Байрақ (орыс. знамя, ағылш. banner) - ағаш сапқа, аттың басына, қару-жараққа, тағы басқа заттарға тағылатын арнайы айыру белгі.
Байрақ аңның (барыстың, қабыланның) құйрығынан, түсті матадан, жібек шашақтан, жылқының құйрығынан жасалып, найзаның не арнайы сырықтың басына бекітілген мата. Сабының жоғарғы ұшында қасиетті рәмізді бейнелейтін металдан жасалған байрақбасы болады. Сарматтарда, ғұндарда Байрақ басында айдаһардың, көне түркілерде бөрінің басы бейнеленген. Ал ислам діні енген соң, Байрақ басына Құран аяттары жазылып, ай орнатылған. Байраққа әскербасының дәрежесіне сәйкес бір не екі белгі тағылады, кейде одан да көбірек болуы мүмкін. Әскербасы бар жерде Байрақ қосынның әскери туымен бірге көтеріледі. Айқас кезінде әскербасы Байрақпен белгілер беріп, жауынгерлерді басқарып отырған. Әскербасылық дәрежеге ие болған адамға Байрақпен қоса өзге де әскери белгілер — дабыл, ту тапсырылған. Дәрежесі биік әскербасылардың Байрағын көтеріп жүретін байрақдарлар тағайындалған. Мұндай қасиетті белгіні алып жүру, жоғалтпау тек сенімді батырларға ғана міндеттелген. Шығыс бейнелеу өнері ескерткіштерінде әскербасының жанында Байрақ көтеріп тұрған байрақдарларды жиі көруге болады. Байраққа қарап әскербасының дәрежесімен қатар, қай қосынды басқаратынын білу де қиын болмаған.
Қолданылуы
Бұл арнайы рәміздік белгінің түркі тілдеріндегі «байрақ»-«мунджук» («мунчук», «бунчук») атауларында оның қолданылу ерекшелігі - байлануы, аттың мойынына тағылу әдісі көрініс тапқан. Типологиялық тұрғыдан алғанда байрақ құдайлық, патшалық және әскербасылық билік атрибуты, дәреже және лауазым белгісі, әскери рәміз және тұрмыстық жағдайда қолданылатын арнайы айыру белгі сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Арнайы айыру белгі ретінде байрақ көшпелі халықтарда б.з. дейінгі І-мыңжылдықта қолданыла бастады. Байрақ жібектен немесе аттың, қодастың қүйрығының қылынан жасалған шашақ, қабыланның (барыстың) құйрығы және түсті матадан тігілген бау түрінде жасалып, ағаш сапқа немесе найзаның басына жеке немесе қосарланып тағылды. Белгінің қосарлануы байрақ дәрежесінің жоғарылығын білдірді. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің үлкен қазандық бөлмесінде кезінде осындай қос белгі - шашақ және мата бау тағылған тоғыз қазақ байрағы сақтаулы болатын. Қыл, жібек шашақ, мата бау түріндегі байрақтар тудың дәрежесінің жоғарылығын білдіретін белгілер ретінде әскери тудың басына да тағылып, тудың бір құрамдас элементі ретінде де қолданылды. Байрақ элементтерінің саны кейде өте көп те болуы мүмкін. Мысалы, Шыңғыс ханның тоғыз құйрықты байрағы айтылады. Айыру белгісі болғандықтан байрақта шашақ пен мата баудың түсі де маңызды болды, көзге бірден көріну үшін әдетге байрақта шаңқай қызыл, ақ, қара жасыл, көк, сары түсте пайдаланылды.
Әскери билік, лауазым, дәреже белгісі болған байрақтардың бастары киелі символдармен, бейнелермен әшекейленді. Археологиялық материалдарда табылған сақ, скифтердің әскери көсемдерінің байрақтарының бастарында тотемдік жануарлар , ғұн-сармат байрақтарында айдаһар бастары бейнеленсе, түркілердің байрақтарында олардың бастарының бейнелері де сақталды. Түркі халықтарының әскери ұйымдарында ағаш сапқа, немесе найза басына тағылған байрақ әдетте әскер қосындарындағы ондық, жүздік бөліктерінің әскери белгісі болды. Осы әскери бірліктерді басқаруға әскербасылық қызметке тағайындалған батырларға, әскербасыларға лауазым белгісі, әскери билік белгісі ретінде байрақ тапсырылған. Шайқаста әскерді басқару барысында әскербасы байрақты түрліше қозғау - сілтеу, айналдыру, бұлғау арқылы әскерге түрлі дыбыссыз сигналдар беру үшін де пайдаланды.
Қазақтарда жауынгерлік байрақ арнайы әскери рәміз ретінде XIX ғ.-дың аяғына дейін қолданылып келді. Фольклорлық деректер қазақтың кейбір руларының байрақтарының бастарында түркілерге тән бөрінің басы да бейнеленгенін куәләйді. Мысалы, халық ақындарының туындыларында Ұлы жүз ішіндегі Шапырашты руының «бөрілі байрағы» айтылады. Рулық байрақтар рудың айыру белгісі ғана емес, ру мүшелерінің бірлігінің, тұтастығының да символы болды. Әскербасы болып,байрақ иеленген қазақ батырларының ұрпақтарында олардың байрақтарының жұрнақтары киелі мүлік ретінде бүгін де сақтаулы. Байрақ көшпелі түркі-моңғол халықтарында тумен бірге, хандық биліктің, мемлекеттік биліктің белгілерінің де бірі болды. Хан жүрген жерде ресми рәміз ретінде оның алдында ханның дәрежелік атрибуттарын - байрақтары мен туларын алып жүрген. Әдетте салтанатты рәсімдерде, шеруде, жорықта мемлекеттік, хандық, әскербасылық билік белгілері болған байрақтарды ұстап жүруге арнайы адам - «байрақшы» («байрақдар») тағайындалған.
Көшпелі түркі-моңғол халықтарының көне және орта ғасырлық өнер ескерткіштерінде байрақ құдайлардың, тәңірлердің атрибуттары ретінде де бейнеленеді. Киелі атрибут ретінде байрақ олардың патшалық және эскери билігін белгіледі. Хандық немесе әскербасылық статусқа ие болған адам байрақты дәреже белгісі ретінде өзінің атының мойынына, қаруына, киіміне де таққан. Даму барысында әскери билік, әскери лауазымның айыру белгісі кейін тек киімде, әскери униформада ғана көрсетілуіне байланысты, XIX ғасырдан бастап ағаш сапқа тағылған жауынгерлік байрақ әскери қолданыстан шығып кетті. Байрақтың ғұрыптық және шаруашылық мақсатта қолданылғандығының мысалы ретінде қазақтардың түрлі тойларда өткізілетін бәйгенің мәрелерін, әртүрлі мақсаттарда иелікке бөлінген жерлердің межелерін байрақпен белгілеуін атауға болады. Қазақ тілінде «байрақты батыр», «байрақты жер» сөз тіркестері бүгінде де «ерекше белгі иеленген адам», «ерекше белгіленген жер» деген ұғымды бейнелейді.
Мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі ретінде де байрақтар бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Валиханов Ч. Ч. Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи // Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т.4. Алма-Ата: Издательство АН КазССР, 1961
- Ақсауыт. Екітомдық. Алматы: Жазушы, 1977
- Львова Э.А., Октябрьская И.В., Сагалаев A.M., Усманова Н.С. Традиционные мировоззрение тюрков Южной Сибири. Пространство и время. Вещный мир. Новосибирск: Наука, 1988
- Горелик М.В. Оружие древнего Востока (IV тысячелетие - IV в. до н.э.) M.: Наука, 1993
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bajrak orys znamya agylsh banner agash sapka attyn basyna karu zharakka tagy baska zattarga tagylatyn arnajy ajyru belgi Bajrak annyn barystyn kabylannyn kujrygynan tүsti matadan zhibek shashaktan zhylkynyn kujrygynan zhasalyp najzanyn ne arnajy syryktyn basyna bekitilgen mata Sabynyn zhogargy ushynda kasietti rәmizdi bejnelejtin metaldan zhasalgan bajrakbasy bolady Sarmattarda gundarda Bajrak basynda ajdaһardyn kone tүrkilerde borinin basy bejnelengen Al islam dini engen son Bajrak basyna Қuran ayattary zhazylyp aj ornatylgan Bajrakka әskerbasynyn dәrezhesine sәjkes bir ne eki belgi tagylady kejde odan da kobirek boluy mүmkin Әskerbasy bar zherde Bajrak kosynnyn әskeri tuymen birge koteriledi Ajkas kezinde әskerbasy Bajrakpen belgiler berip zhauyngerlerdi baskaryp otyrgan Әskerbasylyk dәrezhege ie bolgan adamga Bajrakpen kosa ozge de әskeri belgiler dabyl tu tapsyrylgan Dәrezhesi biik әskerbasylardyn Bajragyn koterip zhүretin bajrakdarlar tagajyndalgan Mundaj kasietti belgini alyp zhүru zhogaltpau tek senimdi batyrlarga gana mindettelgen Shygys bejneleu oneri eskertkishterinde әskerbasynyn zhanynda Bajrak koterip turgan bajrakdarlardy zhii koruge bolady Bajrakka karap әskerbasynyn dәrezhesimen katar kaj kosyndy baskaratynyn bilu de kiyn bolmagan ҚoldanyluyBul arnajy rәmizdik belginin tүrki tilderindegi bajrak mundzhuk munchuk bunchuk ataularynda onyn koldanylu ereksheligi bajlanuy attyn mojynyna tagylu әdisi korinis tapkan Tipologiyalyk turgydan alganda bajrak kudajlyk patshalyk zhәne әskerbasylyk bilik atributy dәrezhe zhәne lauazym belgisi әskeri rәmiz zhәne turmystyk zhagdajda koldanylatyn arnajy ajyru belgi siyakty birneshe tүrlerge bolinedi Arnajy ajyru belgi retinde bajrak koshpeli halyktarda b z dejingi I mynzhyldykta koldanyla bastady Bajrak zhibekten nemese attyn kodastyn kүjrygynyn kylynan zhasalgan shashak kabylannyn barystyn kujrygy zhәne tүsti matadan tigilgen bau tүrinde zhasalyp agash sapka nemese najzanyn basyna zheke nemese kosarlanyp tagyldy Belginin kosarlanuy bajrak dәrezhesinin zhogarylygyn bildirdi Қozha Ahmet Iasaui kesenesinin үlken kazandyk bolmesinde kezinde osyndaj kos belgi shashak zhәne mata bau tagylgan togyz kazak bajragy saktauly bolatyn Қyl zhibek shashak mata bau tүrindegi bajraktar tudyn dәrezhesinin zhogarylygyn bildiretin belgiler retinde әskeri tudyn basyna da tagylyp tudyn bir kuramdas elementi retinde de koldanyldy Bajrak elementterinin sany kejde ote kop te boluy mүmkin Mysaly Shyngys hannyn togyz kujrykty bajragy ajtylady Ajyru belgisi bolgandyktan bajrakta shashak pen mata baudyn tүsi de manyzdy boldy kozge birden korinu үshin әdetge bajrakta shankaj kyzyl ak kara zhasyl kok sary tүste pajdalanyldy Әskeri bilik lauazym dәrezhe belgisi bolgan bajraktardyn bastary kieli simvoldarmen bejnelermen әshekejlendi Arheologiyalyk materialdarda tabylgan sak skifterdin әskeri kosemderinin bajraktarynyn bastarynda totemdik zhanuarlar gun sarmat bajraktarynda ajdaһar bastary bejnelense tүrkilerdin bajraktarynda olardyn bastarynyn bejneleri de saktaldy Tүrki halyktarynyn әskeri ujymdarynda agash sapka nemese najza basyna tagylgan bajrak әdette әsker kosyndaryndagy ondyk zhүzdik bolikterinin әskeri belgisi boldy Osy әskeri birlikterdi baskaruga әskerbasylyk kyzmetke tagajyndalgan batyrlarga әskerbasylarga lauazym belgisi әskeri bilik belgisi retinde bajrak tapsyrylgan Shajkasta әskerdi baskaru barysynda әskerbasy bajrakty tүrlishe kozgau silteu ajnaldyru bulgau arkyly әskerge tүrli dybyssyz signaldar beru үshin de pajdalandy Қazaktarda zhauyngerlik bajrak arnajy әskeri rәmiz retinde XIX g dyn ayagyna dejin koldanylyp keldi Folklorlyk derekter kazaktyn kejbir rularynyn bajraktarynyn bastarynda tүrkilerge tәn borinin basy da bejnelengenin kuәlәjdi Mysaly halyk akyndarynyn tuyndylarynda Ұly zhүz ishindegi Shapyrashty ruynyn borili bajragy ajtylady Rulyk bajraktar rudyn ajyru belgisi gana emes ru mүshelerinin birliginin tutastygynyn da simvoly boldy Әskerbasy bolyp bajrak ielengen kazak batyrlarynyn urpaktarynda olardyn bajraktarynyn zhurnaktary kieli mүlik retinde bүgin de saktauly Bajrak koshpeli tүrki mongol halyktarynda tumen birge handyk biliktin memlekettik biliktin belgilerinin de biri boldy Han zhүrgen zherde resmi rәmiz retinde onyn aldynda hannyn dәrezhelik atributtaryn bajraktary men tularyn alyp zhүrgen Әdette saltanatty rәsimderde sherude zhorykta memlekettik handyk әskerbasylyk bilik belgileri bolgan bajraktardy ustap zhүruge arnajy adam bajrakshy bajrakdar tagajyndalgan Koshpeli tүrki mongol halyktarynyn kone zhәne orta gasyrlyk oner eskertkishterinde bajrak kudajlardyn tәnirlerdin atributtary retinde de bejnelenedi Kieli atribut retinde bajrak olardyn patshalyk zhәne eskeri biligin belgiledi Handyk nemese әskerbasylyk statuska ie bolgan adam bajrakty dәrezhe belgisi retinde ozinin atynyn mojynyna karuyna kiimine de takkan Damu barysynda әskeri bilik әskeri lauazymnyn ajyru belgisi kejin tek kiimde әskeri uniformada gana korsetiluine bajlanysty XIX gasyrdan bastap agash sapka tagylgan zhauyngerlik bajrak әskeri koldanystan shygyp ketti Bajraktyn guryptyk zhәne sharuashylyk maksatta koldanylgandygynyn mysaly retinde kazaktardyn tүrli tojlarda otkiziletin bәjgenin mәrelerin әrtүrli maksattarda ielikke bolingen zherlerdin mezhelerin bajrakpen belgileuin atauga bolady Қazak tilinde bajrakty batyr bajrakty zher soz tirkesteri bүginde de erekshe belgi ielengen adam erekshe belgilengen zher degen ugymdy bejnelejdi Memleket basshysynyn zhogary lauazymdyk belgilerinin biri retinde de bajraktar bar Mysaly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin bajragy Tagy karanyzTuDerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Valihanov Ch Ch Vooruzhenie kirgiz v drevnie vremena i ih voennye dospehi Sobranie sochinenij V 5 ti tomah T 4 Alma Ata Izdatelstvo AN KazSSR 1961 Aksauyt Ekitomdyk Almaty Zhazushy 1977 Lvova E A Oktyabrskaya I V Sagalaev A M Usmanova N S Tradicionnye mirovozzrenie tyurkov Yuzhnoj Sibiri Prostranstvo i vremya Veshnyj mir Novosibirsk Nauka 1988 Gorelik M V Oruzhie drevnego Vostoka IV tysyacheletie IV v do n e M Nauka 1993 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet