Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов (22 желтоқсан, 1857, (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы - 1919, Жаңақала) — Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, 1-2 Мемлекеттік Думалардың депутаты, шығыстанушы, алғашқы ғылым кандидаты (1888).
Өмірбаяны
- 1857 жылы 22 желтоқсанда Астрахань губерниясындағы Никольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) туған. Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды.
- 1872-1881 жылдары Орынбор ерлер гимназиясында 9 жыл оқып, оны алғашқы бітірген қазақтардың бірі, күміс медальмен марапатталған.
- 1881 жылы заң факультетіне түскен. Бұл факультетте 1883 жылдың желтоқсанына дейін 1-курста қатарынан 3 жыл оқиды. Таңғаларлық жайт, 1-ші курсқа өз өтінішімен қала берген. Үшінші жылы тағы қалуға университет басшылығы рұқсат бермегендіктен, ол 1884 жылдың қаңтарынан бастап университеттің Шығыс тілдері факультетіне ауысады да, 1889 жылы 9 наурызда №877 диплом алып шығады. Араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып, университет кеңесінің 1888 жылғы 17 қыркүйектегі ұйғарымымен кандидаттық ғылым дәрежесіне лайық деп бағаланады.
- ЖОО бітірген соң еліне келіп, 1889 жылдан бастап Астрахань губернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының әкімі қызметінде болады. Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады.
- 1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Бөкей қазақтарының депутациясын бастап Ресей патшасының қабылдауында болады да депутация атынан арнау сөз сөйлейді.
- 1903 жылғы 22 шілдеден 1906 жылғы қыркүйекке шейін Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі қызметін атқарады. 1906 жылы отставкаға шығады.
- 1 Мемлекеттік думаға және губернияларының көшпелі тайпаларынан 2 орын бөлінеді. Астрахань губерниясының қазақтарынан Б. Құлманов, ал Ставрополь губерниясының қалмақтарынан Давид Церенджиб Нойон Тундутов сайланады.
- Құлманов 1907 жылы 2 Мемлекеттік думаға мүше болып сайланады. Қатарынан екі рет сайлануы, оның ел алдындағы қадірін білдірсе керек.
- 1917 жылы 21-25 сәуір аралығында Бөкей ордасындағы қазақ съезіне белсене араласып, онда ол баяндама жасайды. Осы съезде Астрахань өлкесі қазақтарының, яғни Бөкей ордасының комиссары болып сайланып, оны 1918 жылғы 1 сәуіріне шейін, Қызыл өкіметі орнағанша атқарады.
- 1917 жылы қыркүйек айында Бөкей ордасының ұлт зиялыларының съезі өтеді. Онда Б.Құлманов жер мәселесі жөнінде баяндама жасайды.
- Б. Құлманов қоғамдық-саяси қимылдарға тек Бөкей ордасымен шектеліп қалмай, жалпықазақ елі бойынша атсалысады. Мысалы, патша өкіметі құлағаннан кейін 1917 жылы 24 наурызда Минскіден Ә.Бөкейханов бастаған бір топ зиялылар жер-жерге жеделхат соққанда, Астрахань губерниясындағы Шәңгерей Бөкеев пен Б.Құлмановқа арнайы жібереді.
- 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен Жалпы қазақтық съезде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа Бөкейліктен Б.Құлманов, У.Танашев, Б.Ниязов ұсынылады. «Қазақ» газеті Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылған адамдарды сипаттай келе Бақыткерей туралы:
«…Университет бітірген кісі. Былтыр 25 маусым жарлығы шыққаннан кейін „Арыз айтасыз, Мәулет сөйлейсіз“ деп Астрахань губернаторы Бақыткерейді жер аударып еді. Бақыткерей Самар губерниясынан еліне бостандық туғаннан кейін ғана қайтты» |
деп оның күрескерлік қимылын атап өтеді.
- Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезге ол арнайы шақырылып, съез президумының төрағасы болады. Съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Алашорда үкіметінің төрағасының орнына Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев пен бірге Б.Құлмановтың да түсуі де көп жайтты аңғартады.
- Осы съезден кейін ол еліне қайтып, артынан сүзек ауруынан 1919 жылы Жаңақалада қайтыс болады. Кейбір энциклопедияда жазылып жүргендей, ол шетел асып кеткен жоқ.
Дереккөздер
- Орайы келгенде айта кеткен жөн, кейбіреулер оны қателесіп, қазақ деп жүр. Ол өрескел қате. Ол қате Н. Прутанскийдің редакциясымен 1906 жылы шыққан 1 Мемлекеттік дума туралы кітаптан алынса керек. Онда қалмақ дегеннің орнына жаңылысып «киргиз» деп жіберген. Әмбе атынан да көрініп тұр ғой қазақ еместігі.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baktygerej Ahmetuly Қulmanov 22 zheltoksan 1857 Bokej ordasy kazirgi Atyrau oblysy Қurmangazy audany 1919 Zhanakala Alash kajratkeri Alashorda үkimetinin mүshesi 1 2 Memlekettik Dumalardyn deputaty shygystanushy algashky gylym kandidaty 1888 Baktygerej ҚulmanovӨmirbayany1857 zhyly 22 zheltoksanda Astrahan guberniyasyndagy Nikolsk selosynyn manajynda Bokej ordasy kazirgi Atyrau oblysy Қurmangazy audany tugan Өzi tore tukymynan Әbilkajyr Nuraly Esim sultannan tarajdy 1872 1881 zhyldary Orynbor erler gimnaziyasynda 9 zhyl okyp ony algashky bitirgen kazaktardyn biri kүmis medalmen marapattalgan 1881 zhyly zan fakultetine tүsken Bul fakultette 1883 zhyldyn zheltoksanyna dejin 1 kursta katarynan 3 zhyl okidy Tangalarlyk zhajt 1 shi kurska oz otinishimen kala bergen Үshinshi zhyly tagy kaluga universitet basshylygy ruksat bermegendikten ol 1884 zhyldyn kantarynan bastap universitettin Shygys tilderi fakultetine auysady da 1889 zhyly 9 nauryzda 877 diplom alyp shygady Arab parsy osman tatar tilderi zhәne orys sozdiginen ote zhaksy baga alyp universitet kenesinin 1888 zhylgy 17 kyrkүjektegi ujgarymymen kandidattyk gylym dәrezhesine lajyk dep bagalanady ZhOO bitirgen son eline kelip 1889 zhyldan bastap Astrahan gubernatorynyn karamagyndagy Қamysh Samar kisymynyn әkimi kyzmetinde bolady Әkim bolyp turganda mektepter ashyp әr tүrli emdeu punkterin kobejtuge kүsh salady 1901 zhyly Bokej ordasynyn kurylganyna 100 zhyl toluyna bajlanysty Bokej kazaktarynyn deputaciyasyn bastap Resej patshasynyn kabyldauynda bolady da deputaciya atynan arnau soz sojlejdi 1903 zhylgy 22 shildeden 1906 zhylgy kyrkүjekke shejin Bokej ordasynyn Uakytsha kenesinin kenesshisi kyzmetin atkarady 1906 zhyly otstavkaga shygady 1 Memlekettik dumaga zhәne guberniyalarynyn koshpeli tajpalarynan 2 oryn bolinedi Astrahan guberniyasynyn kazaktarynan B Қulmanov al Stavropol guberniyasynyn kalmaktarynan David Cerendzhib Nojon Tundutov sajlanady Қulmanov 1907 zhyly 2 Memlekettik dumaga mүshe bolyp sajlanady Қatarynan eki ret sajlanuy onyn el aldyndagy kadirin bildirse kerek 1917 zhyly 21 25 sәuir aralygynda Bokej ordasyndagy kazak sezine belsene aralasyp onda ol bayandama zhasajdy Osy sezde Astrahan olkesi kazaktarynyn yagni Bokej ordasynyn komissary bolyp sajlanyp ony 1918 zhylgy 1 sәuirine shejin Қyzyl okimeti ornagansha atkarady 1917 zhyly kyrkүjek ajynda Bokej ordasynyn ult ziyalylarynyn sezi otedi Onda B Қulmanov zher mәselesi zhoninde bayandama zhasajdy B Қulmanov kogamdyk sayasi kimyldarga tek Bokej ordasymen shektelip kalmaj zhalpykazak eli bojynsha atsalysady Mysaly patsha okimeti kulagannan kejin 1917 zhyly 24 nauryzda Minskiden Ә Bokejhanov bastagan bir top ziyalylar zher zherge zhedelhat sokkanda Astrahan guberniyasyndagy Shәngerej Bokeev pen B Қulmanovka arnajy zhiberedi 1917 zhyly 21 26 shilde aralygynda Orynborda otken Zhalpy kazaktyk sezde Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna deputattykka Bokejlikten B Қulmanov U Tanashev B Niyazov usynylady Қazak gazeti Қuryltaj zhinalysyna deputattykka usynylgan adamdardy sipattaj kele Bakytkerej turaly Universitet bitirgen kisi Byltyr 25 mausym zharlygy shykkannan kejin Aryz ajtasyz Mәulet sojlejsiz dep Astrahan gubernatory Bakytkerejdi zher audaryp edi Bakytkerej Samar guberniyasynan eline bostandyk tugannan kejin gana kajtty dep onyn kүreskerlik kimylyn atap otedi Al 1917 zhyly 5 13 zheltoksanda otken Zhalpykazaktyk sezge ol arnajy shakyrylyp sez prezidumynyn toragasy bolady Sezde Alashorda үkimetinin mүsheligine sajlanady Alashorda үkimetinin toragasynyn ornyna Ә Bokejhanov A Turlybaev pen birge B Қulmanovtyn da tүsui de kop zhajtty angartady Osy sezden kejin ol eline kajtyp artynan sүzek auruynan 1919 zhyly Zhanakalada kajtys bolady Kejbir enciklopediyada zhazylyp zhүrgendej ol shetel asyp ketken zhok DerekkozderOrajy kelgende ajta ketken zhon kejbireuler ony katelesip kazak dep zhүr Ol oreskel kate Ol kate N Prutanskijdin redakciyasymen 1906 zhyly shykkan 1 Memlekettik duma turaly kitaptan alynsa kerek Onda kalmak degennin ornyna zhanylysyp kirgiz dep zhibergen Әmbe atynan da korinip tur goj kazak emestigi