Батырлық, қаһармандық – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, тағы басқа ерекшеліктері болған.
- Тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған;
- Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Мұндай батырларды бала кезінен әскери өнерге баулып, он үш – он бес жасынан-ақ шайқастарға қатыстырған. Көшпелі түркі халықтарының жазба және ауыз әдебиетінің деректерінде алғаш ерлік көрсеткен батырға лақап ат қойылатыны айтылады. Ерасылдың Қабанбай, ; Абылай; аталуы, есіміне Ақжолтай атының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген.
- Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген.
- Батырлар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету керек.
- Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталатындықтан, жекпе-жекке шығу батырлардың басты міндеттерінің бірі саналған. шын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batyrlyk kaһarmandyk dәstүrli kazak kogamynda bolgan erekshe әleumettik top batyrlarga tәn kasietter men omir salty Қazak batyrlarynyn ozindik kogamdyk kyzmeti baska kogamdyk toptarmen ara katynasyn rettejtin etikasy tagy baska erekshelikteri bolgan Tek әskeri kәsippen ajnalysu Batyrlar eldi baskynshylardan kutkarudy zhau kolynan kaza tapkan ata baba kegin kajtarudy omirlik maksat tutyngan Batyrlar әuletinde tugan bala zhastajynan әskeri kәsippen ajnalysuga mindetti boldy Tukym kualagan batyrlar shynzhyrly tukym dep atalgan Mundaj batyrlardy bala kezinen әskeri onerge baulyp on үsh on bes zhasynan ak shajkastarga katystyrgan Koshpeli tүrki halyktarynyn zhazba zhәne auyz әdebietinin derekterinde algash erlik korsetken batyrga lakap at kojylatyny ajtylady Erasyldyn Қabanbaj Abylaj ataluy esimine Akzholtaj atynyn kosyluy sol kone dәstүrdin zhalgasy Әskeri әuletten bolgandyktan batyrlar algashky erlik zholyn kobine sogysta olgen әkesinin tuysynyn kegin aludan bastagan Әke kegin kumau batyr үshin uyat Artynda ul bolmasa kek alu kyzyna da mindet bolgan Batyrlar ata kegin kuudy ken ugymda zhalpy halyktyn eldin kegin kuu magynasynda da tүsingen Koshpeli halyktarda handar әmirshiler el bileushiler batyrlar әuletinen shykkan osy kogamdyk toptyn okili bolgan Shyngys han Әmir Temir Edige Mamaj Abylaj Kenesary t b batyr bolgan zhәne batyrlar әuletinen shykkan Olar ozderinin zhurttan askan erliginin arkasynda bileushilik dәrezhege koterilgen Batyrlar menshik ieleri bolgan Olardyn menshigine kalalar eldi mekender ulystar ajmaktar karagan Birak batyrlardyn bәri birdej bajlyk iesi bolmaganyn da ajta ketu kerek Batyrlardyn ozderine tәn zhauyngerlik etikasy adamgershilik erezhesi dini yrymdary men salttary bolgan Zhauyngerler karu zharagyn kiimderin oz rularynyn oz әuletterinin totemdik bejnelerimen әshekejledi Batyrlardyn zhalpy aruakty adamdardyn kiesine senu halyk zhadynda әli kүnge saktalyp keledi Batyrlardyn karuy ozine arnalyp sogylyp tүrli magiyalyk yrymdar zhasalyp ketetin uakytty anyktauga kieli sandardy koldangan Mysaly kyryk ustaga soktyru kyryk kүn keptiru kyryk tүrli sujykka suaru t b Ata kәsip urpakka zhalgasatyndyktan batyrlar әuletinin karu zharagy atadan balaga mura bolyp eger murageri kalmasa batyr olgende karuyn birge zherlegen Үlken ajkastar әrkashan zhekpe zhekpen bastalatyndyktan zhekpe zhekke shygu batyrlardyn basty mindetterinin biri sanalgan shyn mәnindegi batyr atanuy osy zhekpe zhekte zheniske zhetuden bastaldy DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HBul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet