Балалар музыкасы — балалардың орындауына және тыңдауына арналған музыка. Балалар музыкасы нақтылығымен, бейнелі мазмұнымен, қарапайымдылығымен, айқындылығымен ерекшеленеді. Балаларға арналған музыканың негізіне халық ертегілері, табиғат, жан-жануарлар әлемі арқау болады. Балалар музыкасы ән, хор, аспаптық пьеса, оркестрлік шығарма, сахналық-музыка туынды болып бөлінеді. Балалар музыкасы балалардың орындаушылық мүмкіндігіне сай шығарылады. Мысалы, әннің дауыс диапазоны, дыбыс шығару ерекшелігі, дикциясы; аспаптық шығармада орындау техникасының қарапайымдылығы ескеріледі. Аспаптық Балалар музыкасына фольклорға бейімдеу, биге еліктелген, бейнелі әуен тән. Балалар музыкасы ертеден белгілі (Ежелгі Грекияда). Орта ғасырдағы Балалар музыкасы шпильмандар (кезбе музыканттар) өнерімен байланысты. Балаларға арналған пед—музыка шығармалар жасауға 18—19 ғасырлардың классик-композиторлары И.С. Бах (“Шағын прелюдиялар мен фугалар”), И. Гайдн (“Балалар симфониясы”), В. Моцарт, Л. Бетховен, Р. Шуман, П.И. Чайковский, т.б. үлкен үлес қосқан. 20 ғасырда Балалар музыкасы жанрлық, әсерлілік жағынан байыды. Б. Барток, С.М. Майкапара, С. Прокофьевтің шығармалары үлкен беделге ие болды. Фортепьянолық циклдармен қоса балалар операсы, балеті, кантаталар, оркестрлік шығармалар дүниеге келді. Балалар музыкасы Қазақстан композиторларының шығарм-нан айтарлықтай орын алады. Бұл салада композиторлар А. Затаевич, Б. Ерзакович, А. Жұбанов, Л. Хамиди, Д. Мацуцин еңбек етті. Е.Г. Брусиловcкий балаларға арнап фортепьянолық пьесалар, М. Төлебаев “Жастық шақ” хор сюитасын жазды. Олардан кейін балаларға арнайы А.В. Бычков “Жалаңаш король”, Ж. Дастенов “Қаңбақ шал”, Т. Мұхамеджанов “Алдар көсе” операларын, А.Серкебаев “Маугли менің бауырым” атты -опера-балет, С.Н. Кибирова “Үш торай” балеті мен фортепьяно үшін жазылған “Балалар альбомы” пьесалар циклын, Т. Қажығалиев “Бақытты балалық шақ”, В.А. Новиков симф. оркестрге арнап “Ойыншықтар” сюитасын, Ж. Тұрсынбаев “Жайлауда” атты хор-кантатасын жазды. Балалар музыкасының дамуы балалардың орындаушылық шеберлігінің, музыка білімінің жүйелі өсуіне, жалпы мәдениеттің көтерілуіне тікелей байланысты.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Balalar muzykasy balalardyn oryndauyna zhәne tyndauyna arnalgan muzyka Balalar muzykasy naktylygymen bejneli mazmunymen karapajymdylygymen ajkyndylygymen erekshelenedi Balalarga arnalgan muzykanyn negizine halyk ertegileri tabigat zhan zhanuarlar әlemi arkau bolady Balalar muzykasy әn hor aspaptyk pesa orkestrlik shygarma sahnalyk muzyka tuyndy bolyp bolinedi Balalar muzykasy balalardyn oryndaushylyk mүmkindigine saj shygarylady Mysaly әnnin dauys diapazony dybys shygaru ereksheligi dikciyasy aspaptyk shygarmada oryndau tehnikasynyn karapajymdylygy eskeriledi Aspaptyk Balalar muzykasyna folklorga bejimdeu bige eliktelgen bejneli әuen tәn Balalar muzykasy erteden belgili Ezhelgi Grekiyada Orta gasyrdagy Balalar muzykasy shpilmandar kezbe muzykanttar onerimen bajlanysty Balalarga arnalgan ped muzyka shygarmalar zhasauga 18 19 gasyrlardyn klassik kompozitorlary I S Bah Shagyn prelyudiyalar men fugalar I Gajdn Balalar simfoniyasy V Mocart L Bethoven R Shuman P I Chajkovskij t b үlken үles koskan 20 gasyrda Balalar muzykasy zhanrlyk әserlilik zhagynan bajydy B Bartok S M Majkapara S Prokofevtin shygarmalary үlken bedelge ie boldy Fortepyanolyk cikldarmen kosa balalar operasy baleti kantatalar orkestrlik shygarmalar dүniege keldi Balalar muzykasy Қazakstan kompozitorlarynyn shygarm nan ajtarlyktaj oryn alady Bul salada kompozitorlar A Zataevich B Erzakovich A Zhubanov L Hamidi D Macucin enbek etti E G Brusilovckij balalarga arnap fortepyanolyk pesalar M Tolebaev Zhastyk shak hor syuitasyn zhazdy Olardan kejin balalarga arnajy A V Bychkov Zhalanash korol Zh Dastenov Қanbak shal T Muhamedzhanov Aldar kose operalaryn A Serkebaev Maugli menin bauyrym atty opera balet S N Kibirova Үsh toraj baleti men fortepyano үshin zhazylgan Balalar albomy pesalar ciklyn T Қazhygaliev Bakytty balalyk shak V A Novikov simf orkestrge arnap Ojynshyktar syuitasyn Zh Tursynbaev Zhajlauda atty hor kantatasyn zhazdy Balalar muzykasynyn damuy balalardyn oryndaushylyk sheberliginin muzyka biliminin zhүjeli osuine zhalpy mәdeniettin koteriluine tikelej bajlanysty Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz