін білім беру, барлық мұсылман мектептерінде ана тілімен қатар “ортақ түркі тілін” оқыту, т.б. мәселелер қарастырылды. Бүкілресейлік Мұсылмандар Съезінде Құрылтай сайлауын өткізу қызу талқыланды.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Сыртқы сілтемелер
- Түркі-мұсылман саясаткерлерінің бірегейі Сәлімгерей Жантөрин еді
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bүkilresejlik musylmandar sezi 1917 zhyly 1 11 mamyr aralygynda Mәskeude ujymdastyruymen otkizildi Sezge kazak oblystarynan Tүrkistan olkesinen Қyrymnan Sibirden Hiua men Bukara handyktarynan 830 delegat katysty olardyn 200 ge zhuygy din ieleri boldy Bүkilresejlik Musylmandar Sezine kazak okilderin zhiberu Oral Torgaj Akmola oblysy kazak sezderinde karalyp olkedegi kogamdyk sayasi ujymdar tarapynan da delegattar sajlandy Olardyn ishinde Zh Dosmuhamedov K Togysov A Temirov M Zhumabaev U Tanashev S Zhantorin t b kajratkerler boldy Sezdin kүn tәrtibine Resejdin memlekettik kurylysy zher din әjel zhumysshy zhәne әsker mәseleleri oku agartu isi sogyska kozkaras Қuryltaj sajlauy kezindegi musylmandar taktikasy Bүkilresejlik musylmandar kenesin kuru mәseleleri engizildi Delegattar memlekettik kurylys mәselesin zhan zhakty talkylap Resej musylmandarynyn federativtik negizdegi demokratiyalyk respublikany zhaktajtyndyktaryn bildirdi Sezd belgili territoriyasy zhok halyktarga ulttyk mәdeni avtonomiya berilsin al barlyk musylman halky ulttyk terr avtonomiyany iemdensin degen sheshim kabyldady Қuryltaj zhinalysynda zher mәselesi oz sheshimin tapkanga dejin shet ajmaktarga konys audaru uakytsha toktatyldy Sezde dүniezhүzilik sogys әdiletsiz dep bagalanyp bul sogysta musylmandar imperializmnin kurbany bolyp otyrgany ajtyldy Dini ister mәselesin karagan sekciyanyn sheshimimen Torgaj Oral Akmola zhәne Semej oblysy kazaktarynyn dini isteri Orynbor mүftiligine karajtyn boldy Sezde kuramy sajlandy ogan Ғ Қarashev ta endi Oku agartu isi bojynsha 23 tarmaktan turatyn karar kabyldandy Onda zhalpyga birdej mindetti zhәne tegin bilim beru barlyk musylman mektepterinde ana tilimen katar ortak tүrki tilin okytu t b mәseleler karastyryldy Bүkilresejlik Musylmandar Sezinde Қuryltaj sajlauyn otkizu kyzu talkylandy DerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Syrtky siltemelerTүrki musylman sayasatkerlerinin biregeji Sәlimgerej Zhantorin edi Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz