Бойжеткен психологиясы – қазақ ұғымында 17-18-ға келген бойжеткен ақыл-есі, дене бітімі, келбет-кескіні кемелденген, отау құруға жарап қалған қыз бала. Қай халықта болмасын қыз әдемілік пен әдептіліктің, сұлулықтың баламасы іспеттес. Халқымыз жайсаң мінезді, әдепті жігітті де «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер бойжеткенге тән психологияны (нәзіктік пен байсалдылықты, шеберлік пен ұқыптылықты, сұлулық пен сымбаттылықты, т.б.) аңғартып тұрған жоқ па? Кез-келген қазақ отбасы осынау ерекшелікті жақсы түсіне біліп, бойжеткен қызын алақанына салып, әлпештеумен бірге оны ылғи да жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, әдеп-ізеттілігімен, иман-ибаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Оларды кішкентай кезінен көзінің қарашығындай сақтап әлпештеп, мәпелеп, жаны мен арының таза, мінезінің өнегелі болуын қадағалап отырған, сонымен бірге «қызға қырық үйден тыйым» салу керектігін де ұмытпаған.
- Сұлулық пен сымбаттылықты,шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үйішілік еңбекке (кесте, өрнек, кілем тоқу, т.б.), көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды – бойжеткен тәрбиесінің баста негізі деп білген. Халықтық дәстүр қыз бала тәрбиесінде ереже ұсынбайды, тек бағдар береді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жосығын нұқсайды. Ол негізінен қыздың мінезі мен құлқына қарай адал мен арам, обал мен сауап деген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Адам үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ түсінік те – жанмен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шарты бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сырын танып, ұғыну арқылы өзін-өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Бүгінгі бойжеткен ертеңгі отбасы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ардақты, ақылман әже. Олай болса халық танымындағы бойжеткенге қажетті сипат имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісмерлік, биязылық, мейрімділік әр бойжеткеннің асыл мұраты болса игі. Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір ерекшелік - тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға тұспалдап, астарлай жеткізу. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі күнге дейін сақталған. Мәселен, "Келінім саған айтам, қызым сен тыңда" деген бір ауыз сөздің өзінде-ақ тәрбиелік талап-тілектерді бірден бетке айта салмай, көбінде оларды жанамалап жеткізгенін байқаймыз. Мұндай ақыл-кеңесті көп жағдайда қыздың анасы, не сырлас жеңгесі айтатын болған. Бұлар - бірде талап-тілек бірде ойланып-толғануға негіз болатын зілсіз ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне лайықты "жақсы сөз - жарым ырыс" дегендей, әдіс-тәсілдер арқылы құлаққа сіңетін. Қыз бала жастайынан үй ішілік, тұрмыс-тіршілікке (кесте тігу, ою-өрнек ою, киім тігу, құрт қайнату, шай құю, ет мүшелеу, оны сақтау, ас әзірлеу, үй ішін күту, т.б.осы іспеттес істерге) машықтанып, баулыған. Ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ елінің қайчы бір аймақтарына тән жеке ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне қарамастан, қыздарды адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеудегі халықтың дәстүрі ортақ еді.
- Қыз тәрбиесінде халқымыз күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, оларды мәпелеу, иландыру, сендіру әдістері арқылы үлгі-өнеге көрсетуге ерекше мән берген. Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен- ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, айналасындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Әсіресе шаш күтімі, бет, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық - гигиеналық атрибуттарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жерде ұлы Абайдың "Білектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын, кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін" деген бейнелі суреті қазіргі бойжеткендерімізге де арнап айтылғандай. Расында да, қыз балалардың көркі алдымен білектей арқасына өрген бұрым, яғни шаш күтіміне байланысты болатыны хақ. Бойжеткеннің өңіне шашының қалыңдығы мен ұзындығы, өрген қос бұрымы қандай жарасымды десеңізші! Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов "Абай" романында бейнелеген қазақ бойжеткендерінің келбет-көркі мен сымбатына еріксіз тамсанамыз емес пе?Сүйіндіктің қызы Тоғжан өз үйіне өзгеше көктем нұрын кіргізген жан. Мұхтарша айтсақ, Тоғжанның жүзі мағыналы нұрға малынып тұрғандай. Оның сыңғырлаған шолпысы, құлағындағы әшекей сырғасы, басындағы кәмшат бөркі, білек толған білезіктері, аппақ жүзі, қыр мұрны мен қарақаттай көзі, жаңа туған айдай қиылған жіп-жіңішке қасын ұлы жазушы "Тоғжан көрініп кеткенде сұлу ай жарқ етіп, қайта батқандай болды", - деп суреттейді емес пе? Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры - өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағынан бәрін айқын көрсете алатйндай ,яғни сән үлгісін өзіне бейімдей ала білуінде; ішкі, рухани мәдениеті төмен адамның дұрыс талғаммен әдемі киіне алуы да екіталай. Жас адамның, әсіресе қыз баланың бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, сөз саптауы, жұртпен қарым-қатынасы, т.б.) әсем де нәзік болуы тиіс. Тәрбие ғылымының тарланы А.С.Макаренко дұрыс жүру, тұру әдепті бола білу ұсақ-түйек емес деп тегін айтпаған. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болмақ. Мінез-құлық тәлімі туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар да аз емес. Мүмкіндігінше, соларды тауып оқу әр бойжеткеннің парызы болмақ. Алайда, әдемі қылық пен жақсы тәлім жайлы қаншама кітап оқып шыққанмен ешкім өз-қзінен әдепті де, жақсы мінезді бола алмайтыны белгілі. Бұл арада есейіп, ержеткенге дейін ата-ана тәрбиесі елеулі орын алса, ес кіріп, ой мен бой толысқан кезде адамның өзін-өзі ұдайы тәрбиелеуі, ауыздықтай тежеп отыруы аса маңызды. Сондықтан да Сұлтанмахмұт Торайғыров "Жақсылық көрсем - өзімнен, жамандық көрсем - өзімнен, "тағдыр қылды" деулерді - шығарамын сөзімнен" , - деп тебіренді емес пе? Балаң жаста алғашқы махаббат оянады. Бұл рухани талаптан, асыл арман мен мұраттан туған асқақ сезім. Әдетте бойжеткен мен бозбаланың бір-біріне деген ыстық ықыласы бірігіп, сабаққа дайындалудан, киноға, сауық кешке, сырғанаққа бірге барудан, оңаша жерде бір-бірімен сырласудан, оқыған кітаптары, адамдардың жақсы, жаман қасиеттері жайлы пікір алысу арқылы өрбиді. Махаббатпен әрленген рухани қарым-қатынас балаң жастың жанын бақыт-нұрға толтырып, шат-шадыман күйге бөлеп, биік мақсат-мұратқа жетелейді. "Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар, жүрек оны жан шыққанша жасырар" дегендей, жас адамның осындай нәзік жай-күйін түсіне білген үлкендер (әке-шеше, аға-жеңге т.б.) олардың арына тиіп, өздерінен алыстатып алмай, қайта ақылын айтып, тура жолға бағыттап отыруы - үлкен адамгершіліктің белгісі болмақ. Қыз абыройы болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе.
- Қазақ халқы "Қыздың жолы жіңішке" деп, қыздың жаза баспауын қатаң қадағалап отырған. Әрине бойжеткен абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына, сезім дүниесі жайлы ой-өресінің тереңдігіне байланысты екені хақ. Сондықтан да әрбір ата-ана өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды. Әсіресе қыз анасына көп нәрсе байланысты. Ал, анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройын да сақтай білмейді. Өз намысын қорғаған қыз ожар, есер жігітке кіріптар болмайды, қайта есті жігітке ес қосады.
- Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы ибалы, инабатты болуы керек. "Қыз қылығымен жағады" деген мақал содан қалған. Халық талшыбықтай бұралып, өсіп келе жатқан балаң қыздың алдына келешекте кездесетін өмірлік міндеттер қойып, оларды орындап отыруды да қыз абыройы деп есептеген. Сөйтіп, қазақ ұғымында жоғарыда айтып кеткеніміздей, бойжеткен парызы - ізеттілік пен биязылық, жарасты киіну, атасы мен әжесін, шешесі мен әкесін барынша қадір тұтып, сый-құрмет көрсету, қабақ шытпай жүріп-тұру, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, өсек-аянға жоламау, орынсыз дөрекі сөйлеп, шайпау болмау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлттық салт-дәстүрді құрмет тұту, ана тілін ардақтау, жеңгесімен жанындай дос болу, үй шаруасына араласу, яғни үй шаруасына қажетті дағды икемділіктерді жетік меңгерген бесаспап жан болып қалыптасу. Сондықтан да әрбір ата-ана үйде де, түзде де қаршадайынан осынау қасиеттерді қыз баланың бойына дарытып отырулары қажет.
Дереккөздер
- Ж 32 Психология: Энциклопедиялық сөздік./Бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы : «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-71-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bojzhetken psihologiyasy kazak ugymynda 17 18 ga kelgen bojzhetken akyl esi dene bitimi kelbet keskini kemeldengen otau kuruga zharap kalgan kyz bala Қaj halykta bolmasyn kyz әdemilik pen әdeptiliktin sululyktyn balamasy ispettes Halkymyz zhajsan minezdi әdepti zhigitti de kyz minezdi zhigit eken dep tegin ajtpagan Halyk auzyndagy Қyzdyn zhigan zhүgindej Қyzdyn tikken kestesindej degen tirkester bojzhetkenge tәn psihologiyany nәziktik pen bajsaldylykty sheberlik pen ukyptylykty sululyk pen symbattylykty t b angartyp turgan zhok pa Kez kelgen kazak otbasy osynau erekshelikti zhaksy tүsine bilip bojzhetken kyzyn alakanyna salyp әlpeshteumen birge ony ylgi da zhibektej minezimen uyzdaj tәtti kylygymen әdep izettiligimen iman ibattylygymen kүmis kүlkisimen korgisi kelgen Olardy kishkentaj kezinen kozinin karashygyndaj saktap әlpeshtep mәpelep zhany men arynyn taza minezinin onegeli boluyn kadagalap otyrgan sonymen birge kyzga kyryk үjden tyjym salu kerektigin de umytpagan Sululyk pen symbattylykty sheberlik pen nәziktikti kazhetsinetin үjishilik enbekke keste ornek kilem toku t b korkem soz әn kүj ajtys sekildi tүrli onerge bauludy bojzhetken tәrbiesinin basta negizi dep bilgen Halyktyk dәstүr kyz bala tәrbiesinde erezhe usynbajdy tek bagdar beredi onege korsetip әdeptilik zhon zhosygyn nuksajdy Ol negizinen kyzdyn minezi men kulkyna karaj adal men aram obal men sauap degen tort ugym tonireginde toptasady Adam үshin en kymbat tүsinik te zhumbak tүsinik te zhanmen sezinu ojlanu tolganu әserlenu әrekettenu Munyn algy sharty bakylaj bilu kore bilu kisinin ishki syryn tanyp ugynu arkyly ozin ozi tүsinip imandylyk pen onegeni bojyna sinirip shama sharkyna karaj ony zhүzege asyra bilu Bүgingi bojzhetken ertengi otbasy ujtkysy bolashaktagy asyl zhar ayauly ana ardakty akylman әzhe Olaj bolsa halyk tanymyndagy bojzhetkenge kazhetti sipat imandylyk inabattylyk izettilik әdeptilik ismerlik biyazylyk mejrimdilik әr bojzhetkennin asyl muraty bolsa igi Halkymyzdyn ulttyk dәstүrindegi bir erekshelik tәlimdik akyl kenesti zhas urpak sanasyna әsirese kyz balaga tuspaldap astarlaj zhetkizu Bul salt auyldyk zherlerde әli kүnge dejin saktalgan Mәselen Kelinim sagan ajtam kyzym sen tynda degen bir auyz sozdin ozinde ak tәrbielik talap tilekterdi birden betke ajta salmaj kobinde olardy zhanamalap zhetkizgenin bajkajmyz Mundaj akyl kenesti kop zhagdajda kyzdyn anasy ne syrlas zhengesi ajtatyn bolgan Bular birde talap tilek birde ojlanyp tolganuga negiz bolatyn zilsiz eskertpe retinde yagni bojzhetkennin minez kulky men is әreketine lajykty zhaksy soz zharym yrys degendej әdis tәsilder arkyly kulakka sinetin Қyz bala zhastajynan үj ishilik turmys tirshilikke keste tigu oyu ornek oyu kiim tigu kurt kajnatu shaj kuyu et mүsheleu ony saktau as әzirleu үj ishin kүtu t b osy ispettes isterge mashyktanyp baulygan Ұlan gajyr dalany mekendegen kazak elinin kajchy bir ajmaktaryna tәn zheke erekshelikteri men ozgeshelikterine karamastan kyzdardy adamgershilik minez kulykka tәrbieleudegi halyktyn dәstүri ortak edi Қyz tәrbiesinde halkymyz kүsh korsetu korkytu tәsilderinen bojdy aulak ustap olardy mәpeleu ilandyru sendiru әdisteri arkyly үlgi onege korsetuge erekshe mәn bergen Қyz bala 14 15 zhaska zhetisimen ak boj tүzej bastajdy Үsti basyn taza ustap sәndi kiinuge ozinin esejgenin sezip ajnalasyndagylarga әdemi symbatty korinuge tyrysady Әsirese shash kүtimi bet tis kүtimi siyakty kisige azhar beretin kosmetikalyk gigienalyk atributtarga erekshe konil bolinedi Bul zherde uly Abajdyn Bilektej arkasynda orgen burym sholpysy syldyr kagyp zhүrse akyryn kәmshat borik ak tamak kara kasty sulu kyzdyn korip pe en mundaj tүrin degen bejneli sureti kazirgi bojzhetkenderimizge de arnap ajtylgandaj Rasynda da kyz balalardyn korki aldymen bilektej arkasyna orgen burym yagni shash kүtimine bajlanysty bolatyny hak Bojzhetkennin onine shashynyn kalyndygy men uzyndygy orgen kos burymy kandaj zharasymdy desenizshi Zangar zhazushymyz Muhtar Әuezov Abaj romanynda bejnelegen kazak bojzhetkenderinin kelbet korki men symbatyna eriksiz tamsanamyz emes pe Sүjindiktin kyzy Togzhan oz үjine ozgeshe koktem nuryn kirgizgen zhan Muhtarsha ajtsak Togzhannyn zhүzi magynaly nurga malynyp turgandaj Onyn syngyrlagan sholpysy kulagyndagy әshekej syrgasy basyndagy kәmshat borki bilek tolgan bilezikteri appak zhүzi kyr murny men karakattaj kozi zhana tugan ajdaj kiylgan zhip zhinishke kasyn uly zhazushy Togzhan korinip ketkende sulu aj zhark etip kajta batkandaj boldy dep surettejdi emes pe Қyz balanyn talgammen kiinuinin bir syry oz turkynyn kejbir tabigi kemistigin zhasyryp zhaksy zhagynan bәrin ajkyn korsete alatjndaj yagni sәn үlgisin ozine bejimdej ala biluinde ishki ruhani mәdenieti tomen adamnyn durys talgammen әdemi kiine aluy da ekitalaj Zhas adamnyn әsirese kyz balanyn bүkil keskin kelbeti otyrys turysy soz saptauy zhurtpen karym katynasy t b әsem de nәzik boluy tiis Tәrbie gylymynyn tarlany A S Makarenko durys zhүru turu әdepti bola bilu usak tүjek emes dep tegin ajtpagan Zhaksy minezge kyz bala zhastajynan үjrense gana ol bojga konymdy bolmak Minez kulyk tәlimi turaly zhazylgan zhaksy akyl kenester beretin kitaptar da az emes Mүmkindiginshe solardy tauyp oku әr bojzhetkennin paryzy bolmak Alajda әdemi kylyk pen zhaksy tәlim zhajly kanshama kitap okyp shykkanmen eshkim oz kzinen әdepti de zhaksy minezdi bola almajtyny belgili Bul arada esejip erzhetkenge dejin ata ana tәrbiesi eleuli oryn alsa es kirip oj men boj tolyskan kezde adamnyn ozin ozi udajy tәrbieleui auyzdyktaj tezhep otyruy asa manyzdy Sondyktan da Sultanmahmut Torajgyrov Zhaksylyk korsem ozimnen zhamandyk korsem ozimnen tagdyr kyldy deulerdi shygaramyn sozimnen dep tebirendi emes pe Balan zhasta algashky mahabbat oyanady Bul ruhani talaptan asyl arman men murattan tugan askak sezim Әdette bojzhetken men bozbalanyn bir birine degen ystyk ykylasy birigip sabakka dajyndaludan kinoga sauyk keshke syrganakka birge barudan onasha zherde bir birimen syrlasudan okygan kitaptary adamdardyn zhaksy zhaman kasietteri zhajly pikir alysu arkyly orbidi Mahabbatpen әrlengen ruhani karym katynas balan zhastyn zhanyn bakyt nurga toltyryp shat shadyman kүjge bolep biik maksat muratka zhetelejdi Mahabbattyn myn tүrli kupiyasy bar zhүrek ony zhan shykkansha zhasyrar degendej zhas adamnyn osyndaj nәzik zhaj kүjin tүsine bilgen үlkender әke sheshe aga zhenge t b olardyn aryna tiip ozderinen alystatyp almaj kajta akylyn ajtyp tura zholga bagyttap otyruy үlken adamgershiliktin belgisi bolmak Қyz abyrojy bolashak otbasynyn bosaganyn beriktigine katysty mәsele Қazak halky Қyzdyn zholy zhinishke dep kyzdyn zhaza baspauyn katan kadagalap otyrgan Әrine bojzhetken abyrojy onyn akyl parasatyna inabattylygyna iske bejimdiligine onerpazdygyna bilimdarlygyna sezim dүniesi zhajly oj oresinin terendigine bajlanysty ekeni hak Sondyktan da әrbir ata ana oz kyzdarynyn abyrojly boluyna erekshe mәn berip kadagalajdy Әsirese kyz anasyna kop nәrse bajlanysty Al anasyn ardaktaj bilmegen kyz oz abyrojyn da saktaj bilmejdi Өz namysyn korgagan kyz ozhar eser zhigitke kiriptar bolmajdy kajta esti zhigitke es kosady Қyz abyrojly bolu үshin onyn minez kulky ibaly inabatty boluy kerek Қyz kylygymen zhagady degen makal sodan kalgan Halyk talshybyktaj buralyp osip kele zhatkan balan kyzdyn aldyna keleshekte kezdesetin omirlik mindetter kojyp olardy oryndap otyrudy da kyz abyrojy dep eseptegen Sojtip kazak ugymynda zhogaryda ajtyp ketkenimizdej bojzhetken paryzy izettilik pen biyazylyk zharasty kiinu atasy men әzhesin sheshesi men әkesin barynsha kadir tutyp syj kurmet korsetu kabak shytpaj zhүrip turu үlkennin aldynan kesip otpeu osek ayanga zholamau orynsyz doreki sojlep shajpau bolmau urpak tәrbiesinen habardar bolu ulttyk salt dәstүrdi kurmet tutu ana tilin ardaktau zhengesimen zhanyndaj dos bolu үj sharuasyna aralasu yagni үj sharuasyna kazhetti dagdy ikemdilikterdi zhetik mengergen besaspap zhan bolyp kalyptasu Sondyktan da әrbir ata ana үjde de tүzde de karshadajynan osynau kasietterdi kyz balanyn bojyna darytyp otyrulary kazhet DerekkozderZh 32 Psihologiya Enciklopediyalyk sozdik Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 ISBN 9965 893 71 3