Ақкенже Аймағамбетов, кей құжаттарда Ақмағамбетов (1896 жыл, Семей облысы Семей уезі Шыңғыс болысы 4-ауыл (қазіргі Абай ауданы — 1932 жыл, Сырдария округі) — Алашорда жасақтары қатарында болған қазақ азаматы.
Дәулетті отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінен мұсылманша оқып білім алған. Әкесі дәулетті, мықты азамат болыпты. Ата дәулетінің арқасында жастайынан мұсылманша оқып, діни білім алып, рухы өр, жаны таза болып ержетеді. Азамат болып толысқан шағында Алаш қозғалысына қатысып, айтулы кайраткер болып танылады.
- 1917 жылдан кейін Қазақстанның әлеуметтік ісіне араласып, уездік, облыстық қазақ комитетінің жұмысына қолқабыс жасады, қаржылай жәрдем берді.
- 1918 жылы Семейде құрылған Алаш әскеріне көлікпен, қаражатпен жәрдем берген. Қызылдарға қарсы соғысқа шығып, қол бастаған. Турағұл Абайұлымен достық қарым-қатынаста болған. Мұқтаж шәкірттерге, аштыққа ұшыраған Жетісу, Сырдария қазақтарына мол жылу берген.
- 1928 жылы тәркіленіп, 200-ге жуық малы тартып алынған, отбасымен бірге (6 адам) Сырдария округіне жер аударылған.
- Шыңғыстағы «Талап» игілік ұйымына қолғабыс жасап, ақшалай жәрдем көрсеткен. Ұйым мүшелерінің көмегімен, Әуезовтің режиссерлігімен қойылған «Еңлік - Кебек» спектаклінде Кебектің рөлін ойнаған.
Алаш қозғалысындағы қызметі
Балуанға оң мен солдың бәрі бірдей, азаматқа елі үшін не істесе де көптік етпейді. Осыны жанымен сезінген Ақкенже өзі Алаш сарбазы болып қана қоймай, халықтыңрухын көтеру үшін жан сала қимылдайды. Алаш қозғалысына қатысқан қазақтарға, олардың отбасына, оқудағы қазақ балаларына азық-түлік беріп, қаржылай көмек көрсетіп отырады. Халқына жанашыр бола білді. Ашаршылыққа үшыраған Жетісу, Сырдария қазақтарына азық-түлік жеткізіп, қаражат бөліп, қиын-қыстау кезеңде қысылған жүртқа қол ұшын береді. Өзі Алашорданың сарбазы болған, оның үстіне халқы үшін малын, жанын аямай қызмет еткен Ақкенже отаршыл империяға, тоталитарлық билік жүйесіне үнамады. Ұнамай ғана қалған жоқ, олардың көзіне шыққан сүйелдей болды. Мүндай азаматтардан ертерек қүтылмаса, ерте ме, кеш пе еліне бас болып кетуі мүмкін екенін кеңес үкіметі жақсы түсінді. Үкіметке, оның отаршыл пиғылына қарсы шығу - елін сүйген көсемдердің үйымдастыруымен, солардың жетекшілігімен іске асатынын білген қызыл үкімет халықты «басынан» (көсемдеріжн) айырып алуды басты мақсат еткені белгілі. Сол қуғын-сүргін кезінде - 1928 жылы Ақкенже отбасымен Сырдария округіне жер аударылған. Ол жақта халі қандай болғанын кім білсін, ашаршылық кезде өздеріне көмек беріп, сүйеу болған жомарт азаматты Сыр елі білді ме, жоқ әлде «халық жауы» деген қылмыспен жер аударылып келгш бейтаныс азаматты сыртқа тепті ме, ол жагы белгісіз. Білген күнде де оған көмектесуге елдің мүмкіндігі мен батылдығы жете қоймас еді. Ел білетін шындық - Ақкенже Сыр өңірінен еліне оралмапты. 1932 жылы Сырдария округінде дүниеден өткен екен. Ол кезде небәрі 36 жаста еді. Ол түстағы қуғында жүріп өлген ел серкелерінің ажалы алладан емес, адамнан келетіні мәлім. Алаш зиялыларының бәрі де жер аударылды, бірі атылды, бірі атсыз-аяқсыз жоғалып кетті, бірі ауырып өлді. Көрінеу атып өлтірілгендерден басқасының өлімі жҰмбақ күйінде қала берді. Солардың бірі - Алаштың Ақкенжесі.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akkenzhe Ajmagambetov kej kuzhattarda Akmagambetov 1896 zhyl Semej oblysy Semej uezi Shyngys bolysy 4 auyl kazirgi Abaj audany 1932 zhyl Syrdariya okrugi Alashorda zhasaktary katarynda bolgan kazak azamaty Dәuletti otbasynda dүniege kelgen Auyl mektebinen musylmansha okyp bilim algan Әkesi dәuletti mykty azamat bolypty Ata dәuletinin arkasynda zhastajynan musylmansha okyp dini bilim alyp ruhy or zhany taza bolyp erzhetedi Azamat bolyp tolyskan shagynda Alash kozgalysyna katysyp ajtuly kajratker bolyp tanylady 1917 zhyldan kejin Қazakstannyn әleumettik isine aralasyp uezdik oblystyk kazak komitetinin zhumysyna kolkabys zhasady karzhylaj zhәrdem berdi 1918 zhyly Semejde kurylgan Alash әskerine kolikpen karazhatpen zhәrdem bergen Қyzyldarga karsy sogyska shygyp kol bastagan Turagul Abajulymen dostyk karym katynasta bolgan Muktazh shәkirtterge ashtykka ushyragan Zhetisu Syrdariya kazaktaryna mol zhylu bergen 1928 zhyly tәrkilenip 200 ge zhuyk maly tartyp alyngan otbasymen birge 6 adam Syrdariya okrugine zher audarylgan Shyngystagy Talap igilik ujymyna kolgabys zhasap akshalaj zhәrdem korsetken Ұjym mүshelerinin komegimen Әuezovtin rezhisserligimen kojylgan Enlik Kebek spektaklinde Kebektin rolin ojnagan Alash kozgalysyndagy kyzmetiBaluanga on men soldyn bәri birdej azamatka eli үshin ne istese de koptik etpejdi Osyny zhanymen sezingen Akkenzhe ozi Alash sarbazy bolyp kana kojmaj halyktynruhyn koteru үshin zhan sala kimyldajdy Alash kozgalysyna katyskan kazaktarga olardyn otbasyna okudagy kazak balalaryna azyk tүlik berip karzhylaj komek korsetip otyrady Halkyna zhanashyr bola bildi Asharshylykka үshyragan Zhetisu Syrdariya kazaktaryna azyk tүlik zhetkizip karazhat bolip kiyn kystau kezende kysylgan zhүrtka kol ushyn beredi Өzi Alashordanyn sarbazy bolgan onyn үstine halky үshin malyn zhanyn ayamaj kyzmet etken Akkenzhe otarshyl imperiyaga totalitarlyk bilik zhүjesine үnamady Ұnamaj gana kalgan zhok olardyn kozine shykkan sүjeldej boldy Mүndaj azamattardan erterek kүtylmasa erte me kesh pe eline bas bolyp ketui mүmkin ekenin kenes үkimeti zhaksy tүsindi Үkimetke onyn otarshyl pigylyna karsy shygu elin sүjgen kosemderdin үjymdastyruymen solardyn zhetekshiligimen iske asatynyn bilgen kyzyl үkimet halykty basynan kosemderizhn ajyryp aludy basty maksat etkeni belgili Sol kugyn sүrgin kezinde 1928 zhyly Akkenzhe otbasymen Syrdariya okrugine zher audarylgan Ol zhakta hali kandaj bolganyn kim bilsin asharshylyk kezde ozderine komek berip sүjeu bolgan zhomart azamatty Syr eli bildi me zhok әlde halyk zhauy degen kylmyspen zher audarylyp kelgsh bejtanys azamatty syrtka tepti me ol zhagy belgisiz Bilgen kүnde de ogan komektesuge eldin mүmkindigi men batyldygy zhete kojmas edi El biletin shyndyk Akkenzhe Syr onirinen eline oralmapty 1932 zhyly Syrdariya okruginde dүnieden otken eken Ol kezde nebәri 36 zhasta edi Ol tүstagy kugynda zhүrip olgen el serkelerinin azhaly alladan emes adamnan keletini mәlim Alash ziyalylarynyn bәri de zher audaryldy biri atyldy biri atsyz ayaksyz zhogalyp ketti biri auyryp oldi Korineu atyp oltirilgenderden baskasynyn olimi zhҰmbak kүjinde kala berdi Solardyn biri Alashtyn Akkenzhesi DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 I tom Muhtar Әuezov enciklopediyasy Almaty Atamura baspasy 2011 zhyl ISBN 978 601 282 175 8 Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz