Баллистика (немісшее Bаllіstіk, грекше ballo — лақтырамын) — жоғары математика, теориялық механика, газ, жылу динамикалары, жарылғыш заттар мен оқ-дәрі теориялары және т.б. ілімдерге сүйенетін әскери-техникалық ғылым. Ол артиллериялық және реактивтік снарядтардың, миналардың, , ракеталардың, оқтардың, атылу, ұшу, құлдилау (әуеден тастау) кезіндегі қозғалыстарын зерттейді.
Баллистика — ішкі баллистика және сыртқы баллистика болып бөлінеді. Ішкі баллистика оқ-дәрі оталғаннан кейін оқ, снаряд, мина т.б-лардың қару ұңғысындағы қозғалысы мен жану камерасында өтетін процестерді зерттейді. Ішкі баллистиканың негізгі салалары: және , сондай-ақ, аралық баллистика мен оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы. белгілі бір тұрақты көлем ішінде оқ-дәрінің жану (оталу) және газдану заңдылықтарын, ал пиродинамика ату кезінде ұңғы (оқпан) ішінде өтетін процестерді және олардың арасындағы өзара байланыстық құбылыстарды зерттейді; ұңғының құралымдық сипаттары мен нысана көздеу шарттарын: қарулардың, ракеталардың, атыс құралдарының баллистикалық жобаларын белгілейді. Аралық баллистика процестердің кезеңдік салдарын, ал, оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы камерадағы оталған заттардың жану және газ бөліну, сондай-ақ, ракетаға әсер ететін күштердің пайда болу заңдылықтарын зерттейді.
Сыртқы баллистика снарядтардың, миналардың, оқтардың, басқарылмайтын ракеталардың қару (қондырғы) ұңғысынан ұшып шыққаннан кейінгі қозғалыстарын, сондай-ақ ол қозғалыстарға ықпал жасайтын өзге де факторларды зерттейді. Сыртқы баллистиканың негізгі мәселелері: снарядқа ұшу кезінде әсер ететін күштер мен әр түрлі жәйттерді зерттеу; траектория элементтерін есептеу үшін снаряд массасы (салмағы мен инерциясы) орталығының , сондай-ақ, ұшу бағдары мен ауытқушылық сипаттарын айқындау мақсатында снаряд қозғалысын оның масса орталығына қатынасы арқылы зерттеу. Сыртқы баллистика осымен бірге атыс кестелері мен сыртқы баллистикалық жобаларды әзірлеу үшін мәліметтер алу әдістерін жасау және түзетпелер теориясы мәселелерін де қамтиды. Ерекше жағдайларда снарядтар қозғалысын сыртқы баллистиканың авиациялық баллистика, су асты баллистикасы, т.б. арнаулы салаларымен байланыстыра зерттейді. Баллистика ғылым ретінде 16 ғасырда қалыптасты.
Баллистика жөнінде алғашқы еңбекті (“” деп аталатын) 1537 жылы италиялық математик (1499 —1557) жазды. Кейін Б-ның әр түрлі мәселелерін Г. Галилей, Исаак Ньютон, , т.б. зерттеді. Италия физигі Э.Торричелли (1608—1647) және француз М.Мерсенн снаряд қозғалысы жөніндегі ғылымды “Баллистика” деп атауды алғаш рет 1644 жылы ұсынды. Әйтсе де, ежелгі соғыс құралдарының, соның ішінде садақтардың, жебелердің қолданылу орны мен ретіне қарай түрліше болып келуі баллистика заңдылықтарымен есептесудің көне замандардан бастау алатындығын көрсетеді.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Серебряков М.Е., Внутренняя баллистика ствольных систем и пороховых ракет, М., 1962;
- Баллистика и навигация ракет, М., 1985.
- Корнер Д., Внутренняя баллистика орудий, пер. с ағылш., М., 1953;
- Граве И.П., Внутренняя баллистика. Пиродинамика, Л., 1933 — 1937, вып. 1 — 4;
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ballistika nemisshee Ballistik grekshe ballo laktyramyn zhogary matematika teoriyalyk mehanika gaz zhylu dinamikalary zharylgysh zattar men ok dәri teoriyalary zhәne t b ilimderge sүjenetin әskeri tehnikalyk gylym Ol artilleriyalyk zhәne reaktivtik snaryadtardyn minalardyn raketalardyn oktardyn atylu ushu kuldilau әueden tastau kezindegi kozgalystaryn zerttejdi Ballistika Ballistika ishki ballistika zhәne syrtky ballistika bolyp bolinedi Ishki ballistika ok dәri otalgannan kejin ok snaryad mina t b lardyn karu ungysyndagy kozgalysy men zhanu kamerasynda otetin procesterdi zerttejdi Ishki ballistikanyn negizgi salalary zhәne sondaj ak aralyk ballistika men ok dәrili raketalardyn ishki ballistikasy belgili bir turakty kolem ishinde ok dәrinin zhanu otalu zhәne gazdanu zandylyktaryn al pirodinamika atu kezinde ungy okpan ishinde otetin procesterdi zhәne olardyn arasyndagy ozara bajlanystyk kubylystardy zerttejdi ungynyn kuralymdyk sipattary men nysana kozdeu sharttaryn karulardyn raketalardyn atys kuraldarynyn ballistikalyk zhobalaryn belgilejdi Aralyk ballistika procesterdin kezendik saldaryn al ok dәrili raketalardyn ishki ballistikasy kameradagy otalgan zattardyn zhanu zhәne gaz bolinu sondaj ak raketaga әser etetin kүshterdin pajda bolu zandylyktaryn zerttejdi Syrtky ballistika snaryadtardyn minalardyn oktardyn baskarylmajtyn raketalardyn karu kondyrgy ungysynan ushyp shykkannan kejingi kozgalystaryn sondaj ak ol kozgalystarga ykpal zhasajtyn ozge de faktorlardy zerttejdi Syrtky ballistikanyn negizgi mәseleleri snaryadka ushu kezinde әser etetin kүshter men әr tүrli zhәjtterdi zertteu traektoriya elementterin esepteu үshin snaryad massasy salmagy men inerciyasy ortalygynyn sondaj ak ushu bagdary men auytkushylyk sipattaryn ajkyndau maksatynda snaryad kozgalysyn onyn massa ortalygyna katynasy arkyly zertteu Syrtky ballistika osymen birge atys kesteleri men syrtky ballistikalyk zhobalardy әzirleu үshin mәlimetter alu әdisterin zhasau zhәne tүzetpeler teoriyasy mәselelerin de kamtidy Erekshe zhagdajlarda snaryadtar kozgalysyn syrtky ballistikanyn aviaciyalyk ballistika su asty ballistikasy t b arnauly salalarymen bajlanystyra zerttejdi Ballistika gylym retinde 16 gasyrda kalyptasty Ballistika zhoninde algashky enbekti dep atalatyn 1537 zhyly italiyalyk matematik 1499 1557 zhazdy Kejin B nyn әr tүrli mәselelerin G Galilej Isaak Nyuton t b zerttedi Italiya fizigi E Torrichelli 1608 1647 zhәne francuz M Mersenn snaryad kozgalysy zhonindegi gylymdy Ballistika dep ataudy algash ret 1644 zhyly usyndy Әjtse de ezhelgi sogys kuraldarynyn sonyn ishinde sadaktardyn zhebelerdin koldanylu orny men retine karaj tүrlishe bolyp kelui ballistika zandylyktarymen eseptesudin kone zamandardan bastau alatyndygyn korsetedi DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Serebryakov M E Vnutrennyaya ballistika stvolnyh sistem i porohovyh raket M 1962 Ballistika i navigaciya raket M 1985 Korner D Vnutrennyaya ballistika orudij per s agylsh M 1953 Grave I P Vnutrennyaya ballistika Pirodinamika L 1933 1937 vyp 1 4 Қazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet