Біке Дарабайұлы (1794, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы, Шұбартау ауданы Бақанас өзенінің бойы — 1889, сонда) — би, шешен. Жастайынан Семей өңірінің бай, би, сұлтан, болыстары ортасында өсіп, солардан тәлім-тәрбие алған. Ресми билікке таласпағанымен, бүкіл өңірге ықпалы зор болған. Біке бидің ауылы аға сұлтан Құнанбай елімен аралас, ағайын-жегжат болғандықтан, ол туралы әңгімелерде Құнанбайға, Абайға, Шәкерімге қатысты деректер көп кездеседі.
Бікенің ата-тегі шежіре бойынша былай жүйеленеді: Абақ Керей - Жастабан - Бегімбет - - Қожакелді - Жанбай. Жанбайдан (Жарылғап, Есенбай, Манабай, Айбас, Майбас) бес ұрпақ тарайды. Соның Манабай атасынан - Дарабай, одан Біке, Жарас туған. Біке жастайынан сол өңірдегі билер, шешендер, батырлар, сұлтандар, болыс, байлар ортасында өсіп, солардан тәлім алады. Онын Жанбай деген бабасы Абылай ханнын сенімді серігі, батыры болған. Айбас атасы да қол бастаған батыр екен. Ал, Манабай, Есенбай, Ноқат деген аталары Абақ Керейдің атақты байлары болып өткен. Осы өңірден шыққан Бегеш шешен Бікеге немере іні болып шығады. Біке биден қалған Арқабай, Шоланбай ұрпақтары бүгінде Семей, Шұбартау, Аягөзде тұрады.
Ел арасындағы сөздер
Біке бидің ауылы, атақты аға Сұлтан Құнанбай елімен аралас ағайын-жегжат, қойы қоралас болған. Сондықтан да ол туралы аңыз әңгімелер Құнанбайға, Абайға, Шәкәрімге қатысты мәлімет деректерде көп кездесіп отырады. Енді ел арасында тарап кеткен сол сөздердің кейбірін баяндап өтейік.
1
Біке ауылының бір үйір жылқысы жоғалады. Соны іздеп із кесіп жүріп, Біке шешен Құнанбай ауылына барады. Екі би кең дастарқан басында сәлемдесіп, жөн сұрасады. Құнанбай:
- - Ауа жайылып, біздің жылқыға қосылғаны болса, танып ал, - деп Бікенің қасына бір жігітін қосып береді.
Біке Құнанбайдың сан мыңдаған үйір-үйір жылқысын аралап жүріп, жоғын танып алады. Біке аға Сұлтанға қайтып соқпастан ауылына бет алып кете барады, Құнанбай әлгі қосқан жігітіне:
- - Анау неге қайтып соқпай, кетіп барады, бері шақыршы өзін! - дейді. Жігіт шоқытып барып Бікені аға Сұлтан алдына ертіп келеді.
- - Ау, Біке, малыңды танып алдың ба?
- - Танып алдым.
- - Ризамысың?
- - Ризамын.
- - Ендеше, неге қайтып соқпай барасың? Келеріңде керек етіп, кетерінде керек етпегенін қалай? - дейді. Сонда Біке ат үстінде тұрып:
- - Қайта кеп соғатын, сен менің нем едің, досым ба едің?! Болмаса құда-жегжат, тамырым ба едің? Ұлыққа келген кісі қылп етіп кіріп, жылп етіп шығады емес пе. Мен де сөйттім - деп атының басын бұрып алып жүре беріпті. Аға Сұлтан Құнанбай не десін. "Бұлда бір елдің еркесі ғой. Мейлі, бара берсін. Әлі талай алдыма келерсің" депті де қойыпты.
2
Найман оның ішінде семіз найман атасынан шыққан Серікбай қажының Көки деген бойжетіп отырған қызы Аға сұлтан Құнанбайдың Әзімбай деген немересіне атастырылған екен. Келесі көктемде ұзатамыз деп екі жақ әзірленіп жүргенде Көки басқа жігітке қашып кетеді. Іздестірсе, Бікемен туыс түп атасы бір Әлдеке қажының Қарахан деген баласы алып шығады. Ол ауыл келін түсірдік деп шала бүлініп жатады. Ал, Құнанбай ауылы жесірін іздеп атқа қонады. Екі ел осы лай дүрлігіп жатқанда Құнанбайдың үйіне Біке шешен барып түседі. Құнанбай білдірмеген болып, жігіттеріне Бікені күттіреді. Алдына дастарқан жайып, сары қымыз сапыртады. Біке қымызды алыңқырап, қызара бөртеді. Дауысын көтере астам сөйлей бастайды. Бікенің мұнысын жақтырмаған Аға сұлтан:
- - Төрімде отырып, дәмімді татып, үстем сөйлеп отырған сен қай керей?
- деп, зіл тастайды. Сонда Біке:
- - Кұдайым тіл мен жақ берген, өтірік емес, нақ бергенсөзіді көкелеткен, келін қылып еркелеткен кереймін, саған бұдан баста деймін, - депті.
Отырғандар "мынауың қалай-қалай сөйлейді?" депті. Ашу булыққан Аға Сұлтан жанында жатқан сегіз өрме бұзау тіс қамшысымен көтере бергенде, Біке шешен тағы да:
- - Қажының ашуы Қу дауысты Құттыбайға, Қаз дауысты Қазыбекке келеді. Аттың төбеліндей, бармақтай ғана Бікеге ашуы келушілерді, тәйір? Тепсе кері теуіп, басқа шауып отырған өзінің сары бестісілерің – депті бөгелместен. Бікенің бұл тапқырлығы Құнанбайдың камшысын белге ұрған жыландай жерге сылқ еткізіпті. Бікенің Қу дауысты Құттыбайды калың найманға, Қаз дауысты Қазыбекті жалпақ арғынға теңеп айтқанын Аға Сұлтан түсініпті. "Аттың төбеліндей, бармақтай ғана Бікеге ашуы неге келсін?" дегені" арғын мен найман ортасында отырған ат төбелі-дей екі-ақ болыс керейге бола ашу шақыра қоймас!" дегені екенін де Құнанбай түсініпті.
Енді бір сәт ол Бікеге тесіле қарап:
- - Жарайды, - депті - бұл сөзіңді мақұл дейін. Ал, "Тепсе кері теуіп, басқа шауып отырған өзінің сары бестісі-дағы" - дегеніңе жол болсын? Сен мені қымызға мас болып ашу шақырды деп отырсың ба? - дейді.
Құнекең солай дегенде, Біке де сабасына түсе қойыпты:
- - Жоға мырза, мен де қызумен артық айтсам керек, көңіліңе алма, кешір, - деп, өзінің ағат кеткенін жуып, шайыпты. Отырған көпшілш, екі дана бидің сол бір ақылды да, тапқыр кақтығысына тәнті болып, кейнгілерге айта жүріпті.
3
Біке шешен қартайған шағында Аға Сұлтан Құнанбайдың ақын немересі Шәкәрімнің ауылына барыпты. Барса, Шәкәрім үйінде жоқ екен, аң қағуға кетіпті. Шәкәрімнің жұбайы Бікенің алдына дастарқанды жайып, сары самаурыннан шай құя бергенде, Шәкәрім де келе калады. Келгендеде құр келмейді, қанжығасы майланып, көңілі жайланып, құлжаның бір текесін бөктере келеді. Үй-іші, бала-шаға мәре-сәре, бәрі жабыла Құлжаны іреп сояды. Дастарқанға қуырдақ та кеп калады. Шәкәрім оның үстіне бағылан сойып, шешенді әбден күтеді. Бікенің алдына үйме табақ ет тартылады. Етке қоса Құлжаның басы қойылады. Шәкәрім қонағына қарап қолын жаяды:
- - Кәне би аға, өзім де, шақырып күтсем деп жүр едім, Құдай айдап кеп қапсыз. Ас батасын бермеңіз, бас батасын бермеңіз, аң батасын беріңіз? деп, жұмбақтай бата сұрайды. Біке, сөз сыңайын түсіне қояды да, былай деп бата береді:
- Бесатарың,
- Тарс еткенде, тарс етсін!
- Түтіні былай кетсін,
- Оғы аңға жетсін,
- Теке құлай кетсін.
- Інісі бата сұрап,
- Жаңылса нетсін?
- Аллаһу акбар! –
деп бетін сипапты.
Біке шешеннің бұл сөзінің астарын түсіне қойған Шәкәрім:
- - Япырым-ау, астан үлкен жоқ, бастан үлкен жоқ, мен қара басып жаңылдым, сонда мен әкемнен астым деймін бе, әлде Абайдан астым дегенім бе? Бұл қай адасқаным? Би-аға ағат кетсем, кешіріңіз? - деп, айыбына Бікеге ат мінгізіп, иығына шапан жауып аттандырыпты дейді ел.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы. 2 том
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bike Darabajuly 1794 kazirgi Shygys Қazakstan oblysy Ayagoz audany Shubartau audany Bakanas ozeninin bojy 1889 sonda bi sheshen Zhastajynan Semej onirinin baj bi sultan bolystary ortasynda osip solardan tәlim tәrbie algan Resmi bilikke talaspaganymen bүkil onirge ykpaly zor bolgan Bike bidin auyly aga sultan Қunanbaj elimen aralas agajyn zhegzhat bolgandyktan ol turaly әngimelerde Қunanbajga Abajga Shәkerimge katysty derekter kop kezdesedi Bikenin ata tegi shezhire bojynsha bylaj zhүjelenedi Abak Kerej Zhastaban Begimbet Қozhakeldi Zhanbaj Zhanbajdan Zharylgap Esenbaj Manabaj Ajbas Majbas bes urpak tarajdy Sonyn Manabaj atasynan Darabaj odan Bike Zharas tugan Bike zhastajynan sol onirdegi biler sheshender batyrlar sultandar bolys bajlar ortasynda osip solardan tәlim alady Onyn Zhanbaj degen babasy Abylaj hannyn senimdi serigi batyry bolgan Ajbas atasy da kol bastagan batyr eken Al Manabaj Esenbaj Nokat degen atalary Abak Kerejdin atakty bajlary bolyp otken Osy onirden shykkan Begesh sheshen Bikege nemere ini bolyp shygady Bike biden kalgan Arkabaj Sholanbaj urpaktary bүginde Semej Shubartau Ayagozde turady El arasyndagy sozderBike bidin auyly atakty aga Sultan Қunanbaj elimen aralas agajyn zhegzhat kojy koralas bolgan Sondyktan da ol turaly anyz әngimeler Қunanbajga Abajga Shәkәrimge katysty mәlimet derekterde kop kezdesip otyrady Endi el arasynda tarap ketken sol sozderdin kejbirin bayandap otejik 1 Bike auylynyn bir үjir zhylkysy zhogalady Sony izdep iz kesip zhүrip Bike sheshen Қunanbaj auylyna barady Eki bi ken dastarkan basynda sәlemdesip zhon surasady Қunanbaj Aua zhajylyp bizdin zhylkyga kosylgany bolsa tanyp al dep Bikenin kasyna bir zhigitin kosyp beredi Bike Қunanbajdyn san myndagan үjir үjir zhylkysyn aralap zhүrip zhogyn tanyp alady Bike aga Sultanga kajtyp sokpastan auylyna bet alyp kete barady Қunanbaj әlgi koskan zhigitine Anau nege kajtyp sokpaj ketip barady beri shakyrshy ozin dejdi Zhigit shokytyp baryp Bikeni aga Sultan aldyna ertip keledi Au Bike malyndy tanyp aldyn ba Tanyp aldym Rizamysyn Rizamyn Endeshe nege kajtyp sokpaj barasyn Kelerinde kerek etip keterinde kerek etpegenin kalaj dejdi Sonda Bike at үstinde turyp Қajta kep sogatyn sen menin nem edin dosym ba edin Bolmasa kuda zhegzhat tamyrym ba edin Ұlykka kelgen kisi kylp etip kirip zhylp etip shygady emes pe Men de sojttim dep atynyn basyn buryp alyp zhүre beripti Aga Sultan Қunanbaj ne desin Bulda bir eldin erkesi goj Mejli bara bersin Әli talaj aldyma kelersin depti de kojypty 2 Najman onyn ishinde semiz najman atasynan shykkan Serikbaj kazhynyn Koki degen bojzhetip otyrgan kyzy Aga sultan Қunanbajdyn Әzimbaj degen nemeresine atastyrylgan eken Kelesi koktemde uzatamyz dep eki zhak әzirlenip zhүrgende Koki baska zhigitke kashyp ketedi Izdestirse Bikemen tuys tүp atasy bir Әldeke kazhynyn Қarahan degen balasy alyp shygady Ol auyl kelin tүsirdik dep shala bүlinip zhatady Al Қunanbaj auyly zhesirin izdep atka konady Eki el osy laj dүrligip zhatkanda Қunanbajdyn үjine Bike sheshen baryp tүsedi Қunanbaj bildirmegen bolyp zhigitterine Bikeni kүttiredi Aldyna dastarkan zhajyp sary kymyz sapyrtady Bike kymyzdy alynkyrap kyzara bortedi Dauysyn kotere astam sojlej bastajdy Bikenin munysyn zhaktyrmagan Aga sultan Torimde otyryp dәmimdi tatyp үstem sojlep otyrgan sen kaj kerej dep zil tastajdy Sonda Bike Kudajym til men zhak bergen otirik emes nak bergensozidi kokeletken kelin kylyp erkeletken kerejmin sagan budan basta dejmin depti Otyrgandar mynauyn kalaj kalaj sojlejdi depti Ashu bulykkan Aga Sultan zhanynda zhatkan segiz orme buzau tis kamshysymen kotere bergende Bike sheshen tagy da Қazhynyn ashuy Қu dauysty Қuttybajga Қaz dauysty Қazybekke keledi Attyn tobelindej barmaktaj gana Bikege ashuy kelushilerdi tәjir Tepse keri teuip baska shauyp otyrgan ozinin sary bestisilerin depti bogelmesten Bikenin bul tapkyrlygy Қunanbajdyn kamshysyn belge urgan zhylandaj zherge sylk etkizipti Bikenin Қu dauysty Қuttybajdy kalyn najmanga Қaz dauysty Қazybekti zhalpak argynga tenep ajtkanyn Aga Sultan tүsinipti Attyn tobelindej barmaktaj gana Bikege ashuy nege kelsin degeni argyn men najman ortasynda otyrgan at tobeli dej eki ak bolys kerejge bola ashu shakyra kojmas degeni ekenin de Қunanbaj tүsinipti Endi bir sәt ol Bikege tesile karap Zharajdy depti bul sozindi makul dejin Al Tepse keri teuip baska shauyp otyrgan ozinin sary bestisi dagy degenine zhol bolsyn Sen meni kymyzga mas bolyp ashu shakyrdy dep otyrsyn ba dejdi Қuneken solaj degende Bike de sabasyna tүse kojypty Zhoga myrza men de kyzumen artyk ajtsam kerek koniline alma keshir dep ozinin agat ketkenin zhuyp shajypty Otyrgan kopshilsh eki dana bidin sol bir akyldy da tapkyr kaktygysyna tәnti bolyp kejngilerge ajta zhүripti 3 Bike sheshen kartajgan shagynda Aga Sultan Қunanbajdyn akyn nemeresi Shәkәrimnin auylyna barypty Barsa Shәkәrim үjinde zhok eken an kaguga ketipti Shәkәrimnin zhubajy Bikenin aldyna dastarkandy zhajyp sary samaurynnan shaj kuya bergende Shәkәrim de kele kalady Kelgendede kur kelmejdi kanzhygasy majlanyp konili zhajlanyp kulzhanyn bir tekesin boktere keledi Үj ishi bala shaga mәre sәre bәri zhabyla Қulzhany irep soyady Dastarkanga kuyrdak ta kep kalady Shәkәrim onyn үstine bagylan sojyp sheshendi әbden kүtedi Bikenin aldyna үjme tabak et tartylady Etke kosa Қulzhanyn basy kojylady Shәkәrim konagyna karap kolyn zhayady Kәne bi aga ozim de shakyryp kүtsem dep zhүr edim Қudaj ajdap kep kapsyz As batasyn bermeniz bas batasyn bermeniz an batasyn beriniz dep zhumbaktaj bata surajdy Bike soz synajyn tүsine koyady da bylaj dep bata beredi Besataryn Tars etkende tars etsin Tүtini bylaj ketsin Ogy anga zhetsin Teke kulaj ketsin Inisi bata surap Zhanylsa netsin Allaһu akbar dep betin sipapty Bike sheshennin bul sozinin astaryn tүsine kojgan Shәkәrim Yapyrym au astan үlken zhok bastan үlken zhok men kara basyp zhanyldym sonda men әkemnen astym dejmin be әlde Abajdan astym degenim be Bul kaj adaskanym Bi aga agat ketsem keshiriniz dep ajybyna Bikege at mingizip iygyna shapan zhauyp attandyrypty dejdi el DerekkozderҚazak Enciklopediyasy 2 tom Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet