Ақай Оңғарбайұлы (1909—1974) — Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау халкомы (министрі), Қазақ КСР партиялық, саяси және мемлекет қайраткері. 1938 жылдан бастап КОКП мүшесі.
Ақай Оңғарбайұлы Оңғарбаев | |||
| |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
қаңтар 1943 жыл — маусым 1955 жыл | |||
Ізашары | Орехов Пётр Григорьевич | ||
| |||
қаңтар 1943 жыл — маусым 1955 жыл | |||
| |||
1955 жыл — 1960 жыл | |||
| |||
1960 жыл — 1971 жыл | |||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | КОКП | ||
Дүниеге келуі | 1909 Сырдария облысы Сарысу ауданы №5 ауылы | ||
Қайтыс болуы | 1974 Алматы, Қазақстан | ||
Жерленді | Кеңсай зираты, Алматы, Қазақстан | ||
Әкесі | Қондыбайұлы Оңғарбай | ||
Анасы | Кержағалова Тоғжан | ||
Жұбайы | Спасская Глафира Александровна | ||
Балалары | Даулбаева Галина Акаевна | ||
Марапаттары | | ||
өңдеу |
Өмірбаяны
Оңғарбаев Ақай Сарысу ауданының №5 ауылында 1909 жылдың наурыз айында дүниеге келді. Кіші жүздің Жетіру бірлестігінің Тама руынан шыққан. Әкесі Қондыбаев Оңғарбай, анасы Кержағалова Тоғжан күнкөрістік ғана бірер жандығы бар, жоқ-жұқа жандар еді. Мал өрісінің ыңғайымен Бетпақ дала өңірінде көшіп-қонып жүріп тіршілік етті. Қазан төңкерісінен кейін отбасы малдарын ұжымдастырудың нәтижесінде «Түгіскен» (Жеңіс) ұжымшары құрамына кірді. Ақай анадан тым жас қалды. 1924 жылға дейін әкесінің қамқорлығында болды.
Еңбек жолдары
- 1928 жылы әкесі қайтыс болды, енді оған алдағы өмірі жолын өзі таңдап, өзі шешуіне тура келді. Орта мектептің 5 сыныбын бітіріп, бастауыш білім алған ол еңбек жолын қаржы қызметкері болудан бастауға тоқтам жасады. Осы мақсатта алғашқыда Шымкенттегі, содан соң Алматыдағы есеп қызметкерлерін даярлайтын курстарға түсті.
- 1931 жылы жолдамамен Гурьев қаласына келіп, КСРО Мемлекеттік банк бөлімшесінің бухгалтері болды. Жарты жыл жұмыс істегеннен кейін Гурьев облысы Нарын ауданындағы Мемлекеттік банк бөлімшесінің аға экономисі болып істеді.
- 1932 жылы келешегі бар қызметкер ретінде оны Мәскеу қаласына КСРО Мемлекеттік банкінің Оқу комбинатындағы жұмысшылар факультетіне оқуға жібереді. 1934 жылғы шілдеде ол оны үздік бітірді.
Білуге, білімге аса құштар, мақсаткер жан Оңғарбаев, әсіресе, қоғамдық-экономикалық және саяси білімдер саласында өз бетінше оқып-үйренуге көп уақытын бөлді. Осы кезеңде студент жастар арасында оның жетекшілік қабілеті көрінген еді. Ол комсомол, партия және басқа қоғамдық ұйымдар жұмысына белсене атсалысты.
- 1932 жылдан бастап ВКП(б) мүшелігіне кандидат болған Оңғарбаев Мәскеу қаласының бастауыш партия ұйымдарының хатшысы және аудандық партия комитетінің пленум мүшесі болып бірнеше рет сайланады.
- 1934 жылдың тамыз айында Мәскеудің Н. Нариманов атындағы Шығыстану институтының бірінші курсына түседі, бірақ екі жыл оқығаннан кейін «Правда» атындағы Бүкілодақтық Коммунистік журналистика институтына ауысуға мәжбүр болды, себебі сталиндік қуғын-сүргінге байланысты Шығыстану институты таратылған болатын.
- 1938 жылы наурызда партия мүшесі ретінде КСРО Ішкі істер халық коммисариатының мемлекеттік қауіпсіздік Бас басқармасының Мәскеудегі облысаралық мектебіне шақырылуына байланысты журналистика институтындағы оқуын тоқтатуына тура келді. Оңғарбаев «Газет қызметкері» мамандығы бойынша дипломды Қазақ Коммунистік Журналистика институтына мемлекеттік емтихандар тапсырып, 1940 жылдың желтоқсан айында алды.
- 1939 жылы Ақай Оңғарбайұлы Қазақстанға Қазақ КСР Ішкі істер халық комисариатының қарамағына оперативті тергеуші қызметіне жіберілді.
- 1940 жылғы ақпанда Ішкі істер халық коммисариаты партия ұйымының тағайындалып қойылған хатшысы болып сайланады.
- 1941 жылы шілдеде Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті партия алқасының хатшысы болады. Сол кездегі кадр құжаттарында, анкеталар мен мінездемелерде кәсіби білімі бойынша – журналист, жұмыс тәжірибесі бойынша партия қызметкері деп көрсетілген.
- 1943 жылы ақпан айында Оңғарбаев Ақай Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау халкомы (1946 жылдан бастап министрі) және бір мезгілде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің (халкомкеңесі) төрағасының орынбасары лауазымына ұсынылады. Ол осы қызметтерде он екі жылдан аса уақыт жұмыс істеді. Қазақстан Компартиясының алты съезінде (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады.
Ақай Оңғарбаев соғыс жылдарында қалыптасып, соғыстан кейінгі жылдардағы қиындық тезінен өтіп, шыңдалған қазақтың партия-совет қызметкерлерінің өкілі болып табылады. Республика партия басшылығының өзгеруіне байланысты 1954-1955 жылдарда «қазақ ұлтшылдығына» тілеулес болды деген сылтаумен министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшыларын түгелдей ауыстыру науқаны жүрді. Бұл ұлттық мүдделер мен құндылықтар жоққа шығарылған тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары болатын. Осындай жаңа саясаттың салдарынан қазақ кадрлары биліктен аластатылып, олардың орнын Орталықтан келген кадрлар басты.
- 1955 жылы маусымда Оңғарбаевты Семей облысына облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары етіп жіберді. Тарих пен мәдениеттің маңыздылығын түсінген Ақай Оңғарбайұлы Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары бола отырып, Абай Құнанбаевтың бейітіне ескерткіш орнатуға бастама көтеріп, қол жеткізді.
- 1960 жылы Алматы қаласындағы Қазақ КСР Орталық статистика басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалады.
- 1963 жылы Алматы облысы Алакөл ауданындағы Еңбекші ауылы Ильич атындағы совхоз директоры қызметін атқарады.
- 1965 жылы қыркүйек айынан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін Алматы қаласындағы Қазақ КСР Орталық статистика басқармасы бастығы және бірінші орынбасары болып еңбек етті.
Өмірінің соңғы жылдары
1971 жылы зейнетке шықты. Өмірінің соңғы жылдарында Халық шаруашылығы институтында «Ауыл шарушылығындағы бухгалтерлік есеп» курсынан сабақ берді. 1974 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында қайтыс болды. Алматы қаласы Кеңсай зиратында жерленген.
Марапаттары
- Отан алдында сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту
- екі «Құрмет белгісі» ордендерімен
- Кеңес Одағының медальдерімен
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және басқа да наградалармен марапатталды.
Дереккөздер
- М.Х.Жакыпов, А.С. Зулкашева, А.Н. Ипмаганбетова, Е.В. Чиликова, Наркомы Казахстана. 1920-1946 гг. Биографический справочник. - Алматы: Издательство "Арыс", 2007. - 400 с. ISBN 9965172536
Сыртқы сілтемелер
- М.Х.Жакыпов, А.С. Зулкашева, А.Н. Ипмаганбетова, Е.В. Чиликова, Наркомы Казахстана. 1920-1946 гг. Биографический справочник. - Алматы: Издательство "Арыс", 2007. - 400 с. ISBN 9965172536
- Пернебай Дуйсенбин, Сарысунама. - Алматы: ЖШС "Литера-М", 2008. - 544 с. ISBN 9965988587
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akaj Ongarbajuly 1909 1974 Қazak KSR Memlekettik bakylau halkomy ministri Қazak KSR partiyalyk sayasi zhәne memleket kajratkeri 1938 zhyldan bastap KOKP mүshesi Akaj Ongarbajuly OngarbaevLauazymyTu Қazak KSR Memlekettik bakylau halkomy ministri kantar 1943 zhyl mausym 1955 zhylIzashary Orehov Pyotr GrigorevichTu Қazak KSR Ministrler Kenesinin halkomkenesi toragasynyn orynbasarykantar 1943 zhyl mausym 1955 zhylTu Semej oblysy oblystyk atkaru komitetinin toragasynyn orynbasary1955 zhyl 1960 zhylTu Қazak KSR Ortalyk statistika baskarmasy bastygy1960 zhyl 1971 zhylӨmirbayanyPartiyasyKOKPDүniege kelui 1909 1909 Syrdariya oblysy Sarysu audany 5 auylyҚajtys boluy 1974 1974 Almaty ҚazakstanZherlendi Kensaj ziraty Almaty ҚazakstanӘkesi Қondybajuly OngarbajAnasy Kerzhagalova TogzhanZhubajy Spasskaya Glafira AleksandrovnaBalalary Daulbaeva Galina AkaevnaMarapattaryondeu ӨmirbayanyOngarbaev Akaj Sarysu audanynyn 5 auylynda 1909 zhyldyn nauryz ajynda dүniege keldi Kishi zhүzdin Zhetiru birlestiginin Tama ruynan shykkan Әkesi Қondybaev Ongarbaj anasy Kerzhagalova Togzhan kүnkoristik gana birer zhandygy bar zhok zhuka zhandar edi Mal orisinin yngajymen Betpak dala onirinde koship konyp zhүrip tirshilik etti Қazan tonkerisinen kejin otbasy maldaryn uzhymdastyrudyn nәtizhesinde Tүgisken Zhenis uzhymshary kuramyna kirdi Akaj anadan tym zhas kaldy 1924 zhylga dejin әkesinin kamkorlygynda boldy Enbek zholdary1928 zhyly әkesi kajtys boldy endi ogan aldagy omiri zholyn ozi tandap ozi sheshuine tura keldi Orta mekteptin 5 synybyn bitirip bastauysh bilim algan ol enbek zholyn karzhy kyzmetkeri boludan bastauga toktam zhasady Osy maksatta algashkyda Shymkenttegi sodan son Almatydagy esep kyzmetkerlerin dayarlajtyn kurstarga tүsti 1931 zhyly zholdamamen Gurev kalasyna kelip KSRO Memlekettik bank bolimshesinin buhgalteri boldy Zharty zhyl zhumys istegennen kejin Gurev oblysy Naryn audanyndagy Memlekettik bank bolimshesinin aga ekonomisi bolyp istedi 1932 zhyly keleshegi bar kyzmetker retinde ony Mәskeu kalasyna KSRO Memlekettik bankinin Oku kombinatyndagy zhumysshylar fakultetine okuga zhiberedi 1934 zhylgy shildede ol ony үzdik bitirdi Akaj Ongarbajuly kyzy Ғaliyamen Biluge bilimge asa kushtar maksatker zhan Ongarbaev әsirese kogamdyk ekonomikalyk zhәne sayasi bilimder salasynda oz betinshe okyp үjrenuge kop uakytyn boldi Osy kezende student zhastar arasynda onyn zhetekshilik kabileti koringen edi Ol komsomol partiya zhәne baska kogamdyk ujymdar zhumysyna belsene atsalysty 1932 zhyldan bastap VKP b mүsheligine kandidat bolgan Ongarbaev Mәskeu kalasynyn bastauysh partiya ujymdarynyn hatshysy zhәne audandyk partiya komitetinin plenum mүshesi bolyp birneshe ret sajlanady 1934 zhyldyn tamyz ajynda Mәskeudin N Narimanov atyndagy Shygystanu institutynyn birinshi kursyna tүsedi birak eki zhyl okygannan kejin Pravda atyndagy Bүkilodaktyk Kommunistik zhurnalistika institutyna auysuga mәzhbүr boldy sebebi stalindik kugyn sүrginge bajlanysty Shygystanu instituty taratylgan bolatyn 1938 zhyly nauryzda partiya mүshesi retinde KSRO Ishki ister halyk kommisariatynyn memlekettik kauipsizdik Bas baskarmasynyn Mәskeudegi oblysaralyk mektebine shakyryluyna bajlanysty zhurnalistika institutyndagy okuyn toktatuyna tura keldi Ongarbaev Gazet kyzmetkeri mamandygy bojynsha diplomdy Қazak Kommunistik Zhurnalistika institutyna memlekettik emtihandar tapsyryp 1940 zhyldyn zheltoksan ajynda aldy 1939 zhyly Akaj Ongarbajuly Қazakstanga Қazak KSR Ishki ister halyk komisariatynyn karamagyna operativti tergeushi kyzmetine zhiberildi 1940 zhylgy akpanda Ishki ister halyk kommisariaty partiya ujymynyn tagajyndalyp kojylgan hatshysy bolyp sajlanady 1941 zhyly shildede Қazakstan KP b Ortalyk Komiteti partiya alkasynyn hatshysy bolady Sol kezdegi kadr kuzhattarynda anketalar men minezdemelerde kәsibi bilimi bojynsha zhurnalist zhumys tәzhiribesi bojynsha partiya kyzmetkeri dep korsetilgen 1943 zhyly akpan ajynda Ongarbaev Akaj Қazak KSR Memlekettik bakylau halkomy 1946 zhyldan bastap ministri zhәne bir mezgilde Қazak KSR Ministrler Kenesinin halkomkenesi toragasynyn orynbasary lauazymyna usynylady Ol osy kyzmetterde on eki zhyldan asa uakyt zhumys istedi Қazakstan Kompartiyasynyn alty sezinde ekinshi үshinshi tortinshi besinshi altynshy zhәne zhetinshi Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk Komitetinin mүshesi zhәne Қazak KSR Zhogargy Kenesinin deputaty bolyp sajlanady Akaj Ongarbaev sogys zhyldarynda kalyptasyp sogystan kejingi zhyldardagy kiyndyk tezinen otip shyndalgan kazaktyn partiya sovet kyzmetkerlerinin okili bolyp tabylady Respublika partiya basshylygynyn ozgeruine bajlanysty 1954 1955 zhyldarda kazak ultshyldygyna tileules boldy degen syltaumen ministrlikter men vedomstvolardyn birinshi basshylaryn tүgeldej auystyru naukany zhүrdi Bul ulttyk mүddeler men kundylyktar zhokka shygarylgan tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeru zhyldary bolatyn Osyndaj zhana sayasattyn saldarynan kazak kadrlary bilikten alastatylyp olardyn ornyn Ortalyktan kelgen kadrlar basty 1955 zhyly mausymda Ongarbaevty Semej oblysyna oblystyk atkaru komitetinin toragasynyn orynbasary etip zhiberdi Tarih pen mәdeniettin manyzdylygyn tүsingen Akaj Ongarbajuly Semej oblystyk atkaru komiteti toragasynyn orynbasary bola otyryp Abaj Қunanbaevtyn bejitine eskertkish ornatuga bastama koterip kol zhetkizdi Akaj Ongarbajuly zhәne Muhtar Әuezov 1960 zhyly Almaty kalasyndagy Қazak KSR Ortalyk statistika baskarmasy bastygynyn birinshi orynbasary bolyp tagajyndalady 1963 zhyly Almaty oblysy Alakol audanyndagy Enbekshi auyly Ilich atyndagy sovhoz direktory kyzmetin atkarady 1965 zhyly kyrkүjek ajynan bastap zejnetkerlikke shykkanga dejin Almaty kalasyndagy Қazak KSR Ortalyk statistika baskarmasy bastygy zhәne birinshi orynbasary bolyp enbek etti Өmirinin songy zhyldary1971 zhyly zejnetke shykty Өmirinin songy zhyldarynda Halyk sharuashylygy institutynda Auyl sharushylygyndagy buhgalterlik esep kursynan sabak berdi 1974 zhyldyn kyrkүjeginde Almaty kalasynda kajtys boldy Almaty kalasy Kensaj ziratynda zherlengen MarapattaryOtan aldynda sinirgen enbegi үshin Enbek Қyzyl Tu eki Қurmet belgisi ordenderimen Kenes Odagynyn medalderimen Қazak KSR Zhogargy Kenesinin Қurmet gramotalarymen zhәne baska da nagradalarmen marapattaldy DerekkozderM H Zhakypov A S Zulkasheva A N Ipmaganbetova E V Chilikova Narkomy Kazahstana 1920 1946 gg Biograficheskij spravochnik Almaty Izdatelstvo Arys 2007 400 s ISBN 9965172536Syrtky siltemelerM H Zhakypov A S Zulkasheva A N Ipmaganbetova E V Chilikova Narkomy Kazahstana 1920 1946 gg Biograficheskij spravochnik Almaty Izdatelstvo Arys 2007 400 s ISBN 9965172536 Pernebaj Dujsenbin Sarysunama Almaty ZhShS Litera M 2008 544 s ISBN 9965988587