«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында...» — Абайдың 1896 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 10 шумақтан тұрады. Өлең хан қолында тұрған жас сұлудың «етімді шал сипаған құрт жесін» деп, жартастан суға құлап өлгені туралы аңызды жырлайтын балладалық үлгімен басталады да, әрі қарай сол бір оқиғаның төңірегінде ақын өз ойын өрбітеді. Онда қыздың қалың малға сатылып, шалға еріксіз тиюі, қазақ әйелінің басындағы әділетсіздік, қорлық пен зорлық жырланады. Сол әділетсіздікке себеп болып отырған қоғам тәртібі, малға сатып жас қыз алуға құмар шалдар қылығы сыналады. Ақын, көбінесе, әйел мен еркектің теңсіздігін жас айырмашылықтарымен өлшейді. Малына сатып қыз алған шал «мезгілі өткен дәуренді қуалаған», «, «қурай» бейнелерінде суреттеліп, ол «кек балдырған» жасқа қарсы қойылады.
- Ақынның ой түйіні
Ақынның ой түйіні «Кімде-кім үлкен болса екі мүшел, мал беріп алғанменен қатын емес», «Екі көңіл арасы - жылшылық жер, оны қайтып қосады ол ант атқан» деген жолдардан танылады. Өлең тақырыбы қазақ өмірінің шындығынан алынса да, оған сол кезде Абай ден қойған орыстың демократтық реалистік әдебиетінің әсері болғаны байқалады. Өлеңнің идеясы мен шешімі мен оны талдаған «Қараңғылық патшалығындағы жарық сәуле» атты сын мақаласындағы ойларымен үндеседі. Абай да суға құлап елу арқылы қыздың әділетсіз қорлықтан құтылуын құптайды. Өлең өз заманы үшін зор жаңалық болып саналады. Қазақ әйелі басындағы теңсіздік күйді дәл осы үлгіде, осы идеяда, осындай көркемдік шешіммен А-ға дейін ешкім жазған емес. Өз ортасының кертартпа салттары мен әр қилы мінездерді өткір сынаған ақын қыздарды теңіне қоспай, малға сатып жасы үлкен адамдарға беруді тозған, күні өткен ғұрыптың кеселі деп біледі. Соның бүгінде орын алып отырғанына ызаланады. Сондықтан ол «Ортасында бұлардың махаббат жоқ, тұсап қойып қашырар бұқа ма екен?» деген дөрекі сөздерге де барады. Бір тамашасы - А. осы қылықты жалпы қазаққа, шал атаулыға таңбай, байлардан көреді. «Бай қартайса, малына берер шылбыр, Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр, Біреудің қызын алып, малға сатып, Баяғыны іздеген қандай құрғыр» -дейді. Қазақтың 11 буынды өлеңі үлгісімен жазылған.
- Жарық көрген жылы
Алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Мүрсейіт қолжазбасында алғашқы 6-шумағы («Баяғыны іздеген қандай құрғырға» дейін) бір бөлек, кейінгі басталатын («Қатыным қалай демес ақсақал бай») 4-шумағы бір бөлек жазылған. Сонымен қатар елеңнің кейбір басылымдарында айырмашылықтар бар. 1933, 1939 жылғы басылымдарда 32-жол «Дастарқан мен қатынды мақтан еткен», 36-жол «Үнем болмас құйрықты бұлғақтатқан» болып берілген. Ал, бүл жолдар 1909 жылғы басылым мен Мүрсейіт қолжазбасында «Дастарқанның байлығын мақтан көрсең» және «Үнем болмас құйрықты бұлаңдатқан» делінген. Ал, 1977, 1986 жылғы басылымдарда 32-жол «Дастарқан мен қатынды мақтан көрсең» болып енген. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, ұйғыр тілдеріне аударылған. .
Өлең
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,
Хан да жанын қыяды қыз жолында.
Алтынкүміс кигені, қамқа, торғын,
Күтуші қыз келіншек жүр соңында.
Деген сөз: "Бұқа буға, азбан дуға",
Хан қарық боп түсіп жүр айғай шуға.
Етімді шал сыйпаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға.
Сән салтанат жұбантпас жас жүректі,
Кім де болса тұрғысын көксемекті.
Мезгілі өткен дәуренді қуалаған,
Не қылсын бір қартайған өу сүйекті.
Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,
Епке көнер ет жүрек сату емес.
Кімде кім үлкен болса екі мүшел,
Мал беріп алғанменен сатын емес.
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.
Ортасында бұлардың махаббат жок,
Тұсап қойған қашырар бұқа ма екен?
Бай қартайса, малына берер шылбыр,
Мал өмірді жанғыртпас, құдай ұрғыр.
Біреудің қызын алып малға сатып,
Баяғыны іздеген қандай құрғыр?
Қатыным қалай демес ақсақал бай,
Сонымен дос боп жүрсің,япырым ай!
Қу қатынның майысса, мәз боласың,
Шайтанның шәкіртінің қылығын ай!
Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,
Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең.
Тіпті оңбассың, өзіңе өзің мәз боп,
Дастарқан мен қатынды мақтан көрсең.
Кінәсіз бәйбішемен болады араз,
Жастың көңілі жылымас, ол өзіне аз.
Біреуі көк балдырған, бірі қурай,
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз?
Үнем болмас құйрықты бұлаңдатқан,
Сауырына шапақтап, сүіп жатқан.
Екі көңіл арасы жылшылық жер,
Оны қайтып қосады ол ант атқан?
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- https://bilim-all.kz/olen/73-Bir-sulu-qyz-turypty-han-qolynda
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bir sulu kyz turypty han kolynda Abajdyn 1896 zh zhazgan oleni Әrkajsysy 4 tarmakty 10 shumaktan turady Өlen han kolynda turgan zhas suludyn etimdi shal sipagan kurt zhesin dep zhartastan suga kulap olgeni turaly anyzdy zhyrlajtyn balladalyk үlgimen bastalady da әri karaj sol bir okiganyn tonireginde akyn oz ojyn orbitedi Onda kyzdyn kalyn malga satylyp shalga eriksiz tiyui kazak әjelinin basyndagy әdiletsizdik korlyk pen zorlyk zhyrlanady Sol әdiletsizdikke sebep bolyp otyrgan kogam tәrtibi malga satyp zhas kyz aluga kumar shaldar kylygy synalady Akyn kobinese әjel men erkektin tensizdigin zhas ajyrmashylyktarymen olshejdi Malyna satyp kyz algan shal mezgili otken dәurendi kualagan kuraj bejnelerinde surettelip ol kek baldyrgan zhaska karsy kojylady Akynnyn oj tүjini Akynnyn oj tүjini Kimde kim үlken bolsa eki mүshel mal berip alganmenen katyn emes Eki konil arasy zhylshylyk zher ony kajtyp kosady ol ant atkan degen zholdardan tanylady Өlen takyryby kazak omirinin shyndygynan alynsa da ogan sol kezde Abaj den kojgan orystyn demokrattyk realistik әdebietinin әseri bolgany bajkalady Өlennin ideyasy men sheshimi men ony taldagan Қarangylyk patshalygyndagy zharyk sәule atty syn makalasyndagy ojlarymen үndesedi Abaj da suga kulap elu arkyly kyzdyn әdiletsiz korlyktan kutyluyn kuptajdy Өlen oz zamany үshin zor zhanalyk bolyp sanalady Қazak әjeli basyndagy tensizdik kүjdi dәl osy үlgide osy ideyada osyndaj korkemdik sheshimmen A ga dejin eshkim zhazgan emes Өz ortasynyn kertartpa salttary men әr kily minezderdi otkir synagan akyn kyzdardy tenine kospaj malga satyp zhasy үlken adamdarga berudi tozgan kүni otken guryptyn keseli dep biledi Sonyn bүginde oryn alyp otyrganyna yzalanady Sondyktan ol Ortasynda bulardyn mahabbat zhok tusap kojyp kashyrar buka ma eken degen doreki sozderge de barady Bir tamashasy A osy kylykty zhalpy kazakka shal ataulyga tanbaj bajlardan koredi Baj kartajsa malyna berer shylbyr Mal omirdi zhangyrtpas kudaj urgyr Bireudin kyzyn alyp malga satyp Bayagyny izdegen kandaj kurgyr dejdi Қazaktyn 11 buyndy oleni үlgisimen zhazylgan Zharyk korgen zhyly Algash ret 1909 zh S Peterburgte zharyk korgen Қazak akyny Ibraһim Қunanbajugylynyn oleni atty zhinakta zhariyalandy Mүrsejit kolzhazbasynda algashky 6 shumagy Bayagyny izdegen kandaj kurgyrga dejin bir bolek kejingi bastalatyn Қatynym kalaj demes aksakal baj 4 shumagy bir bolek zhazylgan Sonymen katar elennin kejbir basylymdarynda ajyrmashylyktar bar 1933 1939 zhylgy basylymdarda 32 zhol Dastarkan men katyndy maktan etken 36 zhol Үnem bolmas kujrykty bulgaktatkan bolyp berilgen Al bүl zholdar 1909 zhylgy basylym men Mүrsejit kolzhazbasynda Dastarkannyn bajlygyn maktan korsen zhәne Үnem bolmas kujrykty bulandatkan delingen Al 1977 1986 zhylgy basylymdarda 32 zhol Dastarkan men katyndy maktan korsen bolyp engen Өlen agylshyn karakalpak kyrgyz orys ozbek tatar tәzhik ujgyr tilderine audarylgan ӨlenBir sulu kyz turypty han kolynda Han da zhanyn kyyady kyz zholynda Altynkүmis kigeni kamka torgyn Kүtushi kyz kelinshek zhүr sonynda Degen soz Buka buga azban duga Han karyk bop tүsip zhүr ajgaj shuga Etimdi shal syjpagan kurt zhesin dep Zhartastan kyz kulapty teren suga Sәn saltanat zhubantpas zhas zhүrekti Kim de bolsa turgysyn koksemekti Mezgili otken dәurendi kualagan Ne kylsyn bir kartajgan ou sүjekti Kәri zhas dәureni ozge tatu emes Epke koner et zhүrek satu emes Kimde kim үlken bolsa eki mүshel Mal berip alganmenen satyn emes Eserler zhas katyndy tutady eken Zhas kajgysyn bildirmej zhutady eken Ortasynda bulardyn mahabbat zhok Tusap kojgan kashyrar buka ma eken Baj kartajsa malyna berer shylbyr Mal omirdi zhangyrtpas kudaj urgyr Bireudin kyzyn alyp malga satyp Bayagyny izdegen kandaj kurgyr Қatynym kalaj demes aksakal baj Sonymen dos bop zhүrsin yapyrym aj Қu katynnyn majyssa mәz bolasyn Shajtannyn shәkirtinin kylygyn aj Қartan baj katty sak bol tilge konsen Mүjiz shygar katynnyn tiline ersen Tipti onbassyn ozine ozin mәz bop Dastarkan men katyndy maktan korsen Kinәsiz bәjbishemen bolady araz Zhastyn konili zhylymas ol ozine az Bireui kok baldyrgan biri kuraj Bir zherge kosyla ma kys penen zhaz Үnem bolmas kujrykty bulandatkan Sauyryna shapaktap sүip zhatkan Eki konil arasy zhylshylyk zher Ony kajtyp kosady ol ant atkan DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 https bilim all kz olen 73 Bir sulu qyz turypty han qolynda Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet