«Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» - Абайдың И. Бораганскийдің«Восточная» баспасынан 1909 ж. жарық көрген тұңғыш жинағы.
Құрастырып, бастырғандар Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлы (кітапта Кәкітай, Тұрағұл Құнанбайұғылдары деп көрсетілген). Кітаптың әзірленіп, баспадан жарық көруіне Ә. Бөкейханов көп еңбек сіңірген. Ол ақын өлеңдерін жинап, редакциялауға белсене араласты. Тұрағұл әзірлеп, Бекейханов редакциялаған Императорлық орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі шығармақ болған алғашқы жинақтың қолжазбасы Кереку түрмесінде қолды болған.
Ал 1909 жылғы жинақ жарық көрген соң М. Дулатов: «1909 жылы Абайдың балалары мен інілерінің ризалығы Һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Санкт-Петербургте Бораганский баспасында басылып шықты», - деп жазды. Кітапқа енгізілген ақын өлеңдері «Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы», «Насихат туралы», «Замандастар туралы», «Сегіз аяқ», «Сұлу ұрғашы туралы», «Жаз», , «Қыс», «Аңшылық туралы», «Переводтар», «Аттың сыны» деген 16 бөлімге топтастырылды. Абайдың «Масғұт әңгімесі», «Ескендір» дастандары жеке бөлімде берілген. Белімдердің көлемі, оларға енгізілген шығармалар саны әр түрлі. Мысалы, «Халық туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Насихат туралы» бөлімдеріне 10-нан 37-ге дейін өлең топтастырылса, жыл мезгілдеріне байланысты бөлімдер, «Сегіз аяқ», «Аңшылық туралы», «Замандастар туралы», «Сұлу ұрғашы туралы»бөлімдері бірді-екілі өлеңнен ғана тұрады. Ақынның А. С. Пушкиннен, М. Ю. Лермонтовтан, И. А. Крыловтан аударған 41 өлеңі жеке бөлімге топтастырылған.
Дегенмен құрастырушылардың Абай шығармаларын бұлайша топтастыруын шартты жіктеу деп қарау керек. Өйткені тақырыптық жағынан олар сол бөлімдерге сай келе бермейді. Жинақта Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың ақын өмірінен аса құнды деректер беретін және Абай туралы алғашқы жазбаша құжаттардың бірі саналатын «Абай (Ибраһим) Құнанбайұғылының өмірі»деген көлемді мақаласы жарияланған. Кітап ақынның фотосуретімен жабылады (бұл фото да аса құнды деректі материал). Кітаптың көлемі 120 бет.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak akyny Ibraһim Қunanbajugylynyn oleni Abajdyn I Boraganskijdin Vostochnaya baspasynan 1909 zh zharyk korgen tungysh zhinagy Қurastyryp bastyrgandar Kәkitaj Yskakuly men Turagul Abajuly kitapta Kәkitaj Turagul Қunanbajugyldary dep korsetilgen Kitaptyn әzirlenip baspadan zharyk koruine Ә Bokejhanov kop enbek sinirgen Ol akyn olenderin zhinap redakciyalauga belsene aralasty Turagul әzirlep Bekejhanov redakciyalagan Imperatorlyk orys geografiyalyk kogamynyn Semej bolimshesi shygarmak bolgan algashky zhinaktyn kolzhazbasy Kereku tүrmesinde koldy bolgan Al 1909 zhylgy zhinak zharyk korgen son M Dulatov 1909 zhyly Abajdyn balalary men inilerinin rizalygy Һәm Әlihannyn yzhdaһatymen Abaj kitaby Sankt Peterburgte Boraganskij baspasynda basylyp shykty dep zhazdy Kitapka engizilgen akyn olenderi Halyk turaly Өlen turaly Өzi turaly Ғashyktyk turaly Oj turaly Nasihat turaly Zamandastar turaly Segiz ayak Sulu urgashy turaly Zhaz Қys Anshylyk turaly Perevodtar Attyn syny degen 16 bolimge toptastyryldy Abajdyn Masgut әngimesi Eskendir dastandary zheke bolimde berilgen Belimderdin kolemi olarga engizilgen shygarmalar sany әr tүrli Mysaly Halyk turaly Өzi turaly Ғashyktyk turaly Nasihat turaly bolimderine 10 nan 37 ge dejin olen toptastyrylsa zhyl mezgilderine bajlanysty bolimder Segiz ayak Anshylyk turaly Zamandastar turaly Sulu urgashy turaly bolimderi birdi ekili olennen gana turady Akynnyn A S Pushkinnen M Yu Lermontovtan I A Krylovtan audargan 41 oleni zheke bolimge toptastyrylgan Degenmen kurastyrushylardyn Abaj shygarmalaryn bulajsha toptastyruyn shartty zhikteu dep karau kerek Өjtkeni takyryptyk zhagynan olar sol bolimderge saj kele bermejdi Zhinakta Kәkitaj Yskakuly Қunanbaevtyn akyn omirinen asa kundy derekter beretin zhәne Abaj turaly algashky zhazbasha kuzhattardyn biri sanalatyn Abaj Ibraһim Қunanbajugylynyn omiri degen kolemdi makalasy zhariyalangan Kitap akynnyn fotosuretimen zhabylady bul foto da asa kundy derekti material Kitaptyn kolemi 120 bet DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz