Аяз би Жаманұлы (шамамен XII — XIII ғасыр) Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, замандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді". Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті: Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бүрыс, Ақылым алжыған жоқ, Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. Ел арасында "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл" деген нақыл сөз содан қалса керек.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ayaz bi Zhamanuly shamamen XII XIII gasyr Ayaz bi Zhamanuly kazak halkynyn ezhelden elge aty mәshһүr bolgan aty anyzga ajnalyp ketken akylgoj abyz sheshen bii Onyn esimi bүgingi urpakka Ayaz bi ertegisi men Ayaz bi әlindi bil kumyrska zholyndy bil dejtin kanatty nakyl soz arkyly saktalyp zhetken Ayaz bidin gumyrnamasy zhoninde әr tүrli derek bar Majky bi Man balasynyn shezhiresin zhazgan ozinin Tүp tүkiyannan ozime dejin Zhalyn 1993 zh dejtin kitabynda Ayaz bidi zhәne onyn serigi Қumyrska batyrdy Majky bi dәuirinde omir sүrgen Majky Manulynyn on zhagynda otyratyn senimdi akylgoj bileri edi dep zhazady Sonda bul derek bojynsha Ayaz bi hizhra zhyl sanauynan 711 zhyly buryn tuyp 800 zhyly dүnieden otken zamandasy tustas bop shygady Al zertteushi Altyn Sandyk atty 1989 zh kitabyndagy shagyn molimette Ayaz bi Hiua handygy dәuirinde omir sүrgen tarihi adam dep ony HӀ HӀӀ gasyrga zhatkyzady Bul әli terenirek zertteudi kazhet etetin mәsele Ayaz bidin kandaj bi bolgany adamgershilik kadir kasieti zhoninde kazak enniklopediyasynda bylaj zhazylgan Buryngy kojshy kedej Ayaz ozinin akyldylygy danalygy arkasynda uәzir bolady Ol Madan hannyn birneshe synynan otedi Ogan shop zhamany koga kus zhamany sauyskan ekenin dәleldep beredi Hannyn tulparynyn siyrga ozinin kara halykka shatystygyn ajyrady Shartty zhumbagyn sheship baj kyzy Mendi suluga үjlenedi hannyn kүnshil akylsyz kyryk uәzirin olimnen kүtkarady Ayazdyn danalygyn dostykka adaldygyn sertke beriktigin kajyrymdylygyn әdildigin Madan mojyndap halyk kalap ony han etip koteredi Majky bi ozinin toniregine akyldy dana bi sheshenderdi batyr balger koripkel әulielerdi kop zhinap olarmen akyldasyp otyrady Majkynyn Әndir Mәdi degen aspan әlemin zhuldyzdar syryn bolzhajtyn bilimpazdary bolgan Olar aspanga zhuldyzdarga karap mal sharua zhajyn eginshilikke kolajly merzimdi kүni buryn bolzhap halykka pajdasyn tigizedi Al Ayaz bi siyakty dana bilerine ozinin on zhagynan oryn beredi eken Ayaz bidin Қumyrska degen әri bi әri batyr zhan serigi bolypty Қajda barsa da ekeui zhubyn zhazbaj zhүredi Ol ekeui Majky bidin silteuimen kazylyk kuryp kobinese el men el arasyndagy elshilik bitimgershilikpen ajnalysady Sondyktan da Majky bi Ayaz bi men Қumyrskaga kobinese arka sүjep olarga senedi eken Ol ekeuimen Majky bi halyk tagdyry el zhagdajy sharua kamy zhoninde zhii zhii akyldasyp oj pikir alysyp otyrady Kejde dәl zhauap ajta almaj shalys baskan zamatta olarga eskertu zhasap tүzep bagyt berip zhiberedi eken Bir zholy ol ekeui zharysa sojlep Majkynyn aldyn kes kestej beripti sonda Majky bi olarga bylaj depti Biler bүgin Majkynyn aldyn kesesin Erten zhurttyn tobesin tesesin Majkynyn da ajtatyn kebi bar Ajtuga auzynyn da ebi bar Han sozinin kashanda bәri durys Әzir sozimde bolmas bүrys Akylym alzhygan zhok Ondajdy bolzhagam zhok Orynsyz auyz ashsan Eki bi basarsyn shok Ayaz bi әlindi bil Қumyrska zholyndy bil El arasynda Ayaz bi әlindi bil Қumyrska zholyndy bil degen nakyl soz sodan kalsa kerek Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 096 6 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz